Реферат: Тарату логистикасы

Логистиканың функционалды саласында пайдаланатын “тарату” термині ғылымда да,іс жүзінде де көп қолданылады.
Қазіргі орыс тілінің түсіндірмесөздігі бойынша , тарату дегеніміз - әрқайысына белгілі бір бөлікті бере отырып, біреулер арасында бірдеңені тарату. Мысалы, алынған табыс сомасын кәсіпорындар ,мемлекет және түрлі қорлар арасында тарату, алынған пайда сомасын акционерлік қоғамның мүшелері арасында тарату және т.б.
Эканомикадағы тарату- бұл ұдайы өндіріс үдерісінің фазасы: ең алдымен материалды игіліктерді өндіру қажет, содан кейін оны бөледі,яғни құрылған байлықтағы әр өндірушінің үлсін анықтайды. Мұнда өндірілген еңбек өніміне меншік құқығы бөлінеді.Өнімнің өздері,мысалы вагон құрушы зауытта құрастырылған вагондар өндірістік үдеріс қатысушылары арасында бөлінбейді.
Логистикадағы тарату- осы үдерісінің физикалық,сезілетін,заттай құрамы. Меншік құқығын таратумен байланысты зақдылықтарға бұл жерде, әрине, көңіл бөлінеді, дегенмен олар зерттеу мен оңтайландырудың негізгі пәні болмайды. Тарату логистикасындағы негізгі зерттеу пәні қолда бар материал қорларының физикалық бөлу үдерісін рационализациялау болып табылады. Өнімді қалай орау керек, қай маршрутпен жіберу керек, қойма торлары қажет пе (егер қажет болса,онда қандайы?), делдалдар қажет пе-міне бұлар тарату логистикасының айналысатын мәселелері.
Логистика материалды ағымдарды іштей басқаруды зерттейді және оны жүзеге асырады, сондықтан тарату сипатындағы түрлі мәселлерді шешуді,яғни кімде- кім арасында бір нәрсені таратуды барлық кезеңде оындап отыруға тура келеді.
• Тауар сатып алу барысында түрлі жабдықтаушылар арасында тапсырыстар бөлінеді;
• Кәсіпорынға келіп түскен кезде сақтау орындары бойынша жүктер бөлінеді;
• өндірістің түрлі учаскелері арасында материалды қорлар бөлінеді;
• сату үдерісінде материалды ағымдар бөлінеді және т.б.
Тарату логистикасының шекарасын белгілеу үшін үш сатылы капиталдың ұдайы өндіріс үдерісінің схемасын қарастырып өтелік.
Өндіріс құралдарын алу сатысындағы материалды ағымдар сатып алу логистикасының зерттеу және басқару объектісі болып табылады, өндіріс сатысындағы материалды ағымдар-өндірістік логистика объектісі. Материалды ағымдар дайын өнімді бөлу және өткізу сатысындағы тарату логистикасының объектісі болады.
Тарату логистикасының түсінігін жалпы логистика түсінігінің анықтамасы негізіндегі қалыптастыру оңай. Логистикада,материалды ағымдарды іштей басқару жөніндегі ғылым ретінде анықталады,оларға мыналар жатады:
• ағымды өндіріске дейін жеткізу;
• ағымның өндіріс ішінде өту үдерісін басқару;
• дайын өнімді тұтынушыға дейін жеткізу үдерісін басқару. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: ТУБЕРКУЛЕЗДІ ЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ

Заманымыздағы озат медицина ғылымы туберкулезді емдеуде ірі табыстарға жетіп отыр. Қазір туберкулез адамның қай жерінде кездессе де, оны түрлі әдістерді қосарландыра жүргізіп емдейді. Туберкулезге қарсы жұмсалатын барлық емді негізінде үш бағытта жүргізуге болады. Олардың бірі — жалпы емдеу. Өйткені туберкулезбен дененің бір жері (сүйек, өкпе, без және т. б.) ауырса онық зардабы барлық денеге жайылады. Сондықтан емдік шара алдымен жалпы дененің арқауың нығайтуға, оның қорғаныш күшін арттыруға жұмсалғаны жөн. Жалпы шараның нәтижесінде адамның нерв жүйесі бұзылған қызметін жөнге келтіреді, денеде қоректі заттар алмасуы түзетіледі және бездер жүйесінін жұмысы ширайды.
Екінші бағыты — ағзада ұялаған, оны бүлдіріп жатқан туберкулез микробын өлтіру. Қазір күшті дәрі-дәрмектер жеткілікті, солардың күшімен микробтың өсіп-өнуіне тоқтау салып, ұяларын құртуға болады.
Емдеудің үшінші бағыты — хирургиялық және ортопедиялық тәсілдер. Әрине, тәжірибеде осы айтылған әдістер мен түрлі дәрілер өзара үйлестіреле жұмсалады. Мысалы, стрептомицин, фтивазид, ПАСК, болмаса тибонмен емдеу кеуде қуысына газ үрлеумен немесе өкпенің ауырған жерін кесумен бірге істелсе, оның нәтижесі жақсы болады. Сондықтан ауру адамды емдегенде бірнеше әдістер және дәрілер қосарлана жұмсалады. Мұны қоспалы емдеу дейміз. Бірақ туберкулезді емдеуге қандай әдіс қолданса да, нендей дәрі жұмсалса да, негізгі шара — аурудың жалпы халін көтеру, денесінің қорғаныш күшін арттыру, сөйтіп туберкулезге қарсы күресте оны жеңімпаз ету. Сондықтан толып жатқан емдердің бастысы гигиеналық-диеталық режим болады. Мұның мәнісі адамның тұрмысында тазалық сақтау және тамақтану тәртібін дұрыс ұйымдастыру деген сөз. Бұл әдіс адамға жағымды жағдай жасайды, дененің кеселге қарсы күшін арттырады және адамның жазылуға сенімін күшейтеді. Осы айтылған мақсатқа жету үшін мамандар науқастың жағдайына қарап, жатқызып емдейді, ал біеулеріне туберкулезге қарсы дене шынықтыратын шаралар істейді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Туберкулезге жалпы сипаттама

