Пәні: Дүние жүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Реформация Сабақтың тақырыбы: Мартин Лютердің Виттенберг қаласындағы наразылығы Еуропаны қалай өзгертті? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.1 – адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтау; 7.2.1.2 – тарихи процестердің контекстінде «гуманизм», «реформация», «протестантизм», «лютеранство», «кальвинизм», «контрреформация», «кезуиттер ордені» ұғымдарын түсіндіру Сабақ мақсаттары: Реформацияның ұғымын, әртүрлі елдердегі реформацияның ерекшеліктерін, Германия және өзге еуропалық елдер үшін реформацияның салдарларын білу......
Пән: Биология Ұзақ мерзімді жоспар: Өсу және даму Сабақ тақырыбы: Жануарлардың тура және түрленіп дамуы. Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: • Түрткі сұрақтар көмегімен жаңа тақырыпты анықтау; • Жануарлардың тура және түрленіп дамуын ажырата білу; • Тура және түрленіп дамуға мысалдар келтіре алады. Сабақ мақсаттары: Түрткі сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып, тақырыпты анықтайды. . Жануарлардың тура және түрленіп дамуын ажыратады; Тура және түрленіп дамуға салыстырмалы кесте толтырады......
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өсу және даму Сабақ тақырыбы: Құрсақтағы даму. Ұрықтық дамудың алғашқы кезеңдері. Ұрықтың қалыптасуы мен дамуы. 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • ұрықтың дамуындағы ұрықжолдастың (плацентаның) маңызын түсіндіру Сабақ мақсаттары: • эмбриондық даму кезеңдерін және ұрықтың дамуындағы ұрықжолдастың (плацентаның) маңызын түсіндіреді. .....
Өз алдына тұтас халық болып қалыптасқанға дейiнгi этн. тарихы аса күрделi. Қазақ даласын қоныстанған әр түрлi тайпалар Қазақстан жерiн ерте тас дәуiрiнде-ақ мекендей бастаған. Оған айғақ болатын ежелгi адамдар тұрақтары Қаратау, Маңғыстау, Орт. және Шығ. Қазақстан, Бетпақдала, Мұғалжар таулары, Балқаш к. маңынан ұшырасады. Археол. жұмыстар нәтижесiнде палеолит дәуiрiне жататын 500-дей ескерткiш орындары анықталып, олардың саны жылма-жыл артып келедi. Мезолит дәуiрiнде садақ пен жебенiң пайда болуына орай кезбе аңшылар тобы бөлшектенiп кеткендiктен, бұл дәуiр тұрақтарының (жалпы саны 50 шақты) зерттелуi мардымсыз. Қазақстанның неолит (тұрақтар мен қоныстарының жалпы саны 800-дей), қола дәуiрiнен қалған ескерткiш мұралар аса бай, алғашқы аталық тайпалардың көбейiп, өркендей бастағанын және ол тайпалардың көршiлес Сiбiр, Орал, Едiл бойы, Орт. Азия халықтарымен тығыз байланыста болғанын көрсететiн археол., антропол., этнол. дәлелдер көп (қ. Дала өркениетi; Көшпелiлiк; Қазақстанның көне заман мен орта ғасырдағы тұрғындарының антропологиялық сипаттамалары). Б.з.б. 1-мыңжылдықта Қазақстан аумағында өмiр сүрген ежелгi тайпалар көшпелi тұрмысқа ауысып, олардың өзара бiрнеше тайпалық бiрлестiктерi құрыла бастады. Солардың ең iрiлерiнiң бiрi — сақтар. Олар Сыр бойы, Қаратау, Талас өлкесiнен бастап Тянь-Шань тауларына дейiнгi оңт.-шығыс беткейдi мекендедi. Арал т. мен Сырдарияның сағасын, Әмудария бойын мекендеген тайпалар массагеттер одағына бiрiктi. Сақ тайпалары Солт. Қара т. өңiрi мен Днепр бойын мекендеген скифтердiң және төм. Едiл бойы мен Оңт. Орал өңiрiндегi савроматтардың, Кир мен Дарий I және Александр Македонский дәуiрiндегi гректердiң тұсында өмiр сүрген. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетiнiң аса маңызды деректерiнен (қорым, көмбе, т.