Алоэ маскасы 1 ас қасық алоэ шырыны, 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық лимон шырынын араластырып, сарымсақтың 1 тілімін ұсақтап кесіп, қосыңыз. Қоспаны жақсылап араластырып, шаш жууға жарты сағат қалғанда жағыңыз. Душқа арналған бас киім не пакет киіп алып, сыртынан сүлгімен орап тастаңыз. Жарты сағаттан соң жылы сумен жуыңыз. Нәтижесіне жету үшін алоэ маскасын ең болмағанда екі аптада бір рет жасап тұрған жөн.
Жұмыртқа маскасы 1 саруызды 1 шай қасық арақ пен 1 шай қасық салқын сумен араластырыңыз. Шашты жуған соң масканы жағып, 15 минуттан кейін жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл масканы аптасына бір рет қайталап тұру керек.......
Физиканы оқытуда экологиялық тәрбиенің мәні Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір адамзаттың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болады. Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндеті болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді......
Қоғамның дамуындағы электр энергиясының рөлі маңызы елеулі орын алатындығы көпшілікке мәлім. Өндірістің, көліктің әр түрлерінің, ауыл шаруашылығының, байланыстың және тұрмыстың барлық салаларында электр энергиясы пайдаланылуда. Элекрт энергиясы өмірдің барлық салаларында соншалықты кең таралуының басты себебінің бірі электромагниттік энергияны өте аз шығынмен алыс қашықтыққа беру және оны энергияның басқа да түрлеріне: механикалық, жарық, жылу, химиялық және т.б. түрлендіру ыңғайлы. Электр энергиясы кез–келген қуаты бар қабылдағыштарға оңай таралады. Байланыс техникаларындағы, автоматикадағы және есептеу техникаларындағы қолданылатын қондырғылардың пайдаланатын қуаттың өлшемдері ваттың үлестерімен есептелінсе, электрлік қондырғыларда (двигательдерде, жылытқыш қондырғыларда) қуаттың өлшемдері мыңдаған және он мыңдаған киловатты көрсетеді. XIX және XX ғасырларда электр туралы ілім даму үстінде болды. Мұнда көңіл аударатын мәселе, электртехниканың дамуының алғашқы сатысында, ол физикалық тарауы ретінде жүріп өрбіді. Ломоносовтың және оның досы Рихманның, сол сияқты Франклиннің, Гальванидің, Вольтың және т.б. электр энергиясының көзі (вольттің бағанасы, гальвани элементері) және жайтартқыштарды ойлап табудағы жасаған зерттеу жұмыстары, электрлік құбылыстарды жүйелі түрде зерттеудің бастамасы болды. В.В.Петров электр тізбегіне тәжірибе жасады. Соның нәтижесінде ол 1802 ж. Атмосфералық қысым жағдайында екі көмір электродтарының арасындағы электр доғасын тауып және оны зерттеді. Бұл зерттеулердің нәтижелері "Галъвани вольттік тәжірибелерден хабар" атты кітапта жарық көрді (1803 ж). 1819 ж. Эрстед электр тогының магнит тіліне механикалық әсерін тапты, ал Ампер 1820 ж. тогы бар соленоидтың магниттік қасиетін ашты. Сонымен, токтың жүрісі магниттік құбылыспен ұштасатыны белгілі болды. 1831 ж. М.Фарадей электрмагниттік құбылыспен индукция құбылысын ашып, оны тұжырымдады. Электрдинамиканың фундаменталдық принципінің яғни, электромагниттік инерция принципінің көрінісі болатын, индукциялық токтың бағытын анықтау ережесін 1833 ж. Э.Х.Ленц тағайындады. 1844 ж. Ленц өз бетімен Джоульдан тәуелсіз, Джоуль-Ленц заңы деп аталатын, электротехниканың маңызды заңын ашты. XIX ғасырдың екінші жартысында, электр және магнитизм жөніндегі тәжірибелерді теориялық жағынан қорытындылаудың нәтижесінде, Дж.Максвелл кеңістікте таралатын, электромагниттік өрістің болатындығы жөнінде болжам жасады. Оның жасаған өріс теориясы, 1873 ж. шыққан, "Электр және магнетизм туралы трактаті" деген еңбегінде жарық көрді. Г.Герц 1888 ж. жариялаған еңбегінде, кеңістікте таралатын өрістітәжірибе жүзінде дәлелдегенін хабарлады. Алайда, Г.Герц және сол заманда электромагниттік өрісті зерттеген көптеген ғалымдар, өздерінің лабораторияларының шегінен шыға алмады, электромагниттік толқынды сымсыз байланысқа қолдану жолын ойластыра алмады. Мұндай мақсатты алғаш рет ойдағыдай шешкен атақты орыс ғалымы А.С.Попов болды. Ол дүние жүзінде алғаш рет радио байланысты 1895 ж. жүзеге асырды. Радионың ашылуы адамзат тарихында жаңа дәуірдің бастамасы болды. ....
