Курстық жұмыс: Құқық | Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау

Бүгiнгi күнгi адам құқығын қорғау мәселесi тек жекелеген мемлекеттердiң iсi ғана болып қана қоймай сондай-ақ ол барлық әлемдiк қауымдастыққа мүше елдердiң үлкен де өзектi iрi мәселесiне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда бұл тақырып төңiрегiндегi проблемалар аса өзектi сипатқа ие болып отырғандығы белгiлi. Әсiресе осы соңғы оншақты жылдар аралығында адам құқығын қорғау мәселесi халықаралық денгейде белсендi түрде көтерiлiп, тiптi бұл мәселе жеке мемлекеттердiң құқық жүйесiнiң өзiнше дербес саласы болып қалыптаса бастағаны белгiлi.
Оның үстiне бұл құблыс бүгiнде тұрақты әрi үздiксiз қарқын алуда деп айтуға толық негiз бар. Мәселен, жекелеген мемлекеттердiң құқық жүйесiнде құқықтың дербес саласы ретiнде танылған халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау мәселесi ұлттық құқық жүйесiнiң нормалары алдында халықаралық құқық нормаларына басымдылық беру ресми түрде осы күнi кең танылып отыр. Демек жалпы әлемдiк денгейде адам құқықтарын қорғауға аса жоғары мән берiлуде деп айтуға болады әрi бұл бағытта басты бағдар ретiнде ұстанатын қағида - ол жалпы адамгершiлiк құндылықтары екендiгi айқын көрнiс таба бастады. Оның үстiне қазiргi кезде адам құқықтарын қорғау халықаралық денгейде ұйымдық тұрғыдан алғанда жоғарғы денгейде көрiнiс тапқан деп айтуға болады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Венгриядағы Бела ІУ кезіндегі Алтын Булла заңдар жинағы

Зерттеудің өзектілігі: Оқылып отырған кезеңдердің класстық күрес картиналары және әлеументтік - эканомикалық процестері келтіріліп отырған көп сандық граматолар-королевалық және жекелей бойынша қалыптасып отырады.Мұнда көптеген ішкі-ішкісаяси оқиғалар көрініс тауып жатты. Шаруашылық тұрғындардың эканомикалық және құқықтық статустарын көрсететін мадақтамалар да сақталған.Тауарлық артықшылықтар-тарифтер пайда бола бастады. Карольдер қалалардың артықшылық жағдайларын бекітетін-қолөнер мен сауда орталықтарын көрсететін дипломдарды басып шығара бастады.
Билік етуші класстардың жекелей бөліктерінің жағдайларын карольдердің шығарған декреттері бойынша тұжырымдап, қорытын-дылай аламыз.Олардың қатарына Белла 1v-тің Алтын булласы жатады. XIII-ғ.екінші ортасында Венгрияның феодальдық заңдылықтарында маңызды өзгерістер орын алды.Карольдер мемлекеттік жиналыстара талқыланатын декреттер басып шығара бастады,оның жұмыстарын атқарушылардың қатарында феодальдар да болды (Decr,1290,1298). Венгрлік тарихи церквтердің куәсі 1279 жылғы Будда саборындағы (RMA,р.589-591) шешімдерді құрайды.Венгрияның осы кезеңдегі ішкі және ішкісаяси тарихи жүйеліліктер бойынша жинақтар қатарында басылған.
Зерттеудің мақсаты: Венгр оқиғалары туралы жеке аталымдар батыстық ескерткіштерде кездеседі. Екі австриялық хроника бөліп көрсетіледі, бұл венгр жұмыстарының мазмұнын құраушылар.Бұл «Веналық жалғасу» (Continuatio Vindobonensis), деп аталады,мұнда Венгрияның 1267-1304ж.(MCSS t. 9 р.628-721) тарихы қарастырылған ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгiжәне мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк – экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң , оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көрсете бiлудiң маңызы зор.
Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Каспий теңізі әлемдегі ең ірі тұйық су алабы

