Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балық аулайды (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Балық аулайды
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.4. Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну
3.1.4.1. тыңдаған мәтіннің тақырыбын, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді, мұғалімнің қолдауымен оқиғалар ретін анықтау
4.3. Пунктуациялық нормаларды сақтау
3.4.3.1. өз бетінше жай сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерді қолдану
5.1. Грамматикалық нормаларды сақтау
3.5.1.3. мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мұғалімнің көмегіммен тыңдаған мәтіннің тақырыбын анықтайды, оқиғамен танысады.
Оқушылардың көпшілігі:
Тыңдаған тақырыбын тірек сөздер арқылы анықтайды, жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді табады, сөйлем соңында тыныс белгілерді қояды.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтіннің тақырыбы мен кейіпкерлерді анықтайды, етістіктің шақ түрлерін қолдана алады. Сөйлем түрлерін ажырата алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Географиядан сабақ жоспары: Табиғатты пайдалану үлгілерімен түрлері (9 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғи ресурстар
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты пайдалану үлгілерімен түрлері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.5.1.3.Табиғатты пайдалану үлгілерімен түрлерін топтастырады
Сабақ мақсаттары: Табиғатты пайдаланудың өзіндік үлгісін ұсына алады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Оқу жабдықтары, білім (1)

Денесi бар шыбықтан,
Темiр тұмсық құдықтан,
Сусын алып iшедi,
Ойы iз боп түседi.
Қаламсап

Iлулi тұр кең алаң,
Керегiмдi мен одан.
Жазып алам көшiрiп,
Сүртем сосын өшiрiп.
Тақта

Үстiнде есiгi,
Өзi орындық, әрi үстел,
Оқушылар бесiгi.
Парта
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Ертегі: Құлатай батыр

Бұрынғы заманда бір бай бар еді, мал дегенде бір көк биесі бар еді. Бұл көк бие күнде айға қарап желіндеп, күнге қарап құлындайды екен. Бай мен бәйбіше сол бие тапқан құлынды қорек қылушы еді, онан бөтен тауып жейтін еш қорегі жоқ еді. Бір күндері болғаңда, бай мен бәйбіше айтты дейді: «Қартайдық, өлер уақытта Құдай тағала бізге бала бермеді. Еңді біз бала тілейік», – депті. Күндегі әдеті бойынша ерте тұрып қараса, көк бие бір бала туыпты. Мұны көріп бай мен кемпір қуанып, үйіне алып келеді, бұл баланың атын Құлатай батыр қояды. Бір......
Ертегілер
Толық
0 0

Әңгіме: Жұмағали Саин | Біздің заманның геройы


(Аударма. М. Ю. Лермонтовтан)

Барлық кітаптарда алғысөз әрі бірінші, әрі ең соңғы нәрсе; ол не кітаптың жазылу мақсатын түсіндіреді де, не дәлелдер айтып сынға жауап береді. Әдетте оқушылардың рухани жағында да, журналдардың сөккенінде де жұмыстары болмайды, сондықтан олар алғысөзді оқымайды да. Әсіресе бізде мұның былай болуы өте күйінішті. Біздің халқымыз сондай жас, сондай ақкөңіл ғой, мысалдың аяғынан ақыл айтқан сәуегейлікті таппаса оны ұға алмайды. Олар қалжыңды түсінбейді, мысқылды сезбейді; олар асылында қисық тәрбиеленген. Олар осы күнгі білімпаздық бұрынғыдан гөрі өткір және көзге түсе қоймайтын, мақтау пердесін жамылып отырып, қарсыласуға мұршасын келтірмей тура соғатын құрал тапқанын, сондықтан тәуір орта мен тәуір кітапта балағатқа орын болмайтынын әлі білмейді. Біздің халық біріне-бірі қарсы екі орданың төңірегіне жататын екі дипломаттың әңгімесін естігеннен кейін, е, бұлар өздерінің сыпайы достығы үшін әрқайсысы өз үкіметін алдап жүр екен ғой деген қорытындыға келетін провинциалдарға ұқсайды.

Бұл кітап жуық арада бірқатар оқушылардың, тіпті, журналдардың сөздің тікелей мағынасына сену зардабын тартты. Біздің заманның геройы тәрізді адамгершіліктен жұрдай біреуді бізге үлгі етіп тартты деп біреулер өте қатты намыстанды, ал, енді біреулер шығарушы өз портретін және өзінің таныстарының портретін суреттеген екен десті... Тым ескі, бишаралық қалжың! Шамасы, өзіндегінің бәрі жаңарып жатқанда осы бір сандырақтары жаңармайтын болған-ау, русь тегінде солайша дүниеге келген ғой. Сиқырлы әңгімелердің ішіндегі ең барып тұрған сиқырлысының өзі де бізде біреуді балағаттау үшін жазылыпты деген даудан аулақ бола қояр ма екен! .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Тақпақ: Әкеме

Әкем менің ардақты

Алтыннан да салмақты

Қиын-қиын жолдардан

Қорықпаймын ол барда

Әке деген ардақты ат

Өтемін оны ардақтап.
Тақпақтар
Толық
1 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: 7-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ (7 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: 7-сабақ ЖЕҢІС КҮНІ ҰЛЫ ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) ӘТН 3 Лексикалық норма.
Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану
Сабақ мақсаттары:
Фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану арқылы көркем сөйлеуге дағдыландыру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» «Шәкірт ойы» (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мен балаң жарық күнде сәуле қуған...
Сабақтың тақырыбы: С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы»
Оқу бағдарламасына сілтеме: Т/Ж1.Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Шығармалардың сюжеті мен фабуласын анықтай алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығармалардың сюжеті мен фабуласына талдау жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:
Шығармалардың сюжеті мен фабуласына талдау жасай отырып, жанрлық ерекшелігін ажыратады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0