Реферат: Қазақ әдебиеті | Бөрібай батыр

Бөрібай батыр (шамамен 1694 – 1756/60) – қолбасы. 1723 – 40 жылы жоңғарларға қарсы соғыстарда матай руы қолын басқарған. Жалайыр, найман, қоңырат жасақтарының басын біріктіріп, Сарысу өзені бойына қоныстандырған. Жоңғар шапқыншылығының ең ауыр кезеңінде өз қарамағындағы рулардың жаудан қорғану ісін ұйымдастырды. Сарысу өзені бойындағы шайқаста қаза тапқан. Қожа Ахмет Иасауи кешеніндеВасилий Александрович Шелятинов (9.12.1917, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Үлкен Нарын ауылы - 15.2.2009, Ресей, Санкт-Петербург қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға лейтенант, взвод командирі, .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Асқар Татанайұлы

Асқар татанайұлы (1906, Шыңжаң өлк., Алтай айм., Бітеуірге а.—1996, Алтай қ.), ақын, ҚХР-дың халық жазушысы (1988). Өлеңді 30 ж. жаза бастайды. "Малбикенің өмірі”, "Ғылымсыз—ғұмыр тұл” дастан-толғауларымен шыңжаң-қазақ әдебиетіне жаңаша леп әкелді. "Талап”, "Қалың мал”, "Құлдықтан құтылғандар” пьесаларын жазып, өлкеде қазақ драматургиясының негізін қалады. Шығармаларының негізгі арқауы—халықты ояту, әлеум. әділетсіздікке қарсы күреске жұмылдыру. Қытайдағы "Мәдениет төңкерісінің” тауқыметін 20 жыл бойы Тарымда (жазалау аймағы) тартқан ақын түрмеде де қаламнан қол үзбей, "Тарихи дерек, келелі кеңес” трилогиясын, "Бір ғасыр” өлең-романын, хикаят түрінде "Қара сеңгір оқиғасын”жазады. "Керейдің билік заңын” әңгімелейді. "Арқалық батыр” қиссасын қайта жазып шығады.
Өзінің саналы ғұмырын қазақ жазба әдебиетінің дамуына арнаған Асқар Татанайұлы, Қытай Халық Республикасының Алтай аймағында дүниеге келген. Оннан астам дастан, жиырмаға жуық пьеса, мыңнан астам өлең, көптеген тарихи әңгімелер жазған қаламгер солақай саясаттың салдарынан он сегіз .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Ашытқы өндірісі

Ашытқы өндірісі
Жоспар:
1.Ашытқы клетксының биохимиялық мүмкіндігі.
2.Ашытқы өндірісіндегі технологиялық процестерінің негізгі мәні және стадия сатылары.
1. Өндірісте іріктеліп алынған рассаларда нан өнімдерінің ашытқылары қолданылады Sacch. Cerevisiae. Культураны таңдау кезінде, ашытқының нанды ашытуна басты назар аударылады, яғни оның жақсы көтерілу күшіне және ферментативті активтігіне ие болу керек. Төменгі ферментациялық шартта меласса биомассалық ортада жақсы өсіп жоғарлайды. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Жүсіпбек Аймауытов | Жазу мәселесі туралы соңғы сөз


Алдымыздағы шілденің 10-­ында болатын білімпаздар тобының қарсанында мүддемізді айтып қалайық.

«Еңбекшіл қазақтың» 154­-санында емле туралы. 178, 179- ­ыншы сандарында қаріп туралы менің жобаларым басылды. 159, 161, 162, 164, 195-­інші сандарында Елдестің қарсы дауы басылды. Елдес көп жазды. Балаға сабақ бергендей, «қазақ тілінде пәлен дыбыс бар, оның пәленше таңбасы бар...» деп, жұртты сендіре, өзгені пайдасына, қазақ тілінін бел баласы өзі тәріздене жазды. Мұндай зор мәселені қара борандатып, соқыр сезімге беріліп, қызуланып тексеру ағат. Бұл салқын ақыл, саналы ой керек қылатын мәселе. Кеп біреуді түйреуде емес, мәселенің дұрыс шешілуінде.

Жазу мәселесінде айтыстың шиеленіп, ауыр болуына зор себеп бар. Емлеге әркім әр жақтан, әртүрлі қарайды. Біреу тілдің тарихынан, біреу нағыз грамматика жағынан, біреу естілу (фонетика) жағынан, енді біреулер іс жүзінде қолайлы, жеңілдік келу жағынан қарап шешпек болады. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Ветеринария | Листериозды серологиялық балау

