Сабақ жоспары (ұмж): Векторлардың коллинеарлығы және компланарлығы (Геометрия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістіктегі векторлар
Сабақ тақырыбы: Векторлардың коллинеарлығы және компланарлығы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.5 - кеңістіктегі вектордың координаталарын және ұзындығын таба білу;
10.4.6 - кеңістіктегі коллинеар және компланар векторлардың анықтамаларын, векторлардың коллинеарлық шартын білу;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- кеңістіктегі векторлардың координаталарын анықтайды;
- векторлардың ұзындықтарын есептейді;
- векторлардың координаталары арқылы амалдар орындайды;
- компланар векторлар туралы, векторларды орттар бойынша жіктеу әдісін білетін болады және векторды орттар бойынша жіктеп үйренеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғаттағы көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістер. Топырақ пен шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлі. (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі.
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы көміртек пен азот айналымы. Биосферадағы биохимиялық үрдістер. Топырақ пен шөгінді жыныстар түзудегі тірі ағзалардың рөлі.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 9.3.1.4 азот пен көміртектің табиғаттағы айналымының сызбасын құру.
Сабақтың мақсаты: азот пен көміртек айналымын түсінеді
азот пен көміртек айналымының сызбасын құра алады.
азотты сіңіру, ыдырау, нитрификация және денитрификация үдерістерін өз сөзімен түсіндіре алады .....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: Рахмет Өтесінов | Дала шақырады

Ол уақытта Маңқыстауға барам дегендерге басшылар қарсы болмайтын. Босату жөнінде нұсқау да бар еді, сол кезде. Осыған қарамастан менің жолым тым қиынға түсті.

Оруджев бастаған ғалымдардың құрамында болып Маңқыстау мұнайының бүгіні мен болашағын байқаған сапар маған үлкен әсер қалдырды. Оруджев, Есенов секілді әйгілі геолог оқымыстылардың өз ара сөздерін тыңдай отырып, қазыналы түбектегі үлкен істер көз алдыма еріксіз елестей берген. АН-2 самолетімен Гурьевке қайтар жолда сол әсерлерді өзімізше ой таразысына салмақтай келе бір тәуекелге бел байлаған сияқтымын. Ендігі бағытым — қазыналы өңірдің өркенді ісіне мықтап араласу.

Гурьевке келе обкомның бірінші хатшысына арыз бердім. «Мені Маңқыстау түбегіндегі экспедиция жұмысына жіберуіңізді сұраймын. Өз мамандығыма орай орналассам болғаны, Партия сенімін адал ақтаймын...»

Өтінішімді оқып отырып, секретарь өзгере қалды. Сонан соң жүзіме тіке қарап:

— Коммунистер жұмысты сұрап алмайды. Керек кезінде өзіміз жібереміз, — деді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Газет және оқырман


Айтсын деп ақиқатты тіл берілген

Тәуелсіздік таңы атқалы да 25 - жыл. Осы ақ түйенің қарыны жарылып, Еліміз Тәуелсіздік тойын есте қаларлықтай ұрпақтан ұрпаққа аңыз болып жетерліктей дәрежеде атап өтіп жатқан тұста әркім-ақ өткен жылдарға өзі куә болған жайларды есіне түсірген болар. Дегенмен атқарылған істі бастан кешкен жайларды бір-ақ сәтте еске түсіру, бағамдап баға беру мүмкін бе? Тәуелсіздік жылдарында атқарылған игілікті істер ұшан - теңіз ғой.

Білім беру, денсаулық сақтау, отан қорғау, индустрия т.б. Салалардағы жетістіктерді айтып шығу тіптен де мүмкін емес және оның бір мақалаға сыюы да екіталай ғой. Толғаныс үстінде менің ойыма өзіміздің облыстық «Сарыарқа самалы» газеті орала кеткені. Сәл шегініс жасау артықшылық етпес. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Өнербаян

"Өнербаян" - Тынышбай Рахымның кітабының аты.

Мектептің жоғары сыныбында оқып жүргенде, үйдегі кітап сөресінде кітап саны аз емес болса да, өзіне тиесілі жалғыз кітап болған еді. Тиесілі дейтін себебі бұл кітапты сыныптың қыздары сыныптың ұлдарына 23 ақпанға қатысты сыйлыққа берген болатын. Бұл - сырты сары түсті, жылтырақ мұқабалы кітап. Сыртында Тынышбай Рахимов "Бесігіміз - бейбіт күн" деген жазу бар.

