Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ерігіштік және ерітінділер Сабақ тақырыбы: Әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.2.3.2 әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу Сабақ мақсаттары: -әрекеттесуші заттардың біреуі артық алынғандағы химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізу;.....
Пародонт ауруларын комплексті емдеуде тістерді таңдап егеу негізгі шаралардың бірі болып табылады, окклюзиялық бұзылыстарды қалпына келтіру және тістерің тірек тіндерін жарақаттаушы окклюзияны реабилитациялау және алдын алу үшін стимуляциялы, функциональды қысымды қалпына келтіру болып табылады. Жарақаттаушы окклюзия – бұл бір тістің немесе бір топ тістердің функциональды қысымынан болатын тіс қатарының патологиялық жағдайы, ол пародонт тіндерінің өзгерісіне, бұлшық ет дисфункциясына, самай – төменгі жақ буынының ауруларына алып келеді. Жарақаттаушы окклюзия интакті пародонт кезінде де болуы мүмкін, тым көп немесе бағыты бойынша дұрыс емес окклюзиялық қысымнан және пародонт ауруларында тістің тірек тіндерінің әлсіздегенде болуы мүмкін. Бұл кезде қалыпты окклюзияның өзі де тіс тіндерін қоршаған толеранттылыған жоғарылап қарапайым окклюзияның өзі жарақаттаушы факторларға айналады. Комбинирленген жарақаттаушы окклюзияның жоғары қысыммен пародонт ауруларының бірігуінен пайда болады. Клиникада көбінесе тістердің ерте түйісуінен болатын травматикалық окклюзиямен науқастар кездеседі, ол керексіз бүйір қысымға алып келеді( горизонтальды және қисық), ол пародонт ауруының негізгі патогенетикалық факторы болып келеді. Окклюзиялық түйісудің үш класын ажыратады. Бірінші класс- төменгі моляр және премолярдың ұрт төмпешіктерінің вестибулярлы бетіндегі локализациясы, тағыда төменгі күрек және сүйір тістердің вестибулярлы бетінде. Екінші классқа жоғарғы моляр және премолярлардың таңдай бетіндегі таңдай төмпешіктерінің алдын ала түйісуі жатады. Үшінші класс- жоғарғы моляр және премолярлардың ұрт бетіндегі таңдай төмпешіктердің ерте түйісуі. Ерте түйісу дара тістердің немесе топ тістердің қажалуының болмауынан, тағыда породонттың зақымдалуынан тістердің орнының өзгеруінен болады. көрші тістің болмауы, антогонист тістің окклюзиялық бетінде пломбаның қатты қажалуы, жақтың дамуының аномалиясы тіс қатарының окклюзиялық бетінің деформациясына алып келеді. Бұл кезде тістерді таңдап егемейді оның орнына окклюзиялық бетті өзгертетін тіс бөліктерін егейді. Тістерді таңдап егеу тістемнің ақауында, тіс қатарының ақауында, тістің қатты тіндерінің бір қалыпты қажалмауында, төмпешіктердің физиологиялық қажалуының болмауында көрсетілген. Тістерді таңдап егеудің көрсеткішіне пародонт тіндеріне қысымның артық түсуінің клиникалық және рентгенологиялық әдістердің болуы: бөлек тістердің қатты қозғалғыштығы, тіс мойынының және түбірінің жалаңаштануы, жоғарғы немесе төменгі күрек тістердің алға шығуы, желпігіш(веер) тәрізді орналасуы, жақтардың түйісуінің орталық, бүйір және алдыңғы окклюзия кезінде тістердің ерте түісуі кезінде, жақтардың қозғалысына кедергі жасайтын тістердің окклюзиялық бетінің бөліктерінің болуы. Тістерді таңдап егеуді тіс қатарының көптеген түйісу нүктелері болу үшін жасалынады, пародонт тіндеріне функциональды көп қысымның түсуін жою үшін және төменгі жақтың свободной кинематикасы үшін жүргізіледі. Тістерді таңдап егеудің уақыты аурудың клиникалық суретіне байланысты. Жарақаттаушы окклюзиясы бар және пародонттың айқын қабыну симптомы бар науқастарда тістерді таңдап егеуді тек қабыну үрдісін жойғаннан кейін жүргізу керек. Егер клиникалық суретте сүйек қалталары бар сүйек тінінің деструкция симптоматикасы алда тұрса онда тістерді таңдап егеу операция алды кезеңінде немесе хирургиялық ем кезінде жүргізіледі. Себебі репаративті процесс кезінде окклюзиялық жарақатты болдырмау үшін.....
