Шығарма: Отан қорғаған қорғаушылар

ХХ ғасырдың ең алапат соғысы- Екінші дуниежүзілік соғыс немесе Ұлы Отан соғысы болып табылады. 1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн.Себебі, сол күні неміс фашистері сол уақыттағы Кеңес Одағына тұтқиылдан, соғыс жарияламастан басып кірді. Соғыстың алғашқы күндерінде Кеңес Одағының әскери ері көп шығынға ұшырады. Халқымыздың Отанпарыздығының ерлігінің арқасында, соғыстағы жауынгерлердің батырлығы мен жанкештігінің арқасында жауға тойтарыс берілді. Төрт жылға созылған бұл соғыста жеңіске жету біздің халқымыз үшін өте қымбатқа соқты. Соғыс жылдарында тарихи мәліметтер бойынша жиырма бес миллионнан астам әскерлер мен бейбіт халық апат болыпты. Қазақстандықтар қатарынан алты жүз мыңнан астам ерлер соғысқа шақырылған. Оның ішінде үш жүз елу мыңнан астамы қазақтар. Майдандағы ерлігі үшін қазақстандық жауынгерлердің көбісі Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Көптеген аға –апайларымыз ел басына түскен ауыр күнде елім деп қолдарына қару алып,жауға қарсы тұра білді. Олар:Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Қ.Аманжолов,Б.Момышұлы,Т.Бегиль динов,Р.Қошқарбаев сынды және аттары аталмай хабарсыз кеткен батыр бабаларымыз. Осы жауынгерлердің ерліктерін айта кетсем деймін. ....
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Контрацепция түрлері мен маңызы (Биология, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспарлар бөлімі: Көбею
Сабақ тақырыбы: Контрацепция түрлері мен маңызы.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.2.1.4 контрацепцияның маңызы мен түрлерін түсіндіреді
Сабақ мақсаттары: Контрацепцияның түпрлері мен олардың маңызын анықтау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Заттың агрегаттық күйлері
Сабақ тақырыбы: Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.5 – молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау;
8.3.2.13 – заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
8.3.2.14 – су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• булану(кебу) және конденсация құбылысын сипаттау;
• заттың булану және конденсация үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау;
• қаныққан бу және қанықпаған бу ұғымдарының физикалық мағынасын түсіну.........
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Информатика | Информатика-бастауыш сыныпатардағы оқу-пәні ретінде және оның оқып үйренудің технологиясының жалпы мәселелері

Зерттеудің мақсаты: компьютерді бастауыш сыныпта инфоорматиканы оқытуда оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: информатиканы бастауыш сыныпта оқытуда компьютерді пайдалану барысы.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу тақырыбына информатика арнайы әдебиеттерді шолу жасау, талдау;
- компьютердің оқыту үрдісінде пайдаланудың ролі мен орнын анықтау;
- бастауыш сыныпта информатиканы оқытуда компьютерді пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.

Кез-келген педагогикалық жаңалықтар, соның ішінде оқыту ақпараттық технологиялары, бұрынғы тұрақталған әдістермен (тәсілдермен) салыстырғанда артықшылықтарын көрсетіп немесе олардың кейбір кемшіліктерін түзей алса, онда ақпараттық технологияның өмір сүруге және кең таратылуға мүмкіндігі болғаны.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Әулиеатаны Ресейдің жаулап алуы

Әулиеатаны Ресейдің жаулап алуы
Б. ӘБІЛДАҰЛЫ
Қазақ халқы жоңғар басқыншыларымен жан алысып, жан берісіп соғысып жатқанда Ресейдің І-Петр патшасының әскерлері жерімізді шетінен кертіп қалалар салып, жыландай жылжып сұғынып келе жатты.
Омбы, Орынбор, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларынан соң орыс отаршылары XIX ғасырда Жетісуға жетіп, 1854 жылы ежелгі Алматы кентінің орнына Верный бекінісін тұрғызды. Ал, бұдан бір жыл бұрын Орынбор жақтан генерал Перовский басқарған орыс әскері қоқандықтардан Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласын басып алған болатын.....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Артур Конан Дойл | Жирен шаштылар қауымдастығы