Туберкулез патоморфозы.

Туберкулез созылмалы инфекциялық сырқат, ол өкпеде және басқа ағзаларда тек өзіне тән морфологиялық өзгерістердің дамуымен сипатталады. Туберкулез латынша-tubercula-төмпешік, бұдыр деген мағынаны білдіреді. Осы аурумен сырқаттанған кісілерді ашып көргенде өкпесінде әртүрлі төмпешіктер табылған.
Туберкулез қазіргі күнге дейін кең тараған жұқпалы аурулардың бірі болып отыр, оның Қазақстан Республикасы үшін маңызы өте зор. 1993 жылы Қазақстанда 100000 халыққа шаққанда көрсеткіш165,1 жетті. Халықаралық ұйымдар мәліметінше 100000 адамның 50 адам ауырса, бұл ауру эпидемия болып саналады. Тек 2002 жылы Қазақстанда туберкулезден 3592 адам өлген. БДҰ мәліметтері бойынша дүние жүзіндегі туберкулезбен аурушылар саны 15-20 млн. Әр жылы туберкулезден шамамен 3 млн. Адам өледі.

Этиологиясы. Туберкулездің жұқпалы ауру екенін бірінші рет француз дәрігері Вильман (1865) анықтаған болатын. Ол теңіз шошқалары мен үй қояндарына туберкулезден өлген адамдардың ағзаларынан алынған материалды егіп, осы жануарларда туберкулезге тән өзгерістер дамитындығын көрген. 1882 жылы Р.Кох науқас қақырығынан туберкулез қоздырушыларын тапты. Микробактериялардың адамда, ірі қара малдарда, құстарда және салқын қандыларда туберкулез қоздыратын түрлері бар. Адам туберкулезін осы бактериялардың ьбірінші және екінші түрлері қоздырады. Инфекцияның қайнар көзі науқас адам. Ауру негізінен тыныс жолдары арқылы да жұғады. Тамақ арқылы да жұғуы мүмкін. Қазақстанның солтүстік аймақтарында және Батыс Сібір ірі қара мал арасында туберкулездің кең таралуына байланысты осы аурумен ауыратындардың 10-20 %-на туберкулез жоғарыда айтылған алиментарлы жолмен жұғады. Кейбір жағдайларда кәсіпке байланысты туберкулез организмге жарақаттанған тері арқылы өтеді. Өте сирек жағдайда анадан бала жолдасы арқылы балаға өтуі мүмкін.

Патогенезі. Туберкулез патогенезі макро- және микроорганизмнің өзара қарым-қатынасына байланысты. Микробактерияның вируленттігінің, оның организмде көп мөлшерде түсуінің маңызы зор болғанымен де организмнің иммундық жағдайда шешуші рөлді атқарады. Организмнің қорғаушы күштерімен микроорганизмнің патогенді арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда ғана туберкулез дамиды. Кейбір жағдайларда туберкулез микробактериялы жергілікті өзгерістер шақырмай-ақ организмге енуі мүмкін. Бұл күйді латнтті микробизм деп атайды. Клиникада ол туберкулез интоксикациясымен көрінеді. Егер организмнің реактивтігі жеткілікті болса, туберкулез микробактериялары бүтіндей жойылып, ауру әрі қарай дамымайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау С. Бегалиннің «Туған жер құдіреті» (4 сынып, I тоқсан)