б.) қазақ халқының мәдениетi бастау алады. Б.з.б. (3 — 1 ғ-ларда, б.з. басындағы 1 — 5 ғ-ларда) қазiргi Қазақстан жерiнiң оңт-нде, Сырдария, Талас, Шу өзендерiнiң бойында, Жетiсуда, Солт., Батыс, Шығыс және Орт. Қазақстанда ежелгi сақ тайпаларының негiзiнде өркендеп, жаңадан бiрлескен тайпалар одағы пайда бола бастады. Олардың iшiнде қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгiлi iз қалдырғандары — ғұндар, үйсiндер, қаңлылар, сарматтар. Олар б.з. 5 ғ-на дейiн өмiр сүрiп, көп елмен қарым-қатынас жасады. Өркениеттi мемлекеттер олармен байланыс жасауға құштар болған. Бұл мемлекеттер, негiзiнен, көшпелi және жартылай көшпелi мал ш-мен, кен қазумен шұғылданып, Жетiсу төңiрегi мен Шу, Талас, Сырдария, т.б. өлкелерде отырықшылық жағдайда суармалы егiншiлiкпен, балық аулау кәсiбiмен айналысты. Қ-дың шығу тегiне ежелгi жергiлiктi сақтардан кейiн ерекше негiз болған, әсiресе ғұндар, үйсiндер, қаңлылар. Ұзақ заманғы бұл этн. процесс б.з.б. жүз жылдың 1-жартысынан басталып, б.з. 5 — 6 ғ-нда толық қалыптасып үлгердi. Қазақ халқының негiзiн құраған көп тайпалар 552 ж. Түрiк қағандығының құрамына кiрiп, чұмығұн, дай, ирки, чуре, чубан (Шуманақ), дулу деген әр түрлi атпен белгiлi болды. 603 ж. құрылған Батыс Түрiк қағандығының этн. саяси негiзi “он тайпа” (он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейiнгi аралықта жатқан ежелгi үйсiн жерiн жайлады. Шу өз-нiң шығыс жағында дулудың бес тайпасы, ал батыс жағында бес тайпалы нушебилер мекендедi. Оның орнына Түргеш қағандығы (704 — 756), одан кейiн Қарлұқ қағандығы (756 — 940) орнап, жоғарыда аталған тайпаларға үстемдiк еттi. Бұл мемлекеттер дәуiрiнде отырықшылық бел алып, егiн ш. дамыды, қалалар өркендеп, сауда-саттық жанданды. Бұл кезде Жетiсу мен Талас бойында қарлұқтар, шiгiлдер, яғмалар, адғұлар мекен етсе, Орт. Қазақстан мен Сырдария бойында оғыздар мен қыпшақтар үстемдiк еттi. 9 ғ-дың аяғы мен 11 ғ-дың басында оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Едiлдiң төм. бойына дейiнгi кең-байтақ аумақты мекендедi. Оғыздардың қоныс-өрiстерi Ырғыз, Орал, Ембi, Ойыл өзендерiнiң бойларында, Сырдария бойындағы Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегiне дейiн шашырап жатқан. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал — Каспий далаларының үндi-еуропа және финн-угор тектес ежелгi (негiзiнен, түркiлендiрiлген) этн. топтары және сонымен бiрге Жетiсу мен Сiбiрдiң халаджы, жагар, чарук, қарлұқ, имур, байандұр, қай секiлдi көшпелi және жартылай көшпелi тайпалар да кiрдi. Оғыздардың батысында Едiл мен Жайық арасында печенегтер (бесенелер) мекендедi. Кейiн оғыздар — түрiкмен халқының, бесенелер — қарақалпақ халқының негiзiн құрса да, олардың кейбiр топтары қазақ халқының да шығу тегiне әсерiн тигiздi. ....
Қоймалар – тауарларды қабылдауға, орналастыруға және сақтауға арналған, оларды тұтынуға және тұтынушыға жіберуге дайындау үшін арналған үилер, ғимараттар және түрлі құрылымдар. Логистика өз алдына қойма ішіндегі үрдістерді үйлесімді ұйымдастыру мақсатын, сондай-ақ қоймашылық үрдістерді қойманы қоршаған экономиклық ортада болып жатқан үрдістермен техникалық, технологиялық және жоспарлы – ұйымдық үйлестіру мақсатын қояды. Қоймалар логистикалық жүйелердің маңызды елементтерінің бірі болып табылады.....
«Жасушалық иммунитет жүйесі (II). Т-лимфоциттердің негізгі субпопуляциялары. Иммунологиялық төзімділік».
