Сатиралық ертегі: Айшаның Алдар Көсемен кездесуі

Алдардың аты шыққан алдаушы еді,
Алдауға Алдар жанын жалдаушы еді.
Алдармен бір-екі ауыз сөзге келсе,
Алданбай ешбір адам қалмаушы еді.
Келсе де, жасы елуге сақал-мұрт жоқ,
Жасы үлкен дегенге ешкім нанбаушы еді.
Көрмеге мүләйімдей бір жас жігіт
Сөйлесе, алдына жан салмаушы еді.
Иегі жас баланың өкшесіндей,
Әжімсіз бетін кіршік шалмаушы еді.
Сол үшін атанып ед «Алдар көсе»
Әркімді алдауменен әлденеше.
Жүзбе-жүз таныстығы болмағанмен,
Адам жоқ білмейтұғын Алдар десе.
Алғалы Алдар бір күн жолға шықты,
Әркімді-ақ алармын деп, Алла берсе,......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Сарттардың турасынан айтылған хикая

Шүршітпай деген кедей қазақ бір Мансұр деген сартқа ашуланып, бұдан өш алмақшы болып жүріпті. Шүршітпай байғыз деген құсты ұстап алып, бұған әрең-мәрең дегенде «Білемін», «Солай» деген екі сөзді үйретті.
Агар да Шүршітпай байғыздың қанатынан тартса, байғыз «Білемін» дейтін болып, агар да құйрығынан тартса, «Солай» деп сөйлейтін болды.
Шүршітпай байғызды алып, пайдакүнем сарт тұратын шаһарға келді. Сарттың үйіне жақындағанда терезесіне қараса, еркектері отыратын үйінде ешкім жоқ екен. Ұрғашылары отыратын үйінде Мансұрдың жас қатыны бір жас жігітпен ойнап отыр екен.
– Мансұр келе жатыр! – деп, Шүршітпай айқай салды.
Мансұрдың қатыны мен жігіт орындарынан секіріп түрекеліп, не қыларын білмей, сасқанынан қорқып, Шүршітпайға:
– Бізді құтқар, – деп жалынып, қос уыс ділдә берді. Шүршітпай бергенін алып, жігітке: «Тырдай жалаңаш шешініп, сандықтың артына жасырын», – деп, бұйрық қылды. Жігіт бір сөз айтпастан, Шүршітпайдың бұйрығынша қылды.
Біраз уақыт өткен соң лапкеден Мансұрдың өзі келді. Қатынының үйінде отырғанын көріп, Шүршітпайды ұра жаздады.
– Үйден шық, кет! – деп, бұйрық қылды.
– Тоқтай тұр! – деп, [Шүршітпай] айқай салды......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Барыс, тарыс

Бұрын бір заманда бір Бардам адам болады, малы көп, баласы жоқ болады. Сол кезде ол кісінің ағасының баласы көп болады. Ағасының бір баласын асырап алады. Оған Жалау деп ат қояды. Көңіліме Жалау болсын деп, сөйтіп жүргенде, өз қатыны бір ұл табады. Бай қуанып, өз баласының атын Демеу қояды. Сонымен екі бала ержетіп, жігіт болады. Байды Құдай атып, бұрынғы баланы қойып, өз баласына біреуге құда болады. Бір жылы құдасы жер ауып, көшіп кетті. Алыс жерге кетеді. Сол заманда баласы он екі жасқа келеді. Асырап алған баласы он бесте болады. Бай үлкен баласын кіші баласына жолдас қып, қайнына жібереді. Арада жыл жүріп, бірнеше күнде қайын жұртын іздеп табады. Сыртынан сұрап, ауылға жақын қалғанда, үлкен ағасы інісіне айтады:
– Күйеулік жол – менікі. Жолдастық жол – сенікі. Сенің әкең өзінен туғандығын істеп, саған қатын әпермек болды. Мен енді оған көнбеймін. Сен маған жолдас бол. Басыңдағы үкіні маған бер. Сен барып, күйеу келді деп хабар бер, – дейді.
– Тіл алсаң, көнесің. Тіл алмасаң, өлесің, – дейді. Бала қорқып, басындағы үкіні береді.
– Ешкімге айтпаймын, – деп, қасам береді. Сонымен «Күйеу келді» деп, шауып, ауылға келеді.
– Пәлен байдың баласы келді, – деп, аты-жөнін айтып береді. Ауылдың бәрі жиылып, күйеуді құрметтеп, кеш болған соң қызбен ойнап, қызық көреді. Ағаны Құдай атты, келінмен бірге жатты. Сол уақта сол ауылға:......
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану 1-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпмүшелер
Сабақ тақырыбы: Бірмүшелер және оларға амалдар қолдану 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.2 бірмүше анықтамасын білу, оның коэффициенті мен дәрежесін табу;
7.2.1.4 бірмүшелерді көбейтуді орындау және керісінше, оны көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде көрсету;
Сабақ мақсаттары: Бірмүшеге амалдар қолдануды үйрету;
Есептер шығару барысында ережелерді қолдануға дағдыландыру; Оқушылардың іскерлік дағдыларын арттыру, топпен жұмыс жасай білу;
Сөйлеу дағдысын дамыту......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Сандардың жуық шамалары (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бүтін көрсеткішті дәреже
Сабақ тақырыбы: Сандардың жуық шамалары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.1.2.11 шамалардың жуық мәндерін табу және оларды стандарт түрде жазу;
7.1.2.12 жуық шамалардың абсолюттік және салыстырмалы қателіктерін есептеу;
Сабақ мақсаттары: Шамалардың жуық мәндерін таба алу және оларды стандарт түрде жазу;
Жуық шамалардың абсолюттік қателіктерін есептеу;
Жуық шамалардың салыстырмалы қателіктерін есептеу;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Жарғақ жалшы

Дудабай деген бай пішен шабатын уақыт таянған соң, маусымды күнге жалшы іздестіре Түшпара қыстағына барады. Жарғақ жалшы оған кездіге кетеді. Дудабай:
– Шырағым, атың кім? – дейді.
– Атым – Жарғақ, – дейді.
Дудабай ішінен «Жарғақ деген аты жаман екен, жарытып, ештеңе тындырмас» деп, жүре береді. Екінші көшеде Жарғақ басқа кейіппен тағы кезігеді. Дудабай атын сұрап біледі де, тағы тарта береді. Үшінші көшеде басқа пішінді боп, Жарғақ тағы кездеседі. Дудабай:
– Үш кездескен жалшының аты үшеуі де Жарғақ бола берді ғой, жарыту-жарылқау Құдайдан шығар, осыны алайыншы, – деп келіседі де, үйіне алып келеді.
Пішенге шыққанша бірер жеті өтеді. Одан байдың кеп-келісімді жасы жетіп қалған Қаламқас деген бір қызы бар екен. Жарғақ жалшыға болса-болмаса да, ол ұнайды ғой. Қаламқас та Жарғақ жалшының еті тірі жігіт екенін танып, байласпаса да, тілдеседі. Ебі табылса, алып қашумен тағдыры шешілетін болады.......
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Нақты сандарды салыстыру (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбір және иррационал өрнек
Сабақтың тақырыбы: Нақты сандарды салыстыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.2.6 нақты сандарды салыстыру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар нақты сандарды салыстырады, сандарды салыстыру үшін түрлендіреді.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Функция және функцияның берілу тәсілдері 2-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция, оның қасиеттері және графигі
Сабақтың тақырыбы: Функция және функцияның берілу тәсілдері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (Оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.1 - функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу;
Сабақтың мақсаты: Функция анықтамасын және берілу тәсілдерін меңгерту.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0