Пән: әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Әдеби көркемдеуіш құралдардың қолданысын анықтау С. Бегалиннің «Туған жер құдіреті»
Оқу мақсаттары: 4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
4.2.7.1 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу және оларды қолдану
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын анықтап, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді, әдеби көркемдегіш құралдарды (эпитеті) табады.
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, эпитеті табады және өз пікірлерін айтады
Кейбір оқушылар: өз тақырыбын ұсынады, негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді, көркемдегіш құралдарды ажыратып, сөйлеу барысында қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (1-сабақ) (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;
Сабақтың мақсаты: Орта Азия хандықтарының үстемдігіне қарсы болған азаттық күрестің себеп-салдарын анықтап, көтерілістің маңызын талдайды...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жұлынның және мидың құрылысы мен қызметі (2 сабақ) (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Координация және реттелу
Сабақ тақырыбы: Жұлынның және мидың құрылысы мен қызметі (2 сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.7.1 жұлынның және мидың құрылысы мен қызметін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Жұлынның құрылысын сипаттай алады;
• Жұлынның қызметін түсіндіреді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері 2-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.15 – көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау
Сабақтың мақсаттары: - көздіӊ негізгі бөліктерін және олардыӊ қызметін білу;
- көздіӊ оптикалық жүйесін білу;
- көз торламасында пайда болған кескінніӊ қасиетін білу;
- көздіӊ аккомодациясын білу;
- көздіӊ ақауларын білу: алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік;
- алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті түзетуді білу.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Келтіру формулалары (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.2А бөлім: Тригонометриялық функциялар
Сабақ тақырыбы: Келтіру формулалары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.2.4.4 келтіру формулаларын біледі және қолданады;
Сабақ мақсаттары: Келтіру формуласын қорытып шығару және пайдаланып есептер шығару.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әңгіме: ІV Халықаралық РR Көктемгі мектебі өңірдегі медиасауаттылық жүйесін дамытуға арналды

Талдықорған қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы облысы Ішкі саясат басқармасы, Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Тұрақты даму мақсатындағы коммуникация және медиа» атты ІV Халықаралық РR Көктемгі мектебі өткізілді.

Көктемгі мектеп қазақстандықтардың сандық жүйені қолданудағы сауаттылығын арттыруға және білім беру, медиа ақпараттық сауаттылық жүйесін дамытуға арналды.

Адамзаттың жаһандық дағдарыстан шығудың жолдарын іздестіруі заңды. Жалпы әлемдік қауымдастық мойындаған дағдарыстан шығудың негізгі жолы – тұрақты даму. Оның басты идеясы – ысырапқа жол бермеу, ресурстарды әділетті әрі тең бөлу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы үдерістердің барлығында маңызды рөл ойнайтын, дамудың негізгі факторы - ғылым және білім беру екендігі дау туғызбайды. Тұрақты даму тек экономикалық өсу, инновация және өнімділік қана емес, әлеуметтік даму мен тұрақтылықтың іргелі міндеттерін де қарастырады. Тұрақты дамудың 17 мақсаты бар. Соның 4-ші мақсаты – сапалы білімге қолжетімділік және өмір бойы оқуға (үздіксіз) мүмкіндік беру. Өңірлерде тұрақты инфрақұрылым қалыптастыру қажет. Сол себепті аймақтарда тұрақты даму мақсатындағы семинар-тренингтердің өткізілуі қажеттілік.

Тұрақты даму теория мен практиканы ұштастыруды, яғни дуалды оқытуды талап етеді. Университеттер енді тек оқу бағдарламаларымен ғана айналыспайды, қала, өңір, ел деңгейіндегі өзекті мәселелерді шешуге де белсене қатысады. Яғни, университеттердің қызметі өңірлердегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ұлттық және халықаралық бағдарламалармен тығыз байланысты болуы тиіс. Осы орайда, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» Жаһандық хабына жетекшілік ету мерзімі 2020 жылға дейін ұзартылуы оқу орнына зор жауапкершіліктер жүктейді. Қазіргі таңда Қазақстанның 25 жоғары оқу орындары БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасына қосылған.

Көктемгі мектепте «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының сарапшысы Ғ. Әженова, белгілі PR маманы Қ. Домбай, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы қоғамдық қорының президенті Е. Кәпқызы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын Б. Әшірбаев, Factcheck.kz редакторы Д. Смақов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешенінің директоры Д. Мұхамеджанов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к. А. Рожков, «Medianet» Халықаралық журналистика Орталығы, Factcheck.kz сайтының журналисі Ж. Тлеухан шеберлік сыныптарын өткізді. Қазіргі таңдағы медиакеңістік пен РR нарығындағы өзекті мәселелер ортаға салынып, шешілу жолдары көрсетілді.

