Балабақша сабақ жоспары: Сәлем – сөздің анасы

Тақырыбы: «Сәлем – сөздің анасы»

Мақсаты: Халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.

Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым – қатынас жасай білуге баулу.

Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, үйрету.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, нақыл сөздер......
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Ветеринария | Жануарларды жалпы наркозға дайындау

Кіріспе
Мал мен жануарлардың жеке ерекшеліктеріне және көрсетілетін алғашқы ветеринарлық жәрдемге байланысты олардың қозғалысын әр түрлі фармакологиялық препараттар қолдану арқылы тежейді. Ветеринарияда мал мен жануарлардың қозғалысын дәрі-дәрмек қолданып шектеу жалпы және жергілікті жансыздандыру болып бөлінеді.
Жалпы жансыздандыру немесе наркоз ( грекшеден narkosis- сезімсіз ету ) – жануарларға есірткі заттарды қолдану салдарынан орталық жүйке жүйесі функциясының қайтымды түрде тежелуі. Наркоз кезінде сезгіштіктің жойылуы, мал естен танады, қозғалыстық,шарттық және кейбір бейшарттық рефлекстер жоғалады.Қаңқа бұлшық еттердің әлсіреуі байқалады, бірақ сопақша мида орналасқан – тыныс алу,тамырқозғағыш және тегіс бұлшық еттердің, өмірлік маңызы зор орталықтардың жұмыс қабілеті сақталады.
Есірткі заттарды енгізу алдында малдың қозғалу қабілетінің қай уақытта жоғалуын, ауырсыну сезімінің жойылуын, бұлшық еттердің толығымен әлсіреуін ( релаксация ) білу өте мағыналы. Бірақ ауыл шаруашылығында осындай қажетті наркоздық күйді есірткі заттардың бәрі шақыра алмайды. Олар тек дозалардың артуында және оның өмірге қауіпті шектеріне дейін жеткенде дамиды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Жұмбақтар жауабымен: Киіз үй және оның жабдықтары

Өзі кірден арылмас,
Ізінен кір табылмас.
Сыпырғыш

Жайсам жамшыдай,
Жисам қамшыдай.
Шымылдық

Керемет бір ит бар,
Үй бағады үрмейді.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Көмейіне тықсаң сөйлейді,
Тілін адам біледі.
Рұқсатсыз ол иттен
Адам үйге кірмейді.
Құлып
Жұмбақтар жауабымен
Толық
0 0

Реферат: Биология | Анафаза

Анафаза (anaphasis; гр. апа — кері, тең; гр. phasis - фаза, кезең) [1] — жасушалардың митозды және мейозды бөлінуі кезінде жұп хромосомалардың жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай ахроматин үршығы жіпшелерінің көмегімен тең екіге бөлініп ажырау кезеңі[2]; хромосом жұрнақтары жасушаның қарама-қарсы полюстеріне ажырайтын ядроның күрделі бөлінуі кариокинездің үшінші кезең.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биотехнология | Мал шаруашылығы эмбриондар

Биотехнологияның арқасында көпдеген өнімдерге мүмкіндік алдық, жануарлардың жаңа түрін, асыл тұқымдылығы эмбриондар, реципиенттер және донорларға байланысты. Бірінің қанына бірі сәйкес келсе және де оны жаңа түр жасауға қабілетті болса, біз оны жаңа заман жетістігі бойынша әсерлесуге қоса аламыз.
Биотехнологияының арқасында денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, одан да басқа өнеркәсіп өндірісі салаларында, халықты азық-түлік өнімімен қамтамасыз ету саласында көптеген мәселені шешіп беруі мүмкін. Сондықтанда биотехнология тәсілдері мен әдістерінің адамзат тіршілігінің неше түрлі қыр-сырына ендірілгеніне таңдануға болмайды. Оны малекулярлық зерттеулерден бастап ғарыш саласына дейін көрінуге болады ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Ақ Орда-Ноғайлы дәуіріндегі Қазақстан

14-15 ғғ. Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда......
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Айша Балтахаева | Бұзық қыз

Гүләйым..., Гүләйым дим... Гәкөн!!

— Не?

— Не деме, ау де!

— Аууу (түрін тыржитып)

— Маған отын әкеліп береғойшы. Аяқ киімімді таппай жатырмын

— Өй қойшы..

— Мен қойшы емеспін, көрші Қонысбек ата ғой қой бағатын (күліп), әкеп берші енді Гәкөн.

— Өзің алып алшы (мұртнын тартып-тартып қойып)

— Не істеп отырсың ол жерде енді

— Көбелектің жаназасын шығарып жатырмыз.

— Құдай сақтасын... не деп отырсың?

Кішкентай етіп төбешік жасап, үстіне ағашты ағашқа байлап «крест» қадап қойыпты.

— Жаңа көбелек өлтіріп ем, соны көміп жатырмын, мазаламашы.

— Қап.... сені ма, мамам келсін, тілді алмайтыныңды бірден айтам. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Асқар Алтай | Кержақтың монологы

Ол іштен тынғалы қашан? Ішіне қан қатқалы қашан?!

...Трау–трау... трау–трау... трау...

Таспиықтың тарғыл тасындай тізілген тырналар легі тыраулаған мұңлы үнімен төмендегі тау ішін тербейді. Бірақ тіл-жақсыз тынған кержақ шал селт етпейді. Ат жақты‚ қоңқақ мұрын‚ астау бас‚ дөң қабақ кержақ керең еді... Таскерең тыныштықта өзен иіріміне қармақ салған ол опырылып кетер жар жиегіне жайғасқан. Темекі түтіні ыстағаннан зәрсіңді жаялықтай, жалқаяқ тартқан түкті жүзінен ештеңе аңғарылар емес.

Құлағы көрдей керең тартқан‚ тіл-аузы тас байланған‚ тек көкпеңбек қос шырағы шырадай жанған шалды бүгін де ежелден етене сезім иелеп‚ ауыр ой иектеп алған. Осы бір жұртқа жұмбақ ұры ой‚ жанға жат сұм сезім уысында ұстап‚ сүліктей сорып–ақ келеді. Сыртқа шығаруға тәуекелі жеткен емес. Құдай да қыбын келтіріп‚ тілін тартып‚ құлағын бітеп тастаған. Ал ел білсе — бетіне түкіріп‚ безініп кетері хақ......
Әңгімелер
Толық
0 0