Барлыбай Бәсентиінұлы - Абылай хан заманында өмір сүрген батыр. Бәсентиіннің қай атасынан тарайтындығы жөнінде дерек жоқтың қасы. "Абылай туралы жырдың" Шоқан Уәлиханов жазып алған нұсқасында мынадай дерек кездеседі. ...Тоқал терек түбінде Айналып кеңес құрды хан. Бәсентиінұлы Барлыбай Омыраулап сөйлледі, Кісі ырқына көнбейді: - Сен көк бөрідей желдің, хан, Тоқал терек түбінде .....
Ішек (кишечник) — ас құрамындағы қоректік заттардың қорытылу (химиялық өңдеу) және сіңірілу процестері жүретін түтікше асқорыту мүшесі. ішектер: ащы ішек және жуан ішек бөлімдеріне бөлінеді. Ащы ішекке: 12 елі ішек( ұлтабар ұшы), аш ішек және мықын ішек, ал жуан ішекке: бүйен, тоқ ішек және тік ішек жатады. ішектің қабырғасы үш қабықтан: ішкі-кілегейлі, ортаңғы-етті және сыртқы-сірлі қабықтардан тұрады. Ащы ішектің ішкі бетінде ішек бүрлері болады. ішектердін кілегейлі қабықтарында ішек сөлін бөлетін жалпыішектік бездер және 12 елі ішекте дуоденальды қабырғалық бездер болады.[1] .....
Менингококкты инфекция-клиникалық айқындалуы әртүрлілігімен сипатталатын жұқпалы ауру.
Қоздырғышы-менингикококк, сыртқы артада тұрақсыз. 37 С төмен температурада өмір сүре алмайды, ал 50 С температурада 5 минуттан артық өмір сүре алмайды.
Эпидемиологиясы:
Ауру көзі-ауру адам және қоздырғыш вирус тасымалдаушы.
Аурудың таралу жолдары- ауа-сілекей жолы.
Төзімділік (сезімталдық- 14 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады.
Иммунитет-тұрақсыз,.
Аурудың даму механизмі-қоздырғыш ауа-сілекей жолымен жұтқыншаққа жетіп оны қабындырады, ал кейде қоздырғыш қанға, лимфаға өтіп аурудың ауыр түріне айналады..
Клиникалық белгілері:
Инкубациялық немесе жасырын кезең- 2-10 күн.
3 клиникалық түрі жиі кездеседі;
1.Менингококкты назофарингит- аурудың жеңіл түрі.баланың жалпы жағдайы бұзылады-шаршағыш болып, тәбеті төмендейді, денесінің қызуы көтеріледі Басы ауырады, көмекейдің шырышты қабатын қан кернеп, мұрны бітеді. Диагнозды дәлелдеу үшін жұтқыншақтың шырышты қабығынан зерттеуге жағынды алынады
В.А.Сухомлинский былай деген екен «Тек қана ата-аналармен бірге жалпы күш – жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін»
Мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым-қатынасқа тәрбиеленген қыздар, ертең еңбек еткенде жақсы жақтарымен көпшіліктің құрметіне бөленуі сөзсіз. Қыздардың бірі жаңадан буырқанған бұлақтың бастауы болса, екіншісі ағысы қатты өзен сияқты, енді бірі момын да жуас, ал енді бірі өткір де өжет.
Бастауыш сыныптағы қыз бала ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін-өзі ұстауға тәрбиеленсе, 5-8 сыныптар аралығындағы қыз балалар алғашқы кезеңдегі тәрбиені жалғастырады. Қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып, инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажеттілігі тууда. 9-11 сыныптар арасындағы қыз баланы қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге тәрбиелеу. Өнерге, мәдениетке, өткен тарихқа, отаншылдыққа деген өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы, негізі болуға үйрету. Мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, яғни ізгіліктерін қалыптастыру. Қыз бала алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғаны олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан-жақты жетілген қыз баланы тәрбиелеуіміз керек.
Адамзат ес білгелі өз ұрпағын тәрбиелеумен келеді, себебі ұрпақ тәрбиесі – ұлттың тәрбиесі. Әркім өз баласын тәртіпті, кішіпейіл, білімді де, еңбекқор болашақта үлгілі әке мен шеше, яки бақытты ата мен әже ретінде көргісі келеді. Сол себепті әрбір ана қыз баласын елге сыйлы, өнегелі болатындай жақсы жағынан көрсем деп өзінің бойындағы өмірден алған тәлім-тәрбиесін үйретумен келеді. Міне, ана есіміне кір келтірмейтін, мақтанышы болам деген қыз баланың ойында анаға деген сүйіспеншілік болуы қажет.
Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы – оны сипаттау диплом жұмысының мақсаты болып саналады. Далалы зонада қазіргі заман үлкен қаласының, астанасының пайда болу себептерімен және іздерін анықтау, оның халқын, шаруашылығын және болашақта даму перспективаларын талдап жазу жұмыстың міндетіне жатады. Қазақстан Республикасының астанасы тәуелсіздік және өркендеу символы ретінде экономикамен халықтың молшылығын табысты өсуінің көрсеткіші болғандықтан оны баяндау, анықтау тақырыптың актуалдылығы болып табылады. Астана жаңа тәуелсіз мемлекеттің Астанасы ретінде соңғы уақытқа шейін әлемге мүлдем таныс емес еді. 1997 жылы бұрынғы шағын қала Астаналық мәртебені алғанан кйін көз алдымызда бурқана жаңа қалалық рухани, сипатқа ие болып, есікілік пен жаңалықты үйлестіре өскені сөзсіз. Мұны саясат, мәдениет және тарих үлгісі ретінде біздің қаламызбен танысқысы келетіндерге неге көрсетпеске. ....
Кіріспе Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Қайтыс болған азаматгың мұрасы басқа адамдарға әмбебап қүқық мирасқорлығы талаптарымен, егер осы бөлімнің ережелерінен өзгеше туындамаса, бірыңғай тұтас нәрсе ретінде және бір-ақ мезгілде ауысады. Мұрагерлік Азаматтык Кодекспен, ал тікелей өзі белгілеген жағдайларда өзге де заң актілерімен реттеледі. Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған не бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаған кезде, сондай-ақ Азаматтык Кодексте белгіленген өзге де жағдайларда мұрагерлік заң бойынша орын алады. Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді. Мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты мына қүқықтар мен міндеттер: 1) егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды түлғалар болып табылатын үйымдарға мүше болу құқығы; 2) өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы; 3) алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндетгер; 4) зейнетақы төлеу, жәрдемақы және еңбек пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілерінің негізінде басқа да төлемдер төлеу құқығы; 5) мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес қүқықтар мұраның құрамына кірмейді. Мұра қалдырушыға тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдык емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін. Ортақ бірлескен меншікке қатысушының қайтыс болуы оның меншіктегі үлесін айқындау жэне ортак, мүлікті бөлу не АК-тің 218-бабында белгіленген тәртіппен одан қайтыс болған қатысушының үлесін бөліп шығару үшін негіз болып табылады. Бұл жағдайда мұра қайтыс болған қатысушының ортақ мүліктегі үлесіне, ал мүлікті заттай бөлу мүмкін болмаған кезде - үлестің құнына қатысты ашылады. Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады....
Кіріспе Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - делінген. Ал мектеп бағдарламасы анықтайтын математикалық білімін, іскерлік пен машықтың барлық жүйесін оқушылардың терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету; математикалық тілді меңгеруге үйрету; оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындагы қатынастарды өздігінен орнату, іскерліктерін шыңдау, стандарт емес есептерді шығаруға , проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйрету; оқушылардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу екенін ескерер болсақ, онда оқушыларды ойлауға үйрету маңызды мәселе.....
Адамның жеке мүлкі пайда болған кезінен-ақ ұрлау,өртену, басқа да апаттар нәтижесінде сол мүліктің жойылу қаупі сезіле бастады. Өндіріс күштерінің даму барысында тәуекел факторлары да өсті. Өз мүліктік мүддесін сақтау барысында мүлік иелері зардап орнын толтыру мақсатында мүдделі меншік иелері арасында біркелкі шығынды үлестіру ойына келді. Өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ең үлкен апат болған жағдайдың өзінде барлық шаруашылық орындары зардап шекпейді, ал табиғи апаттың өзі айтарлықтай сирек болып тұрады. Осы жағдай жеке материалдық қорларды құрмай, қоғамдық “қойма” құруға әкеледі және осы “қойма” мүшелерінің саны неғұрлым көп болса, солғұрлым қаражат мөлшері аз болады. Осылайша, ынтымақты тұйық шығынды үлестіру қажеттілігі нәтижесінде қоғмадық қатынастардың “сақтандыру” деп аталатын жаңа категориясы пайда болды. Сақтандырудың алғашқы формасы натуралды қорларды құру түрінде болып келді: астық, жем-шөп және т.б. Осы қорлардан зардап шеккен шарушылықтарға көмек көрсетілген болатын. ....
