Сіңір тартылуы

Сіңір тартылуы және бұлшық ет діріліне қарсы үйде не істеуге болатынын көбіміз біле бермейміз. Барлығы өмірінде бірнеше рет бұлшық ет діріліне тап болған. Сіңір тартылуы әдетте қол, аяқ және арқада пайда болады. Сіңір тартылудың кейбір себептері: Қатты қиналу, жарақаттану және ұзақ уақыт қимылдамай, бір қалыпта отыру. Үйде жасауға болатын кейбір емдік тәсілдер:

Жеңіл массаж: Сіңір тартылған жерді ақырын уқалау.

Ыстық монша: Ыстық душқа немесе жылы ваннаға түсу. Сіңір тартылған жерді ыстық суға біраз уақыт ұстап тұрылады.

Керу: Балдырдағы сіңір тартылғанда аяқ саусақтары жоғары қарайтын күйде аяқ басқа қарай тартылады және осы қалыпта 30 секунд уақыттай тұрады. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Интернеттегі ақпарат қауыпсыздығы

Интернет адам өміріне маңызды роль атқарады: әлемде болып жатқан жаңалықтар, телеарнадан көрсетуге тиым салынған хабарламалар, үйден шықпай ақ дүкендерді шолу, сату,сатып алу, тіпті өмірлік қажетіңнің барлығын осында табасын. өкіндіретін бір жайт, интернет құрттардың төндіретін қауіпі өте зор. Мен өз курстық жұмысымда осы туралы шолып өтсем,..
Ақпараттық қауіпсіздік және болашақтағы интернет қандай болмақ? Компьютерлер де өмірлік маңызы бар жүйелі жұмыстарда өте көп қолданылады: әуежайлардың диспетчерлік облыстарда, энергетиканы басқаруға, ядролық және химиялық өндірушілерде. Ақпарат қауіпсіздігінің мәселесі жылдан жылға күшеюде. Жабық ақпаратқа заңсыз кіру –берілген аймақтағы тек бір бөлігі.
Қазақстанда желі интернетінің массалық таралғанына 7 жылдай уақыт өтті. Күшті структуралар интернетті қадағалап, интернеттегі мүмкін цензураларды талқылау туралы ақпараттар шығуда. Бірақ, желідегі барлық хаттар немесе тек электрондық почталарды қадағалау мүмкін емес. Болашақта бір жағынан интернетте еркіндік сақтау, екінші жағынан компьютерлік желідегі қылмыстық істерді болдырмау үшін желіде жұмыс істеу ережелері қандай болуы керек? Кей кезде ақпараттық кеңістікте ретке келтіру үшін белгілі бір қолдану көрсетеді. Мысалы, АҚШ елінде Advice жүйесін құру жоспарлануда. Бұл автоматтық жүйе интернеттен кез келген өзгерісті бақылауға мүмкіндік береді- блокта көрінуі, трафик көлемі, интернет дүкендерінен сатып алу. Осындай жүйе көрсетілген қатерлерге кері әсерін бере ала ма? Ол жеке электронды почтаның вирусын тексермейді, ал интернет дүкендерді бақылау компьютерлік қылмыстарға көмек беретіні екі талай.
Интернетте тоталды цензура керек пе? Шын мәнісіне келгенде, бәрін қадағалау және әр бұзушымен жеке күрессе әжептәуір қымбат және ең жақсы шешім емес. Желіде жұмыс персонификация жүйесін дұрыстау эффективті және арзанырақ. Осы ғана бастапқы қадамда компьютерлік қылмыстарды толық істен шығарады....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Әдебиет | Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері

