Пән:Биология Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қозғалыс Сабақ тақырыбы: Жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары 3-сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 10.1.6.3. жылдам және баяу жиырылытын бұлшықет талшықтары құрылысы, орналасуы мен ортақ қасиеттерінің байланысын орнату Сабақ мақсаттары: Оқушылар: • Бұлшық ет талшықтарының екі түрін : баяу және жылдам бұлшықет талшықтарын салыстыру; • Ағзадағы жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарының орналасуын анықтау; • Әртүрлі спорт түрлері мен жылдам және баяу бұлшық ет талшықтарын пайдалану арасында байланыс орнату; • Жылдам және баяу бұлшықет талшықтарының жалпы қасиеттерін түсіндіру.....
Пән:Физика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы, атомдық құбылыстар Сабақ тақырыбы: Ядролық реакциялар. Радиактивті ыдырау заңы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.1.11 ядролық реакцияның теңдеуін шешуде зарядтық және массалық сандардың сақталу заңын қолдану; 9.4.2.2 радиоактивті ыдыраудың ықтималдық сипатын түсіндіру; 9.4.2.3 радиоактивті ыдырау заңын есеп шығаруда қолдану Сабақ мақсаттары: - Ыдырау заңының графигімен танысу - Жартылай ыдырау периоды ұғымын енгізу - Радиоактивті ыдырау процессінің кездейсоқтық және спонтандылық қасиетін анықтау - Радиоактивті ыдырау заңының математикалық өрнегін қорыту - Ыдырау заңына арналған сандық және графикалық есептер шығару.....
Бекболат батыр 1916 жылғы тарихи оқиғаға Оралдағы-10, Сырдариядағы-13, Cемейдегi-17, Ақмоладағы-27, Торғайдағы-60, Жетiсудағы-102 болыстың ер азаматтары қатысты. Жетiсуда тұратын қазақ, қырғыз, дұнғандардың ұлт-азаттық көтерiлiсi қазақ даласындағы қозғалыстың ең көлемi маңызды орталығына айналды. Олардың iрi ошақтары Асылдағы — Қызылбөрiк, Үшқоңырдағы — Жайылмыс, Қастек-Самсыдағы — Ботбай, Тайторы болыстарында болды. Көтерiлiстi қазақ демократиялық интеллигенциясының өкiлi Тоқаш Бокин ұйымдастырды, дайындады. Жер-жердегi топтарды Бекболат Әшекеев, Ұзақ Саурықов, Нүке Сатыбеков, Доқожа Қашағанов, Әли Нұрғожаев, Сатай Көбегенов, Жақабай Құдайбергенов, Байхан Қазыбеков, Сатай Қарашаев, Боранбай Жантөлеев, Әлиасқар Сырабаев, Серғазы Күшiков, Сейдахмет Ысқақаов, Иса Сексенбаев сияқты халық ұлдары .....
АТАН Мәмбетұлы (т. — ө.ж. б., Ерейментау ауданы) — қазақ батыры. Орта жүздің Қанжығалы, арғын руынан шыққан. 18 ғ-да өмір сүрген. Бөгенбай батырдың кеңесшісі .....
Жанат ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ, филология ғылымдарының кандидаты.
Поэзия әлеміне өлеңнің еңселі ақ ордасын сән-салтанатымен, қымбат жаб¬дығы – кестелі тіл, шешен сөз, шебер өрнегімен келістіре қондырған Есенғали Раушанов сынды ұлт ақыны деуге әбден болады. Бұл сөзімізге дәлелді оның әр жырынан, әр шумағынан, әр тіркесінен келтіре аламыз. Ақынның тереңнен тамырланған қаламгерлік тұлғасын "Пе¬ріштелер мен құстар” жыр кітабы ай¬ғақтай түседі. .....
Аксо-аксондық жанасым (synapsis axo-axonica; гр. synapsis — жанасым, байланыс, жалғану; гр. axon — білік, ось) — жұлын мен ми сұр заты және жүйке ганглиондары нейроциттерінің (жүйке клеткалары) аксондары ұштарының басқа нейроциттер аксондары ұштарымен жанасып жалғасуы. Жанасымдар арқылы жүйке толқындарын (импульс) тудыратын белсенді химиялық заттар — медиаторлар бір нейроциттен екінші нейроцитке өтеді. Жанасымдардың басқадай түрлерімен салыстырғанда аксо-аксондық жанасым екінші нейроцитте жүйке импульсін қоздырмайды, керісінше, басқа нейроциттерден келген жүйке толқындарын тежеуге қатысады .....
— Қайынаға, салығыңызды кешіктіріп кеттіңіз, неге төлемейсіз? — деп қайқы мұрындау келген, денелі, томпақ көз, жұқа ерін, суық шарпыған беті қара қожалақтаның-қыраған, басында түбіт шәлісі, аяғында саптама етігі, қолында тері биялайы бар, үстінде сеңсеңмен тыстаған сары тоны бар Ұлбосын, дәреттен келе жатқан Кәдірбай хажының алдынан кес-кестей берді.
Шалбарының бауын екшей байлап, аяғымен жерді тебініп, қысықтау келген қиғаш көзін Ұлбосынға алайта қарады да:
— Қайдағы салық? — деді хажы.
