Курстық жұмыс: География | Азиядағы жаңа индустриялы елдер

Жұмыстың өзектілігі: Азиядағы жаңа индустриялы елдер мемлекетінің экономикалық-геграфиялық ерекшелігі қандай? Мемлекеттің аумағы және геосаяси жағдайы қандай? Мемлекеттердің қалыптасу тарихы қандай? Халқы мен еңбек ресурстарының ерекшелігі қандай? Шаруашылықтың негізгі қалыптасқан түрі қандай? Мемлекеттердегі туризмнің қазіргі күйі қандай? Азиядағы жаңа индустриялы елдерның шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасының негізгі ерекшеліктері қандай?
Азиядағы жаңа индустриялы елдер – экономикалық дамудың жаңа жолына түскен елдер тобы жатады. Атап айтатын болсақ Оңтүстік Корея Республикасы, Сингапур, Тайвань және Гонконг жатады. Тайвань мен Гонконгты кейбір деректерде Қытайдың қос қанаты деп те атайды.
Осы мемлекеттерге қысқаша сипаттама беретін болсам. Олар мына төмендегідей:
Тайвань
Ел атауы: Тайвань Республикасы;
Жер көлемi: 36 мың шаршы шақырым;
Халық саны: 21 миллион адам;
Астанасы: Тайбэй қаласы;
Ақша бiрлiгi: жаңа тайвань доллары.
Сингапур
Ел атауы: Сингапур Республикасы;
Жер көлемi: 0,6 мың шаршы шақырым;
Халық саны: 4,6 миллион адам;
Астанасы: Сингапур қаласы;
Ақша бiрлiгi: АҚШ доллары.
Корея Республикасы
Ел атауы: Корея Республикасы;
Жер көлемi: 99,6 мың шаршы шақырым;
Халық саны: 48,3 миллион адам;
Астанасы: Сеул қаласы;
Ақша бiрлiгi: корей вонасы.
Гонконг
Ел атауы: Гонконг;
Жер көлемі: 1075 шаршы шақырым;
Халық саны: 5,8 миллион адам;
Астанасы: Гонконг;
Ақша бірлігі: гонконг доллары.
Бұл елдер туралы кіріспеде қысқаша мәлімет бере кеттім. Толық мәліметті негізгі тараулардан оқи аласыз.
Менің курстық зерттеу жұмысымның мақсаты: Азияның жаңа индустриялы елдерінің физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық ерекшеліктерін анықтау ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Информатика | Администратор қызметіне мәліметтер базасын құру

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Кіріспелік нұсқауға қысқаша мазмұндама жасау

Қазіргі қоғамның алдында бойында биік кәсіби шеберлігі жоғары адамгершілік қасиетпен ұштасып жататын шығармашыл тұлғаларға деген қажетін қанағаттандыру міндеті тұр. Өйткені оны шебер, озық тәжрибелі жоғары іскерлік пен маманданған кадрлар меңгергенде ғана егістіктер мен комплекстерге бар күш қуатын жумсай алмақ.Осы себепті де мемлекетіміз басқа да көптеген міндеттермен бірге ауыл шаруашылығына көпшілік мамандық кадрларын даярлауды жақсарту. Әр еңбеккерді өзіндік және ұжымдық рухында, халық игілігіне оның ішінде және бірінші кезекте ауылдық жерлерде өндірістің ең басты құрал болып табылатын жерге, техникаға, тыңайтқыштарға, мунай өнімдеріне ыждағаттылықпен қарау рухында тәрбиелеу міндетін қойып отыр. Сонымен қатар қазіргі Егеменді Қазақстанымыздың экономикасы жоғары деңгейде деп те айта алмаймыз, соның әсерінің бірі деуге болады, ел техника тапшылығы, Республиканың нарықтық экономика программасы белгіленген ауқымды шаралар комплексі, оны іске асырудың түпкі нәтижесі еңбек құралдарын өндірістік экономикасы мен техникасын ұйымдастыруды жаңа принциптерге байланысты сапалы түрде қайта құру, бұл ауыл шаруашылық жұмысшылары еңбегінің сипаты мен мазмұнын түбегейлі өзгертсе, яғни индустриялды еңбегінің бір түріне айналады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Бу арқылы емделу

Бу арқылы емделу медицина тілінде ингаляция деп аталады. Жөтел, тұмау, бас ауруы, күйзеліс кезінде бумен емделсеңіз, біраз айығып қаласыз. Оның дәрі-дәрмектерден, екпе алудан артықшылықтары бар. Қандай дейсіз бе?

Бу арқылы емделудің артықшылығы бар және ол қалай қызмет атқарады? Ингаляция – асқынып кеткен аурудың бетін бумен қайтару. теріге ине салмай-ақ, қышқыл дәрілермен ағзаны күйдірмей-ақ емделудің тағы бір артықшылығы қол жетімді.

Қалай жасайды?