Өзін-өзі тану» курсы адамның өзін-өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін-өзі жетілдірудің тұрақты және үздіксіз процесі болып табылады.
Назарбаева Сара Алпысқызы
Ұлттық сана, ұлттық тәрбие... бұл мәселелер қазіргі қоғамымыздың өзектілігіне айналды. Сана мен тәрбиені біз қайдан бастаймыз? Әрине отбасыдан бөлек мектепке, ұстаздардың беріп жатқан білімі мен тәрбиесіне жүгінеміз. Тәрбиенің ішінде аса маңызды болып табылатын рухани-адамгершілік тәрбиеге көңіл бөлетін бірден-бір пән өзін-өзі тану пәні болып табылады. Баланың жанын тәрбиелеу, ішкі сезімін жеткізе білуге баулу маңызды екені белгілі. Себебі сезімсіз, махаббатсыз адамның жүрегі жетім. Айналаға, қоршаған ортаға, қоғамға, қыбырлаған кез-келген тіршілік иесіне деген риясыз сүйіспеншілік сыйлай білу жүректің кеңдігі, рухани байлықтың көрінісі болып табылады. Н.Ә. Назарбаев: «… жаңа жағдайларға байланысты бәрімізді алаңдататын мәселе – білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және адамгершілік мүмкіндігі мол тұлға қалыптастыру болып табылады», — деп атап көрсетті. Соған байланысты өзін-өзі тану пәні әр оқушыға, жеке тұлғаға бағытталған тәрбиесінің көрінісін адам талпыныстары, абыройы, жауапкершілігі, ерік-жігері, жалпы ізгі қасиеттерін басты мәселе етіп қойғандығынан байқаймыз. Болашағын баласынан, жас жеткіншектерінен көретін халқымыз, еліміз үшін бала жанын жүдетпеу маңыздылығы зор. .....
Жан жылуым - АНАШЫМ Аналар мерекесін насихаттап. Және оларға деген құрметті арттыра түсу топ ішінде өтетін сыныптан тыс іс шара
Құрметті қонақтар, аналар, тәрбиешілер, әжелер және кішкентай бүлдіршіндер. Баршаңызды келе жатқан 8 - наурыз халық аралық әйелдер күнімен, көктемнің келуімен МАД «А» тобының бүлдіршіндері шын жүректен құттықтайды. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, жұмыста табыс, көктемдей құлпырып жүре берулеріңізге тілектеспіз. Осы мерекеге арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым, Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың. Өміріме нұрын берді ақ сүтің, Кең құшағың – аясындай гүл бақтың. .....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Туған өлкем» Сабақ тақырыбы:Орман таулы аймақ немесе табиғи қорыққа саяхат (саяхатқа шығу міндетті емес) №2 Таулы аймақтарға саяхат Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну 2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну 2.1 Сөздік қорды толықтыру 2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айту Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен өз сөзінде ақпаратты сұрайды. Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді. Көптеген оқушылар: өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздерді дұрыс дыбыстап айтады. Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. Кейбір оқушылар: Өз бетінше өз сөзінде ақпаратты сұрайды, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөз және сөз тіркестерді дұрыс дыбыстап айтады. Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді. ....