Ертегі: Білмес

Өткен заманда қазақтың Бетбақ даласында, ішетін суы жоқ, жейтін шөбі жоқ далада кемпір-шал бір ұл, бір қызымен өмір сүріпті. Қызының аты - Қадиша, ұлының аты - Жолтабар. Қадиша Жолтабардан жеті жас үлкен болыпты. Жолтабардың жасы жетіге келгенде, Қадиша дүниеден ғайып болыпты. Қайда кеткенін ешкім білмепті. Кемпір-шал әрі іздепті, бері іздепті, зорығыпты, бірақ таба алмапты. Кемпір-шал бас көтерген қызынан айырылып жүдепті, көзден сорасы ағыпты. Жолтабардың қайырын Құдайдан сұрап отырыпты. Бір күні көшеді, бір жақынынан түйе сұрап алады, ел қарасына жеткісі келеді.......
Ертегілер
Толық
0 0

Салт-дәстүр: Неке қияр

Неке қияр , неке қию – 1) отбасын құрған адамдардың мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАЖ) органдарында тіркелу рәсімі; 2) Неке қияр дәстүрлері қазақ қоғамында молда және куәлікке алдын ала белгіленген екі жігіт арқылы атқарылған.

Ең алдымен неке суы дайындалады. Мұнда үлкен кесеге су құйылады да, оған аздап тұз, қант қосылып, сақина салынады. Су – екі жастың пәктігіне, тұз – егер жастардың біреуі келешекте опасыздық етіп, осы некені бұзса, дәм атуына, қант – екеуінің тату-тәтті өмір сүруіне ырымдалып қосылса, ал сақина неке ескерткіші ретінде салынады. Неке суына алтын немесе күміс сақина, тіпті кейде күміс мәнет салынуы мүмкін. Оған молда дұға оқып үшкіреді. Куәлар молданың тапсыруымен жастардың өз ықтиярларымен некелесетіндігін сұрап біледі, содан соң күйеудің жұбайына қамқоршы, ал қалыңдық еріне адал жар болуға міндетті екендігін айтып, олардан ант алады да, мұны жария түрде молдаға, көпшілікке жеткізеді. Әр сұраққа жауап алғаннан кейін олар міндетті түрде “куә жарын” айтып отырады. Молда Құран аяттарын оқығаннан кейін неке суын куәлар алдымен жас жұбайларға, одан соң .....
Ұлттық ойындар және салт-дәстүрлер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Күз мезгілі туралы оқу (2 сынып, IV тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Табиғат және қоршаған орта»
Сабақтың тақырыбы:Күз мезгілі туралы оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.3 Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау
2.2.3.1 Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді
Сабақтың мақсаттары:Барлығы: тақырыпқа қатысты сөздерді біледі
Көбі: тақырыпқа қатысты тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды, сөйлемдер құрастырады, реттілігін сақтай отырып, мәтін құрайды
Кейбірі: өздігінен мәтін құрайды ...
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы (7 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы
Сабақ тақырыбы: Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.Т/А2; Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау.
Әлеуметтік-қоғамдық, оқу –еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Мәтінді түсінеді;
Көтерілетін мәселе мен көзқарасты талдайды;
Мәселені талдауға қатысады.
Көптеген оқушылар
Мәтінді түсініп, мәселені анықтайды;
Автор көзқарасын талдайды;
Мәселені талдауда жеке пікірін білдіреді.
Кейбір оқушылар
Мәтінде көтерілген мәселені анықтайды;
Өзіндік көзқарасын толық жеткізеді;
Автор көзқарасы мен мәселені жан-жақты талқылайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Аяқ күтіміне арналған ванна

Әйел адамның аяғына қаншалықты көп күш түсетіні белгілі. Көп жағдайда нәзік жандылар ауыр-ауыр жұмыстарды мойнына алып жатады. Нәтижесінде ағзаға жүк түсіп, әсіресе аяққа ауыр тиеді. Әйелдің көңіл-күйі мен белсенділігі аяғының жағдайына да байланысты. Қандай жағдай болмасын, жұмыс уақыты аяқталған соң дене толық демалуға мүмкіндік....
Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық
0 0

Шығарма: Ана өмір шуағы

Әдемі, нұрлы көктем келді. Күн шуағы мол төгіліп тұр. Айналадағы табиғат оянып келеді.