Көктемгі мектептегі алғашқы шеберлік сыныпты «Рухани жаңғыру және ұлттық журналистика» тақырыбымен Б. Әшірбаев жүргізді. Ол заманға сай жаңғырудағы отандық мәдениеттің алатын ерекше орнына тоқталып, Қазақстанның бірегей тарихи және мәдениеті бар ел ретіндегі әлемдік дидарын айқындау, ұлттық бренд қалыптастырудағы қажеттілікті және ұлттық журналистикаға жүктелетін міндеттерді, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы ұлттық журналистика көтеретін тақырыптарды сараптады.

Бедел – материалдық болмағанымен, жеке адам үшін де, бүтіндей ұжым үшін де аса маңызды актив. Қазіргі заманда беделді басқаруға болады. Бұл ұзақ мерзімді стратегия – бедел менеджменті деп аталады. Белгілі PR маманы Қ. Домбай абырой-бедел менеджменті тақырыбына тоқталып, компания беделін қалыптастырудың жолдарын баяндады. Компанияның нарықтағы дұрыс позициялануы, ақпараттық кеңістіктегі тиімді іс-әрекеті дәрістің негізгі өзегін құрады. PR саласында ұзақ жылдық тәжірибесі бар маманның: «Компанияның құнына беделі де кіреді. Беделді компанияның бағасы да жоғары. Олай болса, бедел қаржымен өлшенеді. Көп жағдайда компанияның беделін басшысы емес, қызметкері қалыптастырады», - деуі көңілге қонымды. Қ. Домбай шеберлік сыныбы тыңдаушылардың қызығушылығын туғызып, аудитория тарапынан қойылған сауалдар көп болды.

Д. Мұхамеджанов қазіргі таңдағы заманауи технологияларға тоқталып, мектеп қатысушыларын хабар жасаудың қыр-сырларына қанықтырды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ телерадиокешенінің мысалында студенттік телевидениенің ақпарат берудегі ерекшеліктерін сипаттады.

Factcheck.kz редакторы Д. Смақов пен осы сайттың журналисі Ж. Тлеухан жалған ақпаратты анықтау, тексеру, нақты дереккөздерін білу, фактілермен жұмыс істеу тәсілдерін көрсетіп, ақпаратты тексерудің теориялық және практикалық әдістері туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Тыңдаушыларға: «Әрбір адамның шындыққа таласы бар. Сіздер ақпараттағы нақты фактілерге назар аударып, қаншалықты тексерілгенін, қандай дереккөздерге жүгінгендігін, ақпараттың әлеуметтік маңыздылығын анықтай білулеріңіз керек. Әрбір мақаланы тексеруден қорықпау керек. Айтылған пікірді ресми, ашық ресурстар арқылы тексеруге болады», - деген кеңестер айтты.

Көктемгі мектептің екінші күні мазмұнды дәрістермен жалғасты.

Ғ. Әженова медиамәтіндердегі қорлау мен жала жабуға тоқталып, бейнесюжеттерді мысалға келтіре отырып, тыңдаушыларға мол ақпарат берді.

Е. Кәпқызының жасырын камераны пайдалану туралы ұтымды кейстері аудиторияға өте қызықты болды. Ақпаратты дереккөзден, ашық ресурстардан алу әдістері, сенімділігіне көз жеткізу, ақпаратты заңсыз және алдау арқылы алмау, жасырын камераны пайдалануға мәжбүрлейтін жағдайлар, қоғам білуі тиіс ақпаратты тарату және ақпараттың қайнар көзін көрсету қажеттілігі, ақпараттың жеке адамдарға зиянын тигізбеу мәселелері жан-жақты талқыланды. Е. Кәпқызы өзінің шеберлік сыныбын: «Жасырын камераға бару үшін, ол ақпараттың қоғамға қаншалықты пайдалы екендігін екшеп алуымыз керек. Яғни, ақпарат алу біздің шындық принципімізбен сәйкесуі тиіс», - деген пікірмен аяқтады.

А. Рожков тыңдаушыларға жаңа медиаға арналған коммуникативтік форматтар туралы ақпарат берді. БАҚ-тың қоғамға ықпал ету әдістері, ақпаратты қабылдаудың жаңа формалары, сторителлинг, PR-дың дәстүрлі және инновациялық құралдары туралы шеберлік сыныбы да қызықтылығымен ерекшеленді.

Интерактивті форматта өткен Көктемгі мектеп қатысушыларға мол ақпараттар беруімен, практикалық тренингтер өткізуімен құнды болды.

Қоғамды ақпаратты ақ-қарасын айырып, дұрыс қабылдауға, сұрыптауға дағдыландыруды мақсат еткен Көктемгі мектеп соңында қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

Әл-Фараби ат. ҚазҰУ

филология ғылымдарының докторы

Назгүл Шыңғысова .....
Әңгімелер
Толық
0 0