Қазақ эстрадасының әншісі Индира Расылхан желіде орысша сөйлегені үшін сынға қалған жолдасын жақтап шақты. Өнер иесі отағасы екеуін сөгіп тастаған көпшілікке жауап беріп, қызу талқыға түскен видеоларына қатысты пікір білдірді деп жазады NUR.KZ.
Индира Расылхан оқырмандарына отбасылық бейнежазбасын көрсетемін деп басы бәлеге қалды.
Әнші аталмыш видеода күйеуімен орысша сөйлесіп, оған тамақ әзірлетіп қойғаны үшін елден оңбай сөз естіді........
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. ХХІ ғасырдағы әлемдік экономикалық жүйенің басты сипаты қаржылық жаһандану болып отыр. Ол халықаралық экономикалық өмірдегі қаржылық қызметтердің үлесінің арту үдерісін жеделдетуге септігін тигізуде. Ал бағалы қағаздар нарығының биржалық жүйесінің жаһандануы сол қаржылық жаһанданудың бірден-бір ішкі құрамдас бөлігі болып табылады. Биржа нарығының тиімді қызмет етуі кез – келген ел экономикасы үшін маңызы зор. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Біз тиімді жұмыс істейтін биржа нарығын құруымыз керек. Халықты өзінің жинақтауларын құнды қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес халықты инвестициялық сауаттылық әліппесіне нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыс жүргізу де қажет», - деген болатын. Сондықтан да қазіргі таңда Қазақстан биржа нарығын қарастыру өзекті болып отыр. Бағалы қағаздар нарығының, биржа нарығының, капитал нарығының қызмет ету негіздерін алғаш болып әлемдік экономикалық түсініктердің негізін қалаушылар А.Смит, Д.Риккардо, К.Маркс және Ф.Энгельс өз еңбектерінде қарастырды, ал одан кейін әртүрлі ғылыми мектептердің өкілдері Л.Брентано, К.Бюхер, М.Вебер, Т.Веблен, К.Викселль, Э.Линдаль, Э.Лундберг, А.Маршалл, К.Менгер, Д.Норт, Б.Улин, Г.Шмоллер, А.Штиллих олардың ізін жалғастырды. Қазіргі заманғы шетелдік зерттеушілердің ішінен П.Айтман, Дж.Далтон, Г.Дефосса, С.Классенс, М.Осфелд, А.Тейлор, Дж. Тьюлз, сондай-ақ, ресейлік Л.Абалкин, М.Алексеев, Е.Алифанова, В.Боровкова, А.Вострокнутова, В.Галкин, Л.Добрынина, Е.Жуков, О.Иншаков, Г.Каменева, А.Малявина, В.Масленников, Я.Миркин, Б.Рубцов, В. Торкановский, Г.Черников сынды ғалымдарды атап өтуге болады. Отандық зерттеушілер Г.А. Абдрахманова, Д.Т. Бохаев, А. А. Ильясов, М.Б. Кенжегузин, Г.С. Сейтқасымов қор нарығының қалыптасу және даму мәселелерін, Г.Н. Шалгимбаева – реттеушілік инфрақұрылымын, В.Ю.Додонов – дамушы қор нарықтарындағы акциялар портфелін басқаруды, А.Р. Сайфуллина – нарық инфрақұрылымының қалыптасу мәселелерін қарастырған. Бүгінгі таңға дейін, қор нарығы және оның инвестициялық үрдіске әсерінің теориялық және әдістемелік дәлелдемелері отандық экономикалық әдебиеттерде жеткіліксіз деңгейде қаралған. Осыған байланысты қор нарығының қызмет етуін, қор нарығы арқылы инвестицияларды тартуды ынталандыру механизмін қарастырумен байланысты зерттеулер бүгінгі күнде өзекті болып отыр. Жұмыс мақсаты: Қазақстандағы биржа нарығының қызмет етуін шетелдік тәжірибемен салыстыра отырып, оларды жетілдіру жолдарын тәжірибелік тұрғыдан зерттеу болып табылады. Зерттеу міндеттері: • Биржа нарығының экономикалық мазмұнын ашу және оның қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін факторларды жіктеу; • Қазақстандағы биржа нарығының құрылымы мен динамикасының өзгеруін талдау, сондай-ақ оның дамуына әсер ететін негізгі факторларды анықтау; • Биржа нарығының қызмет ету механизмін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау; • Қазіргі жағдайдағы биржа нарығының даму болашағын айқындау.....
