Отан! Отан дегеніміз – адамның туып-өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекен. Қазақ елі – көп ұлтты, бірлігі жарасқан ел! Бүгінгі шақта біз тәуелсіз, егеменді елде тұрамыз. Осы күнге жеткізген біздің ата-бабамызға мың алғысымызды білдіреміз! Бұл күн бізге оңай жолмен келмеді. Ата-бабаларымыз көптеген қиын қыстауды өткеріп, бізге ұланғайыр жерді мұра етіп қалдырды. Бұл жасаған ерлікті ешқашан ұмытпауымыз керек, біз, болашақтар өз еліміздің тарихын да біліп, құрметтеуіміз керекпіз. Сол мақсатта мен өз туған ауылым Қараағаш тарихы жайлы айтқым келеді.......
Жердің пішіні мен көлемін дәл білу ғылым мен техниканың көп саласына керек (жер серігі және ғарышқа ракета ұшырғанда, авиацияда, теңізде жүзуде, радиобайланыста және т.б.), соның ішінде ең алдымен жер бетін картада дұрыс бейнелеу үшін геодезия саласына өте қажет. Жалпы ауданы 510 млн.кв.кмге тең Жердің беті мұхит әлемінен (71%) және құрылықтан немесе материктен (29%) тұрады. Мұхит әлемінің орта тереңцігі - 3800 м болса, құрлықтың мұхит суларының орташа деңгейінен орта биіктігі -875 м жуық. Жоғарыда көрсетілген шамалар құрлық бетінің аумағы жалпы жер бетінің аумағынан, ал оның биіктігі мұхиттың тереңдігінен біршама аз екенін көрсетеді. Сондықтан Жердің пішіні ретінде материктің астынан ойша жүргізілген мухит суларының тыныш күйіндегі беттің тұйық сызығын алады. Бұндай тұйық бет өзінің әр нүктесіндегі тіктеуіш сызыққа, яғни айтқанда ауырлық күшінің бағытына перпендикуляр болады. ....
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттік. Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылымитеориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы болып табылады. Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000 жылдан бастап банк жүйесінің динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жанадануы және конденсациялық процестер жалғасуда. Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс. ....
Кіріспе Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылықтың үдерісі халықаралық экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тыңыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы. Қазақтан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде. Еліміз нарықтық экономикалық амал тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп, дамыған елдердің қатарына қосылу мәселесі тұр. Бұл дегеніміз - ел азаматтарының әл-ауқатын артырып, әлеуметтік экономикалық экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болуымыз керек. Қазір Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне барлық шарттары бар. Қазақстан Республикасының Президенті үстіміздегі жылдың 1 наурызындағы Халыққа Жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегиялық басымдылықтарын атап көрсетті. Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағытан арылу үшін, елімізде 2015 жылға дейінгі «Индустриялық инновациялық даму стратегиясы» бағдарламасы әзірленді.....
Баяғыда бір жолаушы келе жатып, жолдан сандық тауып алады. Ашып қараса алтын тас жатыр. «Құдайым жоқ жерден берді ғой» деп шаттанған бейбақ алтынға қолын соза бергенде, ол үлкен жыланға айналып, өзіне тап береді. – Ей, бейшара не тапсаң да, өз сорыңнан көр. Сандықта жатып мың жыл бойына: «Біреу мені босатса, алтынмен аптап, күміспен қаптаймын» деп тіледім. Ешкім құтқармады. Бүгін: «Кім де кім енді құтқаратын болса, соны жұтып өлтіремін», – деп серт бердім. Сен кезіктің. Енді сертімді орындаймын, – дейді. Жолаушы шыр-пыр болып, «сені құтқардым, жібере гөр» деп қанша жалынса да жылан көнбейді. Кенет жолаушы алыста келе жатқан отыз адамды көзі шалып қалады. Қуанған жолаушы олардан араша сұрайды. Олар жыланнан қорқып: – Бұл жылан алып екен. Бұған шамамыз жетпес, – деп қолды бір сілтеп кетіп қалады. Жылан жолаушыға жақындай түседі. Бейбақ: – Өлген жерім осы болды ғой, – дей бергенде тағы да бес кісінің сұлбасы көреді. Жолаушы құтқар деп оларға жалынады. – Отыздың шамасы жетпегенде, бізден не күтесің? – деп олар да кетіп қалады. Жылан төне түседі. Бейбақ иманын үйіреді. Сол кезде бір кішкентай бала келе қалады. ......
Пән: Қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат Сабақ тақырыбы: Саяхат Демалыс туралы әңгімелерді оқу (1-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)О2 Қарапайым әңгімені (оқиғаны) түсініп оқиды. А 1 Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді: • Мұғалімнің көмегімен мәтінді түсініп, өз ойын жеткізе алады. Оқушылардың көпшілігі: • Қарапайым әңгімені (оқиғаны) түсініп оқиды. • Өз ойларын бейнелі сөздерді пайдалана отырып жеткізеді. Кейбір оқушылар: • Мәтінді толықтай түсініп, бейнелі сөздермен жүйелі сөйлей алады....
Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн. Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды. Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс. Еліміздегі шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді. Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек. Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. ....
