Өмірбаян: Ескендiр Хaсaнғaлиев Өтегенұлы (1940 жылы 13 ақпан)

Ескендiр Өтегенұлы Хaсaнғaлиев (13 ақпан 1940, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы) — әншi (лирикaлық бaритон), композитор, музыкант. Қазақ КСРнің Халық артисі (1984). Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері (2006). Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2010).

Өмірбаяны
Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хорлық фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н. Шaриповaның клaсы бойыншa курсты бітірген.
Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бiтiрдi.
1970 жылдaн бaстaп, Қaзaқ рaдиосы мен теледидaрының солисi. Е. Хaсaнғaлиевтiң орындaу мәнерi жоғaрғы кәсiби деңгеймен ерекшеленедi. Ол Қaзaқстaнның белгiлi эстрaдaлық әншiлерi орындaйтын көпшiлiкке жaқсы тaнымaл әндердiң aвторы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Реферат: Дүние жүзі тарихы | Тоғыз жүз тоқсан екінші авиациялық түнгі бомбалаушылар полкі

Тоғыз жүз тоқсан екінші авиациялық түнгі бомбалаушылар полкі - әскери бөлім. 1942 жылы қыркүйекте Алматыда жасақталған. 1943 жылы 20 ақпанда Новгород облысы Хвойная ст-на жеткізіліп, Ерекше әскерлер тобының, кейіннен Солт.-Батыс майданындағы 68-армияның құрамына кірді. Соғысқа кірген алғашқы 9 күнде 320 рет әуеге көтеріліп, байланыс жасады, жаралыларды тасыды. Келесі 20 күнде 294 рет әуеге көтеріліп, Старая .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Рабиндранат Тагор | Дәптер

Оманың жазу-сызуды үйренуі-ақ мұң екен, тіпті қолды-аяққа тұрмады. Үй қабырғасында көмірмен шимайланбаған бір жер қалмады: "Су ағады". "Жапырақ қыбырлайды".

Осы үйдегі келін төсегінің басынан "Хоридаштың сыры" дегенді тауып алды ол бірде. Кітаптың парағы сайын қарындашпен: "Қара су, қызыл гүл" деп жаза берді.

Жаңа күнтізбедегі бар жұлдызды да шимайлап тастады. Әкесінің кіріс, шығысты тіркейтін кітапшасына да белгілер салып қойды: "Жазып-сызып, оқи білген адам күймемен жүреді".

Белгілі бір кезге дейін оның бұл өнеріне ешкім көлденең тұрмап еді, бірақ бір ретте үлкен қолайсыздық болып қалды.

Қыздың үлкен ағасы Гобиндолал көзге қораш, тым күйкі жігіт болса да, газетке жазып тұратын өнері болушы еді. Онымен бір сөйлескеннен кейін-ақ осы бір ойшыл адам-ау өзі деген күдік ешкімнің басына да келмейтін. Сөйтсе де ол газетке ат салысып жүрді, әрі оның пікірі бенгал оқушыларының көбінің пікірімен тоқайласа кететін еді. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Сол атеист қайда екен

Исламға құзғындайын шүйілген,

Молдаларға қабақтары түйілген.

«Алла» деп ем әлдеқалай байқамай,

Бүйідейін бүре кетті бүйірден.

-Не дедің?- деп сұрады ол сұстанып.

-Жәй,- деймін ғой баяғы.

-Естідім ғой «Алла» дедің сен анық,

Үлкен айғай боп кеткен еді аяғы.

-Комсомолсың, «Алла» дейсің тағы да,

Надансың,- деп тиді дерсің шамыма.

Ол кездерде мінезіміз болатын ед тым шадыр,

Сарт еткізіп,салып қалдым жағына,

Сол-ақ екен қуғын-сүргін басталды,

Комсомолдан шығарып-ақ тастады.

Қайтем бәрін көргенімнің тізбектеп,

Шашымды алды, орнында бас қалды.

Сол атеист көрші болды менімен,

Жүріп жаттық әркім өз жөнімен.

Біреу бірде есік қақты түн іші

Ентігіп тұр бір әйел

Тарылғандай тынысы.

-Үйдегі ағаң бетін оңға бұрды анық,-

Деді-дағы сыбыр етті сұрланып.

-Міне, адрес ертіп кел сен молданы,

Тек сыр шашпа,- деп,- тірі жанға,- өтінді.

Молла маған: «Бірге жүр»,- деп болмады.

