Курстық жұмыс: Банк ісі | Қаржы және несие

Кіріспе
" Несие мен үшін ең бастысы –ол қажеттілігіңді дәл уақытында қанағаттандыру" Ротшильд.
Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап табу және шығару – адамзаттың данышпандық табысы .
Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Сонымен қатар болашақта экономистерге несиенің не себепті шыққаны жәнеде ең бастысы экономикада оның ролі қандай? Соны білу тиіс.
Ақшаның өмір сүруіндегі обьективтік қажеттілік ол тауар өндірісі мен тауар айналысының болуына негізделеді. Кез-келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар мен ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша-жалпыға бірдей эквивалент.
Несие. Несие бұл белгілі бір мерзімге және белгілі бір пайыздық өсімақысымен берілетін ақша қаражаты. Қазіргі таңда несие беру тәртібі әртүрлі өйткені, несие алу сомасына байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық.
Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы хал-қымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Қазақ хандығының саяси және қоғамдық құрылысы

ХVІІ ғ.аяғында Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекеттер, яғни хандықтар құрылды. олардың әрқайсысы сұлтандардың, жеке ірі феодалдардың иеліктеріне бөлінді. Қазақ хандықтарының күрделі мемлкеттік аппараты болған емес. Басқару мақсатында феодалдық қатынастарға бейімделген патриархалдық институттар немесе бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Жалпы бұл кезде қазақ қауымы уш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы "Ұлы хан" болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды.
Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың балалары сайланды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшыларының құрылтайында, яғни "хан көтеру" деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. Жиында хан болуға лайықты адамды ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, "хан атасы" болған беделді адамның батасын алғаннан кейін, ресми заңды хан тағына отырған.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Қаратау қорығы

Кіріспе.
Таңдалған тақырып бойынша ғылыми жұмысқа кірісер алдында,менің алдыма қойған мақсатым, осы Оңтүстік Қазақстан өлкесінде орналасқан Қаратау қорығын барша Қазақстандықдарға таныстыру, онда сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды зерттеу және экологиялық жағдайлары мен қорғау шараларын ұйымдастыру. Менің ойымша, бұл міндеттердің талдауы мен білімі осы саладағы меннің болашақ жұмысыма көмек болады деген үміттемін.
Ұшқан құстың қанаты талып, тұлпардың тұяғы қажалатын жеріміз қандай кең болса, Аллаға шүкір, соның асты да, үсті де табиғат байлықтарына өте бай. Біздің Қартау өңірінің ғажап табиғаты сол күйінде сақталған. Ол өзінің байлығы мен сұлулығы арқылы жұртты әр уақытта қызықтырады, тамсандырады. Ал енді Қаратау қорығын – баршамыздың ортақ борышымыз.
Республика деңгейінде Қазақстанның экономикалық жағдайын дамыту барысында табиғатты қорғау ісі алдыңғы қатарға қойылған стратегиялық бағдарламаның негізгі тұғырларының бірі. Жақын арада қабылданған Қазақстан Республиқасы Президентінің «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» Заңыңда күзету және қорғау туралы 29-бапта былай делінген:....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Компьютерлер қауіпсіздік мәселелері Ақпаратты қорғау мен оның құпиялық стратегиясы.

Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму матысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға бірітіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру – стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалықжәне әскери қуаты анықталады. Сондықтан да информатика курсын оқып білуді осы ұғымдар туралы түсініктемелерден бастаған жән. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Оралыңдар)

Ауылда өскен бауырларым, қайдасыңдар сендер
Туған жердің топырағы, шақырады белдер.
Сендерді ойлап күрсінеді, күрсінеді таулар,
Бұйығады бұлақтар да. шайқалады көлдер. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Кісі мен арыстан)

Бір аңшы ұстайды екен аңды қырып,
Ішіне қалың ағаш торын құрып.
Бір күні Арыстанға кез болыпты,
Сыртынан құрған торын бағып тұрып.
Арыстан ақырды оған аузын ашып:
«Көрейін, қимылдашы қарсыласып! .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Салық кодексі | Тұрғын үй мақсатындағы жерлерге салық салу

КІРІСПЕ
Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезендерінде үзбей алынған, күні бүгінге дейін әрқашанда жергілікті салық салу жүйесінде көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық негізінде есептеліну көзі бойынша мүліктік болғандықтан оның төлеушілері қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына қарай құрылады.
Қазіргі кезде, нарыктық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының рөлі күн сайын артып келеді. Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экологиялық ахуалдарды қорғау, жерді құнарлыландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру және т.б. көзделінеді.
Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін бірден-бір максат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта пайдаланылатынын есепке алу болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Мұхтар Шаханов (Тарихи жады тұжырымы)

Айналайын, келіндерім,
Гүл қанатты өрімдерім,
Кешіріңдер, аруларым ай қабақ,
Ай қабақтан бақыттарың бара жатыр тайғанап.
Мен сендерге еліміздің зұлымдықтан сорлаған,
Арғы-бергі тарихында бұрын-соңды болмаған
Бір өтініш айтам деймін.......
Өлеңдер
Толық
0 0