Кіріспе. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағындаКСРО ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихы мен тығыз байланысты болып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді. Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметі 1860 жылы болды) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік қарыздық операцияларының 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа орталық эмисиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендіреді. 1914 жылы қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті. Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 фирмасымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғарғы дәрежесіне жетті.....
Қайырлы күн! Менің аты-жөнім Алимбаева Айгерім Тохтарқызы, мен бүгін сіздердің экскурсоводтарыңыз боламын.Бүгін біз сіздермен «Медеуді қарсы алу» атты экскурсияға шығамыз. Біздің маршрут Абай алаңынан Достық даңғылынан «Шымбұлақ» тау шаңғы курортына дейін жалғасады. Тоғайлыға дейін уақыт ұзақтығы 45 минут, ал 2 сағаттан кейін біздің автобус сіздерді Абай алаңына әкеліп салады. Әр қаланың өз символы болады. Мәскеу үшін ол Кремль, Париж үшін – Эйфелева башнясы, Санкт-Петербургке – Нева. Ал Алматыны басқа қалалардан несімен ерекшелінеді? Президент Сарайы ма? «Қазақстан» қонақүйі ме? әлде Телеорталық па? Жоқ. Алматы - өзінің Іле-Алатау атты таулары мен әйгілі. Міне, осы символды, әдемілікті сіздер бүгінгі маршрут барысында көресіздер. Сонымен қатар, сіздер қызықты да жаңа дүниелермен танысасыздар. «Медеу» мұз айдынын көресіздер, Алматының флорасымен, фаунасымен танысасыздар. Плотинаны көріп және Алматы қаласының символы апорт алмалары екенін білетін боласыздар. Іске сәт-сапар!!!!!! ....
Казақстан Республикасы транзиттік дөліздер қабысуы жағынан мөртебелі еуразиялық материктің аймағында орналасқан.Қазақстан Азиялық-Тынық мүхит өңірін Еуропамен, сонымен қатар Ресейді басқа ТМД, Таяу Шығыс, Персия шығанағы/Индия мұхиты елдерімен байланыстырады, Еуразиялық материк орталығында терең ішкі континенталда орналасқандықтан,Қазақстан теңіз жолдарынан ең алыс елдерінің бірі болып табылады, бүл транзиттік мүмкіндіктер жағынан жағымсыз жағдай. Қазақстанның сыртқы саясатын қүруда экономикалық және географиялық факторлар жетекші роль атқарады. Географиялық ерекшеліктері мен инфрақүрлымы жағынан Қазақстанның сыртқы саясатын жетекші мәні бар көлік кешені қүрайды. Сыртқы сауданың өсуі республиканың Дүниежүзілік сауда үйымына кіруі орташа мерзімдік кезенде көлік қүралының үлесін сапалы түрде қайта қарауды қажет етеді. Дүниежүзілік экономиканың дамуын болжау сарптама бағалары бойынша негізгі жүк ағындары АҚШ-Еуропа-Оңтүстік-Шығыс Азия жөне Қытай үшбүрышында бағыталады екен. Осыған орай аймақтағы елдер, олардың серіктестері мен транс үлттық корпорациялар Қазақстанның көлік жүйесінің дамуына аса көңіл аударып отыр. Дамыған елдер Батыс Еуропа мен АҚШ нарықтарының толық қамтылғандығынан, тауар өндірушілердің назары төменірек дамыған, бірақ жоғары потенциалға ие ТМД, Оңтүстік-Батыс Азия жөне Қытай елдерінің нарықтарына ауады, ал бүл Қазақстан мен барлық Орталық Азия аймақтарының транзиттік мүмкіндіктерін дамыту жөне пайдалану бағдарламаларын жасау қажеттіктерін күшейтеді. Қазақстан Республикасының өлемдік кеңістікте интеграция процесіне қатысуы, қарқынды дамып келе жатқан халықаралық тауар алмасу, ТМД елдерінде еркін сауда аймағын үйымдастыру, көлік-экономикалық бірлестікті дамытудың тарихи, үйымдық-экономикалық, техника-технологиялық жағдайларын жасау жолдарын максимадды толық және тиімді пайдалану қажеттігін алдын-ала анықтайтын ортақ көлік кеңістігін қүрусыз мүмкін емес. Шын мөнісінде де, Қазақстан саяси да, экономикалық жағынан да түрақты,ашық,нарық қатынастарын қүруда жетік, әрі посткеңестік кеңістікте «еуразиялық* саясатты орнымен жүргізетін мемлекет болып отыр Бүл әрине, оның басқа көрші мемлекеттерге қарағанда артықшылығы болып табылады. Интеграциялау қажеттігі бүгінгі күні бір ғана ел болып шеше алмайтын көптеген өзекті экономикалық мәселелерден туындайды. Өндірісті жаһандаңдыру мен интернацияландырудың өсуі,халықаралық еңбек бөлінісінің терең дамуы жеке бір елдің отандық еркін бәсекесін қорғайтын дәстүрлі саясатын тиімсіз етеді. Әлемдік нарықта қатал бэсекеге ешбір ел жалғыз дара қарсы тұра алмайды. Бүл әлемдік экономика жүйесінде жеке елдердің дамуын қамтамасыз ететін, халықаралық өзара өрекет етудің жаңа формаларын іздеуге үмтылдырады. ....