Кіріспе Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесінің барлық сатысы жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталған. Оның ішінде бастауыш мектеп білім, білік, дағдылардың тұтас жүйесін қалыптастырып, баланың танымдылық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделген алғашқы баспалдағы. Соңғы жылдары бастауыш білім ісін жаңарту, қайта құру барысында қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осы салада алдыңғы қатарлы ғалымдардың, жаңашыл-педагогтардың, тәжірибелі ұстаздардың пікірлері талқыланып, жаңа тұжырымдамалар, жобалар, бағдарламалар жасалуда. Қазақстан Республикасының 2003 жылы жарық көрген білім беру ұйымдарындағы кешенді тәрбие бағдарламасында баланы адамгершілік тұрғысынан тәрбиелеуді көздеп, оның рухани дүниесінің қалыптасуы мен ақыл-ой дамуының тиімді құралы болып табылатын эстетикалық тәрбие маңызды орын алады. Кез-келген мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, адамгершілік және мәдени потенциалдары тікелей білім беру аясы жағдайы мен оны ұдайы дамыту мүмкіндіктеріне байланысты екендігі баршаға анық. Осы жағдайларды түсіну Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасын даярлауға әкелді, бұл қазіргі уақытта үздіксіз білім беру стратегиялық қайта құрудың бастауыш сатысын тікелей жүзеге асырудың ең бір тактикалық бағыттарының бірі ретінде қабылданды. Концепцияда бастауыш мектептің негізгі міндеті: баланың бастапқы қалыптасуы мен оның қабілеттілігін анықтап, дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.....
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде болады», - деп атап көрсеткен [1]. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, дәуірдің күн тәртібінде тұрған келесі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Бұндай күрделі екі мәселені жүзе асыру үшін ана тілімізді толыққанды меңгеруіміз қажет-ақ. Ал тілімізді толыққанды меңгеру үшін өткен тарихымызға талдау жасамасақ тағы да болмайды. Тарихты білмей бүгінгіні құру, болашақты болжау мүмкін емес. Яғни, тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр. Мұхтар Шаханов «Тарихты білмеу – тамырсыздық» - дей келе: Туған жері – түп қазығы, айбыны, Туған тілі – сатылмайтын байлығы. Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі, Қадамына шуақ шашар үнемі» - десе [2] Қазақстанның Ресейге бодан болғаннан бергі тарихындағы XX ғасырдың алғашқы ширегін «саяси күрестер мен рухани жаңғыру кезеңі» деп айтуға әбден болады. Бұл кезеңде саяси күрес сахнасына Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол кезеңдегі Еуропадағы саяси күрестің бет алыс бағдарларынан әбден хабардар, экономика, құқық тарихы мен теориясын терең меңгерген қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобы шықты. Олардың басым көпшілігі ғылымға емес – утопияға, демократияға емес – авториторизмге негізделген болшевизм идеясын қабылдамай, баррикаданың арғы бетіне шығып, өз елінде, өз жерінде отырып азап шеккен қазақ халқының мұң-мұқтажын қорғауды мақсат еткен Алаш партиясын ұйымдастырды. Ел алдындағы ұлы мақсаттарды жүзеге асыратын атқарушы билік органы – «Алашорда» үкіметін құрып, ұлттық-аймақтық негіздегі «Алаш автономиясы» мемлекеттігін жариялауға талпыныс жасады. Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын қалыптастырудағы ең биік белес болған XX ғасыр басындағы осы бір қазақ зиялылары алдыңғы қатарлы тобының саяси қызметі де, кұқықтық көзқарастары да, тіпті ғылыми, әдеби мұралары да ұзақ жылдар бойы жабық тақырып саналып, зерделі зерттеулерге объект бола алмады. Оларсыз қазақ тарихы – тұл, алтын дегені – күл еді. «Алаш» партиясынсыз саяси күрес тарихын, «Алашорда» үкіметінсіз экономикалық ілімдер мен реформалар тарихын, «Алаш автономиясынсыз» Қазақстан мемлекеттілігінің негізін, Алаш ардагерлері өмірінсіз ұлт тарихын жасау, мемлекеттік тіліміздің тарихын қалыптастыру мүмкін емес [3]. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. ....
