Әңгіме: Мұхтар Әуезов | Жетім

Жаз ортасының қоңыр кеші. Ұлытаудың бөктерінде кештің қоңыр салқын желі еседі. Күн батып, ымырт жабылып барады. Күнбатысты қалың қара бұлт басқан, айналада күңгірт тартқан төбелер қоңырқай тартып, түн тыныштығына қарай бойсұнған сияқты. Сондай жүдеп сарылған төбелердің арасымен үш салт атты келе жатыр еді. Бұлардың беті — қалың таудың іші. Күнбатыста алыста жауын бар еді. Сол алыста күн күркіреп жатты. Анда-санда көкжиектің тұсында күн жарқылдап тұр. Бұлт қалың, жарқылдағы күшті еді. Қарабарқын тартып қараңғылана бастаған аспанда түксиген қатал қабақ, құлазып жүдеген иесіздік білінгендей. Үлкен жарықтың өшер алдында бір сөніп, бір лап етіп жанғанындай, күнбатыста жарқ еткен нажағай жарығымен күңгірт даланы әлде неге үміттендіріп тұрған сияқты. Тау бөктеріндегі қоңыр жел ақырындап бұралып соғып, салбыраған шерлі күйді қозғағандай болады. Табиғат салқын түсте болса да, сұлу тілді сүйгендей, іздегендей еді. Мәңгі мұңлы шермен үзіліп-үзіліп соққан желмен бірге жүректі ақырын-ақырын шымшығандай еді. Сол кезде иесіздікте жүдеу тартып, ұйқыға батып бара жатқан даланы әнші жігіттің зар-мұңлы даусы ұзақ толқынды ырғағымен тербеткендей болды. Ән салқын түсті табиғат ортасында желікті қызықты еске түсірмей, ұлы бір сабырды еске түсіргендей. Ән салған жігіттер табиғатпен жалғасатын тіл тапқандай боп, кейде баяулап қоңырлатқан, кейде шырқыраған сұлу әнмен түн құшағына кіріп келе жатты... Бұл мүйнетте адамның әні де алыста күркіреген күндей, үзіліп соққан бөктердің желіндей табиғаттың өзінен шыққан бір қуат сияқты еді. Бойды табиғат қуатындай болып тоңазытып, көңілді жүз толқытатын қуаты бар еді. Ән кейде батқан күн мен бейуаққа қоштастырған үн сияқты. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Менің күн тәртібім (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән:қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы:Менің күн тәртібім
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.1.1 берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту
3.3.4.1 мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы: Тақырыпқа қатысты сөздерді қолданады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрып және жауап беруге талпынады, айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді қолданады.
Оқушылардың көпшілігі: Тақырыпқа қатысты сөздерді дұрыс қолданады, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрып және жауап береді, айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі: Тақырып бойынша сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады. ....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Бәрі де майдан үшін, Жеңіс үшін!

Жер бетін тып-типыл етуге ұмтылған, аранын ашып, әлемге алақұйын жалын шашып, жан біткенді жалмауға жанталасқан заһарлы зұлмат - екінші дүниежүзілік соғыс туралы шығарма жазуды бастағанымда, бұл тақырыпты он бетке болсын, жүз бетке болсын сыйғызудың мүмкін еместігіне көзім жетті. Себебі, соғыс - уақытқа тәуелсіз, ешқашан өзгермейтін, ешқандай сынға берілмейтін азап.
Өмірін, жастық шағын қиған, тағдырдың ауыр да азапты тауқыметінен өтіп, Отанға деген махаббатын от басып су кешіп жүріп дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азаюда, олардың тірі қалғандары, арамызда жүріп Жеңістің тәтті дәмін татып жүргендері саусақпен санарлықтай.
Бұл тақырыпты шын мәнінде ашу үшін сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген Шеңгелді ауылының құрметті Ұлы Отан соғысының ардагері, ауылдың сүйікті қариясы бола білген Иманбердиев Әуелбек атамыздың соңғы 2004 жылғы оқушылармен бірге кездескен естелігін алып отырмыз.
Иманбердиев Әуелбек 1921 жылы 14-июльде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шеңгелді ауылында туылған. Жанұямыз ол кезде дихан-шаруа-колхозшы. 1934 жылдан 1937 жылға дейін Шеңгелді бастауыш мектебінің 4-класын бітірген. 1938 жылдан 1939-40 оқу жылында Түркістандағы №19 темір жол қазақ орта мектебінің 7-класын бітірген. 194041 жылдардағы Түркістан қалалық өрттен қорғау бөлімінде істеген.1942 жылдық 4-ші қантарда Совет армиясының қатарына алынып Ленгер, Қазалы қалаларында әскери дайындықтан өткеннен кейін, 1942 жылғы 10–шы мартта майданға қарай аттанып, майданда Украинаның Светогорск, Барвенкова, Запарожья, Николаев, Раздельная қалаларының бағыттарында кескілескен ұрыстарға қатысып, жеңіске үлкен үлес қосқан. ІІІ-Украина майданында 57армияның қармағындағы 244-Запарожья дивизиясының 907-стрелковой полктың 3-баталенында, 3-рота, 3-взводында болып, Молдава Республикасы, Бессаравия, Румыния, Болгария жерлері жаудан азат етілді.....
Шығармалар
Толық
0 0

Тұмау тиген кезде кір сабынның пайдасы бар

Қазіргі таңда біз кірсабынды киім жуғанда көмекші құрал ретінде ғана пайдаланатын болдық. Бірақ оның адам денсаулығына тигізер пайдасы да мол.

•Мәселен, адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп...
Кеңестер
Толық
0 0

Ертегі: Үйшік

Ерке қыз бен мысық бүгін де Ғажайып орманға жол тартты. Жолда Дүкенші ағайдың «Тек пайдалы заттар» сататын дүкенінен балқаймақ пен жеміс шырынын алды. Бұл орманның жай орман емес, Ғажайып орман екенін білетін боларсың, балақай. Ерке қыз ашық алаңқайда өсіп тұрған әдемі гүлдерді көріп, бір-екеуін жұлып алмақшы болып еді, гүлдер сыңғырлап күліп қоя берді:

Ерке қыз-ау, ерке қыз,
Біз де сіздей еркеміз.......
Ертегілер
Толық
0 0