Логистика - клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды.
Логистиканың негізгі мақсаттары Логистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі көздейтін мақсаттарынжұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға байланысты деп шартты түрде бөлуге болады. Оларға жататындар: қысқа жеткізу мерзімі, мүліктің төмен деңгейде ұсталуы және өндірістік қуаттарды жоғарғы деңгейде пайдалану. Логистика салалары Логистиканы келесідей салаларға бөлуге болады: Қамтамыз ету логистикасы Өндірістік логистика....
Аудан аткомның "төтенше өкіл" деген мандатын төрт бүктеп боқшаңа салып, ауылдық "орындаушыға" келіп ылау тауып бер деп шұқшисаң, ол қалбалақтап сені Шегірдің үйіне алып барады.
Жай табан етігін қонышынан басып, жаман тымағын қисайта киіп, іш ауру болған адамдай көзі тікірейіп, Шегір алдыңнан шығады.
— Е, ылау жалғыз маған міндет пе екен? Жектір басқадан,- деп ол орындаушыны беттен ала түседі.
— Сенің жамандығың. Жаман болған соң, басынып келіп тұрғанын көрмейсің бе? — деп күйенте асынып тұрған қара қатын Шегірді шаптай түседі.
— Сөзді қой, отағасы, үкімет жұмысы екенін білесің ғой, науқанның тығыз екенін де білесің... әкел, жек! — деп орындаушы сөзді тікесінен қайырып, сұстанып бір алады.
Сен "төтенше өкіл" болсаң да, шаруаға қатаңдық көрсеткің келмей:
— Кезек сіздікі болса, жегіңіз, отағасы, біз ақша төлеп мінетін адамбыз,— десең, Шегір ала көзімен бір қарайды да:.....
Бұл Мұқағали ақынның «Өмір деген біреу бар» атты өлеңінің екінші буынының алғашқы егіз тармағы осы жолдарды оқығанда бір шама ойға берілдім.
Бұл не ақйық ақынның ар алдында ағынан жарылған ақжар ма тұсы ма... жоқ әлде тәңірі ерекше талант силаған періште көңілдің көрінісі ме?!
Қалай десек те болмай жатып болдым, толмай жатып толдым дейтін таланттан, ең бастысы ар ұяттан жұрдай өздерін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетуде тырысатын ақындардың пешенесіне жазылмаған сыршылдық.
Бұл сыршылдық демекші Мұқағалидың кез келген өлеңі тұнған сыр. Ол сізді өзінің сырына ортақтастыра, ой бөлісе отырып, өзі мен бірге қуантып, өзі мен бірге мұңайтады.
Сіз Мәшһүр Жүсіп Көпеевті білесіз бе? - Иә, дедім мен, ол кісі біздің жерлесіміз ғой. Бейіті қай жерде?
- «Жаңажол» совхозында.
- Жоқ, дәлірек атасаңызшы.
- Онысын онша біле қоймадым.
- Менің біршама қысылып, қолайсызданып қалғанымды аңғарған ол:
- Ол кісінің бейіті өзің айтқан «Жаңажол» совхозының Ескелді деген жерінде. Басында болмағаның көрініп-ақ тұр. Тек шыныңды айтшы, қазірде сен қатарлылардың көбі атеистер ғой, Мәшекеңе деген көзқарасың қалай.
