Реферат: Экология | Мақсат және басқару мақсаттары табиғатты қолдануы

Пайда алуы тек қана емес тұрақты экономикалық даму шарттарында маңызды мағына болады. Ердің құны болса да, сонымен қатар замандас экологиялық қауіпсіз өндіріспен басқару .
Керек белгілеп қою, не үшін мынаның өндірістердің барлық түрлерінің қайтадан жабдықтауына жеткілікті айбынды инвестициялар керек, кетулердің өңдеуді және өздері алдын ала ескерді ең басты қызметі.
Табиғатты қолдану – мынау бір басқару ең күрделі объектілерінен тұрыды. Сондықтан - маңызды мағына экологиялық процестермен және табиғатты қолдану экономикасымен басқару зерттеуінде болады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Қаба би Абайділдаұлы

Қаба би

Мазмұны
1 Қаба Абайділдаұлының өмірбаяны
2 Қаба Абайділдаұлы туралы аңыздар
2.1 Қаба Абайділдаұлы туралы аңыз
2.2 Қаба Абайділдаұлы туралы аңыз
3 Пайдаланған әдебиет
Қаба Абайділдаұлының өмірбаяны

Қаба Абайділдаұлы 1804 жылы қазіргі Алматы облысы Нарынқол ауданы Сарыбастау ауылының Түзкөл-Қолтық жеген жерінде дүниеге келген. Сексенге қараған жасында 1884 жылы қайтыс болған. Бейіті сол ауданның Лайлы деген жерінде. Қазақ шежіресінде Қаба бидің тегі арғы бабалары Бәйдібек би одан Албан, оның ішінде .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | XV-XVII ғғ. қазақ хандығы: халқы және шаруашылығы

Қазақ жерін отарлаудағы патша үкіметінің жүргізген іс-шаралары. ХVІІ – XVIII ғ.ғ. Қазақстанның солтүстік және солтүстік-батыс территорясын орта және кіші жүз қазақтары қоныстанды . Орта жүз рулары солтүстік-шығыс оңтүстік – шығыс және орталық қазақстан жерлерін мекендеген. Қазақстандағы өзендер бойынша Сарысу, Нұра, Есіл (Ишим), Тобыл, Торғай және башқұрттардың Оралдағы солтүстік батысындағы қонысы мен шекаралас болды. Ертіс ағысының орта жеріндегі батыс сібір. Кіші жүз қазақтары Қарақұмға дейінгі және Арал теңізі жағалауына Түркістанның шеті мен шектескен жерлерді және .....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Нарықтық экономиа | Баға белгілеу саясаты


Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында қоғамдық өндірістің әр саласында қызмет ететін экономикалық субъектілердің баға қою ең алдымен көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатына, яғни экономикалық деңгейі, өсу қарқыны сияқты жағдайларға тікелей байланысты. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өту кезеңінде бағаны тағайындау жұмыстары дұрыс жүргізілмегендіктен, елді инфляция мен гиперинфляцияға әкеп соқтырды.Соның әсерінен баға өндірістің өсуіне кедергі келтіріп, бәсекеге қабілетті өнім өндіруді ынталандырмады.Бұл дегеніміз баға өзінің экономикалық міндеттерін дұрыс атқармағандығында деген ұғымды береді. Сол кезден бастап отандық кәсіпорындардың көпшілігінде бағалар құру саясатын ұйымдастырды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: География | Шақатты топырақтардың қалыптасуы және таралуы

Топырақтанушы ғалымдар, В.В Докучаевтың ілімінің негізінде, тұзды топырақтардың түзіліп, дамып, қалыптасу процестерінің оларға әсер ететін табиғи факторлар мен байланыстыра түсіндіруге тырысады. Бірақ басым жағдайда сорлардың сортаңдардың тақырлардың және шақаттардың тектік (генезистік) болмысын химиялық физикалық- химиялық және геохимиялық тұрғыдан талдап, олардың пайда болу механизіміне баса көңіл аударады да, физикалық-географиялық факторлардың нақтылы әсерлерін жан-жақты қарастырмайды. Сондықтан осы ұсынып отырған жұмысымызда Қазақстандағы шақаттанған топырақтардың қалыптасуларын осы тұрғыдан түсіндіріп, айтылған оқулықтың орнын толтыруға тырыстық. Әрине, республика территориясындағы жайғасқан шақаттардың көлемі басқа да тұзданған топырақтарға (сор, сортаң, тақыр) қарағанда аз болғандықтан бұл факторлардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталмай оларды бірлестіре, үйлестіре қарауға мәжбүр болдық. Себебі, зерттеулер мен әдебиеттерге шолу барысында, бұл топырақтардың түзілу процестері, көбінесе, орманды және орманды-дала зоналарында жүргендіктен, ондағы негізгі фактор болып топырақтардағы сулық- геохимиялық мизайиялық құбылыс анықталды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Фирманың қаржылық қызметтер нарығын кластерлік талдау әдісін енгізу