Әлемде әр алуан тіл, әр алуан ел өмір сүріп отырған жағдайда аударма мәселесінің күнделікті қажетті іске айналуы заңды. Қазақ ғылымында да арнайы зерттеуді талап ететін салалардың бірі – аударма әдебиеттің тілі. Бұдан жарты ғасыр бұрын М.О.Әуезов: «...аударма төл күйінде, қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін» атап өткен. Аударма көне де, жаңа да өнер. Ол басқа адамдар қауымын түсінудің құралы, олармен қарым қатынас жасаудың делдалы, дәнекері. Тургенев: «Всякий перевод назначен преимущественно для незнающих подлинника. Переводчик не должен трудиться для того, чтоб доставить знающим подлинник случай оценить, верно или неверно передал он такой-то стих, такой-то оборот: он трудится для "массы",-деген. (4;47) Аударма өнерінің құбылыстарын зерттеу де, табиғаттағы және қоғамдық өмірдегі сан алуан құбылыстарды зерттеу сияқты, әр қырынан қарастыруды қажет етеді. Аударма проблемасын әр қилы тұрғыдан: тарихи-мәдени, әдебиеттану, лингвистикалық және психологиялық тұрғыдан алып қарастыруға болады. Қазақ аудармасының тарихына, теориясы мен тәжірибесіне арналған мақалаларда, жинақтарда, монографияларда, аударманың тарихи-мәдени, әдебиет салаларындағы жайы көбірек. (14; 15)
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болған тұсынан бері қарай ғылымның аударма саласы едәуір сипатқа ие болып отыр. Егеменді елдің рухани дамуындағы бағыттардың бірі – дүниежүзілік ақпараттар алмасудың сапалы деңгейіне көтерілуі; ақпараттық база жасау; ақпараттық-анықтамалық ресурстар құру. Шет мемлекеттер мен Қазақстан Республикасының саяси-әлеуметтік байланыстары, қарым-қатынастары жөнінде ақпараттарды жинау, қабылдау, өңдеу, жеткізу жүйесі бір тілден екінші тілге аудару ісімен тығыз байланысты. Аталған жағдаяттарға орай соңғы жылдарда аударылу процесінің объектісі ұлғайды, көркем аудармамен қоса күнделікті баспасөз материалдары, публицистикалық стильдің әр алуан жанрлары, саяси қайраткерлердің сөздері мен баяндамалары, ресми құжаттар (жарлықтар, бұйрықтар, өкімдер, жарғылар мен ережелер, қатынас қағаздары), кинофильмдер, жарнамалар негізінен аударма жолы арқылы жүзеге асырылуда. Жазба аудармамен қатар ауызша аударма (ілеспе аударма және қосарласа аударма) жеке жанр ретінде байқала бастады. Қазақ тілінен өзге тілге тәржімалау ісі де жоғары деңгейде қалыптасқан. Қазіргі жаңа қоғамдағы еңбек қарым-қатынастары шетел тілдерін оқып-үйренуді, шетел тілдері туралы білім-дағдыны еңбек процесінде пайдалануды талап етіп отыр. Осыған байланысты аудармашылық кәсіп жаппай сипат алуда. Аударма туралы белгілі әдебиеттанушы Ю.Д.Левин былай деген: «... Преобразование инонационального писателя в переводе имеет двоякий смысл. С одной стороны он вводит этого писателя в новую литературу, тем самым обогащая ее. Но с другой стороны «обогащается» и сам переводимый писатель». (24; 6) ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Қайталану операторы

Паскаль тілінде: латынның әріптері (Аа, ..., Zz)а,б цифрлары (0,...,9) және арнайы таңбалар қолданылады. Арнайы таңбалар:
-арифметикалық және салыстыру амалдары (+,-,*,/,>,,=,@);
-арифметикалық және логикалық функциялар (DIV,MOD, NOT,AND,OR,IN,SHL,SHR).
-әр түрлі тыныс белгілері:
{} немесе (**)-түсініктеме жазатын жақшалар;
[] – массив индекстерін және жиын элементтерін белгілеу;
() – айнымалы тізімін белгілеу;
‘ ‘ – апостроф; := - меншіктеу белгісі;
; - операторлар мен хабарларды ажырату;
: - айнымалыны бөліп көрсету;
= - айнымалының типін типтің сипаттамасынан немесе тұрақтыны өз мәнінен бөліп көрсету;
, - тізім элементтерін ажырату;
Программа құрылымы
Программа келесі бөлімдерден тұруы мүмкін, бұл бөлімдер (тек соңғыдан басқасы) бір-бірінен нүктелі-үтір арқылы ажыратылады:
• программа тақырыбы;
• белгілер бөлімі;
• тұрақтылар бөлімі;
• типтерді сипаттау бөлімі;
• процедура мен функцияларды сипаттау бөлімі;
• программа денесі;
Программалау барысында алдын-ала анықтауды қажет етпейтін мәліметтердің стандартты типтері мен программалаушының өзі анықтайтын типтерді пайдалануға болады.
Стандартты типтер
- бүтін типтер-SHORTINT, INTEGER, LONGIN, BYTE,WORD;
- нақты типтер – REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;
- логикалық тип -BOOLEAN ; символдық тип CHAR ; жолдық тип STRING ; ASCII –жолдық- PCHAR; текстік файл TEXT;
Басқа типтердің барлығы типтер бөлімінде, айнымалылар немесе тұрақтыларды сипаттау бөлімінде анықталуы қажет. Нақты типтен басқа қарапайым типтер үшін мына функциялар анықталады:
DEC(N) N-ді азайту (қысқарту)
INC(N) N-ді үлкейту (ұзарту)....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Биология | АСА ҚАУIПТI (КАРАНТИНДIК) ЖҰҚПАЛЫ АУРУ