Сырқат менің атеисім боп шықты.

Арпалысып жатса-дағы дертіменен

Мені анық таныған ед ол-дағы.

-Алла, Алла,- деп есінен сан жаңылды.

Қанша рет дем салғызды кім білсін,

Ал мен болсам күйініштен

Соққан едім санымды.

Атеистер Алла атын атауға да шошынған,

Сыр ашатын кейде осылай тосыннан.

Үкіметті, адамдарды алдауменен күнелтіп,

Талайларды түтетін ед жүн етіп...

Сол атеист көрінбейді бұл күнде

Кетті ме екен әлде олардың күні өтіп?-

Деп Сарыбай маған сауал тастады.

-Біле алмадым.

Менің ойым басқа-ды:

Атеистер құрыды ма- құрысын,

Ашық болсын дінсіздерден

Тәуелсіз ел аспаны.

Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Соқыр ат соғысқа қатысқан ба

(әңгіме)

- Саған осы атты лайық көрдік, Жолдыбай. Өзгелерден бойың да, жасың да кіші екен. Алас ұрып тұрған асау атқа ие бола алмассың. Жолдыбай бригадир меңзеген атқа жүген сала тұрып, аттың бір көзінің жоқ екеніне, қабырғалары арса-арса, мейлінше жүдеулігіне, ең бастысы, арқасындағы ошақтай жауырынынан тамшылап ағып тұрған қанды іріңге назар аударған. Өздеріне тиісті аттарын жүгендеп алып, көңілдері тау бұлағындай тасқындап тұрған балалардың бірі.

- Опыр-ай, мына Жолдыбайдың асығы алшысынан түсуін қара, соқыр десең соқыр, жауыр десең жауыр. Мына атқа мінгенде, біздің Жолдыбай әлгі кім еді, диірменмен соғысатын?

- Е-е, ол жазушы Сервантестің Дон Кихоты ғой. Санчодан аумай қалатын болды тегі,- деп тұрғандарды қыран күлкіге бөлеген. Жолдыбай ел қатарлы атын ерттемек болғанда, қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсіңнің кері келіп, соқыр ат ер салғызбай мөңкіп тулап, әлек-шәлегін шығарған. Өлдім-талдым дегенде ерді салып, айылын тарта бастағаны сол еді, аспанға шапшып, тебініп, шайнап ала жаздаған.Мұны көрген шөпші балалар: .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш мектеп оқушыларының үлгермеушілік себептерін болдырмау,

Кіріспе
Қазіргі таңда еліміздегі оқу тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар біліммен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгіңгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастармен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Қай заманда да мектеп қоғамының әлеуметтік экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Рухани жан дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі бола алады.
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Еліміздің қоғамның эканомикалық, саяси – мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік цивилизацияға көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеп шығару – мектептің ұстаздар қауымының бүгіңгі таңдағы жетпес міндеті. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Қазақ тілі | Бастауыш сыныпта мазмұндама жұмыстары арқылы тіл мәдениетін ұстарту

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік тауар айналымында өз орнын алуға ұмтылыстан туған үрдіс. Мұндай үрдістен білім беру салалары да шет калған жоқ. Соның әсерінен қазақ тілін оқыту үрдісі жетілуде. Бұл мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы ұйымдастыруға алып келді. Бұл үрдіс оқушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана-сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан - жакты дамытуға арналған.
Елбасымыз өзінің биылғы жолдауында білім беру және білікті кадрлар даярлау жүйесі жайлы сөз етті. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет екенін айтқан. Сондықтан он екі жылдық оқуға көшу шеңберінде техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындарында одан әрі оқуды таңдағысы келетіндерге он жылдық орта білім беруді жоққа шығаруға болмайды. Адамның өмір бойы білім алуына жағдай жасауымыз керек делінген. Сонымен қатар ЖОО-дың мәртебесі мен мамандыққа қарай мемлекеттік гранттардың құнын саралауды ойластыруымыз керек делеіген.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Жылжымайтын мүліктерді бағалау