Әлімжанов Баянғали Тақанұлы (16.10.1954 т.ж. ) - ақын, драматург, жазушы, айтыс ақыны, жыршы-жырау, манасшы, кинорежиссер, сценарийші, актер, әдебиет пен өнер зерттеушісі,мәдениет қайраткері, сыншы, сатирик, кинодокументалист, тележүргізуші.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Негізінен қазақ тілінде, арасында орыс тілінде де жазады. Діни көзқарасы - мұсылман. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Бейбітшілік пен өркендеу». Хоббиі - жауынгерлік өнер, бокс, шахмат ойыны, сөзжұмбақтар, судоку, кітап оқу, теледидар көру және т.б. Сүйіп оқитын әдебиеті - проза, поэзия, драматургия, кино, айтыс, жырлар, дастандар («Манас»). Өмірбаяны Әлімжанов Баянғали Тақанұлы 1954 ж. 16 қазанда Ақмола облысы (бұрынғы Көкшетау, Біржан сал ауданы) Степняк қаласында, қарапайым еңбекшілер отбасында дүниеге келген.....
Диалектика даму процесі туралы жан-жақты әрі терең мазмұнды ғылым ретінде негізгі заңдармен бірге категориялар жүйесін де қамтиды. Категориялар заттардың, құбылыстар мен процестердің жалпы әрі маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын көрсететін ғылымның негізгі түсініктері болып табылады. Барлық ғылымдар өзіндік категориялар жүйесі арқылы өздері зертейтін объектілердің мәндік сипатын, ішкі заңдылықтарын ашып көрсетеді. Басқа ғылымдар секілді философияның да өзіндік ғылыми түсініктері, категориялары бар. Алайда философиялық категорияларқамту ауқымының кеңдігімен, ең жалпылама байланыстар мен қасиеттерді бейнелеу арқылы дараланады. Олардың ішінде, әсіресе, диалектиканың өзара қатынастығы жұпталған категорияларының маңызы ерекше. Мұндай категориялар жүйесін диалектиканың негізі емес заңдар деп те атайды. Себебі, олардың даму процесін қарастыра отырып, диалектиканың негізгі заңдарын толықтыра түседі. Енді категориялар қалай қалыптасады деген сұраққа тоқтала кетейік. Олардың қалыптасуы адамның өзінің пайда болумен, өсіп-өркендеуімен, оның санасының, ойлау жүйесінің жетілуімен тікелей байланысты. Бұл процестің түбінде еңбек белгілі. Басқаша айтқанда, категориялардың пайда болып, қалыптасуы еңбектің, қоғамдық практиканың нәтижесі. Адамдар практикалық іс-әрекет барысында түрлі заттар мен құбылыстарды «көзбен көріп, қолмен ұстап» дегендей, қыр-сырына үңіледі, қасиеттерін, байланыстарын, ерекшеліктерін аңғарып, көкейге ұялатады, сөйтіп барып түсініктер, категориялар есебінде түйіндейді. Сондықтан да категорияларды дүниені танып білу барысында баспалдақтар десек, әбден орынды болады. Алайда категориялардың мазмұнды адамдардың санасынан, ақыл-ойынан тәуелді емес. Категориялар объективті түрде өмір сүретін құбылстардың өзіне тән байланыстар мен қатынастар бейнелейді. Ендеше категориялардың мазмұны объективті. Оларды тек өмір сүру тәсілі тұрғысынан ғана субъективті деуге болады. Айналадағы барлық заттар, құбылыстар мен процестер үздіксіз қозғалыста, өзгерісте болғандықтан, олардың арасындағы байланыстардың, қатынастардың бейнесі есебінде категориялар да өзгеріссіз қала алмайды. Олар да өзгереді, дамиды, қозғалыста болады. Қоғамдық практика ілгері басқан сайын категорияның да мазмұны тереңдей түседі. Енді диалектиканың өзара қатынастағы жұпталған категориялар жүйесіне тоқталайық.....
