Курстық жұмыс: Экономика | Кәсіпорынды басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

Басқару субъектісінің басқарылатын объектіге ыкпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсініледі. Басқару әдістері дегеніміз — басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың прогресшіл әдістерінің болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару тиімдідігінің алғышарты болып табылады.
Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде пайдаланылатын басқа да техникалық және технолоғиялық әдістерден ерекше етеді.
Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы пайдалану және еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.
Басқару ісінің тиімділігі сондағы әркеттердің нақтылы жағдайға қарап ұйымдастырылуы сипатына байланысты болады.
Ұйымдық құрылымды қалыптастыру төмендегідей қағидаларға жүгінеді:
1. Сызықтық және функционалдық басқарушылықтың арасында дәл шекараны анықтау;
2. Жарлық беру мен дербес жауапкершіліктің тұтастығы;
3. Лауазымға берілетін міндеттердің, өкілеттілік пен жауапкершіліктің, арақатынасының сәйкестілігі;
4. Жұмыс барысын бақылаудың әсер етуі мен үздіксіздігі;
5. Орта өзгерістерін сезінуде икемділік пен үнемділік, жоғары бейімделу қасиетінің болуы. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерге сипаттама

ІІ. ҚАЗАҚСТАН ТЕРРИТОРИЯСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕР
2.1. Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Шопан-Ата жер асты мешіті Оңтүстік Маңғыстау өңірінде, бағзы Хорезм керуен жолының бойында орналасқан. Солтүстік шығысқа қараған сай тұйығынан қашалған үлкен бөлме. Оң жағындағы тағы бір шағын бөлме, оның едені биік. Сол жақ қабырға астынан қабірхана үңгілген. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана. Аңыз бойынша, оған Шопан - Атаның қызы жерленген. Мешіт үсті тастақты жүлге. Жүлге бойынан суағарлар жасалып, олардың тоғысқан жерінен сиымдылығы 10-15 текше метрлік су қоймалары қазылған. Олар кезінде мешіт тұрғындарын бүкіл жыл бойы сумен қамтамасыз етіп тұрған. Мешіттің төменгі жағында құдық бар. Кіре берістің сол жақ қапталында жар бетінен төрт шаршы етіп қашалған бөлмелер орналасқан. Олардың алдында тұт ағашы егілген. Мешіт қабырғаларында айшықты нақыштар жоқ. Ел аңызы мешіттің салыну кезеңін Оғыз тайпаларының Маңғыстауға келе бастаған Мерзіміне меңзеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Тарих | Құрдымға кеткен елдер

Азия құрлығында түркі тектес тайпалар ішінде Ресейдің отарлауына қатты қарсылық көрсеткен қазақ халқы болса, Африка жерінде отарлаушы Еуропамен алғаш қақтығысқа түскен елдердің бірі осы Бенин. Португалдар Үндістанға барар жолда ең алдымен Африка жері арқылы жүріп өтті дедік. Бұл 1500 жылдардың шамасында еуропалықтар мың жерден отты қаруы болса да қара құрлыққа ішкерілей ене алмайтын. Олар бар болғаны жағалауда орналасқан қалаларды ғана қорқытып, сонда билік құрды. Мұндай территориялар Африканың 10 пайызына да жетпейтін. Ал еркіндік сүйгіш африкалық жауынгер тайпалар құрлықты ойқастап тіршілік ете берді. Америка жерінде плантациялар құрылып, ірі монополист компанияларға арзан еңбек күші керек болды. Физикалық тұрғыда әлдеқайда қуатты, сом тұлғалы африкандықтар таптырмас құлдың жұмысын жасай алатын. Бірақ есіңізде болсын ол кезде қазіргідей қара нәсілділер құл болады деген түсінік атымен жоқ болатын. Себебі солтүстік Африканың құл базарларында өзі сары, көзі көк еуропалықтар, орыстар, грузиндер мен черкестер, болгарлар мен румындар сатылатын. Енді Еуропа үлкен шығынға бармай - ақ бас білдірілмеген осынау қара нәсілді еркектерді сатып алу үшін айлаға көшті. Бұл үшін оларға делдалдар қажет е.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Компьтердің тілін табу – өнер (3-сағат) (5 сынып, III тоқсан, 4 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьтердің тілін табу − өнер.
Сабақтың тақырыбы: Компьтердің тілін табу – өнер (3-сағат)
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 5.А4.Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау.
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар
Мәтіннің негізгі аспектілерін (негізгі ой) анықтайды
Көптеген оқушылар
Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құрады
Кейбір оқушылар
Мәтіннің негізгі аспектілерін (негізгі ой) талқылайды....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | Тіл мүкістігі бар балалар