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің тіркеу қызметі комитетінің Алматы облыстық Райымбек ауданы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы бұрынғы техникалық түгендеу бюросы (БТИ) алғаш рет аталған ауданда 1987 жылдан бері ТТБ 1999 жылға дейін, 1999 жылдан бері кәсіпорынның аты өзгеріп жоғарыдағы атпен жұмыс істеуде.
Бұл орталықтыңфункциялары:
- жылжымайтын мүлік объектілерін тіркеуден өткізу;
- Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық төлқұжат әзірлеу;
- Жылжымайтын мүлік объектілері бойынша инвентаризация жүргізу;
- Жеке тұрғын үй қорының тұрғын үйге берілетін техникалық төлқұжатын әзірлеу; ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Көлік географиясы

Көліктің жеке алғанда ешкандай өнім өндірмейтіні мәлім, бірақ оның шаруашыльщгағы маңызы зор, көлік болмайьшша кез келген аумақтың казіргі экономикасы, бейнелеп айтканда, бір күнде тіршілік ете алмайды, өйткені өндіруші өнеркәсіп пен өндеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, өнім мен оның тұтынушылары арасындағы байланысты қамтамасыз ете алатын тек кана — көлік. Сонымен катар, көлік еңбек бөлінісін кеңінен дамытуға және осьшың негізінде жекелеген республикалар мен экономикалық аудандардағы шаруашылықгардың мамандануьш тереңдете түсуте мүмкіндік береді. Демек, келік - өндіргіш күштерді дамытудьщ куатты құралы. Көліктің барлық түрлері әдетте өзара тығыз байланысты болып, бірін-бірі толықтарады және қызмет көрсететін біртұтас кешен түзеді
Көліксіз шаруашылық салаларын дамыту мүмкін емес. Олар арқылы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасында өндірістік байланыс орнайды. Олардың арасында, сондай-ақ облыс, аудан, қала мен ауыл арасында өнім алмасу жүреді, сыртқы саудаға жол ашылды. Көліктің міндеті — шаруашылық салаларының және халықтың жук пен жолаушы тасымалдау жөніндегі қажетін толық қанағаттандырып, түрлі аймақтар арасындағы байланысты қамтамасыз ету. Көлік аумақтық еңбек бөлінісшің негізі болып табылады. Тек көліктің көмегімен ғана экономикалық аудандарды мамандырып, кешенді дамыту мүмкін болады. Көлік неғүрлым жетілдірсе, республмкада географиялық еңбек бөлінісінеэ экономикалық аудандардың мамандануы мен кешеңді дамуына соғұрылым көп мүмкіндік туады. Жер келемі ұланғайыр, табиғат байлықгары мен халқы әркелкі орналаскаы Казақстан үшін көліктің маңызы аса зор. Республикада кұрғақ жолды (темір жол және автомобилъ), әуе, су (теңіз және езен), кұбыр жене электрондық (электр жеткізу желілері) сияқгы көлікгің барлық түрі дамыған. Олардың барлығы қосьшьш бірыңғай кедік жүйесін түзеді. Өзара көліктік тораптармен біріккен барлық көлік жиынтығы көлік кешенін ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТІН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Педагогиканың да өзіне тән ғылыми – зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір педагогикалық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.
Тәрбие мен оқытудың нәтижесі тек қана мұғалімнің тиімді әдістерді қолдана білуі мен педагогикалық шеберлігіне байланысты емес, ол оқушылардың қабілеттілігіне, жан – жақты дамуына және осы сияқты толып жатқан факторларға байланысты. Басқа дәл ғылымдарға (физика, математика, химия) қарағанда педагогикалық құбылыстарды зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, дәл ғылымдар бойынша экспериментті қайталап жүргізуге болдаы. Егер бұрынғы жағдай ескеріліп, сол кезеңдегі материалдар пайдаланылса, экспериментті қайталап жүргізу тиімді нәтиже бермейді. Себебі, педагогикалық зерттеудің объектісі – баланы тәрбиелеу. Сондықтан педагогикалық процесте және кейбір сыртқы факторлар (даму барысында оқушыларда пайда болатын өзгерістер, әлеуметтік және микроортада кездесетін түрлі жағдайлар және т.б.) әсер етеді.
Міне, осы тұрғыдан қарағанда ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері баланың денсаулығына зиян келтірмейтіндей және оқу – тәрбие процесін жетілдіру бағытында қолданылуы қажет.
Педагогика ғылымында қолданылатын зерттеу әдістеріне бақылау, әңгіме, мектеп құжаттары, оқушылардың жұмыстары, эксперимент және т.б. жатады.
Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей, бұл бағытта педагогика үлкен прогереске ие. Бір кезеңдерде педагогика үстірт философиялық - әлеуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана зерттеліп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келді ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0