Неге адамдар жұмыс жасайды? Неге кейбіреулері жеңіл жұмыс жасай отырып, наразы болады, ал кейбіреулері ауыр жұмысты жақсы көңілмен істейді. Адамдар жақсырақ және өнімдірек жұмыс жасауы үшін не істеу керек? Жұмысты қалай қызықтырақ етуге болады? Осы және көптеген басқа да сұрақтар адамдарды басқару барысында пайда болады. Ұйымның жетекшілігі өте жақсы жоспарлар мен стратегиялар жасап, үйлесімді құрылымдар тауып, ақпаратты берудің және өңдеудің тиімді жүйелерін құрып, ұйымда ең жаңа құрал – жабдықтар орнатып және ең соңғы технологияны қолдануы мүмкін. Алайда, егер ұйымның мүшелері қажетті түрде жұмыс істемесе, өздерінің міндеттерін орындай алмаса, ұйымда өзін сәйкесінше ұстамаса, өзінің еңбегі арқылы ұйымның басты мақсаттарын жетуіне бар күшін салмаса, бұл ұйымның күш салуы нәтижесіз болып шығады. Адамның жұмыс жасауға деген дайындығы және ықыласы ұйымның қызметіндегі ең негізгі фактор болып табылады. Адам машина емес, оның жұмысы қажет болған жағдайда «қосу», ал қажеттілігі жоқ жағдайда «өшіру» мүмкін емес. Адам жақсы көңіл – күйлі және ықыласты бола отырып, құндылықтардың нақты бір жүйесіне сүйене отырып, орнатылған нормаларға және жүріс – тұрыс ережелеріне бағына отырып жұмысты «адамдандырады». Бұдан адамдарды тиімді басқара білу мүмкін емес деп айтуға болмайды. Керісінше, адамды іс – әрекетке, белгілі бір істі атқаруға не итермелейтінін түсініп, білсе, еріксіз көндіруге қарағанда адамды басқаруға мүмкіндік туады. Нәтижесінде ол қызметкер ұйымның өз мақсаттарына жетуі тұрғысында өз жұмысын ең жақсы түрде орындап, ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысады. Адамды тек оны мотивациялау арқылы тиімді басқаруға болады. Адамның қызметінің негізінде қандай мотивтер бар екенін білген жағдайда ғана адамдарды тиімді басқарудың тәсілдері мен формаларын жасап шығаруға болады. ....
Ерте кезден бастап-ақ адам баласы есептеулерді оңайлату үшін өзіне көмекші әр түрлі құрылғыларды құрастырған. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырдың өзінде-ақ гректер мен мысырлықтар абакты – орыс есеп шотына ұқсас құрылғыларды пайдаланған. XVII ғ. 40-жылдарында адамзат тарихындағы ең ірі ғалымдардың бірі – математик, физик, философ және дін зерттеушісі Блез Паскаль сандарды қосатын механикалық құрылғыны ойлап тауып, жасап шығарды. Сандарды қосып қана қоймай, оларды көбейте алатын механикалық құрылғыны XVII ғ. Аяғында екінші бір ұлы математик және философ Готфрид Вильгельм Лейбниц ойлап шығарды. Лейбництің еңбектерінде сөздермен және басқа ұғымдармен амалдар орындай алатын механикалық құрылғы туралы да сөз болған. Есептеулерге арналған құрылғылармен қатар, берілген программа бойынша автоматты түрде жұмыс істейтін механизмдер де (музыкалық автоматтар, шарманкалыр т.с.с) дамыды. Есептеуіш техника саласындағы маңызды прогресс Чарльз Беббидждің (XIX ғ. ортасы) есімімен байланысты. Лейнбицтің механикалық арифметикалық машинасы идеясын программамен басқару идеясымен біріктіре тырып, Беббидждің өзі аналитикалық деп атаған машинаның жобасын жасап шығарды. Бұл жоба іске асырылған жоқ, алайда өзінің мүмкіндіктері бойынша, Беббидждің машинасы алғашқы ЭЕМ-нен кем түспейтін: онда 50 ондық таңбадан тұратын 1000 санды сақтайтын зерде жасалған; арифметикалық амалдар Жаккардтық перфокарталарға жазылған программаға сәйкес орындалатын. Программада арифметикалық амалдардың бір тобын автоматты түрде қайталау, сонымен қатар амалдар тобын қайсыбір шарт сақталғанда ғана орындау мүмкін болатын. Беббидж машинасына байланысты программалаушы мамндығы пайда болды. Дүние жүзінің алғашқы программалаушысы ақын Дж Байронның қызы Ада Лавлейс болды. Ада Лавлейс жазған программалар қайсыбір сандық функциялардың мәндерін есептеуге арналды.....
ТІРІ АҒЗАЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫНА ТӘН ОРТАҚ БЕЛГІ Жануарлар өсімдіктерден тек өздеріне ғана тән, елеулі ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Сондай ерекшеліктердің ең негізгілері мыналар: Жануарлар дайын органикалық заттармен қоректенеді, яғни олар өз ағзасына қажетті қоректік заттарды – нәруызды (белокты), көмірсуды, май тәрізді заттарды өсімдіктен алады. Жануарлар белсенді қозғалады: көпшілігі бір жерден екінші жерге орын ауыстырады (отырықшылары да бар). .....