Желшешек – баланың терісіне, шырышты қабаттарында көпіршік тәріздес лимфаға толы бөртпе шығып, кейіннен бұл бөртпелер кеуіп, орнына ққабықшалардың қалуымен сипатталатын инфекциялық ауру.
Қоздырғышы- фильтрленуші вирус. сыртқы артада тұрақсыз.
Эпидемиологиясы:
Ауру көзі-ауру адам.
Аурудың таралу жолдары- ауа-сілекей жолы.
Төзімділік (сезімталдық-6 ай-12 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.
Нарықтық қатынастар жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты мен қазіргі кезде жүргізіліп отырған түбегейлі экономикалық реформаның негізгі қорытындысы табиғатты тиімді пайдалану мен оны пайдаланудың тегін түрінен төлемді түріне өту болып табылады. Қазіргі кезде бұл өтпелі жағдайға келудің өзі әкімшілдік-әміршілдік әдістің экономиканы басқарудағы тегін табиғатты пайдалану теориясының табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қанағаттандыра алмауы салдарынан болды. Қаржы-экономикалық көзқарас тұрғысынан алғанда тегін табиғи ресурстарды қорғау мен үнемдеу туралы ойдың керегі де жоқ болатын. Табиғат пайдаланушыны табиғи ресурстарды ұтымды, үнемді пайдалану мүлдем қызықтырмайтын. Табиғат пайдаланушы негізгі және айналымды өндірістік қорлар сияқты төлемді қажет ететін өндірістік ресурстарды үнемдеуге қызығатын, яғни, ең жақсы экономикалық жоспарлық-есеп беру нәтижесіне тырысу мақсатымен тегін беріліп тұрған табиғи ресурстарды жұмыс күшін аз пайдалана, шектеусіз түрде таңдай отырып пайдаланды. Табиғатты тегін пайдалану принциптерін қолданудың көпжылдық тәжірибесі тек қана әкімшілік-әміршілдік әдіспен оны реттеудің жеткіліксіздігіне, көз жеткізді және оларды экономикалық әдіспен алмастыру қажеттілігі, яғни табиғатты төлемді түрде пайдалану әдісімен алмастыру мәселесін талап етті. Мысалы, біздің еліміз, табиғатты пайдалануда әкімшілік-әміршілдік жүйесіндегі елдер сияқты табиғи ресурстарды тек жалпы экономикалық жағынан тиімді пайдалануы бойынша ғана емес, сонымен бірге өндірістің материалмен қамтамасыз етілуі жағынан да дүние жүзінде артта қалғандардың бірі болып шықты. ....
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй жабдықтары, дастархан.
Жүргізуші: Армысыздар ата - аналар, ұстаздар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын! Олай болса «Қош келдің, Әз - Наурыз!» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Армысыңдар, халайық, Бармысыңдар, халайық. Наурыз тойын жұп жазбай Жылда қарсы алайық - дей келе балалардың наурыз мерекесіне арнап айтатын өлең жолдарына кезек беремін. .....
Жүргізуші: (жүргізушінің дауысы тыс жерден шығады) Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар, Басталады Жаңажылдық карнавал, Маска да бар, би де бар, асығыңдар, Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар. Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды, Басталады, басталады, жаңажылдық карнавал! Карнавалдың иелерін қарсы алайық! (Балалар билеп залға шығады)
Жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата - аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Мына жерде Джунглидің барлық аңдары, сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал, бүгін балалар, қандай мереке? Балалар: Жаңа жыл! .....
Күн аязда терезеге Неше түрлі гүл түсер. Мұнша әдемі түсті неге Кім түсірді?- Ой жібер. Нысабыңмен ойласаң сен, Істей алмас оны адам. Ең адамның шеберінен Соны салған жан шебер. ....
Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биофизика Сабақ тақырыбы: Инженерлік биомеханика және медициналық биомеханика Оқу мақсаттары: 10.4.4.1 биомеханиканы робототехникада қолдалынуын зерттеу Сабақтың мақсаты: Инженерлік биомеханика (экзоскелетон, робототехника т.б.); Медициналық биомеханика (протездеу т.б.);.....
Биік-биік дуалдан арғы жағындағы әсем коттедждері әрең көрінетін көшемен өрлеп келемін. Мына керемет үйлер біз тұратын ықшамауданмен көршілес екеніне көңілім сенбейді. Өз үйімді қатты қорашсынып қалғаным рас еді. Мұндағы үйлердің сәулеті бірінен-бірі асады. Сыртынан көріп жүрсем де, бұл сарайларда қандай өмір қайнап жатқанына қызықпаған екенмін.
«Еменді» ықшамауданындағы бесінші нөмірлі үйді іздеп келемін. Бұл ауданның көшелерінде атау жоқ. Біріне-бірі иін тірестіре салынған, қос дуалдың ортасынан екі жеңіл көлік сығылысып әрең өтетін көшелерге елдік тұлғалардың аты берілмегені де жөн шығар. Мына жерге қор болады ғой. Болашақ «қызмет орнымды» іздеп жүріп, осылай «кең ойланып» келе жатқан жайым бар.
Ертеңнен бастап №5 үйге күзетші болмақпын. Бұған дейін тышқан мұрнын қанатып, жұмыс істеп көрмеген ерке едім. Әкем мен анамның зейнетақысын жырымдап, оқуыма төлеп жатқаны ойландырды. Күндердің күні тәртіп сақшысы болып істейтін ағама: «Жұмыс тауып бер», — деп міндетси қалдым. Оқуыма өзім тапқан ақшаны төлегім келетінін айттым. Үшінші курс болғанымды, енді ата-анама салмақ сала беруім дұрыс еместігін термелеп жатырмын. Ағам менің кенет күрт өзгергеніме сенер-сенбесін білмей, бет-жүзіме сығырая, зор күдікпен қарап алды да:
— Табамыз. Шынымен жұмыс істегің келсе... — деп қысқа қайырды.
Тапқаны — күзетшілік. Жұма күні қолыма өзінің сәл ғана ескірген жұмыс формасын, әлдебір куәлікті ұстатты. «Осы көшемен тік жүріп, бағдаршамнан солға бұрылсаң, қызыл шатырлы үлкен үй көрінеді. Соның қатарымен жоғары өрлей бер. Алдыңдағы екінші бұрылыстан №5 үйге тірелесің. Сонда Марат және Тамыр деген жігіттер бар. Соларға менен келгеніңді айт. Олар сені бастығыңмен таныстырады» деген ақылын қоса айтты. Және өзімнің студент екенім туралы тіс жармауым керек. Ішкі істер қызметкерімін, болды. .....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Бізді қоршаған әлем» Сабақ тақырыбы: Ауа райы туралы өлең жазу.«ь» белгісі Оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен стиліне сай тиісті сөздерді таңдап жазады 1.3.13.1 Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың айтылу ерекшелігін ескере отырып, сөзді дұрыс жазады 1.3.8.1 Өзінің жазған сөйлемдерін мұғалімнің көмегімен жетілдіреді, үлгі бойынша түзетеді Сабақ мақсаттары: Әріп пен дыбыстың аражігін ажыраты алады, «ь» әрпі қолданылатын сөздердің емлесін біледі Суретке қарап, мәтінге қажетті сөздерді табады және олардан сөйлем құрастырады. Мұғалімнің көмегімен өзі құрастырған мәтінді түзете алады. .....