Медициналық процедура өз тәртібімен жүрсе, ингаляция да белгілі бір тәртіппен орындалуы тиіс. ......
Кеңестер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР лизинг бизнесі

Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Лизингтік операциялар есебі». Лизинг экономика өмірінінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын және аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.
Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:
1. Лизинг маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:
а) машина –техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;
б) материалдық – техникалық өндірісті қамтамасыз етеді;
2. Лизинг – ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады:
а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді;
б) лизинг – лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.
3. Лизинг – экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы:
а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру; ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | Биология ДНК

Кіріспе.
Адамзатты болашаққа апарар құдіретті күш – білімде Қазақстан Республиасының «Білім туралы » заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар ғылым мен практика жетістіктері және адамды қалыптьастыруға кәсіби шеберлігн шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау деп жазылған. Оқытудың технологияларын енгізу білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық комуникациялық желілерге шығу деп блім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының әр мұғплімінің күнделікті ізденсісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа қарым қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.
Егеменді елдің – оқу білімдгінің тереңдігімен өлшенеді. Тоассыз үздіксіз дамытуды талап етеді. Елбасының Қазақстан – 2030 даму бағдарламаында Біздң жас мемлекетміз өсіп жетіліп кемелденеді, жас шәкірттер онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі білім өрісі биік денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтың экономика жағдайындва жұмыс істеуге даяр. Олар бейбіт жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйы өз елінің патриоттары болады деп көрсетілгендей ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ИНФЛЯЦИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮРІ

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflatio – (вздутие) – қампаю, түңғыш рет Солтүстік Америкада 1861 – 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдибеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жиі қолданыла бастады.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән “ғажайып” құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың мақсаты мемлекет шығыстарының мән-мағынасын, түрлерін және де бюджет шығыстарының құрылымын ажыратып білуге яғни оның мәнін, құрлымын біршама түсіндіруге бағытталады.
Сонымен, курстық жұмыста мемлекет шығыстарының теориялық жағын қарастырып қоймай, практикалық жақтарын қамтиды. Мемлекеттік шығысқа байланысты сауалдардың бәрі, олардың маңыздылығы мен қаншалықты атқарылғандығына байланысты қаралады, себебі әрбір бөлініс үдеріс кезеңінде бұлардың экономикалық қарым-қатынастардағы орны өзгеріп отырған. Нарық жағдайында ақша, несие және қаржы шаруашылығында көптеген құрлымдық өзгерістер болып жатыр. Осының бәрі өндіріс құрал-жабдықтарына әртүрлі меншіктің пайда болуы негізінде іске асырылып жатыр. Осының нәтижесінде мемлекеттік шығындардың өзара салмағы басқаша қалыптасты, әлеуметтік сфералардың жұмыс әрекеттері де өзгерді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Жеке адамды қалыптастырудың факторлары

Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлын морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі,сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды; бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы-мұның бәрі мидың дамуына алып келеді. Адамның морфологиясыныц өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, коллективтік өмір сүруінің материалдың бірлігі, негізі десе де болады.
Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады.Демек ол дүниеге келгенде толық қалыптасқаан анатомия-физиялогиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады.
Сонымен,адам дегеніміз биологиялық,психикалық және әлеуметтік сапалардыың біртұтас бірлігі болып табылады. Олар екі қасиеттен: табиғи және әлеументтік, тұқымқуалаушылық және өмірде меңгерілетін қасиеттерден қалыптасады. Алайда жеке адам биологиялық, психикалық және әлеуметтік жақтардың жасай арфиметикалық қосындысы емес,олардың табиғи бірлігі екенін білу керек.
Қоғамдық ғылымдардың да,сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «жеке адам» , «даралық» түсініктері кеңінеп қолданылады.Соның өзінде олар ие бір мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойылады.Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Қазақ тіл білімінде сөз тіркесі

Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл - адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ» (Ахмет Байтұрсынов). Тіл адамзат қоғамының өмір сүруінің қажетті шарты. Екіншіден, тіл қоғам бар жерде ғана өмір сүреді. Қоғам - тілдің өмір сүруінің шарты. Қоғамның өмір сүруі үшін, тіл қаншалықты қажет болса, тілдің дамып өркендеуіне қоғам да соншалықты қажет.
Тіл - тірі тарих. Себебі онда халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іс-тәжірибесі мен даналығы бар. Сананың аздығы мен көптігіне қарамай, әрбір халық өз тілінде асыл армандары мен әсем жан дүниесі, барша жақсылық атаулығы құрметін адамзат бақытына кесір келтіретіндерге лағынетін бейнелеген. Тіл — оны жасаушы халықтың тарихи шежіресі, бүкіл өмірдің жаңғырығымен мен ізі, арманы мен алдағы үміті, қайғысы мен қуанышы, күллі рухани өмірінің үні естіліп тұрады. Мағжан Жұмабаев тілдің осы бір қасиеттері жайында былай дейді: «Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түнде тымық, біресе құйынды екпінді тарихы сар далада көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінді - бәрі көрініп тұрады»....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0