Қазіргі кезде инфекциялар аурулар кең етек алуда. Олардың ішінде туберкулез, СПИД, оба, түйнеме және т.б. бұл аурулардың көбеюі көптеген адамдардың өміріне қауіп туғызуда. Тек қауіп туғызып қана қоймай, олардың көптеген өмірлерін алып кетуде. Осыған байланысты бұл аурулардың алдын-алу үшін, вакциналар тегін салынуда, сонымен қатар бұл ауруларды емдеу тегін. Мысалы: туберкулез.
Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз «Жалпы инфекциялық аурулар жайында».....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: География | Жергілікті жердің гидронимі

Топонимика – географиялық атаулардың шығу тегін, дамуын, формасы мен мағынасын, грамматикалық безендірілуін зерттейтін ғылым саласы. Қазақстан жерінде түрлі топонимдер бар. Ұлан-байтақ территорияны алып жатқан,табиғаттың сан қилы өлкеміздің жер-суына ерте замандардан бері сан алуан атаулар қойылып, олар түрлі өзгерістерге ұшырап отырған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Қабілет туралы жалпы ұғым

Күнделікті ауыз екі сөзде «Қабілет» деген атауды жиі қолданамыз.Мәселен мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып,осы баланың математика пәніне, қабілеті күшті екенін айтады.Мектепте оқушыларға түрлі қоғамдық жұмыстар жүктеледі олардың кейбіреулерінің ұйымдастырғыштық, екіншісінің музыкалық,үшіншісінің суретшілік қабілеті еске алынып,бұған ерекше мән беріліп отырылады.Бұл мысалдар әр адамның әрекеттің бір түріне жарамдылығын көрсететін дара ерекшелігі болатын байқатады. Мұндай ерекшеліктер әс - әрекетті орындау үстінде, әсәресе оның нәтижесінен жақсы көрініп отырады. Мәселен, біреу қолына алған ісін бұрқыратып тез бітіріп тастайды және оны өте нәтижелі етіп шығарады. Ал екінші біреу өте баяу қимиылдап, әрі істі сапасыз етіп орындайды. Бүл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі көрініп тұр. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Болашақ ғасырлардың шежірешілері)

Болашақ ғасырлардың шежірешілері,
Сұп-сұрғылт салқын жүзімді
көрсетейін сендерге,
Менің өткен ізімді жазғыларың келгенде,
Тасқа басып атымды,
Суретімді іліңдер, биігірек төрлерге.
Талып, нәзік кім сүйсе .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қасым Аманжолов (Қанжар)

Серігім әрі жарқын, әрі ызғарлы,
Сүйемін асыл болат бұл қанжарды;
Кекке арнап ойшыл грузин соққан сені,
Қайраған еркін черкес бір қаһарлы,
Сыйлаған сені маған бір сал білек,......
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Экономиканы мемлекеттік реттеу қағидалары мен үлгілері

КІРІСПЕ
Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғмның негізгі буыны болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады. Экономиканы реттеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады. Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады. Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да реттеуді қажет етеді. Қазақстан Рсепубликасының өз егемендігін алып, жаңадан нарықтық қатынастарға өтіп, дамудың нарықтық жолына түсуіне байланысты елдегі мемлекеттік ретттеудің мақсаты мен бағыттары өзгеріп, экономиканы мемлекеттік реттеудің жаңа формалары мен әдістерін дамытудың қажеттігі туындады. Атап айтқанда, бастапқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әлеуметтік саланы қолдау, экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылатын. Ал бүгінгі еліміздің аяғынан нық тұра бастаған кезеңде экономиканы мемлекеттік реттеудің жаңа формалары мен әдістерін жүргізудің маңыздылығы туындап отыр.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0