Каспий өңірі соңғы жылдары бұл аймақтағы мұнай-газ кен орындарын қарқынды игеру оның атағын жаңғыртып-ақ жіберді. Жұртшылық оны еліміздің экономикасына жаңа серпін беріп, қайта өрлеуіне жол ашар деген үмітпен, оған көз тіге қалды. Мұнай мен газдың орасан зор қоры тек бұрын игеріліп келген Маңғыстау мен Ембіде ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның осы Батыс өңіріндегі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жарасты қабаттарында «қара маржан» теңізі тұнып жатқаны анықталды.
Каспий өңірі көптеген Евразия халықтарының этникалық және мәдени бастауының маңызды бір ошағы екенін зерттеушілер баяғыда-ақ мойындаған. Бұл географиялық тұрғыдан алып қарағанда өзіне Аоал – Каспий аралығын, Каспий өңірін қамтитын ұлан-ғайыр тарихи өлке болып табылады. Бұл облыстың тарихи шегі оңтүстіктегі Арал және Каспий теңізі, Үстірт қыраты, ал оңтүстік-шығысында Арал жағалауындағы Қарақұм арқылы мейлінше анық көрінеді, батысы құрлықта Еділ сағасымен шектеледі. Бұларға қарағанда солтүстік бөлігі шекарасы көмескелеу. Осы тұрғыдан келгенде Батыс Қазақстан – Даланың Ұлы белдеуін қамтитын мейлінше алып тарихи-мәдени кеңістіктің құрамдас бір бөлігі екендігіне көзіміз әбден жетеді.
Барша қазақ даласы сынды Каспий алабы да өз халқының көне шежіресінің куәсі, ал кәрі Каспийдің өзі болса, ол тек Еділ – Ақ Жайық суымен ғана емес, осы аймақ, қала берді бүкіл қазақ ата-бабасының тарихымен де толы.
Дегенмен, үшінші мың жылдықтың табалдырығынан аттағалы тұрғанда осы табиғаты қатал, сан ғасырлық тарихы бар қуаң даланың ұрпақтары қолмен жасалған қайталанбасрухани бағалысының талай жылдар бойы көз тасада қалып келгені де рас. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Экономика | Инвестициялық жобасын жүзеге асыру және жетілдіру жолдары