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тіл кемістігі бар балалардың психикалық дамуының, заңдылығын сонымен бірге үлкендердің осындай кемістікке душар болуын логопедия ғылымы зерттеуде.
Ғылым саласында көптеген тіл кемістігі адам өмьірінде маңызды орын алатын психологиялық мәселелер туындап отыр және осы мәселелерді шешу барысында ғалымдар біраз еңбек атқаруда.
Сөйлеу процесі тек адам баласына ғана тән өте күрделі психикалық қабілет.Тілдің негізгі қызметіадамдардың бір-бірімен сөйлесуі,бір нәрсе жайында пікір алу үшінқызмет етеді.Қоршаған орта туралы өз ойларын тіл арқылы жеткізеді.Тілдік түрлі құбылыстарды тіл ғылымының әр саласы қарастырады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы-лексикология саласында,тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында,сөздердің формалары морфология,сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады.Бала бұл тілідк салаларды міндетті түрде білу керек.Тіл кемістігі дегеніміз-сөйлеу қабілетінің психо-физиологиялық механизімінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз.Тіл кемістігін логопедия пәні зерттейді. Логопедия-арнайы педагогика ғылымының бір саласы.Логопедия сөйлеу тілі кемістік-терін, оның бұзылу себептерін,болдырмау жолдарын,әр түрлі жолдар-мен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы. Логопедия ғылымын зерттеген ғалымдар А.Р.Лурия, Е.Н.Винарская, Р.Е.Левина т.б.Жалпы логопедия тіл кемістігін қарап,оны оқыту, тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жүйесін ғылыми түрде қарастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ әдебиеті | Шоқан Уәлихановтың өмірімен ағартушылық қызметі

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі:
Қазақ топырағында ағартушылвіқ идеяның туын алған көтерген Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов бүкіләлемдік ғылым-білімнен мейлінше мол сусындаған, жан-жақты быімді, озат ойлы, ерекше дарынды адам еді. Ол өзін терең тарихшы, ерінбес этнограф, батыл саяхаттшы, талмас географ, білгір әдебиетші шебер суретші, жалынды публицист, жан сырын ұққыш, нәзік психолог, тәлімгер-үлгілі ұстаз ретінде көрсете білді. Небәрі отыз-ақ жыл өмір сүрген Шоқан аз өмірінің ішінде бүкіл азаматтық ғылымның көптеген салаларына бағасын мәңгі жоймайтын үлес қосуы осы жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеудің маңсаты:
Ш. Уәлихановтың әдеби мұрасынан халық ауыз әдебиетінің барлық нұсқаларына байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады. Талантты ғалымның "Бұқардың Абылайва айтқаны", "Абылай туралы жырлар", "Шора", "Орақ жырлары", "ХVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" т.б. шығармалары қазақ әдебиеті тарихына қатысты көлемді зерттеулер болып табылуы, соңдай-ақ Шоқанның "Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы" еңбегі поэзиямыздың теориясы жөніндегі алғашқы зерттеулердің қатарына жатуы, ал атақты "Жоңғар очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар" сияқты монография дерлік шығармаларының көптеген беттері қазақ әдебиеті мәселелеріне арналуы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Қайталау. Аудандар (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Аудан
Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Аудандар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): көпбұрыш ауданының анықтамасы мен қасиеттерін білу;
параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;
үшбұрыштың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;
трапецияның ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
Көпбұрыш аудандарын есептеу формулалары тақырыптары бойынша білімін тестілеу және жүйелеу; практикалық мәселелерді шешудегі оқушыларға формулаларды қолдану қабілетін нығайту; әртүрлі көпбұрыштардың аудандарын есептеуге қатысты мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіру.
......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Сталинград шайқасы

Сталинград шайқасы – 2- дүниежүзілік соғыстағы басты шайқастардың бірі. Ол қорғаныс (1942 жылы 17 шілде – 18 қараша) және шабуыл (1942 жылы 19 қараша – 1943 жылы 2 ақпан) кезеңдерінен тұрады......
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары

Қазақстандағы Әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың басты бағыттары халықаларық тәжірибе мен қазіргі жағдайды талдауға негізделуі тиіс. Нарықтың талаптарға сай келетін және минималді шығындармен тұрғындарды көп қаптап қызмет етуде төленетін тұрақты стимулдарды қалыптастыратын жүйесін құру ұсынылады.

Жаңа жүйе аралас болуы керек, оған ынтымақтастық элементтерімен қатар тұрғындарды негізгі қауіптен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету үшін еректі және міндетті сақтандыру жүйесі енеді. .....
Рефераттар
Толық
0 0