— Білмейсіз бе, қандай салық төлейтініңізді, — деді Ұлбосын, даусын көтере сөйлеп.
— Нені білейін! — деп хажы бір уыс көдедей шоқталып біткен ұзын қасын көзіне түсіріп, қалың қабағын тыржитты.
— Білмесеңіз айтайын: бір ауылнайдың имамы боласыз ғой. Зекет-ғұшырдан, жаназа шығарғаннан, тағы сондай табысыңыздан 350 сом, салған егін, жылқы, сиыр, қойыңыздың салығы 86 сом. Патент алмай сауда қылғаныңыз үшін 61 сом, барлығы 607 сом.
— Келін, осы сенің-ақ маған құтың түсті-ау жарқыным. Бір жылғы табысымның бас-аяғы 100 сомға зорға толады. Әнеугүні пинәтделге осы мәнімді айтып арыз бергем. Одан жауап алмай төлемеймін. Егінді жөнді салғам жоқ. Бір-екі десятина сепкен болып едім, шықпай қалды. Сауда қылғанымды кім көрген екен? — деп хажы аппақ сақалын қолымен тарап кейіді. .....
Кіріспе. Көршілес жатқан қабырғалы ел орыс халқының маңдай алды данышпан ұлы Пушкин айтқандай, “аудармашы – мәдениеттің арбакеші” болса, менің ұғымымда, көркем аударма қазіргі таңда халықтар арасындағы достықтың діңгегі, алтын көпірі. Әрине, бұл ретте күн тәртібінен түспей көлденең тартылар мынадай үш мәселенің басы ашық. Біріншіден, нені аудару керек? Дүние жүзі әдебиетінің алдыңғы қатарлы асыл жауһарларын ғасырлап аударсақ та түбі көрінбес ғаламат туындылар жетерлік. Ал соның барлығының бірдей халқымыздың рухани қажетін өтеуі, ұлттық сана-сезімге сайма-сай келіп, естен кетпестей эстетикалық ләззатқа бөлеуі мүмкін бе? Әлбетте, жоқ. Олай болса, таңдап-талғау, іздеп-іріктеу – аудармашының өріс-өресін танытар өлшем. Екіншіден, қалай аудару керек? Бұл талай тартыс пен талқыға түсіп, түбегейлі шешімін тапса, қиын түйіні көп келелі мәселе. Көркем аударма – атына лайық та көркем болғаны жөн. Үшіншіден, кім аудару керек? Күні кешеге дейін аударманы сауын сиырдай көріп, күн көрістің кәсібіне айналдырғандар аз емес. Бір романды немесе жинақты балық үлестіргендей бөліскен кездеріміз әлі де кейін қала қойған жоқ. Аударма мәселесінің теориялық ой-пікір қадамымыз әжептеуір ілгері басқандығын, оның жылдан-жылға мәнді, маңыналы жаңалықтарымен өрістеп келе келе жатқандығын айта отырып, алайда адарма теориясы ғылымның бір саласы болып әлі жетілмегендігін, әлі төл күйінде, әрі кеткенде қалыптасып, есею күйінде ғана екендігін біліскеніміз мақұл. Солай болғандықтан да адарма теориясы өзі қамтырлық ауқымы мол мәселелерге қарыштай алмай келеді. Оның үстіне бұл жүйедегі теория өзінің кейбір шешуші, анықтаушы негіздері тарапында жемісті түрде өрістеу жолына әлі де түсе алған жоқ. Аударма теориясы еліміздегі сан алуан тілдерден орыс тіліне және орыс тілінен көптеген өзге тілдерге аударылудағы ерекше үздік үлгілерді, таңдаулы аудармаларды жобалы, жүйелі түрде зерттеп, парықтап отыру жолына да түсе қойған жоқ. Бұл айтылған күрделі, шешуші және әртүрлі пікірлерге зек боларлық жәйіттер аударма жайындағы ғылымның түбегейлі негізі болмақ. Аударма теориясының басты кемшіліктерінің бірі жоғарыда айтылғандай, жақсы, үлгілі аударма тәжірибелерінің жеткіліксіз, үстірт зер салу, шетендеп қана зерттеу болып отыр. Ал асылында, ондай аудармаларды бүкіл егжей-тегжейіне жете, жан-жақты талдау аса мәнді шарт, талданғанда шығарманың идеялық-көркемдік қасиетін аударманың бойына қалай сіңіргендігін, образдылығын, түп нұсқаның ырғақтық, үндестік, шумақтық, ұйқастық нәзік ұтымды тетіктерін, авторының сөз өнеріндегі өзіне тән ерекшелігін, тарихи нышандарын беруде аударма өнерінің, бұрынғы-соңды аударма істерінен мүлде басқаша екендігін дәлелдеу әбден керекті міндет. Аудармның таңдаулы үлгілерін, жақсы тәжірибелерін түйіндеу, талдау жөнінен зерттеулердің болмауы - әдебиеттік теориялық пікірдегі бір зор кемістік деп білу керек. Мұндай күрделі, ғылыми терең зерттеулер болмағандықтан, аударма теориясы бұл шаққа дейін шала жүйелі, үзінді-қиынды күйде, кейде кенет қана қозғалатын мәселе сынды болып отыр.....