Көпклеткалы жануарлар организмдерінің органдары мен ұлпаларының Құрамындағы клеткалардың өзара байланысы клеткааралықбайланыс деп аталатын күрделі арнаулы құрылымдар құрайды.Қабат құрайтын
клеткалар ерекше құрылымдарды құрамастан өзара байланысады.Мұн- дағы клеткалардың байланысы жай байланыс арқылы қамтамасыз еті- леді.Екі клетканың плазмалеммаларының арасында 15-20 нм клеткаара- лық кеңістік болады. Жай байланыстан басқа клеткаларды өзара байла- ныстырып бекітетін арнаулы құралдар болады.Ол құлып деп аталатын құрылым.Бұл әдісті бір клетканың плазмалық мембранасы екінші клет- каның мембранасының ойысына сәйкес келетін өсінді құрайды.Құлып тәрізді немесе тісті байланыс эпителиальдық ұлпаларда көп кездеседі. Тығыз байланыстар.Екі көршілес клеткалалардың плазмалық мембранала ры мейлінше жақындап , бір-біріне жабысып,қалыңдығы 2-3нм бір жалпы қабат құрайды. Байланыстың аймағы макромолекулалар мен иондарды өткізбейді.Тығыз байланыс ми капиллярларының эпителий- лік клеткаларының арасында ми клеткаларына қаннан заттардың еркін диффузиялануына кедергі болып гемато-энцефальдық тосқалыл құрай- ды.Тығыз байланыс клетканың апикальдық жиегінде болады. Десмосомалар- эпителийлік клеткалардың көбіне тән. Десмосома грекше десмос –байланыс, сома- дене, ара қашықтықтары 30-50 мкм екі көршілес Клеткалардың плазмалық мембраналарының диаметрі 0,5 мкм-ден екі дөңгелек немесе сопақша участоктерінен түзілген .Мембрананың астын- да клетканың ішінде орналасқан тонофибриллалар бекитін тығыз пласр- тинка болады. Тонофибриллалар тірек қызметін атқарады. Көпшілік Жағдайда жанасатын клеткалардың десмосомалары бір-біріне тығыз беттеспейді, арасында сұйық ағатын клеткааралық кеңістік болады.Элек- трондық микроскопта десмосома аймағы көршілес клеткалардың плаз- малық мембраналарында орналасқан күңгірт дақ болып байқалады. Десмосомалардың функциясы –клеткаларды өзара бекіту. Саңылау тәрізді байланыс,нексустар.Клеткадан клеткаға химиялық зат- тарды тікелей жеткізуге қатысатын құрылым.Көршілес клеткалардың мембраналары коннексондар деп аталатын құрылымдармен байланысқан. Коннексон- ортасында ені 2нм каналы бар,молекулалық массасы 20мың- дай коннектин белогінен тұратын цилиндр тәрізді агрегат. Саңылау тәрізді байланыстың зоналарында клеткалардың функциялық ерекшелігіне байланысты 10-20-дан бірнеше мыңға дейін плазмалық мембрананы тесіп өтетін коннексондар болады. Коннексондар иондар мен төменгі молекулалы заттардың бір клеткадан екінші клеткаға өтетін клеткааралық каналдардың міндетін атқарады. Синапстық байланыс. Байланыстың бұл түрі нерв ұлпасына тән.Екі нейронның арасында және нейрон мен рецептор немесе эффектор ара- сында кездеседі. ....