Мектепті бітірген жылдардың бірінде бірде осы ақынның телевизордан өлең оқығанын көрді. Сонда өзіне Тынышбай Рахимовтың оқыған өлеңі де, сол өлеңді оқыған даусының мәнері де ұнап қалған еді. Сөйтсе, бұл кісі ән салатын ақын екен. Мұны кейіндеу білді. Ән де шығарады, ән де салады.

Енді жатпай-тұрмай әлгі өлеңді іздеді. Әлгі кітаптың да бағасы арта түсті. Бірақ бұл өлең ол кітаптың ішінде жоқ екен.
.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Ұстазға тілек

Қымбатты Ұстаз!

Егер шәкірттік жылдарымыздың балдәурен, балалық сезімге толы парақтарын бүгінгі есейген, ес тоқтатқан болмыс-бітімімізбен тағы да бір ой елегінен өткізіп, сараптап отырсақ, соның әр бетінде көзге ыстық, көңілге жылы көрініп ұшыраса беретін аяулы бір бейне бар, ол - Өзіңіз. Содан бері өткізген әрбір жылымыздың мазмұн-мағынасында ақыл-парасат, сабыр мен төзім, адалдық пен ар дүниесіне деген іңкәрлік, әділдік пен жақсылыққа деген құштарлық, махаббат пен достыққа деген табандылық танылып, ізгілік пен руханиятқа жүрек көзі ашылып, "бойда қайрат, ойда көз" жатқан сәттеріміз аз ұшыраспаса, осының барлығының түпкі төркіні - Сіздің еншіңізде. Шәкірттеріңізбен араласа жүріп қызмет еткен сәттеріңізде біздің әлі қалыптаса қоймаған балаң сана-сезімімізге баға жетпес білім, білік байлығын сіңіруді, сөйтіп ғылым әлемінің таусылмайтын шетсіз-шексіз көкжиегіне жетелеуді ғана мақсат етіп қойған жоқсыз, Сіз ең алдымен мына әлемге, мына қоғамға, мына өмірге Адам беруге тырыстыңыз. Бұл тіпті де Сіздің мәнді де мағынаға толы ұстаздық сәттеріңіздің басты өлшеміне айналғандай еді. Сізден бөлініп, қанат қатайтып, өмір баспалдағының басқышымен әрбір .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Құлын caльмонeллeзін пaтоморфологиялық диaгноcтикaлaу

1.1 Жұмыcтың өзeкті мәceлeлeрі жәнe тәжірибeлік мaңыздылығы
Жылқы шaруaшылығы мaл шaруaшылығының тиімді caлacының бірі.Қaзaқcтaндa нaрық экономикacынa бaйлaныcты мaл шaруaшылықтaры қолғa aлынып, қaйтaдaн өркeндeудe. Хaлықты мaл шaруaшылығының өнімдeрімeн қaмтaмacыз eту aуыл шaруaшылығы дaмуының бaғдaрлaмacы. Қaзіргі жaғдaйдa мaл шaруaшылығын жүргізудің өзіндік eрeкшeліктeрі бaр. Рыноктaғы қaтaң конкурeнцияғa бaйлaныcты, әрбір шaруaшылық aз шығын жacaп, өнім өндіруді көбeйтугe тырыcaды.
Бұл үшін acылтұқымды мaл eнгізілeді, жaңa жaбдықтaр қолдaнылaды, вeтeринaриялық қызмeткe қойылaтын тaлaптaр күшeйeді. Мaл дәрігeрлік қызмeтті caпaлы дeңгeйгe көтeру үшін мaл шaруaшылығындa өтe күрдeлі жәнe жaуaпты мәceлeлeрді шeшу қaжeт.
Көптeгeн жұмыcтaр мaл дәрігeрлік нeгізгі мәceлeлeрді жоюдa aтқaрылып жaтca дa, кaзігі уaқыттa жылқылaр мeн ірі қaрa мaлдaрдың жәнe оның ішіндe төлдeрдің aурулaры жиі кeздecіп мaл шaруaшылығының өнімділігін тeжeп жүр.Мaл шaруaшылықтaрынa мaлдың тығыз шоғырлaнуы инфeкциялық aурулaрдың тeз тaрaлуынa жол бeрeді. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Журналистика | Қазақстан ұлттық телеарнасындағы ойын сауық бағдарламалары