Тақырыптың өзектілігі. Қаржылық менеджменттің қазіргі даму жағдайында коммерциялық фирманың әмбебаптану дәрежесінің арту талабы қойылады. Фирма қызметінің қаржы-фирмалық қызметтердің әр түрлі салаларына енуі, соның ішінде фирма қызметтерін дамыта отырып жаңа фирмалық қызметтерді енгізу - өзгермелі қаржылық салаға коммерциялық фирмалардың бейімделінуінің, нарық сегменттерінің басымды салаларын құрудың шешуші жолдарының бірі болып отыр.
Осы шартта коммерциялық фирмалар банк нарығына несиелік өнімдер мен түрғын халыққа қызметтердің көптеген түрлерін жасап үсынуда. Мүндай жағдайда қызметтердің бәсекелік қабілеттілігін анықтап отыру және оларға деген сүранысты зерттеу қажеттілігі туындайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Аудит турлері және оның әдісмелік маңызы

Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен білім практикалық қызметтін даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл - аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.
Аудитор латын сөзінен шыққан, яғни ол "тындап тұр" деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық - жұмыс барысына тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап-баскарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор" - "тындаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.
Орта ғасырдың соңға жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп - лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тындауға тиісті кызметкерлерді "аудитор" деп атаған. Бір қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан ор түрлі етіп жазуға, өзгертуте болады деп тусінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Қазактың: "бет көрсе- жүз үялады", - деген үлы сөзшің мағынасы осы негізде келетін шығар, екіншіден "тындаушы" мен саған "сенемін" - деген, ал өз кезегінде есеп беруші "сеніміңізді" ақтаймын" — деген адамгершілік касиет негізінде алынған ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Заттық іс-әрекет және психология

Соңғы жылдары кеңестік психологияның әр түрлі салалары мен қолданбалы зерттеулерінің қарқынды дамуы байқалып отыр. Осылай бола тұрса да, жалпы психоло-гияның теориялық мәселелеріне әлдеқайда аз назар аударылуда. Сонымен бірге кеңестік психология маркстік-лениндік философияның негізінде қалыптаса отырып, психиканы танудың негізінде жаңа тәсілін ұсынып, алғаш рет психологияға жете зерттеуді қажет ететін бірқатар маңызды дәрежелерді (категорияларды) енгізген болатын.
Осы дәрежелердің ішінен маңызды мәнге ие болатыны — іс-әрекет дәрежесі. К.Маркстың Фейербах жайлы айтқан әйгілі тезистерін еске түсірсек, бұрынғы мета-физикалық материализмнің басты кемшілігі оның сезгіштікті адам іс-әрекеті, тәжірибесі ретінде емес, сырттай байқап қарау формасы ретінде қарастыруы; әрекеттік жақ материализмге қарама-қарсы идеалистік түрғыда дамыды, дегенмен адамның шынайы сезгіштік іс-әрекеті ретінде емес, оны дерексіз ұғынды.
Бүкіл маркстік психологияға дейінгі хал-жай нақ осылай болатын. Алайда марксизмнен тыс дамып келген қазіргі заман психологиясында жағдай бұрынғы қалпында қалған. Онда да іс-әрекетке идеалистік тұжырымдама тұрғысында, өзінің жалпы бағытында материалистік, табиғи ғылыми тұжырымдамасында туған дене құрылысы икемделген және үйретілген енжар субъективтің сыртқы әсерге жауабы ретінде қарастырылады. Бірақ нақ осы жағдай психологияны табиги-ғылыми психологияга, жан туралы гылым психологиясына, бихевиористік психологияга және де (менталисгік) психологиясына бөлінуге әкеліп отыр. Осыған байланысты психологияда пайда болған дагдарысты құбылыстар өлі күйге дейін сақталып, олар енді туңғиыққа кетіп, айқындығы аз түрлерде көрінуде. Психологияны нейрофизиологиямен, кибсрнетика және логикалық-математикалық пәндермен, әлеуметтанумен және мәдениет тарихымен байланыстыратын пәнаралық зерттеулердің қарқынды дамуы бүгінгі таңдағы психология ғылымының іргелі әдіснамалық мәселелерін өзінен-өзі шешпейді. Осы мәселелердің шешілмеуі физиологиялық, кибернетикалық, логикалық немесе әлеуметтік қауіпті ығыстырып, алға басу бағытын күшейтіп, психологияның өз пәні мен өзінің ерекшелігін жоғалту қаупін төндіреді. Сонымен бірге әр түрлі психологиялық бағыттардың қақтығыс жағдайын теориялық алға басудың айғағы бола алмайды. Мәселен, бүгінде қаймықпайтын бихевиоризм өз орнын ымырашыл жаңа биховиоризмге (немесе кейбір авторлардың айтуы бойынша, "субъективті бихевиоризмге"), гештальдық — жаңа гоштальттыққа, фрейдизм — жаңа фрейдизмге және мәдени антропологияға беріп отыр. Америкалық авторлардың қарама-қайшы көзқарастарының бірігуі ("эклектикалық") ұғымның мотивн асыра мадақтаумен болған эклектикәльтқ көзқарастар ешқашан да табысқа жетпеген. Психологиялық фактілердің табылуы мен жалпы қорытындылай әр текті жинақтарды ғылыми топтастыруға болады, әрине, оған жалпы түрде түптеу арқылы оларды жай ғана біріктіру жолымен жатқызу мүмкін емес. Психология ғылымы иық тұруы үшін ол психологиялық тұжырымдамалық құрылыстық әрі қарай жете зерттелуін, жаңа ғылыми теорияларды іздестіруді талап етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Маркетинг | Маркетингтегі мотивация теориясы мен мотивация түсінігі

