Реферат: Әдебиет | Мұқағали Мақатаев

Мақатаев Мұқағали Сүлейменұлы (1931-1976) – қазақтың әйгілі ақыны. Туған жері Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. Балалық бал дәурені соғыста қаза болып, анасы Нағиман Мұқағалидың өкшесін баса туған үш ұлды өзі асырап жеткізген. Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметкері, жетіжылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Қабанбай Қожақұлұлы

Қабанбай Қожақұлұлы, Қаракерей Қабанбай, Дарабоз — батыр, талантты қолбасшы. Азан шақырып қойылған есімі — Ерасыл. Ол 1692 ж. қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келіп, 1770 ж. сонда дүние салған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.
Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болды. Осында жүріп жылқыға .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Хименко Андрей Максимович

Хименко Андрей Максимович (7.12.1915, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Елизаветинка ауылы - 6.10.1944, Польша, Магнуш қаласының маңы,Подолье ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы гвардиялық атқыш жауынгер. Украин. 1927 жылы Бішкекке қоныс аударған. Мұнда ол пошташы, «Союзпечать» агенттігінде бухгалтер болып жұмыс істеді. Кеңес әскері қатарына 1941 жылдың қазан айында шақырылып, майданға 1942 жылдың ақпан айында келді. Ол Солтүстік-Батыс, Оңтүстік-Батыс, З-Украина, 1-Беларусь майдандарында болды, Холм қаласы (Ресей, Новгород облысы) үшін болған ұрысқа және 1942 жылы .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | ӘБІЛҚАЙЫР ХАН

ӘБІЛҚАЙЫР, Әбілқайыр Мұқамбет Ғази Баһадүр хан (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы. Шыңғыс хан әулетінің кіші буыны — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды (1710— 12.08.1748). 1715ж. Тәукен хан өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығы тағына үміткерлердің бірі болды. Бірақ мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат бас хан сайланды. Әбілқайыр қазақ қалмақ қарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп тұрған 1716 — 18 ж. Ресей империясынан көмек алу мақсатымен Сібір губернаторы князь М.П. Гагаринге, Уфа воеводасына хат жазып, қазақтардың ахуалын біршама реттеуге ат салысты. 1723 жылға дейін Түркістанда тұрып, одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударды. Әбілқайыр 1726 ж. Ордабасыдағы халық жиналысында казақ .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қазақ әдебиеті | Жақсылық Сәмитұлы

Жақсылық Сәмитұлы (8.5.1940 жылы туылған, Қытай, Алтай аймағы, Жеменей ауданы Жәке ласты) — жазушы. Шыңжаң унверситетін бітірген (1959), Қытайда жүргізілген мәдени төңкеріс жылдары "ұлтшыл” атанып, 1959 — 79 жылдары Үрімжі, Тарым және басқа да жаза лагерьлерінде болған. 1979 жылы ақталған. 1980 — 89 жылдары "Алтай аясы” журналының .....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Талшықтылар класына жататын жәндіктердің денесінде бір немесе бірнеше талшықтары болады және денесі бір ғана жасушадан тұрады.
Талшықтылардың денесі көпіршік тәрізді бір ядросы бар цитоплазмадан құралады. Цитоплазманың сыртқы қабаты мөлдір және тығыз, сондықтан талшықтылардың дене пішіні өзгермей, тұрақты болады. Цитоплазманың ішкі қабаты кенеулі заттардан түзілген түйіршіктерге және жасыл тақташаларға толып тұрады. .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Джек Лондон | Бір кесек ет

Том Кинг ақырғы нан кесегімен сұйық қамырдың ең соңғы түйірін іліп алды да, сонымен тәрелкені тап-таза етіп сүртіп, әлгіні ұзақ отырып әбден шайнады. Ол үстел басынан өзекті жалаған алапат аштық түйсігімен тұрған. Және тамақтанғанда жалғыз өзі ғана болатын. Екі кішкене ұл құрсақтарының бостығын ұйқы кезінде ұмыта тұрар деген үмітпен көрші бөлмеге ертерек жатуға жайғастырылған еді. Әйелі асқа жолаған жоқ, күйеуіне сонадайдан мұңдана қарап, үн-түнсіз отыр. Ажары тая қоймағанмен арық, жүдеу-жадаулау бұл әйел жұмысшының қызы. Қамыр тұздық даярлайтын ұнды көршілерінен қарызға алған. Соңғы жарты пенниі нан алуға жұмсалды.