Ел Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді бағдарламасына және он жылдық стратегиялық жоспарға сәйкес Қазақстан ілгері дамып келеді, көзделген шаралардың бәрі рет-ретімен жүзеге асырылуда. Экономика қарышты дамып, тұрақтылық орнауда. Қай салада болмасын рыноктық қатынастардың алғы шарттары қалыптастырып, оның даму жолы айқындалуда. Соңғы он екі жылда Қазақстан өзінің тарихи дамуында посттоталитарлық кезендегі өтпелі дәуірдің міндеттерін шешуде. Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізілуімен қатар экономиканың күйреуі, шаруашылықтың кері кетуі, инфляция, жұмыссыздық, кедейшілік, әлеуметтік көмектің төмен болғаны белгілі. Еліміздің саяси-географиялық, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік-потенциалдық, демографиялық жағдайларына сәйкес қабылданған бағдарламалары халық орындап, рыноктық қатынастарды жетілдіріп, алдыңғы қатарлы ел болуымызға барлық жағдай бар, материалдық рухани байлығымыз жеткілікті. Экономиканы дамытып, рыноктық қатынастардың қалыптасуындағы тұрған ең басты міндет – халқымыздың тұрмыс деңгейін көтеру. Бұған Президенттің: «Адамдардың әл-ауқатының өсуі біздің күллі күнделікті жұмыссыздың күре тамыры болуға тиіс» деген сөзі дәлел. Сондықтан әлеуметтік сала қазіргі таңда ең жауапты, күн тәртібінен түспей отырған мәселе болып табылады. Президентіміздің жыл сайынғы жолдауларының қайсысын алып қарамайық, «Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы көрсетілген жолдан ауытқымай, ілгерілеумен келе жатқанымыз белгілі. Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты – экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу. Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады: қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуының басыңқы (негізгі) бағыттарын анықтау; жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу; материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды пайдалану арқылы ғылыми – техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау; жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын (өзара сандық өатынастарын) анықтау т.с.с.....
Сәкен Қордабайұлы Майғазиаев (1975 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында туған) — қазақстандық әнші, МузАРТ ансамбльінің солисті. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2013). "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері.
Өмірбаяны Сәкен алты ұл мен төрт қызды дүниеге әкелген Қордабай Майғазыұлы мен Ұлтай Мырзамбекқызы отбасында тоғызыншы болып туған. 1993 ж. Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада – цирк колледжіне түсіп, «соқпалы аспаптар және эстрада әншісі» бөлімі бойынша К. Бектаев пен Л. Кесоглудан сабақ алды. 1997ж. Т. Жүргенов атындағы «Өнер» академиясының «эстрада әншісі» бөлімі бойынша Л. Тулешовадан білім алды.
2001 ж. бастап МузАРТ тобының мүшесі болып тағайындалды. 2012 ж. бері - Ж. Елебеков атындағы Эстрада және цирк колледжінде ұстаз.....
Бейшеналиев Әзиз Болотұлы - актер. 1971 жылы 15-наурызда Фрунзе қаласында (қазіргі Бішкек, Қырғыстан) дүниеге келген. 1989-1992 ж.ж. Ташкент мемлекеттік университетінің шығыс тілдері факультетінде, қытай филологиясы кафедрасында оқыған. 1996 жылы М. Горький атындағы Ташкент мемлекеттік академиялық орыс драма театры жанынан құрылған Островский атындағы Ташкент көркем-театр институтының Мектеп-студиясын тәмамдаған (В. Вержбицкий мен В. Шапиро дәрісі бойынша). В 1994–1997 ж.ж. «Лик» Ташкент заманауи хореографиясы театрында (Лилия Севастьянова жетекшілігімен) қызмет атқарған. Шетелдік кинодағы рөлдері: 2015 Ищейка (Ресей,аяқталмаған) - Ким 2014 Ерлер демалысы / Мужские каникулы (кіші хикая, Ресей) - Рашид 2014 Бывших не бывает (кіші хикая, Ресей) - Улутбек Гафуров (Бек)....
Мұрат Құсайынұлы Құсайынов (1948 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданында Шарбақты ауылында туған) – кеңестік және қазақстандық композитор, музыкант. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1993). Дос-Мұқасан ансамблінің көркемдік жетекшісі әрі негізін қалаушы. Мұрат Құсайынұлы 1948 жылы 10 тамызда Жамбыл облысы Қордай ауданында Шарбақты ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 1972 жылы Студент кезінде қатарда оқитын достарымен бірге "Дос-Мұқасан" ансамблін құрды. Шығармашылығы 1972 жылы Студент кезінде қатарда оқитын достарымен бірге "Дос-Мұқасан" ансамблін құрды. Жас кезінен өнерге, ән-күйге құмар Құсайыновтың бұдан былайғы өмірі түгелдей осы ансамбльмен бірге өтеді. Оның өңдеуімен халық әні «Жайдарман», Абайдың «Қараңғы түнде тау қалқып», А. Жұбановтың «Қарлығаш», Ғ.Жұбанованың «Жыр жазамын жүрегімнен», т.б. әндері жаң шырқалды. Соның нәтижесінде ансамбль халыққа жақсы танылып, абыройы өсті. 1969 ж. Венгрияға барып, Будапешт студенттері алдында концерт берді.....
Мобильді ойындар продюсері. «Ұлы Сұлтан», «Түс шеберлері» секілді ойындарды ойлап тапқан. Қазіргі уақытта ежелгі қазақ елі туралы «Ұлы хан» атты әлемдегі алғашқы 3D мобильді ойынын әзірлеу үстінде.
Қытай, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Қытайдың Xiamen қаласында тұрады, Mechanist Games компаниясында еңбек етеді. Жасы 26-да.....