Эссе: Мен таңдаған мамандық

Мамандықты дұрыс таңдау - өмір жолының сәттілігінің негізі.
Э. Ф. Зеер

Мамандық - әрбір адамның сүйіп жасайтын кәсібі. Мамандық таңдау өміріңдегі ең маңызды шешімді қабылдау. Өмірде басқа нәрседен қателессек те мамандық таңдаудан қателеспеуіміз керек. Себебі мамандық таңдау арқылы біз өз болашағымызды жасаймыз. Болашағымыздың жарқын, келешегіміздің кемел болуы біздің таңдауымызға байланысты. Мамандықты дұрыс таңдау өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Менің ойымша әрбір адам өз жүрегі қалайтын, қызығушылығын арттыратын мамандықты таңдау керек. Өзің сүйіп жасамайтын мамандықты таңдау-өмірдің қиыншылығын таңдағанмен тең. Жасөспірім шақтан үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған жас шағымыздағы ең үлкен міндет-мамандық таңдау.

Мен таңдаған мамандық-әр баланың болашағына жол сілтеп, бойына ақыл мен білім дарытатын, қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылым жемісінің дәмін таттыратын Ұстаз мамандығы. Ұлағатты ұстаз болу, жас ұрпақты білім нәрімен сусындату, өз білгенімді өзгеге үйрету ол менің жүрек қалауым. Ел қорғаған батырды, ақыл ойы терең данышпанда, он саусағынан өнер тамған шебер де, тілінен бал тамған ақында ұстаздан тәрбие алады. Мен де Қазақстанды дамытатын ақылына көркі сай ертеңгі елді болашағы болатын жас мамандарды даярлап шығарып, оларға білім бергім келеді. ......
Эсселер
Толық
0 0

Ертегі: Аңшы мен сиқыршы әйел

Баяғыда аңшылықпен күн көрген бір адам болған екен. Бір күні аңға шықса, алдынан бір буаз киік ұшырайды. Оны атып алып, төс етін кесіп, отқа қақтап, бір кесіп аузына апара бергенде: «Әйт!» – дейді ар жағынан біреу. Жалт қараса, манағы киік:

— Менің жайымды Орманбет биден сұра! – деп, секіріп-секіріп жоқ болады.

Аңшы енді сол Орманбет биді іздеп табуға бел байлайды. Ол ұзақ жүріп Орманбет бидің ауылын табады, бірақ Орманбет би үйінде болмайды, қаңыраған үйі тұрады. Аңшы сұрастырып білсе, Орманбет бидің басқа бір жерде әйелі болады екен. Ол соған кетеді де өз әйелі оны қуып кетеді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Актер деген кім

Тақырыбы: Актер деген кім?
Мақсаты: актер туралы түсінік беру, сөздік қорын, сөйлеу мəдениетін, ойлау қабілетін дамыту, ым - ишараларды қолданып кейіпкердің бейнесін жасауды үйрету, шығармашылыққа, достық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.
Алдын ала жұмыс: қуыршақ театрынан қойылымдар көрсету, цирктегі күлдіргіштің өнерін көрсету.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ертегі қойылымы бар дискі, қуыршақ күлдіргіш, Айару қуыршақ, əліппе - дəптер.
Сөздік жұмыс: күлдіргіш, актер, комплимент.
Билингвальді компонент: күлдіргіш – клоун, актер – актер.

Педагогтің басқару іс - əрекеті
Психологиялық сəт.
«Комплимент» ойынын ұйымдастыру.
Педагог балаларға шеңберге тұрып, жанында тұрған баланың атын атап, комплимент айту керектігін түсіндіреді.
Таңғажайып сəт: күлдіргіш кіреді......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Менің отаным - туған өлкем

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін дамыту. Өз туған өлкемізді танып білуге, жақсы көруге, өз еліне, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Суреттер, слайд, карта......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Мақал - мәтел: Абырой, бедел, мәртебе

Ұят жүрген жерде
Абырой төгілмейді.
Абырой бар жерде
Ар шапаны сөгілмейді.

Абырой – ар еңбегі.

Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік.

Атасын сыйлаған абыройға бөленер.

Екі ауру бір келсе, ажалдың жеткені,
Екі борыш бір келсе, абыройдың кеткені.

Қызыл тіл жанның мияты,
Абырой ердің қуаты.

Абырой қонар жігітке
Ажалды қоян тап келер.

Жақсы досың болса жан аяған жарамас,
Оңбағаны бар болса, абыройға қарамас.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Галогеналкандардың элиминирлеу реакциялары 1-сабақ (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Галогеноалкандар
Сабақ тақырыбы: Галогеналкандардың элиминирлеу реакциялары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.2.35 элиминирлеу реакциясының механизмін түсіндіру;
Сабақ мақсаттары: - элиминирлеу реакциясының механизмін түсіндіру
- элиминирлеу реакциясы мен нуклеофильді орын басу реакциясының механизмімен салыстыру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0