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі: «Қaзaқстaн – 2050» дaму бaғдaрлaмaсы, Қaзaқстaн Республикaсының «2003-2015 жылдaрғa aрнaлғaн индустриaлды-инновaциялық дaмуының стрaтегиясы» негізінде нaқты инвестициялық жобaлaрды қолдaу және отaндық кәсіпкерлерге қолдaу көрсету мaқсaтындa жобaлaрдың жүзеге aсуын қaдaғaлaу.
Диплом жұмысының мaқсaты: Инвестициялық жобaның тиімділігін бaғaлaудa тиімділікіті есептеудің нaқты көрсеткіштерін пaйдaлaну және шынaйы инвестициялық және бизнес жобaлaрды құруды меңгеру. Есептеулерді Project Expert aрнaйы прогрaммaсы aрқылы жүргізу, кәсіпорын тиімділігін бaғaлaу aрқылы болaшaқтaғы кәсіпорын тaбысын игеру және жобaны іске aсырудa отaндық және шетелдiк инвестицияны тaрту, 2015-2020 жылдaрғa стрaтегиясын құру,сонымен қaтaр aлынғaн нәтижелерді ескере келе осы жобaны іс жүзінде жүзеге aсыру.
Диплом жұмысының мiндеттерi:
- экономикaлық кaтегория ретінде инвестициялaрдың жіктелуі мен aнықтaмaсын қaрaстыру;
- кәсіпорындaрдa инвестициялық процестерді ұйымдaстыру ретін үйрету;
- инвестициялық жобaның тиімділігін бaғaлaу;
- инвестициялық жобaның тиімділігін бaғaлaу әдістерін бaзaлық тaлдaу;
- инвестициялық жобaлaр мен әдістеріндегі тaлдaудың зерттемелері;
- инвестициялық қызметтерді жетілдіру жолдaрының зерттемесі және aлынғaн нәтижелердің негіздемелері.
Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі: «Aтырaу гипс зауыты» ЖШС кәсіпорын мысaлы. Зерттеудің теориялық және методологиялық бaзaсы зaмaнaуи қaржы-экономикалық бaсқaрмасының теориясы, инвестициялық менеджмент, инвестициялық тиімділікті тaлдaу, сонымен қосa стaтистикaлық тaлдaу теориялaры болып тaбылaды.
Кез келген кәсіпорын инвестициялық стрaтегиясын құрғaн кезде қaржы бaсқaрмaсының инвестициялық портфельі негізінде өзінің инвестициялық жобaсын тaңдaйды.
Кез келген жобaны тaңдaмaс бұрын ең aлдымен технолгия, өнім, жaңa тәжірибелік - құрaстырылмaлы қызметтерге және жүргізілетін қолдaнбaлы немесе фундaментaлды зерттеулер бaрысындa күтілетін нәтижелерді ескере отырып идеялaр жинaқтaлaды. Жaңa идеялaрды іздеуде ұжым мaмaндaрының шығaрмaшылық қaбілеттері үлкен мaңызғa ие.
Жобaлaрдың әртүрлілігіне қaрaмaстaн мұндaғы тaлдaу aрнaйы бөлімдерге: жобaның институтционaлды және экономикaлық орындaулaрынa, қaржылық, техникaлық, коммерциялық бaғaлaулaрғa қосылaды. Идеяның шынaйылығын келесі көрсеткіштер бойыншa бaғaлaуғa болaды: өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қaбілеттілігі; экологиялық ортaның жaқсaруы; кірістердің өсуі; өндірілетін өнім көлемі мен қызмет көрсетулердің aртуы; қызмет көрсетулер мен өндірілетін өнімдерді шығaрудa шығындaрды төмендету; бaсқa нaрыққa шығу мүмкіндіктері; кaпитaлдaрды тиімді пaйдaлaну; кәсіпорын мен инвестордың имиджін aрттыру.....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Тарих | Француз буржуазиялық революция. Халықаралық қатынастарға тигізген әсері

Кіріспе
Француз ұлтының құрылу процесі өзінің толық қорытындысын ұлы буржуазиялық революциядан кейін алды. Сол уақыттағы француз буржуазиялық революция тек Франция үшін ғана болған тарихи жағдай емес ол Еуропаға да өзінің әсерін тигізді. Ұлы буржуазиялық революция тақырыбы тарихшылардың қазір зерттеу жүргізіп жатқан жұмысы емес, ол бюұрыннан зерттеліп келе жатқан үлкен де тарихи материал. Курстық жұмыста осы ұлы буржуазиялық революция тарихына толық талдау жасалады.Хронологиялық кезең ретінде IX мен XIX ғасыр аралығы алынады. бірақ курстық жұмыскөлемінде ұлы буржуазиялық революция туралы жазу оның толық ашылуына мүмкіндік бермейді. Бірақ біз осы буржуазиялық революция туралы жалпы түсінік ала аламыз, оның мақсаты туралы, себебі туралы, қорытындысы туралы. Бұл жұмыста француз авторларының монографиялары пайдаланылды, оның ішінді Ж. және К. Виллардың зерттеулері «Француз халқының құрылуы».
Тақырыптың маңыздылығы /актуалдылығы/. Федалдық абсолюттік билікті жою, буржуазиялық қоғамдық құрылысты нығайту және Францияда капитализмнің әрі қарай дамуына жағдай туғызу Француз революциясының негізгі мақсаты болса оның осы мақсаттарға жетудегі жүріп өткен жолдарын ашып көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе, және екі ірі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ЖӘНЕ АТБАСАР ӨҢІРІ

