Сабақ жоспары (ұмж): Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар 3-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар
Сабақ тақырыбы: Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар 3-сабақ
Оқыту мақсаты: шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін білу және қолдану
Сабақ мақсаттары: шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін біледі және қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Алгебралық бөлшектерді көбейту 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Алгебралық бөлшектер
Сабақ тақырыбы: Алгебралық бөлшектерді көбейту 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: алгебралық бөлшектерді көбейту мен бөлуді орындайды;
Сабақ мақсаттары: Алгебралық бөлшектерге көбейту амалын орындау
....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дыбыстар қалай пайда болады ? (Жаратылыстану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар қалай пайда болады ?
Оқу мақсаты: 3.5.3.1 дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру
3.1.2.3 экспериментті жоспарлау және жүргізу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
дыбыс және дыбыстардың таралуы жайлы қарапайым түсінік алады;
дыбыс биіктігі мен зат мөлшерінің байланысын түсінеді.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Экспо Ел ертеңі балалар


Үлкен ұлым Асылбек: «Келініңіз Сәндігүлді жұмыс орнынан Астанаға, ЭКСПО - 2017- ге, жіберіп жатыр. Анасымен бірге Нұрфарабиді де көрмеге жібермекпін. Билетін сатып алып қойдым»,- дегенде ел көріп, жер көргелі отырған құрттай құлыным, тұңғыш немерем, үшін жүрегімде қуаныш сезімі билеген.

Сол сәт 2012 жылы 22 қаңтарда аталған көрмені Астана қаласында өткізу жөнінде шешім қабылданғанда Нұрфарабидің бар болғаны үш жаста екені есіме түсті.

Енді міне... Баязит әулетінің атынан көрмеге барғалы отыр. 10 маусым күні көрменің салтанатты ашылуын ел қатарлы теледидардан көріп, шаттығымыз еселей түсті.

-Әлемнің әр қиырынан ағылған халықтың, ығы-жығы кісілердің арасында құрттай бала Нұрфарабиді айтам, - деп маған аңтарыла қараған әжесі Ырымкеш Мадиқызы , -адасып кетпесе жарар еді......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ақындығымның арқасында әскерде абыройлы болдым

Киелі Ертіс-Баян өңірінің табиғаты қаншалықты сұлу болса, осы елде өсіп-өнген ақындары да соншалықты сырлы болып келеді. Баянтау баурайындағы қарапайым малшылар отбасында өмірге келіп, туа біткен табиғи талантымен әдебиет әлемінен өзінің орнын тапқан ақын, журналист, сатирик Сүлеймен Баязитовтің есімі жұртшылыққа жақсы таныс. Оның журналистік жолдағы еңбегі алғаш Баянауыл аудандық «Баянтау» газетінде басталды.

Одан соң облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде қызмет істеп, кейін ұстаздық жолға түскен. «Жасыбай батыр», «Хан ием», «Құдіреті күшті бір Алла» сынды он шақты кітаптың авторы. Сонымен қоса, үстіміздегі жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Қазақмыс» корпорациясының бірлескен жобасы – республикалық «Балауса» жыр мүшәйрасының үшінші орын иегері. Ақын ағамыз биыл асқаралы 70 жасқа толып, ұрпағының қызығын көріп отыр. Осыған орай жерлес жазушымен жүздесіп, сұхбаттасып қайтқан едік.

- Ассалаумағалейкум, Сүлеймен аға! Алдымен балалық шағыңызға бір сәт саяхат жасасақ?

- Мен 1944 жылы Баянауыл ауданына қарасты Ж.Шанин атындағы елді мекенде колхоздың малшысы Баязит ақсақалдың отбасында өмірге келіппін. Мен туғанда қар аралас жаңбыр жауып, тас балағанның төбесінен су ағып тұрыпты. Ол кезде қойшылар қандай жөні дұрыс үйде тұрды дейсің? Әйтеуір баспана деген аты болмаса...

Ал балалық шағың қалай өтті дейтін болсаң, өмірдің соқпағына ерте түстім, кішкентайымнан қара шаруаға жегіліп өстім. Өзім өмірге келген жердегі жеті жылдық мектепті тәмамдадым. Мектеп бітірген соң біраз уақыт қой бағып, сиыр өсіріп, малшыларға көмекші болдым. Бұл сол тұстағы кез келген баланың өмірінен өтетін үлкен сындардың бірі еді. Сол арқылы көндігіп, өмірдің сырын ұқтық, қиындыққа төзуді үйрендік. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасының Бюджет жүйесі және бюжет құрылымы

Жалпы «бюджет» термині (budget) деген – ағылшын сөзі. Оның аудармасы, белгілілі бір уақыт аралығындағы ақшалай кірістер мен шығыстардың есептелуін білдіретін ұғым. Ал «мемлекеттік» дегеніміз-ол, сол есептелудің белгілі бір мемлекеттіке қатысты анықталуын айтамыз. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің пайда болуымен, яғни обьективті анықталуымен тікелей байланысты. Мемлекеттік бюджет-тауарлы өндірістің әлеуметтік-экономикалық формациясына байланысты категория деп айтуымызға да болады. Оның даму мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру және саяси мекемелердің белгілі көлемдегі қаржы ресурстарының байланысуымен туындайды. Бюджет экономикалық категория ретінде обьективті. Бюджет негізінен экономикалық, ғылыми және әлеуметтік басқа да сфераларды белгілі көлемде қаржыландыруға бағытталған.
Қаржылық көзқарас жағынан мемлекеттік бюджеттің үш негізі түсініктемесі бар;....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Азия өзендерінің физикалық географиялық жағдайы

