Курстық жұмыс: Биология | Қан құрамы және қандағы қант мөлшері

Қан құрамында қанттың болуы – адам денсаулығының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Қандағы қанттың деңгейі аз немесе көп болуы инсулин қосылымдары – гармон арқылы анықталады. Өйткені бұл асқазан асты бездерінің жасушалары арқылы пайда болады да, адам ағасындағы жасушалар арқылы қантты одан әрі игеруге әрекет ете бастайды. Осыған байланысты қант диабеті – адам ағзасында қанттың көп болуынан қалыптасатын ауру. Қандағы қанттың артуынан тамырдың қабырғалары мен жүйке түйіспелері зардап шегеді, себебі оларға енген глюкоза ұлпаларға зиян келтіретін затқа айналады. Нәтижесінде азғаның қалыпты жұмыс істеуін бұзатын өзгерістер пайда болады. Ал ағзада жіңішке тамырлар мен жүйке түйіспелері бар екені белгілі. Қан тасымалдайтын жіңішке тамырлар торабы көз торлары мен бүйректе анағұрлым дамыған, ал жүйке түйіспелері ағзаның өн бойында кездеседі (әсіресе жүрек пен мида), бірақ олар аяқта көп болады, ал дененің дәл осы бөлігі диабеттік асқынуларға бейім болып тұрады. Ең алдымен көз, бүйрек, аяқ зардап шегеді. Қандағы қанттың деңгейі аш қарында 120 мг. Пайыздан артық болуы адамдағы қант диабетінің дамуының бар екендігін көрсетеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | Құқықтық норманың түсінігі түрлері құрылымы

Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде “неге?” деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық – қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл – құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Аталған құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары менің дипломдық жұмысымның арқауы болып отыр. Жұмыс үш тараудан тұрады, әр тарау 2 бөлімді қамтиды. “Құқық туралы түсінік” атты 1-ші тарауда құқық ұғымы жайлы жалпы түсінік пен оның белгілері және нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың алар орны жайлы сөз етіледі.
Құқық ұғымы жайлы түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстым. Заң ғылымында “құқық” термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықты ресми түрде танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса, келесіде “құқық” деп құқық нормаларының жүйеленген жинытығы деседі. Ендігі ретте “құқықты” оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге тырысады.
Міне, осындайлық құқық терминіне анықтама беруден бастап, бұл бөлімде сонымен қатар оның өзіне ғана тән белгілерін аштым.
“Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны” – бөлімінде нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұратындығы, олар әлеутеммік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінетіндігі жөнінде сөз қозғалды. Осыларды аша келе І тарау мағынасы ашылды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Физика | Талдаудың радиометрлік әдістері

ТАЛДАУДЫН. РАДИОМЕТРЛІК ӘДІСТЕРІ
Радиометрлік талдау әдістеріне изотоптық сүйылту, радиометрлік титрлеу, радиоактивтік немесе жай ғана активтік талдау жәие т б. осы сияқты әдістер жатады. Бүлардың бәрі де α-, β-, γ- және n-сәуле шыгаруды өлшеуге неғізделген.
Радиоактивті сәуле шыгаратын заттармен жүмыс істеген кезде ерекше кауіпсіздік ережесін сактай отырып радиометрлік талдауды арнайы жабдықталған лаборато-рияда жүргізеді.
Изотоптык, сүйылту әдісі. Бүл әдіс бойынша күра-мыида зерттелетін элементі бар талданатын затқа белгілі бір меншікті активтілігі радиоактивтік изотоптың өлше-улі молшерін қосады. Мүган кейін аныкталатын эле-ментті түнбаға түсіру, шаймалау, электролиз, сорбция сияқты белгілі әдістердің бірін қолданып, талданатын за-ттан боледі де, оның активтіғін анықтайды. Кейде бүл әдіс изотопты қосу, изотоппен сүйылту не танбалау әдісі делінеді. Радиометрлік титрлеу одісі. Бүл әдісті екі түрлі жагдайда пайдаланады. Біріншісінде, анықталатын ион-мен нашар еритін түнба түзетін радиоактивті изотопы бар ерітіндімен титрлейді. Титрлеу процесінде ерітіндінің активтілігін олшейді. Екіншісінде, ерітіндіге анықталатын элементтің радиактивті изотопын индикатор ретінде ша-малы косады. Титрленуіне қарай анықталатын ион изо-топпен бірге түнбаға түседі де ерітінді активтігі төмендей келіп түрақтанады.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | XX ғ әлеуметтанушысы П.А. Сорокин

