Пән:Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік. Сабақтың тақырыбы: Зерттеуді қалай жоспарлау керек? Оқу мақсаты: 3.1.2.3 тәжірибені жоспарлау және жүргізу; 3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау. Сабақтың мақсаты: Зерттеу жұмысын жүргізе білу дағдыларын дамыту......
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттардың тасымалдануы Сабақтың тақырыбы: Прокариоттық эукариоттық жасушалар 2-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.2.2 прокариот және эукариот жасушалардың құрылысын салыстыру Сабақтың мақсаттары: Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың құрылыс ерекшеліктерін сипаттау; Прокариоттар мен эукариоттар жасушаларын салыстыру; прокариоттық эукариоттық жасушалары тән ағзаларға мысалдар келтіру......
«Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі. Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді. Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Ол экономикадағы іс - әрекеттерді біріктіріп жалпылай қарастырады. Белгілі бір уақыт аралығында кейбір фирмалар өндірген өнімдеріне бағаны өсіреді, кейде төмендетеді. Бағаның жиынтық өзгерісін талдау кезінде зерттеушілер көптеген баға өзгерістерінің ішінен орташасын алады. Бағаның экономикадағы жиынтық динамикасын өлшеу үшін баға индексі қолданылады. Макроэкономиканың негізгі мақсаты жеке фирмалар мен жұмысшылардың дамуын қарастыру емес, экономиканың жиынтық беталысын талдаудан тұрады. Макроэкономикадағы жалпы ұлттық өнім, қор жинағының нормасы, тұтыну баға индексі, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі және өндіріс көлемінің өзгеру қарқындылығы секілді көрсеткіштер экономиканың бір бөлек элементін ғана қарастырмайды, олар экономиканың дамуының беталысын зерттеуге мүмкіндік береді.....
Кез келген ғылым сияқты макроэкономика да теориялардың өзара бай-ланысы мен бақылауларға бағытталған. Сол себепті, макроэкономикалық теорияны зерттеу мақсаты бұл экономиканы қалыптастыру механизмінің түсінгі болып табылады, яғни экономикалық бақылаулар теория негізінде қалыптсақан.Әрбір теорияны дайындап, алған соң, біз оларды тексеру үшін қайта бақылауларды қарастырамыз.Кездейсоқ бақылаулар экономика деректерінің қайнар көзі ретінде қызмет етеді.Мәселен, сіз дүкен аралап жүргенде бағалардың тез көтеріліп жатқанын көресіз.Жұмыс іздеп жүргенде, фирмалар жұмысшы қабылдай ма, жоқ па, соны білесіз.Біз бәріміз экономикалық процестерге қатысушылармыз. Сол себепті уақыт өте келе экономиканы сезіну қабілетінге ие боламыз.Экономикалық статистика – бұл объективті ақпараттың қайнар көзі. Өкімет фирмалар мен азаматтардың экономикалық іс-әрекеті туралы, яғни белгіленген бағалардың деңгейін жәнее сұраныс жүйесін, табыс мөлшерін, және т.с.с. дерек алу мақсатында үнемі зерттеулер жүргізеді.Алынған дерекетер бойынша әртүрлі статис-тикалық көрсеткіштер есептелінеді, олардың жиынтығы экономика-ның қалыпын, жағдайын сипаттайды. ....
Айкезбе - аспандағы ай толысқан кезде кейбір сезімтал адамдардың өз-өзінен мазасынданып ұйқысы келмей, түн ішінде ұйқысырап тұрып кезіп жүріп кететін аурудың атауы. Айға байланысты халық жадында сақталған наным-сенім бойынша, айкезбе ай толысқан кезде құбыжыққа айналып, ай қайтқанда ол қайтадан қалпына келеді немесе жаңа туған айдың үшінші жаңасында қымбат метал күмістің тәңірісі ретінде адамға күштірек әсер етеді екен деседі. Айкезбе болған адам дағдылы қимыл-әрекеттерді орындайды, түн мезгілінде өзінен-өзі ұйқылы күйінде жүріп кетеді, кейде өзі білмейтін әртүрлі істер істейді. Ондай сырқатты бақсыға ұшықтатып емдеген. Дәстүрлі наным-сенім бойынша адам ай астында иен далада ұйықтап қалған кезде бетіне айдың сәулесі түссе, айдың шалығы тиіп есі ауып, аузы қисайып қалады деп санаған.[1]
Дереккөздер
↑ Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 .....
Ольга Ивановнаның тойында оның жақын достары мен жақсы таныстарының бәрі де болды.
Көзге түсер ештеңесі де жоқ, осы сияқты жай, қарапайым адамдарға күйеуге шығуының себебін ұғындырғысы келгендей, Ольга Ивановна күйеуіне қарай иек қаға сөйлеп, достарына:
— Қараңдаршы, өзінде бірдеңенің нышаны бар емес пе? — дейді.