Педагогиканың екі категориясы (оқыту, тәрбие) бір-бірімен өз ара байланысып, тұтас педагогикалық процеске айналады Қазіргі кезеңде тұтас педагогикалық процкстің мәні зор, өйткені қоғамдық өндірістік қатынастың дамуы оқыту мен тәрбие бірлестігі принципінің толық іске асуын талап етеді. Орта жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие беру мақсатын жүзеге асыру процесін тұтас педагогикалық немесе оқу-тәрбие процесі деп атайды. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әр бір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу оқу-тәрбие процесінің басты шарты. Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан тәрбие объектісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу, тәрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың шығармашылық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады . Тәрбиенің субъектісі мен объектілер арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мысалы, тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық немесе бірлестік іс әрекет т.б. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді. Адам баласының іс әрекетінде процес термині жиі кездеседі. Мысалы, еңбек процесі, технологиялық, биологиялық процестер т.б. Процес бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтиженің жетістігіне бағытталған бірізділік әрекеттің жиынтығы болып табылады. Педогогикалық процестің заңдылықтарын Ю.К.Бабанский, И.Я.Лернердің, И.Ф. Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалады. Педагогикалық процестің басты идеясы – оқыту және тәрбие жұмысында мақсаттың, міндеттердің, принциптердің, заңдылықтардың мазмұнының, әдістер мен формалардың бірлігі, тұтастығы және өзара байланыстылығы. Бұл идеяны іске асыру үшін ең алдымен ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес әр түрлі жабдықтармен, оқыту машиналарымен, техникалық құралдармен, оқыту және тәрбие процесінің сапасын және тиімділігін арттырады. Оқыту мен тәрбие процесінде моральдық – психологиялық жағдайдың да мәні өте зор. Сабақ үстінде, тәрбиелік шараларды өткізу процесінде тәрбиешілер мен оқушылар арасындағы бір-біріне тілектестік, жанашырлық, қамқорлық және қиын жағдайларда өзара көмек іс-әрекетінің сапасына тиімді ықпал жасайды. Сонымен, тұтас педагогикалық процесте кешенді ықпал жасау – бұл әр түрлі іс - әрекеттерін нақты жоспарлау,әр түрлі жұмыстарды (саяси – идеялық, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек т.б.) табиғи бірлікте жүзеге асыру. ....
КІРІСПЕ Қазіргі, тәуелсіздік таңы атып, еліміздің экономикасы, халықтың әлеуметтік ахуалы көтеріліп келе жатқан таңда, азаматтық – құқықтық қатынастарды оқып – үйреніп, оны зерттеп, түпкір – түпкірін түсініп, Республикамыздың заңнамасын жоғары дәрежеге көтеру бірінші қатардағы мәселелердің бірі болып отыр. Ел Президентінің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында ел экономикасының дамушы елдер қатарындағы үздігі екенін баяндады. Банктік жүйе жетілгендігін айтып, несие беру жүйесін, әсіресе жастарға, бюджет қарамағындағы мекемелер қызметкерлеріне несие беруді жетілдіру қажет екендігін айтып өтті. Осыдан орай міндеттеме бұл салалардың бөлінбес бөлшегі болғандықтан, менің дипломдық жұмысымның өзектілігі күмәнсіздігіне көз жетіп отыр деймін. Осы жұмысты жазу барысында мен міндеттемелік құқықты егжей – тегжейлі қарап, оның түрлерін, пайда болу, тоқтатылу негіздерін түрлі әдебиеттерден ізденіп оқыдым. Әдетте, екі немесе одан көп тараптар жасаған міндеттеме алдында жасалған шарттар бойынша орындалады. Бірақ, өмірде әр түрлі себептерге байланысты міндеттемелер сол келісілген күйінде орындама алмайтын жағдай тууы мүмкін. Осы жағдайда тараптардың өзара келісім арқылы міндеттемені өзгертуге жол беріледі. Міндеттеменің негізгі субъектілері болады. Олар кімдер? Деген сүрақ туады. Бұл сұраққа жауап қарастыратын болсақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодекстің III бөлімінде, міндеттемелік құқық бөлімінде дәлірек негізделіп жазылған.......