Қатал қыс көктемге орын берді. Аспан ашық. Дала у-шу. Көктеммен тіршілік келгендей болды. Құстар қуанып сайрап жатыр. Жануарлар ұйқыдан......
Шығармалар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Күләш Ахметова шығармаларындағы махаббат тақырыбы

Кіріспе
Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Күләш Ахметова шығармаларындағы махаббат тақырыбы»
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Ұлттық поэзия патшалығына өзіндік өрнек, өзгешеліктерімен келген, адамдық, ізгілік иірімдерін нәзік лиризммен, терең тебіреністі толғамдармен еркін жырлаған - Күләш Ахметова уақыт талаптарын жіті зерделеді. Қайсібір тақырыпты да тереңнен толғап, ақыл-парасат нұрын, көңіл күнделігін, жан-жүрек сәулесін молынан түсірді. Атамекен мұратын, ел-жер тағдырын, адам әлемін алуан ізденіс, түрлі салыстырулар арқылы шебер де шешен жеткізді. Күләш Ахметованың ақындық өнері-талант қуатымен, көркемдік нәрімен, сыр-сезімге толы шындық сипаттарымен даралана түседі. Ақынның махаббат тақырыбындағы өлеңдерінің өзекті мәселесіне үңіліп,өзіндік өрнектерін тану талмай зерттеуді талап етеді.
Зерттеу нысаны ретінде Күләш Ахметованың лирикасы, әр жылдары жарық көрген жыр жинақтары мен ол туралы жазылған әдеби сын еңбектері негіз етілді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың басты мақсаты қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы Күләш Ахметованың ақындық әлемін махаббат тақырыбындағы өлеңдері арқылы қарастыру болып табылады.Сол арқылы танымал тұлғаның әдеби процестегі орын-үлесін, ізденіс арналарын, көркемдік мұраттарын, қаламгерлік нысанасын зерделеу. Ақын әлеміне ену,ізденіс арналарына назар аудару,тақырыпты меңгеру, образды ашу,коркемдік амал-тәсілдерді қолдану мүмкіндіктеріне мән беру.
Осы мақсатқа жету барысында төмендегі мәселелерді негізгі назарда ұстау міндет етілді:
- К.Ахметованың өмірі мен шығармашылық ғұмырбаянын жаңа уақыт талаптары тұрғысынан зерттеу мен зерделеу;
- ақындық өнерін тақырып табиғаты,жанрлық-көркемдік жүйесі,тіл-стиль сипаттары аясында қарастыру;
- ақын лирикасындағы атамекен мен адамгершілік сезімдерін,жастық пен достық сырларын кеңінен саралау;
- ақын шығармаларындағы ізденіс мұраттарын, көркемдік таным арналарын, көзқарас эволюциясын зерделеу;
- ақын өлеңдеріндегі тәуелсіздік тұғыры мен демократия тағылымының көріністерін байыпты барлау;
- К.Ахметова лирикасын зерттеу негізінде шығармашылық процес табиғатын ашу, өлең-өнердің сырлы да сыршыл сипаттарына ден қою, ақын мұраты мен көзқарас, қолтаңба табиғатына мән беру;
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер: жүйелеу мен жинақтау, сипаттау мен тұжырым жасау, салыстырмалы талдау мен кешенді түрде қарастыру.
«Күләш» деген бүкіл халқымызға ардақты есім, бізге «Күләш» десе, алдымен ән келеді. Құлағымызға сыңғырлап күллі қазақ даласын жаңғыртқан оның бұлбұл үні жандүниеңді тербеп, денеңді бір суытып, бір ысытып таңғажайып сиқыр күйге бөленгендей боласыз. Күләш жайлы М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтен бастап, қаншама ақын – жазушылар тебірене жазды. Тербетіле сөз етті. Әнші Күләш жайлы ақын Күляш Ахметова да толғанған, ол:
Келтірген түрлі сазын, түрлі нәтін,
Қалдырды ұрпағына мол мұрасын.
Әлі мен ойланамын өз ортасы,
Әлпештей алды ма деп бір Күләшін, - десе біз іштей қуанамыз. Дархан да талантты халқымыз «Күләштардың» қатарын сиретпепті, ел ішінде әншісі де, бишісі де ақыны да мол, олардың әлі -ақ қайнап, бұрқап шығары сөзсіз.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәні саудың – жаны сау «Тәні саудың-жаны сау» тақырыбында әңгімелер (1-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8
Сабақ тақырыбы: Тәні саудың – жаны сау «Тәні саудың-жаны сау» тақырыбында әңгімелер (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) О 1 Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегімен таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
Таныс сөздерден құралған қарапайым сөз орамдарының мағынасын түсінеді, еркін қолданады.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0