Былтыр күзде орайы келіп байырғы досым мистер Шерлок Холмсқа кіре шыққам. Үйінде мосқал тартқан, шамадан тыс толық, жалындай түтеген жирен шашты бір джентльмен отыр екен. Ішке кіргім келгенімен екеуара әңгіменің қызып жатқанын көріп іркіліп, қайтып кетпек болдым. Алайда Холмс мені бөлмеге сүйрегендей боп кіргізіп, соңымнан есікті жауып алды.

— Іздегенге сұраған дегендей, нағыз керек кезде келдіңіз, қадірменді Ватсон, - деді ол жайдарылана езу тартып.

— Сізге бөгет жасағым келмеген. Шұғыл шаруамен айналысып жатқандай көрініп едіңіз маған.

— Шұғыл екені рас. Тіпті айтары жоқ.

— Басқа бөлмеге барып тоса тұрсам қайтеді?

— Жо-жоқ... Мистер Уилсон, - деді ол жуанға қарай бұрылып, - мына джентльмен сәтті аяқталды - ау деген ізденістерімнің бәрінде де маған талай рет достық көмек көрсеткен. Мына біздің ісімізге де пайдасы тиеріне еш күмәнім жоқ.

Орындығынан көтеріле түскен жуантық маған қарап басын изеді, май басып жылтырап қалған көзі тұла бойымды тіміскілей шолып шықты.

— Мына жерге, диванға жайғасыңыз, - деді Холмс.

Өзі креслоға отыра кетті де, ойға шомған кездегі әдетімен

екі қолының саусақ ұштарын бір-біріне түйістірді......
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Қасым Аманжолов | Шегінерге жер жоқ


Ұлы Отан соғысындағы Совет Одағының фашистік Германияға қарсы күресіндегі ірі оқиғалардың бірі — Совет Армиясының Москва түбіндегі 1941 жылғы күз және қыс айларындағы жеңістері болды. Бұл шайқас жарты жылға созылып, соғыстың бастапқы кезеңінің тағдырын шешті. Москва түбіндегі ұрыста совет армиясы алғашқы стратегиялық жеңіске жете отырып, дүние жүзілік соғыстағы жағдайды өзгертті. Москва түбіндегі бұл жеңістің маңызы жөнінде партия тарихының, көп томдығында былай делінген: «Ірі әскери — саяси мағынасы бар соғыс барысында түбірлі бетбұрыстың бастамасы болған майдандағы елулі шегіністерден кейін жеткен ұлы жеңістің басқа үлгісі тарихта болған жоқ. Совет Қарулы Күштерінің Москва түбіндегі жеңісі тағы да Ленин сөздерін растап берді. «Жұмысшылар мен шаруалардың көпшілігі өз өкіметін, совет өкіметін — еңбекшілер өкіметін қорғайтындығын, жеңген күнде мәдениет игіліктерінің бәрін, адам еңбегі жасаған нәрсенің бәрін өздерінің және ол балаларының пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ететін істі қорғайтындығын білген, сезген және көрген халық еш уақытта жеңілмейді»,— деген еді В. И. Ленин. Неміс армиясының Москваға шабуылы Совет Одағы үшін қауіпті күндердің бірі болды. Гитлер өзінің армиясына тезірек жеңіске жетуге бұйрық берді, ол былай деп жазды: «Бірнеше аптаның ішінде ірі өнеркәсіп орталық біздің қолымызда болды. Жауды талқандау үшін қолайлы кезең туды, өлтіре соққы беретін кез келді. Бүгін осы жылдың тағдырын шешетін соңғы шайқас болады». .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Биология | Қытай элеотрисінің морфобиологиясы

