Түркістан әскери округі - 1918 жылы 4 мамырда РКФСР ХКК-нің шешімімен құрылған әскери округ. Құрамына Закаспий, Жетісу, Самарқанд, Сырдария және Ферғана облыстары кірді. Штабы Ташкент қаласында орналасты. Оның құрамалары Азамат соғысы жылдары ақ гвардияшылар мен шетел интервенттерін, басмашыларды талқандауға қатысты. 1926-45 жылы Орта Азия әскери округі деп аталды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында .....
Бұрынғы заманда, ылғи аң аулауды әдет қылған бір патша болыпты. Күндерде бір күн аң аулап жүрсе, ағаштың басында бір бүркіт отыр екен дейді. Патша көріп, атайын деп ыңғайланған екен, бүркіт:
— Ей, патша! Мені атпаңыз, мен сізге бір уақытта керек болармын, - депті. Патша оның сөзін елемей, атуға тағы ыңғайланады. Бүркіт әлгі сөзін қайта айтып, жалына беріпті. Бүркіт үш рет жалынғаннан кейін патша ойға қалады да бүркітті үйіне алып келіп, екі жылдай асырайды. Екі жылдан кейін патша кедейленіп, асырауға шамасы келмейді де бүркітті қоя береді. Бірақ бүркіт қанатын көтеріп ұша алмайды.......
Балалардың папасы мен мамасы, Надя апайлары үйде жоқ. Олар ана бір жатаған қоңыр ат жегіп жүретін қарт офицердің үйіне бала шоқындыру тойына кеткен. Солардың келуін күтіп, Гриша, Аня, Алеша, Соня және аспазшы әйелдің ұлы Андрей бәрі асханадағы тамақ ішетін үстелде лото ойнап отыр. Дұрысын айтқанда, олардың ұйықтайтын кезі болған, бірақ мамаларынан шоқындырған баланың қандай екенін, қонақасыға не бергенін білмей жатса, ұйқылары келер ме, сірә? Аспалы шамның жарығы түскен үстелдің үсті жыпырлаған көп таңбалы сандар, айнала жаңғақтың қабығы, неше түрлі қағаз қиқымдары, шыны сынықтары жайрап жатыр. Әрбір ойыншының алдында екі-екіден карта және таңбалы сандарды жабатын уыс-уыс шыны жарықшақтары. Үстелдің орта тұсында бір тиындық бес бақыр салынған табақша ағараңдайды. Оның қасында шала желінген алманың қалдығы, қайшы және жаңғақтың қабығын салуға қойған тағы бір табақша тұр. Балалар ақшаға ойнап отыр. Тігіс - бір тиыннан. Ойынның шарты: егер кімде-кім қарау ойнаса, дереу ойыннан шығарылады. Асханада ойыншылардан бөтен адам жоқ. Күтуші әйел Агафья Ивановна төменде - ас үйде, аспазшыға киім пішуді үйретіп отыр да, балалардың ағасы, бесінші кластың оқушысы Вася қонақ үйде диван үстінде зерігіп жатыр. .....
✅ Сонау есте жоқ ерте замандарда адамзат баласы дәрі-дәрмек деген дүниені мүлде білмейтін. Олар өздерінің сырқаттарынан айығу үшін халықтық амал-тәсілдердің көмегіне жүгінетін еді. Сондықтан да, шөптерден жасалған дәрілер бүгінге дейін маңызын жоғалтпай келеді. Және де дәрілік өсімдіктер адам денсаулығына ине мен дәрі-дәрмекке қарағанда, әлдеқайда қауіпсіз келеді. Себебі, таблеткалардың құрамында сіздің ағзаңыз қабылдай алмайтын химиялық заттар болуы мүмкін. Бірақ біздің айтқымыз келгені бұл емес еді...
✅ Сіздің үйіңіздің терезесінде алоэ аталатын кереметтей өсімдік өсіп тұр ма? Жоқ? Өте өкінішті. Осы жазбадан кейін алоэны өсіріңіз. Ол сізді өзінің жасыл көйлегімен ғана емес, шипалық қасиеттерімен де қуантатын болады. Жер бетінде алоэның 300-ден астам түрі бар. Және оның әрбірінің өзіндік қасиеттері бар. Мәселен, бұта қалпындағы түрі ішкі ағзаға жақсы әсер береді, ағаш түріндегі алоэ сыртқы сырқаттарға қарсы тұра алады. Алоэ өте қарапайым, оның өсуіне ылғал мен жарық жеткілікті. Оның көбеюі де қиындық тудырмайды: ұрықпен де, бұталармен де, сабақтармен де, тіпті жапырағымен де өніп кете алады. ......
1. Қылмыстық құқықтың пәні, түсінігі, міндеттері мен принциптері 1.1 Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады. Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйым салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғам¬дық қатынастар реттеледі. Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бұзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық құқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген құқықтық функцияның толық жүзе¬ге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді ұстауда әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен қорғануға құқылы. Бұл мәселе тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі.....
Осыдан сегіз ғасыр бес жыл алдын. Келіп ем осы өңірге қадам басып. Жасым менің 6-да туылған ем Қытайда, Суши менен лапша жеп, Өстім үлкен сарайда......
1. Адам баласына әдепсіздіктің зияндылығын түсіндіре отырып, анықтама беру. 2. Жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға, қисық жолдың шырмауына түспеуге үйрету, адамгершіліктің жолын көрсету. Зерттеу әрекетінің кезеңдері: 1. Теориялық материалдар жинақтау, оқып - танысу. 2. Бейнесуреттер жасау. Зерттеу жаңалығы: Ырымдар мен тыйым сөздердің мағынасын зерттеу жаңалығы......
✅ Ең алдымен, шылымнан бас тартыңыз. Никотин - асқазанның жауы. Шылым асқазан жарасының пайда болуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ ішімдіктің де зиянды екенін естен шығармаңыз.
✅ Асқазан жарасынан арылу үшін ағзаңызға жасұнықтың көп мөлшерін жіберіңіз. Неғұрлым көп болған сайын, соншалықты жақсы. Жасұнық алмұрттың, шабдалының, алманың құрамында өте көп. Және де фасоль мен бұршақ тұқымдастар да сізге жақсы әсер етеді.
✅ Пиязды жақсы көріп жесеңіз, асқазаныңыз рақмет айтатын болады. Тым болмағанда күніне жарты пиязды жеуге тырысып бағыңыз. Немесе пияздың көп мөлшері бар салаттар мен жеңіл тағамдарды серік етіңіз. ......
Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты Айын сәуле таратты Жарқырайды даламыз, Жарқырайды қаламыз. - Құрметті қонақтар, балалар, Сіздерді тұңғыш президент күнімен құттықтаймыз! Еліміз осылай жылдан - жылға көркейіп жайнап өсе берсін! Елбасымыз аман болсын, Еліміз тыныш болсын! - Балалар республикамыздың рәміздеріне не жатады? - Ту, Әнұран, Елтаңба. - Олай болса балалар орнымыздан тұрып, қолымызды жүрегімізге қойып, мемлекеттік әнұранымызды орындайық. - Балалар, сендер өз туған жеріңді ауылдарыңды жақсы көресіңдер ме? - Иә, өте жақсы көреміз. - Отан туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?.....