2. Мақсаты: Т-жасушалардың негізгі субпопуляцияларының әсер механизмін және қызметтерін қарастыру. Табиғи және жасанды иммунологиялық төзімділік туралы түсініктемелерді беру.
3. Дәріс тезисі: 1. Тх1 және Тх2 функционалды ерекшеліктері. 2. Т-киллердің дифференциялануы, олардың әсер механизмі. 3.Табиғи иммунологиялық төзімділік, даму механизмдері. 4.Жасанды иммунологиялық төзімділік, даму механизмдері. .....
Сүттей ақ телефон шылдыр ете түскен. Сол-ақ екен күпті көңілі нілдей бұзылып, не істерін білмей дағдарған. Ақ телефон тағы шырыл қақты. Жәй күнде жанына жағып, құлағына жұғымды естілетін шылдыр абайсызда құйрығын есік қысып қалған мысықтай шар ете түсіп, тарғылдана қалды.
Дәті шыдамаған қол көтерген бойда:
— Әлеу-әлеу, Мәуліқан! — деген әйелдің жіңішке, таныс дауысы анық естілді.
Жігіт жағы қарысқандай үнсіз. Сол қабағы оқыс тартып, демде бұлттай түйілген.
— ... — (!)
— Неге үндемейсің? — Әйел үнінен дегбірсізденгендік білінген.— Мәуліқан, саған не болған? Не қылып хабарласпай кеттің?.. (Жігіттен жауап күткен сыңаймен телефон құлағы бір сәт тына қалды. Жас әйелдің мамықтай жұмсақ, ыстық демін телефон құлағынан-ақ ет жүрекпен сезіп тұрды. Көмейіне қысылтаң түйін байланып, бойын белгісіз бір толқын шарпып өтті...) Бірдеме деші, Мәуліқан? Мені қорқытпашы! Не боп қалды? Қойшы енді, жаным!. Қой, қоя ғой! Қинамашы, қимасым!.. Болды енді, өзің аманбысың!?.
Өлеңнің алғашқы тармағын оқыған сәтте тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» атауы мен белгілі ел басына күн туған ала-сапыран заман ойға оралады.
«Қара жорға шайқалып бос келеді» осы тармақ көп жайды аңғартатындай. Қара күн, қара қазақ, қара түн. Тәңірім-ау, ел басына туған қолдану арқылы ақын қалай ғана дәл бейнелеген десеңізші.
Қазіргі таңда экологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты туындайтын індеттер саны артып барады. Ондай індеттердің алдын алу үшін пробиотикалық қасиеті жоғары препараттар мен емдік әртүрлі сүт қышқыл сусындарын ойлап табуда. Солардың ішінде жоғары сұранысқа ие, аралас ашу процесінің өнімі – «ТАН» сүт қышқыл сусындары болып табылады. Олардың құрамына сүт қышқылын активті түзетін және антагонистік қасиеті жоғары сүт қышқыл таяқшалары кіреді. Сондықтан бұндай өнімдер адам микроэкологиясын жақсартып, иммунитетін көтеріп, денін сауықтырады. Сондай-ақ, өкпе және асқазан ауруларының алдын алу үшін өте тиімді. Практикалық маңызды (активті қышқыл түзушілер, антагонистік қасиеті жоғарылар, антибиотик түзушілер т.б.) штамдарды бөліп алып, солардың негізінде жаңа емдік – диетикалық сусындарды алу арқылы жоғарыда аталған аурулардың алдын алуға және орташа өмір сүру уақытының көрсеткішін арттыруға болады.
Жұмыстың міндеттері: - «ТАН» сериясы сусындарының микрофлорасын зерттеу. - Бөлініп алынған сүт қышқыл бактерияларының морфолого-культуралдық және физиолого-биохимиялық қасиеттерін анықтау. - Бөлініп алынған сүт қышқыл бактерияларының практикалық маңызды қасиеттерін анықтау.....
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты ақшаның пайда болуына, құрылымына, маңыздылығына теориялық аспектілер беріп, ақшаны жан-жағынан - бұрынғы, қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру. Менің ойымша, ақшаның экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Ал енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, ақша - ол тауарлардың тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайына болса да айнала алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол тауарлар дүнимесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквиваент рөлін атқарады. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар: 1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын; 2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын; 3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді. Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік ....