Салт-дәстүр: Құрсақ той

Құрсақ той, Құрсақ шашу — ұлттық салт-дәстүр. "Құрсақ шашу" немесе "құрсақ тойы" - аяғы ауыр әйелге қатысты ертеден келе жатқан дәстүр. Түрлі салт-дәстүрлерді білетін ақ жаулықты аналарымыздың айтар өсиеті мол. Келін үйге түскеннен соң, ененің одан күтетін үміті зор. Сондықтан, аяғының ауырлағанын байқаған өнегелі ене құрсақ шашу деген кішігірім той думан ұйымдастырады. Оның мақсаты – қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне аса назар аудару. Бұл, біріншіден,ертеңгі күні дүниеге келер нәрестенің алғашқы тойы болса, екінші жағынан аяғы ауыр ананың да қамын ойлап, соған жағдай жасаудың амалы. Думанды дастарқан жайылып, үлкен әйелдер жағы жас келінге батасын береді, ал құрбылары, абысындары білгенін айтып, ақыл-кеңес беріп, келіннің көңілін аулайды. Бойына бала бітісімен-ақ кейбір ананың асқа тәбеті шаппай, жерік болады. Оны "итжерік" деп атайды. Тәбеті шабатын тамағын тауып беру де ененің мойнында. Өйткені ертеңгі күні жерігі қанбаса, баланың толыққанды болып жетілуі екіталай. Егер жерігі қанбай жүрсе, кейін баланың аузынан сілекейі аға беретін болады деген ырым да бар. Сондықтан тойға келген әйелдер келінге арнап әр түрлі тағам әкеліп, дәм тигізеді. Жерік кезде жеген аста да көп мән бар. Тіпті баланың болашақта кім болатындығын соған қарап болжауға болатындығы ғылыми түрде дәлелденіп те отыр. Мысалы, анасы көкөніске жерік болса, бала ширақ, елгезек, өмірге құштар болады екен. Кесек көмірге жерік болса, бала болбыр, өмірге икемсіз болмақ. Ал, тек біреудің үйінің тамағын жегісі келіп тұрса, бала келешекте үйде тұрмайтын, үнемі түздің тірлігін тындыратын болып өседі екен... Жерік ананың қалауын тауып тойдырған адам сауапқа қалады деген де ырым бар. Сондықтан тойға келгендер аяғы ауыр әйелдің көңілін табуға тырысады. Бұл не жерін білмей әр нәрсеге аңсары ауған болашақ анаға көп көмек. "Жерік асын жеген жетілер, жерік асын жемеген кетілер" деп те жатады халқымыз. Осылайша жерік астың әрбірі ана мен баланың қажеттілігін өтейді. .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Өзіңе және өзгелерге көмектес

Мақсаты, міндеттері: Балаларды « қамқорлыққа», «өзіне және өзгеге» деген қамқорлық ұғымдарымен таныстыру, балалардың санасына, өзіне, жақын туыстарына, достарына деген қамқорлық сезімін қалыптастыру және дамыту.
- Балаларды адамдарға, айналасындағыларға қамқор, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды болуға үйрету;
- Достарына, жанұясына, туыстарына сүйіспеншіліктерін арттыру;
- Қамқор болуға тәрбиелеу;

Қажетті құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, түрлі – түсті қағаздар, желім, қайшы, ермексаз, ылғалды сүрткіш, түрлі-түсті қарандаш.
Мотивациялық - қозғаушы Балалармен сәлемдесу Балалар сәлемдеседі
Ұйымдастырушылық - ізденушілік 1. Шаттық шеңбері
Қайырлы күн балалар! Осындай мейірімді, ақылды, қамқоршыл, қайырымды балапандарды көргеніме қуаныштымын. Ал енді бүгінгі оқу қызметіне келіп отырған қонақтармен сәлемдесейік! Сәлемдесу адамгершіліктің, инабаттылықтың, ізеттіліктің нышаны, көтеріңкі көңіл күймен күлімсіреп сәлем берейік.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Өмірбаян: Гүлмира Дайрабаева Тынышбекқызы (1972 жылы 10 қараша)

Гүлмира Тынышбекқызы Дайрабаева (1972 жылы 10 қарашада Алматыда туған) — қазақстандық танымал тележүргізуші, журналист, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының Үздігі.
Білімі
1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген
1995 жылы Францияның СОФИ АНТИПОЛИС шет елдіктерге арналған институтында тәжірибеден өтті.
Еңбек өтілі
Еңбек жолын 1990 жылы «Қазақстан» телеарнасында жүргізуші болып бастаған
1990-1997 жылдары «Қазақстан» телеарнасында редактор, «Таңшолпан» бағдарламасында жүргізуші, коммерциялық бөлім қызметкері...
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Кәсіби оқыту | Теріден көркем бұйым жасау технологиясы және оқыту әдістемесі

Қазақстан Республикасының 2005-2010ж білім беруді жетілдірудің Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, кәсіптік оқыту мен политехникалық білім беруге көп көңіл бөлініп жатқаны жайлы баяндалған.
Жас ұрпақты тәрбиелеудегі,олардың қоғамдық танымының дұрыс қалып-тасуына талғымдық педагогикалық тәрбиенің мәні аса зор. Олардың қоршаған ортасын сыйлауына, адамдарға мейіріммен қарауына, адамгершілік қасиеттерді бойларына жинақтауына үлкен тәрбие береді. Туған елімізде жүзеге асырылып жатқан игілікті іс-шаралардың басты ұстанымдарының бірі жаңа заманның болашақ жастарын ұлттық негізде,қадір қасиетін түсінген бабалар мұрасына ыждағаттықпен қарап саналы ұрпақ негізінде тәрбиелеу басты жоба,өзекті мәселе ретінде қаралуда. [1]
Тәуелсіз еліміздің әлеуметтік даму жолы,бабалар салған даңғыл жол арқылы өрбіп,өрістеуде және де жаңаша айшықтарға толы. Осындай даму жолында әр ұлт өзінің тарихын,тағылымын,өнер,білім мен әдебиетін бір сөзбен айтсақ мәдениеттің рухани және материалдық жетістіктерін зерделеп,дәстүрлеуде, Бұл жерде өнердің алатын орны айрықша. Себебі,біз өнер бұлағынан сусындаған ата-бабаларымыздың ,өнер әлемінде ғасырлар бойы жинаған асыл қазыналарын жоғалтпай оны одан әрі заманға сай құндылықтармен толтыруға міндеттіміз. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
1 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жазғы ойындар №11 (3 сынып, IV тоқсан, 8 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім «Демалу мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Жазғы ойындар №11
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту
3.4.5.1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.4 мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
мұғалімнің қолдауымен сөздерді сауатты жазады, ауызша және жазбаша жіктеу есімдіктерінің септелуін дұрыс қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп сауатты жазады, ауызша және жіктеу есімдіктерінің септелуін дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
сөздерді сауатты жазады, жіктеу есімдіктерінің септелуін ауызша және жазбаша дұрыс қолданады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлының отыз бірінші қарасөзі (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының отыз бірінші қарасөзі
Сабақ мақсаты: Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары №1 (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геоэкономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)шаруашылық салаларын орналастыруда факторлар мен алғышарттардың жиынтығын талдау
Сабақтың мақсаты: 10.4.1.3 экономиканың әртүрлі салалары кәсіпорындарының орналасу жағдайлары мен факторларының үйлесімін талдау....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0