Біздер қашан арыламыз дүлей-шампа күдіктен? Ең дұрысы, адамдығы еңкейгеннен қорыққан. Көп жыл бұрын Гималайдың баурайында жүріп мен Бір жолбарыс аулаушыға жолыққам........
К і р і с п е Қазіргі уақытта ықтималдықтар теориясы барлық жаратылыстану, экономикалық және техникалық ғылымдар ғана емес, тіпті математикадан алшақ деп саналатын тіл ғылымына, педагогика мен психологияға, сондай-ақ социологияға, археологияға еніп, ортақ тіл табысып, ішкі құрылыс заңдарын ашатын пәрменді құралға айналып келеді кеңейтіліп, анықтала түседі де, формальданады. Оқиға ұғымы ықтималдылықтың . Ықтималдықтар теориясының бірінші негізгі ұғымы- оқиға бірте-бірте классикалық анықтамасында бастапқы ұғым болып, формальды логикалық тұрғыдан анықталмайтын жиын ұғымы ретінде түсіндірілсе, аксиоматикалық тұрғыдан оған анықтама берілді. Сондықтан оқиға ұғымы туралы мына жағдайларды ескеру қажет. Оқиғалар мен олардың арасындағы қатыстарды үш рет қайталап отырғанымызды аңғару қиын емес. Ықтималдылық формальданған, бұл жағдайда ықтималдықтың классикалық, статистикалық (жиіліктік),, геометриялық және аксиоматикалық анықтамалары бір-бірімен салыстыру және жетімсіздігін толықтыру арқылы түсіндіріледі. Негізгі теоремалардың дәлелдемесі ықтималдылықтың классикалық анықтамасы негізінде келтірілді. Комбинаторика ұғымы қарапайым статистикалық мәліметтер арқылы сипатталады. Мұнда қайталама және қайталанбайтын таңдаамалар сияқты статистика терминдерін енгіземіз. Комбинаторика ұғымы ықтималдықтарды есептеуге кең қолданылады. Ықтималдық ұғымдарының тарихи дамуы мен ғыылым ретінде қалыптасуы бірнеше сатыдан өтеді. Бұл ғылымның дамуына Европа ғалымдары Б.Паскаль (1623-1662), П. Ферма (1601-1665), Х. Гьюгенс (1629-1695), Я. Бернулли (1654-1775), А. Муавр (1667-1754), П. Лаплас (1749-1827), Ф. Гаусс (1777-1855), С Пуассон (1781-1840) және орыс ғалымы Буяковский (1804-1889) көп үлес қосты. ....
Азаматтық құқық дегеніміз – жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің және оның әкімшілік аумақтық бөлшектерінің күнделікті өмірімен, іс әрекеттерімен ажырамас байланыстағы Қазақстан Ресубликасы құқығының бір саласы. Азаматтық құқық негіздері, құқық жүйесі салаларының бір түрі. Азаматтық құқық – құқық саласы ретінде, елімізде қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикалық бірден – бір негізі, өйткені бұл құқық саласымен реттелетін қатынастардың шеңбері кең. Тауар ақша, қатысущылардың теңдігіне негізделген мүліктік, мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық құқықтың пәні болып табылады Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтық құқықты түсіну үшін маңызы бар. Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз қатысушылары бір бірімен субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттер арқылы жалғанатын, азаматтық құқықпен реттелетін мүліктік не мүлікпен байланысты жеке мүліктік емес, мүліктен тыс мүліктік емес қатынастар. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді. Азаматтық құқық көбінесе диспозитивтік нормаларға негізделген. Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастарды бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады. Олар: мәміле; меншік құқығы; міндеттемелі құқық; мұрагерлік құқық; зияткерлік меншік құқығы. Азаматтық құқықты қорғауды сот, төрелік сот және аралық сот құқықтарды мойындату құқық бұзушылыққа дейінгі болған жағдай, құқықтарды бұзатын немесе бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге тиым салу және т.б. негіздерге сәйкес реттейді. Азаматтық құқықтың объектілеріне мүліктік және мүліктік емес жеке игіліктер мен құқықтар жатады. Ал азаматтық құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік – аумақтық бірліктер жатады.....
Бүгінінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің үлттық патриотизыі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ад көпұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады. Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, ездерінің Отаны Қазақстан деп есептейді. Бұл құптарлық жай, өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемлекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір сүріп жатқан барша адамның міндеті болмақ. Негізінен патриотизм көпұлттылық және ұлттық бөліктерден тұрады. Ұлттық патриотизм әдетте адамдардың белгілі бір ұлтқа тән екендігімен, өз тілімен, мәдениетімең сол аймаққа тән дәстүрлерімен тығыз байланысты. Ал интернационализмді әрбір адамның өзін сол мемлекет халқының бір бөлігі ретінде сезінуінен түрлі ұлттық қауымдастық өкілдерінің ортақ Отанына деген сүйіспеншілігі мен шын берілгендігінен көруге болады. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жағдайында барлық үлттардың ортақ сана-сезімін қамтитын интернационализм идеясы мен ұлттық патриотизм идеясының біртұтастығы қажет. Оның темірқазығы - Қазақстанды осындағы барлық ұлттардың өз Отаным деп сезінуі болмақ. Жалпы қазақстандық патриотизм дегеніміз - өзіңді республика халқының ажырамас бөлігі, ортәқ Отан ретінде Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік сезімі мен берілгендік, азамат ретінде халық пен елдің мүддесін қорғайтын борышты сезіну болып табылады. Қазақстандық патриотизмге басқа халықтарға деген сыйластық, бүкіл адамзатты құрметтеу тұрғысынән қарау керек.....