Қазақстанға балықтарды жерсіндіру тарихы бойынша үш кезеңге бөліп қарастырылады.
Республикамыздың суқоймаларына балықтардың алғашқы жерсіндірілуі революциялық кезеңге дейінгі уақытта болған. Ол 1885 – 1890 жылдары Алматы қаласының тоғандарына бірнеше дана сазан балықтарын жіберуден басталған.
Екінші кезең 1848 – 1956 жылдары аралығында әр түрлі суқоймаларға балықтардың 18 түрі, сонымен қатар бірінші кезеңнен екі есе көп отырғызылған. Арал бассейініне балықтардың 13 түрі енгізілген. Осы уақыт аралығында Арал теңізіне шоқыр балықты жерсіндіру жұмыстары оралдың дельта бөлімінен алынды.
Үшінші кезең 1950 жылдардан басталды. Бұл кезеңде ақсаха, көксерке және өсімдікжемді балықтарды жерсіндіру жүзеге асырылды. Осы уақытта қазақстанда әдейі ұйымдастырылған топтың қатысуымен КазПАС жерсіндіру станциясына әкеліп отырғызды. Қазақстанның тоған шаруашылықтарына және Орталық Азия суқоймаларына – Қытай елінің ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Абу Бакирдің жаулап алу саясаты

Әбу Бәкір Халиф Мұхаммед пайғамбардың хатшысы болған Зәид ибн Сәбитке Алла тағаланың сөзін жинап, кітап етіп құрастыруды аманаттайды. Үшінші Халиф тұсында Зәид ибн Сәбит көмекшілерімей бірге Құранды төрт дана кітап етіп жазып шығады. Осман Халиф бұл төрт дана кітапты заңды Құран деп жариялап, Медине, Димашық, Куфа, Басыра қалаларында сақтауға әмір етеді.
Өз уағызын 610 жылы бастаған Мұхаммед пайғамбар 622 жылы Ясрибке (Медине) қоныс аударуға мәжбүр болды. Осы жыл -622 жыл - мұсылмандардың бірінші жылы болып саналады. Бұл"хижра", яғни "көшу" жылы деп аталады. Ясриб сол жылдан бері Медина - "пайғамбар қаласы" деп аталады.
Айша - Мұхаммед пайғамбардың сүйікті әйелі, оған тоғыз жасында үйленген. Мұхаммед пайғамбардың төрт қызы болды: Зейнеп, Рүкия (Үркия), Үмму Күлсім Фатима (Аллаға сыйынушылар сүйіктісі). Үш ұлы болды: Ибраһим, Қасым, Абдулла. Мұхаммед пайғамбардың уағыздаған діні ислам деп аталды. Ислам деген сөз құдайға құлшылық дегенді білдіреді. Ол дінді ұстанушылар мү сілімдер, мұсылмандар деп аталады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қаржы | Ақша түрлері және оның қызметтері

Ақша дегеніміз не? Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.
Ақшаның сиқыры адамдарды арбап алады. Кейбіріеулер ақша үшін терлеп-тепшіп еңбек етсе, енді біреулер оны қолға түсірудің, көбейтуді түрлі амалдарын іздестірумен болады. Ақша – тек қана одан құтылып қана пайдалануға болатын бірден-бір тауар. Ақшаны жаратпайынша ол сізді тамақтандырмайды, баспана болмайды. Ақша үшін адамдар көптеген тірліктерге барады және ақша сол үшін қайтарым да береді.
Қазіргі елімідегі ақша-несие және қаржылық шаруашылық елеулі құрылымдық өзгерістер кезеңін бастан кешіп отыр. Өйткені әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық экономикаға көшу кезінде ақша жүйесі түбегейлі қайта құрылып, несие-қаржы институттарының және олар жүргізетін операцияларды жаңа түрлері пайда болуда. Біздің тәуелсіз елімізде Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі қарым-қатынастар жүйесі қалыптасып олар заман талабына сай әрекет етуде. Сондықтан осы курстық жұмыстың тақырыбы мені қатты қызықтырды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0