Күйеуі, Осип Степанович Дымов, дәрігер, лауазымды кеңесші шеніндегі адам. Екі ауруханада бірінде штаттан тыс ординатор болып, екіншісінде прозектор болып істейді. Күнде ертеңгі сағат 9-дан түске дейін ауруларды қабылдап, палатасында қызмет етеді, ал түстен кейін конкаға мініп алып екінші ауруханаға барып, онда ауырып өлген адамдарды сойып қарайды. Өз бетімен дәрігерлік істен табатын табысы тым аз, жылына бес жүз сомдай-ақ. Міне, бар болғаны осы. Ол туралы басқа не айтуға болар? Ал енді Ольга Ивановна мен оның жақын достарын, жақсы таныстарын онша қарапайым адамдар деуге болмайды. Олардың әрқайсысының да өзінше көзге түсер ерекшелігі, аз да болса, атағы бар, аты шыққан көрнекті деп саналатын немесе, тіпті, саналмаған күннің өзінде де болашағына зор сенім артуға болатын адамдар. Бірі драма театрының әртісі, ел сыйлайтын ірі талант, сымбатты, ақылды, момын ғана адам, дауыстап оқуға өте шебер, Ольга Ивановнаны дауыстап оқуға үйреткен сол болатын; енді бірі опера әншісі, ақжарқын жуантық адам, ылғи Ольга Ивановнаға күрсіне қарап: сіз өзіңізді - өзіңіз қор қылып жүрсіз, егер ерінбей, өзіңізді қолға алған болсаңыз, тамаша әнші болар едіңіз ғой дейді; одан кейінгілері - бірнеше суретші, олардың ішіндегі тәуірі - жанрист, анималист, пейжазист Рябовский дейтін өте сұлу, ақсары келген жас жігіт, жасы 25-терде, ол көрмеде көзге ілінген өзінің соңғы картинасын бес жүз сомға сатқан; Рябовский Ольга Ивановнаның этюдтерін түзетіп беріп, бәлкім, Ольга Ивановнадан суретші де шығар деген болатын.Одан соң бірі — тартқанда асп.....
2015 жыл еліміздегі маңызды оқиғалардың жылына айналғаны белгілі. Өткен қой жылы Қазақ хандығының 550, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20, Ұлы Жеңістің 70, классик ақынымыз Абайдың 170 жылдығы мерекелері кеңінен аталып өтіліп, ұлттық рухымызды жаңғырта түсті.
Осындай мерекелер шеруі 2016 жылы да жалғасын таппақ. 1991 жылғы 16 желтоқсан күні жарияланған тәуелсіздік күні еліміздің тарихына алтын әріппен жазылған еді. Міне сол атаулы мерекеге биыл 25 жыл толмақ.
Бұл мерзім тарихи тұрғыдан алғанда ұзақ та емес. Бірақ осы ширек ғасыр аясында еліміздің қол жеткізген табыстары таң тамаша қалдырады. Елімізде осындай ұлы өзгерістердің жасалуына аса құрметті Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі ұшан-теңіз.
1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін «Қазақстан сыртқы күштерге сүйенбей жеке мемлекет ретінде өмір сүре алмайды» деген сәуегейсымақтар шықты. Мұндай даңғаза мақалалар көршілес Ресейдің газет-журналдарында жиі жарияланып, еліміздің тәуелсіздігінің баянды болатынына күмән келтірілді. Империялық мақсатты көздеген Ресейдің белгілі бір саяси топтарының елімізге бұлайша саяси қысым көрсетуі тегін емес-ті. .....
Таласа-тармаса ішке енген ол билетінде көрсетілген орында жақ жүні үрпиген шүйкедей шал отырғанын көрген сәтте: «Ата, андағы орын менікі»,- деді билетін көрсетіп. Шал болса мұны оқты көзімен өңмеңінен ата қолындағы зерлі таяғын селтең еткізіп: «Құры, су мұрын неме!» –деді зілдене ақырып. Сейіт амалсыздан кері шегінді. Ал бұл кезде іші адамға сықай толған кішкене Пазик ырғала қозғалып, қала көшелерін артқа тастап, тас жолға ілікті. Автобус орындығына жайғасқандардан тік тұрғандардың саны көп болмаса аз емес еді. Сейіт те солардың қатарында. Бұл Сейіттің Павлодар сияқты ірі қалаға алғаш келуі. Алғашқысында он үш жасында: «Ақыры қаланы да көрдім-ау!» – деп масаттанған. Қаланың аты қала ғой. Біздің айнала тау қоршаған құлаққа ұрған танадай бар болғаны бір-екі үш үйлі Қарақуыс емес бұл. Үйлері қандай биік! Сәнді киінген адамдар, әсіресе балалар... Қайда барам десең құстай ұшып алып баратын такси, қаздай тізілген автобустар...Тек сол сәт күн өтпей жатып өзінің осы ойынан айнып шыға келетінін білген жоқ еді. Жоқ...Жоқ... Ол тіптен де тұрақсыз бала емес. Тек әр нәрсеге сын көзімен қарайтыны болмаса. Алғашқы ой ағыны іркілген тұста қалада да қайнап жатқан қызық жоқ екенін, тек жалғыз үйлі ауылдағыдан мұнда ерсілі-қарсылы ағылған әртүрлі маркалы машиналар, ауыл адамдары жиі міне бермейтін таксилері мен автобустар болмаса. Ал бір-бірімен құшақтаса қол алысып, емен-жарқын әңгімелесіп келе жатқан адамдардың жоқтың қасы екен. Ал мұнда жөн сұрап, жол табамын деу ағаттық екен. Мұның: «Ағатай, кітап дүкенін көрсетіп жібермес пе екенсіз?» – деген сауалына көбі йықтарын қиқаң еткізген. Тек бір әйел: «Жүр, айналайын, мен де сонда бара жатыр едім», –деп ертіп апарды. .....