Адамды адам қылған, ары қарай дамытып әрқашан жетілу үстінде құбылыс ретінде ең алдымен тілді атауға болады. Тіл-адам ойын жетілдіру үшін әлемді қоғады танытушы. Тіл арқылы әр адам өз ойын, өз пікірін жеткізіп, қорашаған ортамен қарым- қатынасқа түседі. Тілді тиімді әрі дұрыс пайдалану адамның сөз қорының және оны орныды қолдануына байланысты. Ал біздің қарастыратын отырған мәселеміз қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің негізгі бағыты- оқушының сөз қорын дамыту, жетілдіру, қалыптастыру болып отыр. Сондықтан әрбір мұғалімнің негізгі міндеттернің бірі- оқушыларды жүйелі сйлеуге үйрету машықтандыру. Демек , тіл дамыту жұмысы метепте үздіксіз және мақсатты түрде жүргізілуі керек. Осы кезеңде қазақ зиялылары келесі еңбектер жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінсінің негізін қалаған ғалымдар оқушылардың сөз қорын мәндес сөздер беру арқылы таныта дамыту бойынша ( Ы.Алтынсарин), таққырып бойнша сөздерді топтастыру ерекшеліктерін ( А.Байтұрсынов), оқушылардың сөз қорын байыту мәселесін мәтінді түсініп оқумен байланыстырады. Ондағы кездескен түсініксіз сөздердің мәнін игерту, сөздік жұмысы арқылы балалардың кітапты дұрыс түсініп оқуына ықпал жасауға болатындығын атап көрсетеді. Яғни осы мәселелер зияты бұзылған оқушыардың сөз қоры таным процестеріне, олардың ойлау және қарым- қатынасына, жалпы психикалық дамуына байлансыты дамиды. Сол себептен зияты бұзылған балалардың сөз қорының кедейлігі олардың ақыл- ойының дамуының төмен деңгейлігіне байланысты. Көмекші мектептің оқушыларның сөз қорлары кедей болады. Олар күнделікті көріп жүрген заттардың да аттарын атай алмай, олардың сөздері тұйықталған снаулы ғана болады. Мәселен: «жазды қалай өткіздің» деген тапсырма беріп әңгімелем беруді сұрасақ олар сөздерді аз қоданып, өз ойларын жеткізіп бере алмайды. Зияты бұылған оқушылардың өз сөздерінде 15-20 етісиікті қоланса, ал жалпы мектептің оқушылары өз сөздерінде 46-50 сөз қолданады. А.Н. Гвоздев 1961ж отандық авторлардың брір, ол оқушылардың сөйлеу тілінің құрлымына өз үлесін қосты. Ол жазады: Зияты бұзылған балалар сөзқорында зат есімді меңгеруі қалыпты нормадағы қарағанда тез меңгереді. Содан кейін етістікпен сын есімді меңгеру проценті жоғарлай береді. Ақыл-ойы кем балалардың қатарында әр түрлі сыныптағы балалар көп сөйлейді, сөздік қорының мол балып саналады, бірақ олардікі тек бос сөзднр ретінде сананалады. Есте сақтауының дұрыс еместігігінен меңгергендегі олардың көп және аз мөлшерде естіген сөздерден қайталанады. М.С. Соловьева(1969) 7- сынып оқушылары етеістікті қолдануын зерттей отырып оларда сөздік қорының кедейлігі байқалғаныны айтамыз. Оның мәлеметі бойынша етістіктегі қолданулардың жартысы қозғалыс пен кеістіктегі заттар мен шатастырылады. ....
Дене клеткаларындағы хромосомалар санының түрлік тұрақтылығы, саны, ұзындығы, морфологиялық белгілерінің жиынтығы кориотип деп аталады. Табиғи сұрыптаудың барысында әр түрдің өзіне сай хромосом аппараты қалыптасқан. Әдетте хромосомалар жұп санды болып келеді. 2п әдетте көпшілік организмге тән диплодты (қосарланған хромосомалар жинағы) болады. Диплоид жиынтығын ойша екіге бөлгенде, 1 п хромосома қалса, оны гаплоидты жиынтық дейді. Бұл жыныс клеткаларында болады. Организмнің әр түрлі белгілері хромосомалар санымен ғана емес, олардың формасы, көлемі және орналасуына қарай сипатталады. Бұл көрсеткіштердің барлығы «ариотип» деген ұғымға бірігеді. Хромосомалардың диплоидтық жиынтығы ата мен анадан берілгендіктен олар дене клеткаларында (екі дана) жұп болады. Жұп санды хромосомаларды гомологиялық (құрылысы және шығу тегі бір, бірақ атқаратын қызметі әр түрлі деп аталады. Осының нәтижесінде бір клетка екіге бөлініп, жас клеткалар түзіледі. Анафазада хромосомалардың клетка полюсіне ығысуы бірден басталып, өте тез арада бітеді.....
Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді. Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді. Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді. ....