Алаш қозғалысына қатысты әрбір дерек біз үшін маңызды болуы тиіс. Өйткені бұл ұлт-азаттық қозғалыс халқымызды ұйыстыруға, дербес мемлекет құруға, ең бастысы – ұлтымыздың рухын көтеруге арналған ұлы шара еді. Тәуелсіздік алған жылдан бері қарай Алаш қозғалыс туралы жүйелі зерттеулер жүргізіліп келеді. Бұл құптарлық қадам. Өйткені осы айтулы қозғалыстың тарихын тану – халқымыз жүріп өткен жолдарды саралаумен бірге, ұлттық болмысымызды түгендеу болатындығы сөзсіз.
Елімізге белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы 2007 жылы 23 тамызында «Астана хабары» газетінде «Менің ақындық тұсауымды кескен Мұқағали» атты сұхбатында: «Міржақып Дулатов төрт жыл Атбасарда тұрған. Ол жайында Гүлнар апайдың жазбаларында бар. Атбасар Алаштың орталығы болған», - деген тамаша бір пікір көзіме оттай басылды. Осы пікірді анықтай түсейін деген мақсатпен Секеңмен кездесіп пікір алыстым. Ұмытпасам «Жұлдыз» журналының 1993 жығы 3-і не 4-ші санында ма екен. Атбасарда тұрып жатқан Міржақып Дулатовтың Қарсақпай жағына бармақшы болғанда қасына атқышы болып Серік болған. Жол жағдайын жақсы білетін қарт адамның естелігі жарияланды. Естелікте М.Дулатов пен Атбасардан шыққан олар жолшыбай Қарақытын жағымен жақсы көң бойында отырған елге соққандарын, бұл өңірдегі көптеген адамдардың Міржақыпты жақсы қарсы алғандығы туралы әңгімелейді.
Секеңнің жоғарыда айтылған пікірін жандандыра кететін бір жай, 1915 жылдың күз айында Атбасарлық оқыған зиялы бір топ азаматтары бір-екі ай дайындық жұмыстарын жүргізгеннен кейін М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы бойынша жасалған пьесаны сахнаға қояды. Бұл кез I дүниежүзілік соғыстың жүріп жатқан кезі. Соғыста ауыр шығынға ұшыраған патша үкіметіне көмек көрсету мақсатында ел ішінде шаралар жүргізіліп жатқан кез. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына бір деректі келтіре кеткенді орынды ғой деп есептедім. «Алаш қозғалысы» атты жинақтың (Алаш қозғалысы, 2 том, 2005), 2-томында (430 бет) Х.Р.Сүтішевтің «Из политической истории г.Атбасара» деген мақаласында 1915 жылдың маусым айында М. Дулатов Атбасар қаласына келіп, Атбасардағы полицей басқармасында жұмыс істейтін – Мешінбаев Сыздық деген азаматтың үйіне тоқтағанын, ол үйге кеңеске шақырылғандардың тізімі айтылады, қаралған мәселелер туралы айта келе: «По окончания совещания Мешнбаев говорить Майкутову: Дайте Ваше слово, что вы будете помогать М.Дулатову, который специально приехал от имени лидера-нашего уважаемого Букейханова Алихана, который в данное время находиться в г. Москве. Он уже договорился с некоторыми министрами, царской и Государственный Думой, которые уже обещали ему, что по окончании войны все будет сделано для киргизского населения» (том 2, 131 бет) (астын сызған біз – Б.Х.) – деген жолдар бар. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | Ахмет Жұбанов

