1. Адамның қажеттілігімен мұқтаждығын және іс- әрекет түрлері. Адам қажеттіліктерінің бәріне жуығы еңбек арқылы қанағаттандырылады. Еңбек адам тіршілігінің бірінші қажеттілік. Сондықтан қоғамдағы тәлім - тәрбиенің өзекті мәселесі - адамды еңбек ету қажеттілігіні баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыда даярлау - жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсаты. Еңбек адамның іс - әрекетінің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өніріудің қайнар көзі. Іс - әрекеттің екінші түрі – оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. ....
Кең –байтақ республикамызда қорықтардың аздығы кімді болса да ойландырмай қоймайды.Қазақстанда ұйымдастырылған Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931), Барсакелмес (1939), наурызым (1959), Қорғалжын (1958) және Марқакөл (1976), Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992)., Алакөл (1998), Қаратау (2002) қорықтары табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отыр. Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдерін және оған іргелес жатқан Өгем жоталарын қамтыған Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы 1926 жылы 14 маусымда ұйымдастырылған. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань тауының өзіндік ерекшелігі бар табиғат ландшафтыларын- табиғат кешендерін сақтап қалу еді. Бастапқыда қорық аумағының ауданы-30 мың га шамасында болса, қазір оның алып жатқан жер көлемі-85,4 мың га. Ақсу-Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстан обылысының оңтүстік –шығыс бөлігінде, яғни Жамбыл облысымен, көршілес Қырғызстан және Өзбекстан республикаларының шекараларымен түйісетін жерде орналасқан. Бұл қорықтың негізгі аумағынан басқа, жалғасып жатқан екі филиалы- Әулие сай және Қарабастау палеонтологиялық қорықша- -лары бар. Мұнда осыдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтары шоғырланған. Әулие сай Қошқарата өзені аңғарының сол жақ жағалауында орналасқан. Ал 125 га аумақты қамтыған қарабастау бөлігі Қаратаудың Боралдай жотасында орналасқан. Ақсу-Жабағылы қорығының басым бөлігі 1000-4000 метрлік биіктік аралығын қамтиды. Мұнда табиғат белдеулері биіктік бойынша таралған. Шөлейт дала, ұсақ шоқылы дала, аршалы-шабындықты дала,субальпі мен альпі шалғындығы және мәңгі мұздықты белдемдер кезектесіп, табиғатың түрліше көрінісін береді.Аталған белдемдердің табиғат жағдайларына байланысты ол жерлерге өсетін өсімдіктер әлемі де сан алуан. Мысалы:Ақсу-Жабағылы қорығының аумағында жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің шамамен 1400 түрі өседі. Соның ішінде сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Талас терегі, тал мен қайық, шетен мен үйеңкі, жабайы алма мен долана, мойыл мен регель алмұрт сияқты ағаштар мен бұталар тау беткейлерінде, өзен аңғарларында орамнды алқап құрайды. Ал тамаша аршалы ормандар үлесіне қорық жерінің 30 % -ы тиеді. Ормандар арасы мен жазықтарда әсем гүлдер мен көк майса шалғындар жасыл кілем сияқты қалың өскен. Жасыл желекке оранған бұл өлке жануарлар дүниесіне де өте бай. Мұнда құстардың 240, сүтқоректілердің 43, бауырмен жорғалаушылардың 9, қосмекенділер- -дің 2 түрі және балықтың 4 түрі тіршілік етеді. Ал омыртқасыз жануарлар дүниесі өзінің түрі жағынан өте бай. Қорық жерін мекендейтін жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар – арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа сияқты аңдар өздерін еркін сезінеді.Жемтігін аңдыған жыртқыштар- барыс, аю, түлкі, борсықтар қорықтан жайлы қоныс тапқан. Әсіресе өте сиреп кеткен бүркіт, жұмақторғай өсіп-өнуі үшінқорық аумағы өте қолайлы.....
Сейпін деген хан болыпты. Ханның Мүбәрак дейтін уәзірі болыпты. Ханның уәзірі ханға айтыпты:
— Ханда 40 кісінің ақылы бар дейді, егерде сізде 40 кісінің ақылы бола тұрып, дау болса, жаңжал болса бізге неге жолдайсыз, өз бетіңізбен неге бітіріп жібермейсіз? Бізбен неге ақылдасасыз? – депті. Сонда хан айтыпты:
— Ханда 40 кісінің ақылы бар екендігі рас. Бірақ бір жерде Самыр деген шал бар, сол шалда 40 ханның ақылы бар. Сол шалды мұнда қонаққа шақырып кел, – депті хан уәзірге. Мүбәрак Самыр шалды қонаққа шақырып әкеліпті.......
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:6-бөлім: Атақты тұлғалар Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов - белгілі жазушы №2 Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3 Тыңдаған аудио-бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/ кесте толтыру/мазмұндау Сабақтың мақсаттары: Барлығы: «Мұхтар Әуезов» бейнематериалының мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен кесте толтырады. Көпшілігі: тыңдаған бейнематериалдың мазмұны бойынша кесте толтырады және мазмұндайды. Кейбірі: тыңдаған бейнематериалдың мазмұны бойынша кестені толық толтырады және мазмұндайды. ....
Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат Сабақ тақырыбы: Балықтар №10 сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.3 Тыңдаған аудио/бейнематериалдың мазмұнын түсіну 3.1.3.1 тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау 2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог) 3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру 4.3 Пунктуациялық нормаларды сақтау 3.4.3.1 өз бетінше жай сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерді қолдану Сабақ мақсаттары: 1. Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну 2. Тақырып бойынша диалогқа қатысу 3. Сөйлем соңына тыныс белгілерді қою Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қолдау арқылы диалогқа қатысады Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша диалогқа қатысады, сөйлем соңына тыныс белгілерді қояды Оқушылардың кейбірі: тыңдаған мәтіннің мазмұнын айтып береді, диалогқа еркін қатысады, сөйлем түрлерін ажыратады ....
Пән: Қазақ тілі Бөлім атауы: Адамзаттық құндылықтар және әлем мәдениеті. Фонетика. Сабақтың тақырыбы: Кітапхана мен кітап маңызы Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.2.3.1. – мақаланы құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; 8.3.2.1. – жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала құрастырып жазу. Сабақтың мақсаттары: Оқушылар мақаланың жанрлық және стильдік ерекшеліктерін таниды, мақала құрастырып жаза алады. Мақаланың құрылымын сақтай алады.....