Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістері

Кіріспе
Балабақшалар да балалардың өз бетінше ойлау қабілетін қалыптастыру негізі ересек топтарда қаланады, яғни ересек топ балалары оқу барысында ойлау дағдысына төселіп, істі творчестволықпен, ұтымды орындауға үйренеді. Ал ойлау не арқылы іске асады? десек, әрине, алдымен тіл арқылы. Ойлаудың негізгі басты құралы - тіл болып саналады. К. Маркстің айтуынша, «Тіл дегеніміз ойдың тікелей шындығы». Адамның ойы тіл арқылы, тілдегі сөздер және сөз тіркесі арқылы айтылады да, материалдық формаға енеді. Ал ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәл-дене түседі. Тіл шындықтағы заттар мен құбылыстардың, олардың сан алуан белгілері мен адамдардың өз-ара қарым-қатынасының санадағы бейнелері болып табылатын ойлау формаларын белгілейтін материалдық құрал ретінде қызмет атқарады.
Зерттеудің мақсаттары:
- Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістерімен таныстыру арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетінің икемділігі мен дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу. Сондай-ақ мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалар білімін дамыту әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
-Мектепке дейінгі балаларды тіл дамыту әдістері арқылы балалардың білімдік, танымдық әрекетін дамытудың ғылыми теориялық негіздерін анықтау;....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Балабақша сабақ жоспары: Көк тудың желбірегені

Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы
МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі
Раушан Сисенбаева

Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: «Тіл дамыту»
Тақырыбы: «Көк тудың желбірегені»
Мақсаты: Өз елінің өткен тарихын біліп, ата - бабамыз аңсаған, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген тәуелсіздіктің, гүлденген Тәуелсіз ел - Қазақстанның болашағы ұрпақ қолында екенін сезіне білуге тәрбиелеу. Балалардың бойына Отансүйгіштік қасиетін сіңіріп, елін, жерін қорғауға баулу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, «Қазақ елі»слайд.

Балалар «Желтоқсан желі»әуенімен топқа енеді.
Шаттық шеңбері:
Көк аспанда күн күлсін
Бірге күлсін бүлдіршін
Ұл қолында ту жүрсін
Қыз қолында гүл жүрсін
Көк аспанда көк туым
Жарқырасын күн бүгін
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Желбірейді көк туымыз».
- Балалар, біз аспаны ашық, сәулелі, кең байтақ елде тұрамыз. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Қылмыстық құқықтың пәні түсінігі міндеттері мен принциптері

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.
Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғам¬дық қатынастар реттеледі.
Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық функцияның толық жүзе¬ге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі (8 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика.
Сабақтың тақырыбы: Құндылық – мәдениеттің құрамдас бөлігі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.2.1-әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау;
8.4.2.1 - сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.
Сабақтың мақсаттары: Автор көзқарасын анықтап, экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды. Дауыс ырғағының қызметін түсінеді және ажыратады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Әдемі, ерекше ұл бала есімдері мағынасы (Л әрпі бойынша ат қою)

ЛАТИФ - араб тілінен — қайырымды, рақымды, жайдары, сүйкімді.

ЛАУЛА - лаулап жанған оттай қызуы күшті өткір бол деген мағыналы есім.

ЛӘШКЕР - иран тілінен — әскер, жауынгер, қол.

ЛӘШКЕРБЕК - иран тілінен — жауынгер, әскер. Әскербек деген мағынаны білдіреді.

ЛЕКЕР - дәнекер, байланыс, демеу.

ЛҰҚПАН - араб тілінен алынған Лукман — даналықтын символы. Ертедегі данышпан, мысал жазған адамның есімі.
Есімдер мағынасы
Толық
0 0