- Шынымды айтсам атеистігім шамалы. Алла мен аруақты ауыздан тастамай келе жатқан жай бар, аға. Ал аруағыңнан айналайын Мәшекеңді... .....
35-53°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарын әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді....
Дала зонасы Қазақстанның біраз территориясын яғни Республика жер көлемінің 26 % ініен астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды далазонасыың оңтүстігінен басталып, батыстан шығысқа қарай 2200 км ге созылған кең алқапты қамтиды шамамен 54 – 50С с.е аралығында орналасқан. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстүртінің солтүсігі , Мұғалжар тауы бүтіндей дерлік, жалпы сырттың сілемдері , каспий маңы ойпатының солтүстік шеті, орал етегі (жем) үстірті, сарыарқаның солүстігі және орталық аудандары жатады. Дала зонасының жер бедері әкімшілік аумақтық жағынан Батыс Қазақстан, Ақтөбе , Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарын қамтиды. Даланың климаты континентті. Жазы ыстық және құрғақ келеді, ал қысы қатаң, қар аз болады. Қаңтардың орташа темпаратурасы 16-18 градус шілде айында солтүстігінде +18 тан оңтүстігінде +23 градусқа дейін жетеді. Жылына 300 мм ге дейін жауын шашын түседі бірақ мұның мөлшері солтүстіктен оңтүстіке қарай азайа береді. Климат жағдайлары егін шаруашылығымен шұғылдануға толық мүмкіндік береді. ....
К І Р І С П Е Еліміз бүгінгі күні құқықтық, демократиялы ел болуға бет бұруда. Бұл асқақ мақсатқа еліміздің өткен тарих қатпарларындағы дала демократиясының көрінісі болып табылатын құбылыстарды танып, бүгінгі елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың арқауы ете білген де ғана жетеміз. Сонымен қатар бұл еліміздің жалпы адамзат қауымдастығындағы өзіндік бет-бейнесі бар ел екендігін танытуға мүмкіндік береді. Және де бүгінгі таңдағы жергілікті жерлерде көрініс беріп жатқан ұлттық-құқықтық қайта жаңғырығулардың табиғатын тануға жол ашады. Билер институтының Кеңес дәуірінде таптық көзқарастың тезіне түсіп, сұрықсыз түспен боялып, кертартпа, үстем таптың қол шоқпары ретінде бағаланғаны бізге аян. Ал бүгін бұл мәселені жалпы өркениеттілік құндылықтар тұрғысымен қарау кезек күттірмей жүзеге асыруды қажет ететін шаруа. Міне осы және жоғарыда айтылғандар тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін аңғартады. Билер институтының бірнеше ғасырларға созылатын зерттелу тарихы бар. Бұл қазақ әдет-ғұрып құқығының дәстүрлі институты туралы деректің бастауы қытай елінің қорларында жатыр. Оны кейінгі кездерде белгілі ғалым Қ. Салғараұлының сол елдерден әкелген және де бұрыннан бізге белгілі еңбектерден білеміз. Ал билер институтына қатысты деректердің жүйелі жиналуы Ресей патшалығының қазақ елін отарлауымен байланысты. Осы тұстарда бұл институттың әр қырын терең тануға мүмкіндік беретін материалдар кең көлемде жинастырылды. ....
Барлық шаруашылық жүргізші субъектілер өз ақша қаражатта¬рын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттармен белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі. Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылғы байқалады. Нақты ақшамен субьектілер персоналмен еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен жөне кредиторлармен қолданылып жүрген заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы өтпейтін төлемдер бой¬ынша есеп айырысады. Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару арқылы есеп айырысудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде ұсақ төлемдерді субъектілер кассадан қолма-қол ақшамен, почта аударылымымен немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге құқылы. Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген баска жағдайларда ғана жол беріледі. ....