Терезе түбінде қирағалы зорға тұрған орындыққа ауыр салмағымен сықырлата отырған Том Кинг езуіне үйреншікті дағдысымен трубкасын қыстырып, жан қалтасына қол салды. Одан темекінің жоқтығы есіне түскенде өз-өзін ұмытшақтығы үшін бір сыбап алып, түтікшесін былай ысырып қойды. Қимылы сылбыр, тіпті ебедейсіз еді - сырт қарағанда буылтық-буылтық бұлшық етінің салмағынан қорлық көріп жүрген кісіге де ұқсап кетеді. Бұл өзі өте сұсты, аса айбарлы адам болатын; түр-тұлғасын тым тартымды деуге келе қоймайды. Үстіндегі ескі киімі іле салған қапша салбырап тұрады. Тозған башмақтары да күпі өткен ауыр нәлмен тағаланған. Екі шиллингтік арзан жейдесінің жағасы да әбден оңған, ал оған сіңген кірді енді ешбір сабынның ала алмайтыны анық.

Том Кингтің кәсібін оның түрінен-ақ жазбай тануға болады - кескіні нағыз кәнігі боксшынікі. Шаршы алаңдағы ұзақ жылғы жұмысы бойына әлдебір айқасқа әзір тұратын жыртқыштың сақтығын дарытқан. Осынау түнеріңкі адамның жақтары барлық сықпыты мейлінше айқын көрінсін дегендей мұқият қырылған. Сиықсыз еріндері қалай болса солай орналасқандықтан аузы жатқан бір жара сияқтанады. Ауыр, шомбал иегі алдыға қарай шығып тұр. Домбыққан қабақ пен жүндес қастың .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Амангелді Гауһар | Қайсар мен Ақтөс

Қыстың қатал түні. Ақтөс тағы да аязды, суық түнді дүкен жанында қоқысқа шығарған қораптар арасында өткізіп жатыр. Тұла-бойы мұздап, тоңғаны өз алдына, жарақаттанған аяғы да сыздап ауырып жатыр. Өзі арасында ыңырсып қояды. Көзінен жас ағып тоқтар емес. Иә, ол кәдімгі жас баладай егіліп жылады.

Ол бір кездері бақытты еді. Анасынан туылғаннан бастап, оның жылы, жұмсақ бауырында рахаттанып күй кешті. Өзімен бірге туған бауырларымен күні бойы, ойнап асыр салатын. Туылғанына екі ай өткенде оны бір еңгезердей ер адам қорапқа салып алып кетті. Ақтөс әуелі бұны ойын шығар деп ойлаған. Сөйтсе олай емес екен. Қораптың тербелгені тоқтап, тынышталғандай болды. Бұл құлағын салып тың -тыңдап көріп еді, ешнәрсе естілмеді. Бір уақытта тырсылдаған дауыс естілді де, қораптың беті ашылып ішіне жарық түсті. Көзін ашып, тезірек мына қараңғы қапастан құтылғысы келген Ақтөстің көзі, өзіне мейірімді көзбен үңіліп қарап тұрған балаға түсті. Бұл он жасар Қайсар еді. Әкесі оған күшік сыйлауды бірнеше уақыт бұрын уәде еткен. Бүгінгі туған күніне сол уәдесіне тұрып, сыйлыққа Ақтөсті әкеліпті. Қайсардың қуанышында шек жоқ. Әкесіне ризашылығын бірнеше рет қайталады. Жұмсақ қолдарымен Ақтөсті бауырына қысты, бірден оның төсіндегі ақ түгіне қарап, Ақтөс деп ат қойды.

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Құқықтану | АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУГЕ АДВОКАТТЫҢ ҚАТЫСУЫ

Еліміз өзгерістер алдында, демократиялық реформалардың жаңа кезеңіне аяқ басқалы тұр.Сондықтан біз одан әрі жүретін реформалар пайдасына таңдау жасауымыз қажет. Қазақ ұлтының кешегісін түгендеп, ертеңін екшейтін заман туғалы қашан.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының аясын зерттеуді Қазақстандағы заң білімінің тарихынан бөліп қарауға болмайды.
Ғылыми зертеудің қайсысы болмасын, ұқсастық пен айырмашылықтарды саралап, жинақтауды талап етеді. Зерттелетін объект белгілі бір уақыт аралығын қамтитын болса, оны топтастыру да белгілі бір кезеңге сай жүргізіледі. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстандағы заң білімінің дамуы барысын мынадай 5 кезеңге бөлуге болады: көне дәуірдегі заң білімі , дербес Қазақ хандығының заң білімі, патшалық Ресейдің отары болған кездегі заң білімі, социалистік заң білімі, ұлттық заң білімі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Психология | ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Жеке адам дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке адамның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру.
Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесі мен тақырыбы өзектілігі мен көкейкесті мәселесі - жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0