Курстық жұмыс: Экономика | Жалақы мәні,түлері, формалары және жүйелері

Кіріспе
Жұмысшының еңбекақысы бұл өндірістік процестегі еңбек ресурстарының бағасы болып табылады. Қазіргі таңда ол жұмсалған еңбектің саны мен сапасына байланысты, сонымен қатар оған таза нарықтық факторлар еңбекке сұраныс пен ұсыныс,құралған нақтыконьюнктура мен аймақтың аспектілері әсер етеді.
Нарықтың экономика еңбек ресурстарымен қамтылған аймақтық қолма-қолды жұмысшы күшін ұсынады. Нарықтың жағдайында жоспарлы экономикаға тән қатар регламент жоқ, сондықтан да әрбір кәсіпкер, кәсіпорын жетекшісі әрбір еңбек ақы төлеу жүйесі варианттарын тексеріп,сол кәсіпорын мақсатының қызметіне сәйкес түрін таңдап алуға мүмкіндігі бар. Курстық жұмыстың тақырып - "еңбек пен еңбекақыны ұйымдастыру мен жоспарлау" деп аталады. Әрбір кәсіпкер өз қызметінде өндірістегі барлық факторларға төлем төлеу қажеттілігін кездестіреді. Ол – станоктар, машиналар, шикізаттар мен ресурстар сатып алады, сонымен қатар сол еңбек құрал-жабдықтар мен шикізаттарды іске қосып жұмысшы күшіне еңбегіне сай еңбекақысы төленеді.Еңбекақы – кәсіпкер үшін еңбек шығыны болып есептелінеді, ал жұмыскер үшін ЕА – бұл тікелей табыс қоры болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Егеменді елім

Мектепалды даярлық тобы
Егеменді елім менің
Армысыздар ата-аналар және тәрбиешілер!
Бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесімен құттықтаймыз!
Бүгінгі «Егеменді елім менің» атты мерекелік іс-шарамызға хош келдіңіздер!
Бүгініг ертеңгілігімізді ашып беру үшін сөзді балабақша меңгерушісі Ұ. Аширбековаға береміз.

Жүргізуші:
Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың тағдыры ауыр болған. Талай зорлық-зомбылықты, алапат қырғынды басынан кешірді, іргелі ел болуды аңсады. Бұл күнде егеменді ел болдық. Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті көк туын желбіретіп, өзінің тарихи таңдауын жасады. Н. Ә. Назарбаев еліміздің тұңғыш президенті болып тағайындалды.
Ел халқының елбасына айналып
Шықтың қайта төр басына сайланып
Тәуекел деп абройға сүйенген
Қазағыма жетер дейсің қай халық
Көре алмайтын дұшпандарым күйінсін
Ардақтаған адал достар сүйсінсін
Тұғырына қайта қонды елбасым
Желбіретіп Тәуелсіздік жалауын .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Шығарма: Елім деп соғар жүрегім

Мен өз халқымды сүйемін.
Оның мені бала кезімнен сабыр мен
парасатқа баулығанын мақтан
тұтамын. Басымды иемін!
Назарбаев Н. Ә.
Еуразияның кіндік тұсында ұлан-байтақ жеріміз бар қазақ даласының келбеті бағзы бір ежелгі атам замандардан өзінің ұлы рухын жоғалтпай, күні бүгінгі үшінші мыңжылдықта да асқақтығын танытып отыр. Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата-жұрт. Әні мен күйі шалқыған, сыры мен жыры толқыған ғажайып сұлу сахара!
Жұмыр жердің бетіндегі қаншама елдің даму тарихы өз алдына бөлек әңгіме.......
Шығармалар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам

Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кірустратегиясынасәйкес әзірленді.
Бұл Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі үрдістері талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары мен азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер әзірлеу үшін негіз болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Менджмент | Персоналды басқарудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері

Кез келген ұйымның болашақтағы жетістігі персоналының клалиффикациясынан ғана емес, сонымен қатар кадрларды дұрыс пайдалануына және оларды ықтималды басқаруына байланысты болады.
Персоналы басқару- жаңа ғылым емес, бірақ соған қарамастан көп уақыт бойы біздің елімізде оған аса көп көңіл бөлінген жоқ. Өкінішке орай, біздің елімізде бизнестің алғашқы өмірінен бастап тек аз шығын шығару арқылы қысқа мерзімді пайда алуға негізделген. Сондықтан адам ресурсына аз көңіл бөлінген, өйткені ол ұзақ мерзімді және көп шығынды қажет етеді. Сонымен бірге Қазақстандағы еңбек нарығындағы жұмыс күшінің шамадан тыс көп блуыда әсерін тигізді.
Бірақ өткен 10 жылдық реформалар бұл көзқарастын дұрыс емес екндігін көрсетеді. Қазіргі Қазақстанда сенімділік абыройы жоғары бағаланады. Жақсы абыройдын негізгі құраушысы персоналдың жоғары біліктілігі болып табылады. Егерде адам колективын басқару кезінде әлеуметтік-психологиялық даму заңдылығы назарға алынбаса және кадрларды таңдау кезінде дұрыс көңіл бөлінбесе колективте қарама-қайшылықтар туындайды, жұмыс нәтижелігі төмендейді және жұмысшылардың жұмыстан шығу саны көбееді. Кейін уақыт өте көптеген қолайсыз мәселелер пайда болады. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей мемлекеттік комерциялық кәсіпорындар аса көп көңілді қаржы менеджментіне бөледі. Ал персонал басқару объектісі болып табылады, сондықтан оған аз көңіл бөлінеді. Сондықтан өкінішке орай көптеген кәсіпорындарда ұйым персоналын басқару дұрыс дамымаған. Бүгінгі таңда бәсекелестік фирмалар техника жағынан ұқсас жабдықталған және бірдей өндірісті ұйымдастыру мен маркетингтін амал-тәсілдерін қолданады, сондықтан бәсекелестік күресте фирмалар арасында айырмашылық персоналда және персоналды басқару жүйесінде көрінеді. Қазіргі уақытта кәсіпорындар үшін білікті мамандарды іздеу өте маңызды болып келеді. Жақсы білікті мамандарды өзіне тарту үшін кәсіпорын басшылары үлкен жалақы көлемін төлеуге және жаксы жағдайлар жасауға дайын.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекеттік кірістердің экономикалық мазмұны

Кіріспе
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы егемендік алып, дербес мемлекет болған және белсенді түрде нарықтық экономикаға өту кезінде экономиканы реттеуде қаржы жүйесі елеулі орын алады. Өзінің тәуелсіздігін және дербестігін алған кез келген мемлекетке тұрақты, әрі күшті қаржылық база керек. Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі мемлекеттік қаржы тарту механизмі негізінде тартылған қаржылар, шаруашылық субъектілерден және халықтардан жиналған мемлекеттің кірістері болып табылады.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен бюджет жүйесі зор рол атқарады. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан қаржы-несие жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi.
Қандай да болмасын мемлекет өзінің дербестігін сақтау үшін және өзіінң қызметтерін атқаруы үшін оған ең біріншіден қаржы тарту мен оны пайдалану мәселесі туындайды. осы аталған мемлекеттік қаржылардың негізгі көзін мемлекеттің кірістері құрайды.
Мемлекеттің кірістері бұл мемлекетке түсетін салықтар мен алымдар, халық табысының бір бөлігі, шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысы бөлініске ұшырайды, оның бір бөлігі мемлекеттік бюджетке түсіп отырады, сыртқы экономикалық қатынастардан түсетін қаржылар, мемлекет меншігін жеке меншікке беру барысындағы түсетін түсімдер, әр түрлі мақсатта берілген гранттар мен еліміз экономикасы қаржылық көмек көрсетулерден түскен қаржылар жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Тұлға аралық ортақтасу түрлері

1. Тұлға ұғымының педагогикалық-психологиялық негіздері
Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңі - жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ- ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі – жеке тұлғаны жетілдіруде, жан-жақты дамытуда, білім беруде ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау.
А.Н. Леонтьевтің [6,Б.11] пікірі бойынша “Жеке тұлғаның жетістіктері мен кемшіліктері, жақсы және әлсіз жақтарымен көрінетін тек өзіне ғана тән даралық белгілері оның өзгелермен қарым-қатынас жасауы, қайырымдылығы, мейірімділігі, тәкәппарлығы, жағымды және жағымсыз қасиеттерінің көрінуіне де байланысты. Олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауы, өмірдің алуан түрлі ерекшеліктерін тануға, танымдық қасиеттері мен рухани байлығын арттыра түседі” деп қарастырады. Демек, жеке тұлға өзіне тән ерекшеліктері арқылы дараланады. Ондай ерекшеліктерге сенім, дүниетаным, мұрат, бейімділік, қызығу, түрткі, қабілет, талғам, көзқарас т.б. қасиеттер жатады....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Біржан сал Қожағұлұлы (Біржанның қартайған және сырқаттанған кезінде шығарған өлеңдері)

Ал, дүние, өтеріңді біліп едім,
Білдірмей серілікпен жүріп едім.
Бұл күнде арық қойдан бағам кейін,
Үш жүзді сайран қылған Біржан едім.
Қарасу есік алды лайланды,
Бай қылмақ, кедей қылмақ құдайдан-ды.
Қамзолдай қысқа пішкен дөңгеленіп,
Дүние өтерінде шыр айналды......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Шәйір және шаруа)

Жасырмаймын;
Мен аса
Шеттеу кетпей тегімнен,
Шәйір болып тумасам,
Шаруа болар едім мен.
Артық нәрсе шашылып
Жатпас еді ауламда.
Мәз болар ем
Ғашығым
Күнде сиыр сауғанға.
Солай бол деп әр үйге
Берер едім тәрбие........
Өлеңдер
Толық
0 0