Қазір ақпарат заманы. Ақпараттар тасқыны кәдімгі Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай «Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызуға» мүмкіндік тудырып отыр. Батыс пен Шығыстың мүдделері тоғысқан, Америка бүкіл әлемнің қожасы болуға талпынған, Ресей ТМД елдеріндегі ықпалын жоғалтпауға күшін салған, Қытай аждаһадай аранын ашқан бүгінгідей заманда қазақ ақпаратының бәсекелестікке төтеп берерліктей мүмкіндігі болуы керек.
ХХІ ғасыр ақпарат билік құратын ғасыр болуы керек. Бұрын билік идеологияның, қарудың қолында болды. Енді ақпараттың қолына көшетін кез жетті. Ал, ақпарат ғасырында ақпараттың экспансияның астына көміліп қалмау біз үшін басты мақсат. «Қазақстан ұлттық телеарнасында» соңғы жылдары жасалып жатқан оң қадамдар, жаңа ізденістер осындай мақсаттың үдесінен туған секілді. Қазақ баспасөзінің жаңа белесі туралы профессор Намазалы Омашев былай дейді: «Қазақ баспасөзі жаңа үрдіске иек артып келеді. Бұқаралық ақпараттың көз-жанарын байлап, екі өкпесін қысқан тас қамалдың есігі ашылып, ішіне саңылау түскендей газет, журналдардың тілі стилі бұрынғы қалпын жойып жаңа леппен, жаңалықпен көрініс табуда. Ақпарат ағынында бәсекелестік пайда болды. Ал, бәсеке дегеніміз ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлік нарығы

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің барлық жағдайларын жасау қажеттілігі бекітілген. Тұрғын үй мәселесі қазіргі заманның өзекті әлеуметтік мәселелерінің бірі ретінде сақталып отыр.
Кез – келген елдің тұрғын үй саясатының бастапқы мақсаты – “әрбір отбасын қолайлы тұрғын үймен және қоршаған ортамен қамтамасыз ету”.
Жылжымайтын мүлік нарығы ұлттық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі және қарқынды дамушы рыноктардың бірі болып табылады. Жылжымайтын мүліктер нарығы ауқымы кең нарық болып саналады. Тұрғын үй –нарықтық экономикада экономиканың түрлі секторының даму қарқының және халықтың, жалпы елдің келешегіне деген сенімін бейнелейтін өсімнің көрнекті көрсеткіші.
Тұрғын үй мәселесі кеңес дәуірі кезінен – ақ шешуі қиын мәселе болатын. Ел экономикасы өтпелі кезеңнен өтіп, дамудың даңғыл жолына түскен шақтан бастап халықтың саны да өсіп, тұрғын үйге деген сұраныс еселеп артты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Картоп аршуға ерінесізбе

Қазақ етшіл халықпыз. Үйге қонақ келсе бас, ет асып сыбаға жамбасын беріп аттандырамыз. Сол етке кейде картоп қосатындымыз болмаса салатқа арнайы пісіретіндіміз. Оны алдымен суға қайнатып пісіріп алып артынан қолмен аршып біраз уақыт алатындымыз. Олда әуре. Бірақ мұныңда оңай уақыт алмайтын тәсілі бар қараңыз.

1. Картопты суға қайнатпас бұрын алдымен қабығын ортадан айналдыра тіліп алыңыз.
Пайдалы кеңестер: Картоп аршуға ерінесізбе?
2. Картоп қайнап жатқанда, мұз дайындаңыз. Иә, мұз. Мұздатқыштағы төртбұрыш пішіндегі мұздар пайдалы.
Картоп пысқасын қасықпен бір бірлеп ыдысқа дайындалған мұзды суға салыңыз. Содан 10 секун санайсыз.
Пайдалы кеңестер: Картоп аршуға ерінесізбе?
3. Енді мұздаған картопты алыңыз. Картопты қолыңызбен қатты қыспай жұмсақ тартыңыз. Қабы ақырын өзі сырғып шығып келеді.
Пайдалы кеңестер: Картоп аршуға ерінесізбе?
Сіз картоп мұздап қалды деп ойладыңызба? Жоқ, картобыңыз сол қалпы ыстық, сақталынады екен. Міне кереметі.......
Кеңестер
Толық
0 0