1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.
Жұмыстың өзекті мәселелері.Aуыл шaруашылығын дaмыту бaрысындa мaл шaруашылығы өнімін өндіру aрқылы хaлықты aзық –түлікпен жеткілікті мөлшерде қамтaмaсыз ету жүзеге aсырылaды. Осы бaғытта мaл шaруашылығының өркендеп дaмуынa мaл aрасындa жиі кездесіп, шығын келтіретін қaтерлі індеттер кері әсер етеді. Oсындай зaлaлды індеттердің қaтaрынан листериoз елеулі oрын aлaды.
Листериoз –aуыл шaруашылығы мaлы мен жaбайы жaнуaрлaр aрaсында жиі кездесетін, әрі aдaмға да қaуіпті зooaнтрoпонoздық жұқпаaы aуру. Табиғи жaғдайда ауру қоздырушысын тек жылы қанды жануарлар ғана емес, амфибиялар, балықтар, coнымен қaтaр әр түрлі тoптaғы бунақ aяқтылaр да тaсымaлдaушылaр бoлып есептеледі [1]. Ғылыми мәліметтерге сүйенсек, листериoз әлемнің 56 мемлекетінде, coның ішінде Қaзақстанда да aуыл шaруашылығы мaлдарының aрaсындa тіркелген [2]. Кейінгі деректерге сaрaптaмa жaсағaнымыздa, еліміздің жеті aблысының шaруaшылықтарындa листериoз aнықтaлып едәуір экoнoмикaлық шығындaр келтіргені aнықтaлды [3]. Қaзақстaндa және көршілес елдердe бacқа мaлдaрмен caлыстырғандa негізінен қoй aуырады да, бұл түліктің aуруғa шaлдығу көрсеткіші де, өлім көрсеткішіде жoғары бoлaды. Бaсқa елдерде сиырдың aуруы да жиі ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Әлеуметтану | Әлеуметтік жұмыстың ғылыми саласында болжау

Жер бетінде адамзат пайда болғаннан бастап “әлеуметтік жұмыс” қоғамдық құбылысқа айналды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне әлеуметтік қамсыздыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Алғашқы рулық қоғамда көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға, түрлер формасына және қоғам мүшелерінің бір-біріне деген рулық көмек көрсетуімен анықталған.
Әлеуметтік жұмыс түсінігінің көптеген мағыналық түрлері бар. Осы түсініктердің ішінде базалық түсінік ол әлеуметтік жұмыстың болжау ерекшелігі.
Қазіргі менеджмент негізін қалаушылардың бірі Анри Файоль былай дедйді: “Басқару – бұл көріпкелдік, алдын ала көру, ал көру – бұл ендігі әрекет ету”. Яғни болжау болмай жоспар құрылмайды [1]. Болжаудың әлеуметтік салада жоспарлануы қазіргі таңда өге ауқымды мәселе.
Әлеуметтік жұмыстың ең бір маңызды міндеттерінің бірі ол қоғамдағы басты проблеманы анықтап, сол проблеманының шешілу технологиясы мен әдістерін дұрыс таңдай білу, соның ішінде болжау әдістерін дұрыс қолдана білу.
Әлеуметтік жұмыстың ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан Республикасы ақша-несие саясаты

Кіріспе.
Қазақстан Республикасы таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Ал осы межеге жету едәуір дәрежеде ақша-несие саясатының тұрақтылығына байланысты.
Еліміздегі ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган ретінде Қазақстан Ұлттық банкісінің алдына Елбасымыз үстіміздегі жылдың қаңтарының 19-дағы өз жолдауында келесі міндеттерді қояды:
- инфляция қарқынының бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарларын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін қолдауға және сонымен бірге экономикалық өсуді ынталандыру;
- ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіру.
Ақша-несие саясаты елдегі қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің нығая түсуіне, экономикалық нақты секторды банктердің несиелеуінің әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Тәні саудың – жаны сау Спорт тұлғаларымен сұхбат (1-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8
Сабақ тақырыбы: Тәні саудың – жаны сау Спорт тұлғаларымен сұхбат (1-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)А 3 Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:
Мұғалімнің көмегімен тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді.
Оқушылардың көпшілігі:
Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді.
Кейбір оқушылар:
Тірек сөздер мен сөз орамдарын анықтайды және оны түсінгенін қимыл/сурет көмегімен көрсетеді, сұрақ қояды, сұраққа жауап береді....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Мектеп жасына дейінгі баланың қателіктеріне тәрбие тұрғысынан қарау

Кіріспе
Зертеудің көкейкестілігі: Оқу мен тәрбие егіз. Тәрбиенің негізі ұлттық тәлім-тәрбие. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесінен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына ендіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын және соған сай мінез құлқын қалыптастыру, баланың қателіктер жасауға бой алдырмауға және де оған тәрбиелік тұрғыдан қарауды осы жұмыстың басты мақсаты деп білемін.
Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгін де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр. Балабақшалардың жүйесін сақтау мен дамыту мектепке дейінгі тәрбие микро саясатының басты басымдылығы. Мектепке дейінгі және жалпы орта білім берудің бағдарламаларының сабақтастығы мынандай:
1. Болашақ оқушының танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту.
2. Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметті нәр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту.
3. Баланың санаткерлік және жеке бастың даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру.
4. Оқу қызметінің табыстылығының шарттарының бірі болып табылатын коммуникативтілікті дамыту.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылы 28 ақпанда шыққан Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Математика әлеміне саяхат Мақта қыз бен мысық ертегісі желісімен

Сабақтың тақырыбы: Математика әлеміне саяхат «Мақта қыз бен мысық» ертегісі желісімен.
Сабақтың мақсаты: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, Балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету, сахналап беруге талпындыру. Ойынның шартын сақтап ойнауға, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Болашақта кейіпкерлер рөлдерін сомдай алуға тәрбиелеу. Тілін, сөздік қорын, танымын дамыту.
Көрнекілігі: сандар, суреттер, дидактикалық материалдар, үлестірмелі материалдар, слайд.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Әдіс - тәсілдер: ой қозғау, сұрақ - жауап, салыстыру, түсіндіру, дидактикалық ойындар, тапсырмалар.

Мотивациялық қозғаушы
Балалар бүгін бізде ерекше күн, қонақ апайлар келді.
Қәне бәріміз амандасайық.
Сәлеметсіздер ме?
Шаттық шеңбері
Армысың, алтын Күн! .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0