Социологиялық зерттеулер 50-ші жылдардың аяғында ғана өмірге келе бастады. 60-ші жылдары өзіндік «социологиялық өріске» даңғыл жол ашылады. Ғылым социологтар ұрпағы пайда болып, социологиялық орталықтар мен мектептер қалыптасты. Ленинград мектебі – А.Г. Эдиславов, А.С. Кон, В.А. Ядов және басқалар, мәскеу мектебі – Г. С. Осипов, Ю.А. Левада, Б.А. Грушин және басқалар, Урал мектебі – Л.И: Когон, М.И. Руткевич, Г.А. Заславская, В.И. Лейкин ілімдері айтарлықтай дамып келеді. Ал Қазақстанда мұндай мектеп болмады, бірақ 60-жылдардың ортасында социологиялық зерттеу өріс ала бастады. Оның орталығы Қазақстан Ғылым академиясының Философия және құқық институты болды.
80- жылдардың басында «социологиялық өріс» шын мәнінде тоқтап қалды. Бұл партиялық және мемлекеттік әлеуметтік болмыс жөнінде шындық білгісі келмеуге, социологтардың туындыларына қатал цензура мен бақылау қоюға, партиялық құрылымдардың зерттеумен ғылыми бағамдар нәтижелеріне араласына байланысты болды. Бұл жылдарды жергілікті социологияны дамуына әлемдік социологиялық ақыл-ойдың оқшау болуы көп қырсығын тигізді. Соның салдарынан кеңестік социологиялық ғылым әлемдік социологияның дамуынан артық қала берді.
80-жылдардың басында ғана социологияның дамуы үшін қолайлы жағдайлар туды. Социологияға дербес ғылым мәртебесі берілді. Материалдарды зерттеп, жариялау үшін социологияға еркіндік пен жариялылық жағдайы туғызылды. Социологиялық кәсіби білім беру жүзеге асырыла бастады. Түрлі орталықтар мен қызметтер пайда болып, қоғамдық пікірді зерделеумен айналысты. Алайда Қазақстанда, кеңестік дәуірден кейінгі басқа да елдердегідей социология кең құлаш жаймай отыр. Оның шетқақпай болуы республикада материалдық ресурстардың жоқтығынан ғана емес, жақсы даярлығы бар социологиялық кадрлардың жеткіліксіздігінен де болып отыр. Бұл сондай-ақ социологиялық білімінің керек деп танылмауымен байланысты. Ірі социологиялық мектеп жоқтығы кері әсер етуде. Сонымен бірге өтпелі кезеңнің күрделі проблемаларын жан-жақты социологиялық талдау жасау, республикада кәсіби және жалпы социологиялық білім берудің дамыту, әлемдік социологиялық ғылымға қатысу мүмкіндігі Қазақстанда көп кешікпей социологияны ойдағыдай дамытуға нақты жол аша алады.
ХХ ғ. Ұлы әлемтанушылардың бірі – Питирим Александрович Сорокин (1889-1968) – шығармашылығы ерекше назар аударарлықтай.
1889 ж 23 қаңтарда Турья ауылы, Еренский уезді, Вологод губерниясы, Ресей империясында дүниеге келген. Әкесі қолөнерші болған. 1914жылы Санкт-Петербургке құқық және заң университетін бітірді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Педогика | Зерттеу мәселелерінің жағдайын талдау

Педагогикалық ғылымының зерттеу әдістері. Ғылымның міндеті – зерттеу жұмысын жүргізу. Педагогикалық процесс өзінің қайталанбауымен ерекшеленеді. Зерттеу жұмыстарында осыған байланысты, басқа ғылымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Педагог – зерттеуші бір алған мәліметті өзінің зерттеу жұмысында ешқашанда ала алмайды.
Зерттеу жұмыстарын жүргізуде бірқатар шарттар орындалуы тиіс:
- белгілі бір қолайлы жағдайдың болуы;
- белгілі жоспармен, жүйелі түрде жүргізілуі;
- зерттелінушінің ынта-ықыласы мен қызығушылығын ескеру.
Педагогикалық зерттеу әдістері педагогикалық тұрғыдан бақылау, зерттеу мақсатындага әңгіме, мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық жұмыстарын зерттеу, педагогакалық эксперимент, алдыңгы қатарлы педагогикалық тәжірибені зерттеу, әлеуметтік зерттеу әдістері (анкета, рейтинг), математикалық статистиканың әдістері, педагогикалық идеяларга теориялық тұрғыдан талдау жасау және т.б.
Педагогиканың дәстүрлі зерттеу әдістері бар. Оларды кезінде Платон, Квитилиан, Коменский, және Песталоццийлар қолданған. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Құқық | ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ

Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапалы болашақ еңбек қоғамы азаматының құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы міңдеттерді орынды шешу мүмкін емес. Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнінде. Бұл құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық мәніне қарау.
Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде — бұл тұлғаның сүрделі, кешенді қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқықтың мазмұны бар әрекеттер мен қылықтарының орынды бағытын анықтайды.
Адамның құқықтық мәдениеті - күрделі. Әңгіме адам, оның анасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына келсек, бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология, медицина, заң т.б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.
Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда аға ұрпақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасты тәжірибесін негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.
Талантты педагог В.А.Сухомлинскийдің «қоғамды мазасыздандырып отырған құбылыстардың басты себебі мектептегі оқу жылдарындағы зиялылық мұраттарының бишаралығы және қуыс кеуделілігінің негізінде дамып отырған жас өспірідер мен жастар арасындағы маскүнемдік, бұзақылық, уақытты мағынасыз өткізу» деген тұжырымымен толық келісуге болады.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі маңызы

Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында «Қылмыстық процестің міндеттері болып, қылмыстарды тез және толық ашу, олады жасаған адамдарды әшкерелеу және жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады». Қылмыстық іс жүргізудің аталған міндеттері өндірістің кез-келген немесе әрбір стадиясында орын алуы мүмкін және өндірістің нысаны ретінде алдын ала тергеуде де орын алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабында көрсетілген жағдайларда алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.
Сондай-ақ алдын ала тергеу тергеушінің іс бойынша барлық мән-жайларды анықтап, зерттеп шешім шығаруға елеулі әсер етудің нәтижесінде 195-бапта көрсетілген негіздің біреуін басшылыққа ала отырып іс қысқартылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабына сәйкес қылмыстық істі қысқартуды алдын ала тергеудің аяқталуының дәстүрлі нысаны деп айтуға болады. Сонымен қатар қылмыстық іс қылмыстық процестің сот өндірісі стадиясында да қысқартылады (195,269,282,307,324,418,467-баптың 4-бөлігінің 6-тармақшасы, 477-баптың 2-бөлігі).
Қылмыстық істі кез-келген стадияда тоқтату үшін жиналған дәлелдемелерді бағалап, нақты тексеру қажет оның негізінде орын алған факті мен мән-жайлар анықталады, тек сосын ғана қылмыстық іс жүргізудің кез-келген стадиясында қылмыстық істі қысқарту іс бойынша қорытынды кезең болады. Егер жоғарыдағы мән-жайлар мен фактілер істің қысқаруын дәлелдей алмайтын болса іс қысқартылмайды.
Л.М.Володина, А.Я.Дубинский, З.З.Зинатуллин сияқты ғалымдардың пікірінше қылмыстық істі қысқартқан органның істі тергеуге байланысты құқықтары жойылады. Бұл жағдайда алдын ала тергеуде өндіріс бойынша іс қысқартылады.
Осыған байланысты қылмыстық іс бойынша өндірісті алдын ала тергеуде қысқартудың қорытынды шешімі болып табылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 35- тармақшасында қорытынды шешімге байланысты түсінік берілген. «Қорытынды шешім» - қылмыстық процесті жүргізуші органның іс бойынша іс жүргізудің басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын, сондай-ақ түпкілікті болмаса да істі мәні бойынша шешетін әртүрлі шешімдері.
П.М. Давыдов, А.Д. Донценко, И.Я. Дюряшин, Б.Қ. Төлеубекова қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту – шешімнің болуын көрсетеді. Е.А. Челышев мұндай шешімді басқарушы акті деп қарастырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Өнеркәсіптік өнім сапасы және оны жоғарлатудың маңызы негізгі жолдары

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.
Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.
Бірақ бәсекеге қабілетті болу міндетті түрде ең жоғары сапалы өнім шығаруды ғана білдіре бермейді. Сапа деңгейі халықтың анықталған деңгейіне арналып, әртүрлі болу мүмкін. «Мерседеспен» барлық адамдар жүре бермейді, бірақ барлық машиналар эксплуатацияда сенімді және қауіпсіз болу керек. Мұның бәрі сапаны оперативті және икемді басқаруды талап етеді.
Сонымен қатар, сапаны басқару стандарттаумен тығыз байланысты, өйткені оның нормативтік базаның негізі сапаны бағалау, сапаға талаптар қойылған стандарттар болып табылады.
Қазіргі нарықтық экономика негізінде шығарылған өнімнің сапасына басқалай талап қойылады. Бұл қазіргі дүниеде кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі, оның тауар нарығындағы және қызмет көрсетудегі орнықты жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейін көрсетеді. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Шығарма: Жер бетінде бұзылмасын тыныштық!