КІРІСПЕ
Мотивация ұғымы бұл басқарушылық әрекет мәселесімен өте тығыз байланысты. Жаңа экономикалық қатынастар өткен кезендерге байланысты жұмыскерлерге жаңа талаптар қойады.Бұл тек қана тандау емес, бұл кадрларды оқыту және орналастыру жәнеде жаңаша ойлау қабілеті.
Қазіргі уақытта нарықтық қарым-қатынасқа көшкенде жұмыскерлердің негізгі мотивациялық факторы бұл кепілді жалақы алу. Сонын өзінде жұмысқа берілгендігі, жұмыс сапалығы есепке алынбайды. Көбінесе орташа жұмыс кепіліді жалақысы бар, Жалақысы көп күрделі жұмыс емес. Қазіргі кезде нарықта жұмысты ұқыпты орындайтын және негізі салтты жұмыскерлер. Сондада оларда жас тосқауылынан жақсы жұмыс табуға үміт аз, көбінесе олар (50жастан төмен немесе улкен) немесе рекомендацияның болмауынан. Жұмыскерлердің қажеттеліктері мен мотевациялары әрі қарай зерттеліп және жүйеленуі қажет. Сонымен, мотивация деген не? ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Зоология | Жарқанаттар тұқымдасы

I Кіріспе
Қолқанаттылар Арктика мен Антарктика құрылықтарынан басқа жерлерде кеңінен тараған. Әуеде ұшып тіршілік етуге бірден-бір бейімделген сутқоректілердің өкілдері. Алдыңғы аяқтары ұшу қанатына айналған.Артқы аяқтары ерекше құрылысты: тізелері орала біткен, сол себепті үлкен саусағы артқа, кішісі- ішкі жағында орналасқан. Денесі жалпақ, төсінде бұлшық еттер жетілген, жауырыны- жалпақ.
Тунде тіршілік етуіне байланысты есту мушесі жақсы дамыған. Құлақтары да улкенді – кішілі болып келеді. Сезу мүшелерінің ішінде мұрттарының орны ерекшке. Көзі нашар жетілген. Ішектері қысқа, дене мөлшерінен 2-3 есе ғана артықтау. Ас өте тез сіңеді, небары 4 сағаттың ішінде жеген омыртқасыздар толық қорытылып үлгереді.
Қолқанаттылардың дене температурасы қыста қоршаған орта температурасынан бар- жоғы 1-2 градус жоғаы болады. Барлық өкілдері қысқы ұйқыға кетеді немесе жылы жақтарға ұшып қоныстарын аударады. Жылына бір рет көбейіп, бір-екі өсім береді Шағылысуы күзден басталып, көктемге дейін созылады. Жатырға түскен ұрық көктемге дейін жұмыртқа клеткасы пісіп- жетілгенше сақталады. Көптеген өкілдері өніп- өсу кезінде, әсіресе қыста, топ-топ болып жиналып, саны бірнеше жүзге, мыңға жетеді. .
Дене температурасының өзгеріп тұруы, ұзақ мерзімге ұйықтау, зат алмасуының төмендеуі қолқанаттылардың көпшілігінің 20, тіпті 27 жылға дейін өмір сүруіне себебін тигізеді. Қазба қалдықтары Европа мен Солтүстік Америкада алғашқы эоцен қабатынан табылған.
Қолқанаттылар зиянды түн насекомдарымен қоректеніп, үлкен пайда келтіруімен қатар, адам үшін қауіпті індеттер таратуда да алатын орны үлкен.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0