Aлпысыншы жылдарғы Алматы. Жасыл мәуеге малынған маужыр қала. Соғыс кезінде азды кем тұрып, дәмін татып, көзі жұмылғанша тамсана мадақтап өткен ақын Владимир Луговской тауып айтқандай – “Город вещих снов”. Жайраңдаған жайдарман ортадағы жадыра думаннан соң жайлы төсекте жатып, таң алдында тамсана көрген тамаша түстей жайсаң шаһар. Күн сайын түс ауа ағыл-тегіл құйып өтетін ақ нөсерден кейін күміс бауыр жапырақтарын жарқ-жұрқ жалтылдатып, жамыраса сыбдырласқан ақ балтыр қайыңдар арасында мың сан періште бір-бірімен үздіге сыбырласып тұрғандай. Мұзарт құздардан мөлтеңдей құлап, көше сайын мөлдірей шапқыласқан меруерт моншақ тау суын жағалап, қырық сан қызыр серуендеп жүргендей. Аттаған сайын амалсыз кідіріп, бас киіміңді қалай жұ­лып алғаныңды білмейсің. Өйткені, қарсы алдыңнан ол кездегі исі қазақтың бәрі де: “Шіркін-ай, бір көрсем-ау?” – деп жүретін аты әйгілілердің біреуімен қалай да ұшырасып қаласың.

Ол кездегі сондай жаппай аңсарымызды аударатын жайсаңдарымыздың бірі Ахмет Қуанұлы Жұбанов еді. Көзқарақты қазақтың қай-қайсысы да ғылым десе – Қаныш Сәтбаевты, әдебиет десе – Мұхтар Әуезовті, батырлық десе — Бауыржан Момышұлын еске алатын. Ал саз өнері дегенде көз алдына төбесіндегі туырылып тұрған тұнық ауада әуелей самғап жүрген әдемі әуенді қармап алғысы келгендей, салалы саусақтарының арасындағы ақ сүйір сиқыр таяқшасын ойнақшыта сермелеп, көк бурыл бұйра шашы желді күнгі толқындай дудырап Ахаң, Ахмет Жұбанов, тұра қалатын. Ол лекция оқиды, дирижерлік етеді дейтін жерге тайлы-таяғымыз қалмай тегіс ағылатынбыз. Қырау көмген қылаң шашына лайық киім киісі, тіп-тік еңсесі мен шалқақ басына лайық жүріс-тұрысы, кеңірдегіне күш салмай, естір құлаққа ғана еншілеп, ерінінің ұшымен емескілеу тіл қататын биязы дауысы – бәрі-бәрі терең парасат пен биік талғамнан тағылым танытқандай. Қол созым жерде тұрып, ұшар шыңның басынан тіл қатқандай. Көз жетпестей алыс, қол жетпестей биік көрінетін. Сондай қиялыңмен ғана аймалай алатындай арман тұлғамен көзі мен көзің, сөзі мен сөзің тоғысатындай жерден бетпе-бет жүздесіп, емен-жарқын тілдесе қоямын деп кім ойлаған?!.

Қайран жастық албырттық-ай! Өз жүрегің өз кеудеңе симай, өрекписің де жүресің. Қараптан қарап тілің қышиды. Дүниенің барлық кетік-кемшіні баяғыдан бері сені күтіп жатқандай. Сен айтсаң, бәрі де өзгеріліп, жөнге басып кете қоятындай. Университет бітірмей жатып, “Қазақ әдебиетінде” қазақ фильмдерін сынап “Ниет пен нәтиже” дейтін мақала жазып киногерлерді, “Лениншіл жаста” Алматы архитектурасын сынап “Телмірген терезелер, қағанақ қабырғалар” деген мақала жариялатып, сәулетшілерді бөрі тигендей бөрліктіріп дәндеп алған басым “Күйдің де күйін ойлайық!” деп дабыл қағайын. Редакция телефондары тағы да безгек тигендей безілдей жөнелсін... Біреуін көтеріп қалып ем, көзім атыздай болды: “Бұл — “Лениншіл жас па? “Иә”. “Әбіш бар ма екен?” “Тыңдап тұр”. “Бұл — Ахмет Жұбанов қой”. “Саламатсыз ба, Ахмет Қуанұлы?!” “Қалқам, мақалаңды оқып жатырмыз. Кафедра отырысында талқыламақпыз. Ертең сағат он бірде, консерваторияда. Қолыңыз тисе, қатысқаныңызды қалаймыз”. Мә, саған безгелдек! Қуанғанымды да, қобалжығанымды да білмеймін.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Әдебиет | ӘЛ ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ

Фараби мұсылмандарының аса ірі бес-алты философтарының бірі. Маймонидтің (орта ғасырлардағы еврей философы – А.К.) айтуынша Фараби еңбектерінің орта ғасырлардағы еврей ойының дамуы үшін үлкен маңызы болса керек. Оның үстіне бір топ еңбегі орта ғасырларда латын тіліне аударылады, осы арқылы Фараби ағартушылардың (француз ағартушылары – А. К.) еңбектеріне тікелей және олар цитаттар келтірген басқа авторлар арқылы жанама түрде әсер етті.
Фарабидің философияға және басқа ғылымдарға қосқан жаңалықтары жайлы жан-жақты зерттеулер жоқтың қасы. Рас, бұл кемшілікті кейбір жекелеген зерттеулер жуып-шайды. Дегенмен, бұл істе жүйелі координация керек. Біз сондай кемшіліктерді жоюға қолқабыс тигізу мақсатымен осы библиографияны жазып, ғылми мекемелер алдына мәселе қойып отырмыз...
Әрине, американ профессорының кітабында артық-кем айтылған пікірлер болуы мүмкін. Дегенмен, ол келтірген мәліметтер Фараби мұраларын аударуда, бастыруда, зерттеуде шетел оқымыстыларының да айтарлықтай еңбек сіңірген отырғанының айғағы болса керек. Бұл, сайып келгенде, Фарабидің ұлылығын және оның еңбектерінің күні бүгінге дейін өте маңызды екенінің тағы бір дәлелі болып табылады.
Фарабиді зерттеу ісіне неміс ғалымдарының да еңбек сіңіргенін айтуымыз керек. Морис Штейншнейдер, Фридрих Диетеричи, Генрих Зутер, Карл Броккельмандардың Фараби мұраларын игеруге айтарлықтай үлес қосқандығы белгілі. Мәселен, Диетеричи «Әл-Фарабидің философиялық тарктаттары» деп аталатын жинақты жарыққа шығарған (1883-1904 жылдары). Бұл жинаққа Фарабидің бірсыпыра философиялық шығармаларының арабша тексткрі мен олардың неміс тіліне аудармасы енген. Карл Броккельман «Араб әдебиетінің тарихы» (1886-1937 жылдары жазылған) деп аталатын көп томды библиографиялық еңбегінде Фарабиге үлкен орын берген.
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйіріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез санынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбунасыр Фараби. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қаржы | Коммерциялық банктердің операциялары және оның түрлері

Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық және сенімді операциялар.
Пассив операциялары – олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың Коммерциялық банктер қызметіндегі ролі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар – бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналған банктің өз ресурсын құру операциялары».
Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.
Пассивтің операцияларына мыналар жатады:
 салым қабылдау (депозиттер);
 клиенттерге шоттар (оның ішінде корреспондент банктерге) ашу және оларды жүргізу;
 өзінің бағалы қағаздарын шығару (облишация, вексель, депозиттік және жинақ сертификаттары);
 банкаралық несие алу, оның ішінде орталықтанған несие ресурстарынан;
 репо операциялары;
 еуровалюталық несие алу.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
 коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
 банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
 басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
 депозиттер операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ – заемдық немесе тартылған ресурстар құрылады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
- банктің меншікті қаражаттары;
- банктің тартылған қаражаттары.
Банктің меншікті қаражаттары – банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген пайда жиынтығы.
Қазақстанда коммерциялық банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:
 пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
 акционерлік банк;
 шетел капиталының қатысуымен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.....
Рефераттар
Толық
0 0