Отаным, еркелегем өзге кімге,
Өзіңмен нені болсын көргем бірге...
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген күнде?
Ғ.Орманов.
«Отан отбасынан басталады» деген сөзде терең мағына жатыр. Себебі Отан мен ана деген егіз ұғым - адам өміріндегі ең басты қасиетті сөздер. Өз Отанына қызмет еткен, топырағынан қуат алып, асқақ армандарына құлаш созған ата-бабаларымыз дархан даланы келешек ұрпаққа мұра қылып қалдырған.Алып қазақ сахарасын көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю- әр қазақтың міндеті және азаматтық борышы. Өйткені Отан деген тек өскен жерің ғана емес, ол-күнделікті отбасы, ошақ қасың, ауасын жұтып, суын ішіп, байлығын игілігіне жаратып, отырған кең-байтақ жерің, құрбықұрдастарың, ата-анаң, өмір сүріп жатқан туған елің. Қойнауы қазынаға, өрісі малға толы ырысты атамекенді қорғау, амандығын тілеу, ел болашағына жауаппен қарау, әрбір елім деген азаматтың перзенттік борышы.
Әр адам баласына туған күнінен жақын ең қымбат жан ана болса, есейген сайын «Отан, туған жер» деген ұғымдардың мәніне терең бойлап, үңіле бастайсың. Оны түсінген сайын, Отанның маңыздылығын сезінеді екенсің. Отанға деген ыстық сезімді өмір бойы адамдар жүрегінің бір түкпірінде сақтап жүреді.....
Шығармалар
Толық
0 0

Реферат: Патент негізінде жұмыс жасайты кәсіпкерлік қызметте салық салуды есептеу және талдау

Жұмыстың негізгі тақырыбы – патент болып табылады. Ең бірінші салыққа түсініктеме беріп, содан соң оның арнайы түрлеріне тоқталайық.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін, экономиккада елеулі өзгерістер орын алды. ҚСРО–ның құлдырауына дейін жоспарлы экономика өзінің жарамсыздығын көрсетті. Нарықтық экономиканың қалыптасу процесінде ТМД мемлекеттерінің әрқайсысында жаңа өндірістер нысаны мен жаңа капиталдық қатынастар дамыды.Срның ең бір негізгісі болып салық жүйесі табылады.
Салық – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген белгілі бір мөлшерде жүргізілетін қайтарымсыз түрде болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлем.
Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субъектілері мен азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынасы.
Енді біз салықтың арнайы режимдеріне жататын патент негізінде жүргізілетін салық түріне тоқтала кетсек.Бұған байланысты жасалынған схемаға көңіл аударайық.

Бұл схема арқылы біз арнаулы салық режимдерін кімдер төлейтінін анық көреміз.
Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын құжат.
Патенттеу негізгі қызметі – жаңалықты енгізетін тұлғаға монополияны қамтамасыз ету болып табылады.
Патенттеу мақсаты – сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу.
Осы тақырыпты мазмұндау барысында мен көптеген патенттік терминдермен таныстым. Бұл терминдер патентпен жұмыс істеуде қажет
Патенттелген өнеркәсіп меншік объектілері – қорғау құжаттары берілген өнеркәсіптік меншік объектілері.
Патент жүргізуде мынадай құжаттармен танысамыз:
Бюллетень - өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау мәселелері жөнінде Қазпатент шығарып тұратын мерзімдік басылым.
Лицензиялық шарт - патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беру шарты.
Патентті сенімді өкілдер – жеке және заңды тұлғалардың Қазпатент алдындағы өкілдеріне заңдарға сәйкес құқық берілген азаматтар.
Патентке қабілеттілік жағдайлары - өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтық қорғауды берудің осы Заңда көзделген жағдайлары.....
Рефераттар
Толық
0 0