Азия өзендерге өте бай. Мұнда жер шарындағы көптеген ірі өзендер бар. Кең алқапты батпақтар мен мұздықтар алып жатыр. Бұл өзендердің орналасуы мен таралуы жер бедері мен климатқа тікелей байланысты келеді.
Солтүстік мұзды мұхитқа Яна, Индишрка, Колыма, Тынық мұхитқа, Амур, Хуанхе, Янцзы (көгілдір өзен), Меконг, Үнді мұхитқа Брахмапутра, Ганг, Инд, Әл-Араб өзендері құяды.
Жұмыстың мақсаты: Бұл жұмыстың мақсаты Азия өзендерінің ашылмаған сырларын болашақта ашу мақсатында жүргізіліп, курстық жұмыс ретінде жазылып, қазынасы мол өзендердің адам өміріндегі алатын маңызды орны мен мәнін ашу болып табылады.
Жұмыстың міндеті: Өзендерді зерттеу және қорғау адам баласының міндеті. Өзендерді зерттеуде арнаулы аппарттар, эхолоттар өзен зерттеушілеріне өзендердің тереңдігін анықтауға мүмкіндік береді.
Жұмыстың өзектілігі: Бұл жұмыс негізінен көп ізденістер мен еңбекті талап ететін сөзсіз. Тақырып аясы болып табылатын Азия өзендерінің шарауашылықта пайдалануы, қазіргі экологиялық мәселелері туралы қарастырылған.Бұл жұмыс нақты және айқын жазылған. Жұмыстың зерттеу дәрежесі: тақырып кіріспе, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Гипокинезия салдарынан ағзаның функциональдық жағдайының өзгеруі

Адам денсаулығы оның негізгі байлығы,сонымен бірге әрбір жеке адамның денсаулығы адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады.Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі жалпы мемлекеттің,қоғамның ,әрбір азаматтың негізгі борышы.Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселерге баса назар аударып,халықтың денсаулығын жақсарту мәселелерін шешу үшін белгілі бір шаралар қолдану керек.
Адамның денсаулығын сақтаудағы ең бірінші мәселе-таза су мен кенеулі асты пайдалануды,тазарту жүйелерінің болуын,қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін обьектілерді қысқартуды,басқа да қауіпті факторларды төмендету жөніндегі осыған ұқсас шараларды қолға алу,және жүзеге асыру.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға,есіркі,темекі мен алкогольді тұтынуды қойып,тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға тікелей бағытталған.
Соңғы жылдарда,әсіресе кейінгі он жыл ішінде дүние жүзінің барлық елдеріндегі,сондай-ақ ,Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты,және адамдардың тіршілік ету мерзімінің қысқаруына сәйкес-адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.
Денсаулық-адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние.Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты.Адам бақыты-денсаулығының мықтылығында.Дені сау адам көңілді жүреді.
Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері,денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді.Медицицна ғылымдарының пайда болуына,оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасаңыз,медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын-алуға,ауруларды емдеу әдістерін тауып,оны жетілдірумен шұғылданып отырған ғылым екені байқалады.Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруда ең басты рөл атқарады.
Адамзат баласының тіршілік өмірінде еңбір бағалы нәрсе,оның денсаулығы.Денсаулықты сақтап,үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп,оған пассивті түрде емес активті түрде қарау керек.Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті.Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік,әлеуметтік,экономикалық,жә-не медициналық,биологиялық,физиологиялық мәселе.Адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарта беру,аурулардың алдын алу ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстанның салық жүйесі қалыптасу кезеңдері және қызмет ету мәселелері

Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің даму жолдары және келешегі

Зерттеу тақырыбының өзектілігі
Қазақстан экономикасьның барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалык дамуды қамтамасыз етуге бағытталғандықтан, қазіргі уақытта ҚР-ның экономикасының алдындағы маңыздылығы өте жоғары міндеттердің бірі - соңғы жылдары өз уақытында жасалынған құрылымдық реформалардың және тиімді жүргізілген экономикалық реттеудің арқасында қол жеткізілген макроэкономикалық көрсеткіштерге тұрақтылық және жаңа сапалык сипат беру.
Белгіленген реформаларды және Қазақстан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бағдарламалары тиімді экономиканы дамыту, прогрессивті технологияны енгізу, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруды алға қойып отыр. Ал бұл мәселелердің шешімі көп жағдайда экономиканың нақты секторына келетін инвестицияларға байланысты.
Сондықтан әр-түрлі меншіктегі кәсіпорындардың материалды-техникалық базасын жаңарту және негізгі өндіріс қорларын уақытында модернизациялау үшін жаңа түрдегі қаржы құралдарын іздеу және енгізу қажет. Қазіргі кезде өндіріс салаларына үлкен көлемде қаржы тартудың әлемдік тәжірибеде негізгі құралдарының бірі және инвестицияның ерекше түрі – бұл дүние жүзінде кеңінен қолданылып жүрген лизинг болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0