Эксперимент – психологиядағы негізгі зерттеу әдісі болып табылады. Эксперименттің (зертханалық зерттеудін) қолданыла бастағанына бір ғасырдам астам уақыт өтті. Эксперименттің басқа әдістерден маңызды артықшылығы-зерттеушіннің керекті құбылыстардың көрініс беруін тосып отырмай, оны өзі туғызатындығында. Эксперименттің зертханалық және табиғи эксперимент деп екі түрге бөлінеді. Зерттеу алдында тұрған міндеттеріне байланысты және зерртеу кезеңіне байланысты экспериментті жүргізудің келесі кезеңдері анықталған: I.кезеңде зертеуші өз пәні бойынша бұрын жзазылған әдебиеттерге шолу жасап,қай тақырып бойынша озат тәжіриеден алынған оқу тәрбие үлгілері бар екенін анықтап,оларды қолданады,егер білім сапасы котерілмесе,онда оқушының қандай жеке тұлғалық сапаларын өзгерту керектігін анықтап,іс-шараларды жоспарын жасайды. II.кезең Экспериментке дайындық Бұл кезеңдегі зерттеушінің міндеттері: 1.Экспериментке қатысатын оқушылардың санын анықтау. 2.Эксперимент өтетін мектепті,сыныпты таңдап алу. 3.Эксперименттің кезеңдерін белгілеу 4.Оқушылармен әңгімелесу. 5.Сынып туралы пән мұғалімдерінің пікірін білу. 6.Жаңа әдістеменің жарамдылығын білу үшін зертханалық эксперимент өткізу. 7.Оқушылардың үлгерімінде және тәртібінде болған оң өзгерістерді айтуға негіз болатын өлшемдерді белгілеу. III.кезең Экспериментті өткізу Эксперимент өтетін сынып оқушылардың бастапқы деңгейін білу үшін пән мұғалімінің сабағын бакқылау,оқушылардың іс-әрекетін,реакцияларын күнделікке жазу,кемшіліктерін анықтау,өз қорытындыларының шындыққа сәйкестігін білу үшін мұғаліммен әңгімелесу,мұғалімнен балалар туралы ақпарат алу,т.б. жұмыстар жүреді.Оқушылардың белгілі бір сапасын:зейінділігін,есте сақтау қабілетін,тәртібін,т.б.қалыптастыру үшін шаралар жүйесін жоспарлап,мұғалімдер семинарына қатысу,жаңа технологиялар бойынша сабақ беру,не тәрбиелік іс шара өткізу,оқушылардың білім деңгейлерін,тәртібін,сабаққа қатысын,т.б.бақылау өткізу. IV.кезең.Эксперименттің нәтижелері мен гиптезасын салыстыру. Эксперимент оның нәтижелерін талдаумен аяқөталады.Талдау кезінде гипотезаның дұрыс және қате жерлері айтылады.Ол үшін зерттеуші өзінің жетістігін эксперименттің басындағы оқушылардың деңгейімен салыстырады.Егер нәтиже бұрынғыдан да төмендесе,онда эксперименттің пайдасының жоқ болғаны.Ал оқушылаердың 80-90% деңгейі жоғары болса,онда эксперименттің пайдасы бар. Оқушылардың кемшілігінің 10-20% жеке жұмыстар арқылы жоюға болады. ....
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Сабақ тақырыбы: Мазмұнын айта аламын. «Cіз» бен «сен». Оқу мақсаттары: 2.2.1.2 мәтінді іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру Сабақ мақсаттары: Мәтінді іштей түсініп оқиды. Мәтіндегі қажетті ақпараттарды белгілейді. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Мазмұнын айтады......
Пән: әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы Сабақ тақырыбы: 1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру 3.1.3.1 шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжап, шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қойып және жауап береді. Көптеген оқушылар: сюжеттің дамуын болжау арқылы, өз ойы мен көркем-бейнелі сөздерді түсіне отырып анық жеткізеді. Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады......
Сырым Махамбетұлы «Қайып ата» ЖШС директоры қызметін атқарып жүрген азамат. Ол сондай-ақ мүмкінідігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп, қаржылай көмек беріп жүр.
1982 жылдың 22-қарашасында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округінен «Мал сою бекеті» және «Ет өнімдерін тереңдетіп өңдеу цехы» құрылысын 2014 жылдың қазан айында бастап, 2016 жылдың шілде айында іске қосқан. «Қазақстан Халық Банк» АҚ ОҚФ-нан құрылыс жұмыстарына 231 миллион теңге, құрал жабдықтар алуға 115 млн.теңге несие қаржы алынып, бүгінде белсенді түрде жұмыс атқарып келеді. Жоба қуаттылығы күніне 30 тонна өнім өндіріліп, 28 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат) Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен негізгі шаруашылық түріне айналды? (2-сабақ) Сабақтың мақсаты: • көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру; • көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу; Оқу мақсаты: • көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру; • көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін білу;