Жер төсінде керуенін шұбалтып, Өмір көшіп барады. Селеу жапқан ескі жұрттай мұнартып, Көп нәрсе өшіп қалады. Қазы - уақыт барлығын да екшейді, Барлығын да ол болжаған. .....
Бүгінгі күні Қазақстанның банк жүйесі қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың банк жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда банк жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және банк құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының банк жүйесі болып табылады. Банк қызметін табысты реформалау барынша тұрақты банк жүйесін құруға мүмкіндік берді. Кейінгі жылдары Ұлттық банк, Қазақстандағы банктік қадағалауды жалпы қабылданған стандарттарға, ең алдымен, банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің тиімді банктік қадағалауының негізгі принциптеріне сәйкестендіру жетістіктері бағытында жұмыс жүргізді. Шоғырландыру негізінде банк қызметіне қадағалау жүргізу үшін Ұлттық банктің 2001 жылдың басында өкілеттіктерді бөлуі банктік қадағалаудың осы принциптеріне сәйкестендіру жетістіктері бағытындағы тағы бір қадамды білдіреді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 34 екінші деңгейдегі банк жұмыс істейді. Банк жүйесінің жиынтық меншікті капиталы валюталық баламада 1,5 АҚШ долларын құрайды. ТМД елдерінің ішінде бір банкке тиесілі меншікті капиталдың мөлшері бойынша Қазақстан жетекші болып қалып отыр. Банктердің ресурстық базасы жоғары қарқынмен өсуде, бұл көп жағдайда халық салымдарын сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуі. Банктер базасының қарқынды өсуі оларға экономиканы несиелеу жөніндегі қызметті едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік береді. Несие қызметінің қарқын алуына байланысты банктер несиелеудің сан алуан түрлерін игеретін болды. Солардың бірі ипотекалық несиелеу болды. Осы жетістіктердің бәрін көрсете келе, осы кезеңде Қазақстанның басқа ТМД елдерінің банктік дамуының көптеген өлшемдерінен оза отырып және Шығыс Еуропаның жетекші елдеріне жақындай отырып, әлемдік экономикалық қоғамдастыққа батыл қадам жасағанын мойындау керек. Түйіндеп айтқанда, таяу жылдардағы экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жөніндегі менің пайымым мен көзқарасым осындай. Банктердің қызметі ашықтықтың айтулы өнегесі болуға тиіс. Ең алдымен, мұның меншік құрылымы мен аффирленген тұлғалар туралы мәліметтерге қатысы бар. Банк қабылдайтын шешімдерге елеулі ықпалы бар барлық тұлғалар уәкілетті органның келісімін ала отырып, өздерінің мәртебесін нақтылай түсулері керек. Банктердің инвестициялық қызметіне қойылатын талаптарды топтасу негізінде ретке келтіру қажет. Аффирленген тұлғалармен жасалатын мәмілелер банктерді тәуекелге барғызбауы шарт. Қаржылық қадағалау агенттігінің бұл жұмысты батыл жүргізуі міндет. Курс жұмысының өзі мынадай бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қолданылған әдебиеттер, қосымшадан ....
Кіріспе. І.Маркенгті қызмет көрсетудің маңызы және ұйымдық құрылымы. Мемлекеттік кәсіптердің басым көпшілігі өздерінің кәсіби шеңберіндегі міндеттерін атқарумен айналысады да, кызмет нәтижелерін есеп берінен кезде ғана қорытындылайды. Бірақ олар өз ісінің нәтижелілігіне айырыша мүделілік таныта коймайды. Мысалы, өрт сөндіруші — өрттің, ал аурухана дерттің көбейгеніне мүдделі емес. Ал бұған керісінше, коммерциялық байланысты. Осылайша аталған мекемелердік кай-кайсысы болсын, өз кәсіптерінің калайда белгілі бір тиісті нәтиже беруіне мүделі. Әрбір әрекет немесе кәсіп кашанда ізгі ниетпен басталады. Әйтсе де онық нәтижелілігі, сәттілігі тек ішкі ұйымдастырудан ғана емес, кейде тіпті сыртқы факторларға катысты болуы мүмкін. Мысалы, сыркат адам дәрігерге сауығамын деген үмітпен келеді Дәрігер де оған тілектес. Бірақ кажетті дәрі-дәрмек пен медициналық кұрал-жабдықтық жоқтығына байланысты дәрігер максаты орындалмай калуы мүмкін. Сейтіп, көрсетілген клзмет күткен нәтиже бермейді. Бірақ соған карамастан, дәрігерлік көмек көрсету — емдеуге кажетті кәсіп ретінде өз жұмысын жалғастыра береді.....
Кіріспе Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өркениетті нарықтық экономика құруға бет алды. Осы тұстағы Қазақстан Республикасының өз ерекшелігі, бір жағынан, ол дамыған елдерге тән белгілер ие (халқының жалпы сауаттылығы, ғылыми мекемелерінің кең жүйесі және өндіргіш күштерге сай зерттеулері), екінші жағынан дамушы елдерге тән белгілердің (экономиканың шикізат бағытында дамуы, көптеген аймақтардың экологиялық ластануы, экономиканың нақты секторына инвестицияның көп мөлшерде қажеттілігі, артта қалған инфрақұрылым) болуында еді. Қазақстан табиғи байлықтарының мол қорымен, ТМД елдерінің арасынлда халық санынаң төмен тығыздығымен сипатталады. КСРО – ның әкімшілік - әміршілдік жүйесінен нарықтық экономикаға көшу реформаларын жүргізу ол Кеңес Одағын түбегейлі ыдыратып, оның орнына бірнеше жеке дара мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Өткен ғасырдың 90 – шы жылдарында Одақ ыдырағаннан кейін оның құрамдас мемлекеттері көптеген қиындықтарға кездесті және де дағдарыстан шығуда жеке дара принциптік сипатқа ие болды. Соның ішіндегі Қазақстан да экономикалық қайшылықтар салдарынан көптеген проблемаларға кезікті, яғни, өнеркәсіптің құлдырауы, халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, экологияның шектен тыс ластануы, әлеуметтік инфрақұрылымның күйзелісі, демографиялық жағдайдың нашарлауы, қаржы дағдарысы және т.б. ....
Кіріспе Түркеш қағанатының тарихы әлі де жүйелі түрде зерттеле қойған жоқ. Кезінде академик Әлкей Марғұлан мен Мұсатай Ақынжанов бастаған атақты ғалымдардың көз майын тауысып, зерделеуге үңіле түскен қадамдары өз жалғасын таба қоймады. Өткен ғасырдың 80-жылдарыңда Қытайдағы Нығмет Мыңжан, Жақып Мырзахан бастаған қазақ тарихшылары түркештер туралы көлемді зерттеулер жүргізіп, қазақ халқын құраған ру-ұлыстарға ұйытқы болған алғашқы, дербес этностық одақ ретінде қарастыра бастады. Орыс тарихшыларынан алғашқылардың бірі болып Л.Н.Гумилев түркештер туралы жан-жақтылы мағлұмат жинақтап, талай жаңалықтардың бетін ашты. Ал, қытай тарихшылары Лин Ган мен Шуе Зұң Жың қатарлылар соңғы жиырма жылда көктүріктер мен түркештер жөнінде өте қызғылықты тың деректер берді. Жоғарыда аты аталған шетелдік және отандық авторлардың зерттеу еңбектері негізінен Қытайдың "Таңнама" (Көне және жаңа таңнама)."Таң Хуей Яу". "Сы Фу Иуан Гуй", "Зы Жы Тұң жияы", "Тұң дян" сияқты жылнамалары мен орда хаттамаларынан алынған үзінділерге сүйене жазылғаны белгілі. Осынау аса бағалы тарихи жазбаларда бәрі бірдей еш қатесіз және түпкі ақиқат емес болатын. Ұлы хандық шовинизммен бұрмаланған, қара дүрсін әскери рапорттар тілімен жазылғандары да жиі кездеседі. ....
Бағдат Сәмидинова (5 ақпан, 1954 жылы туған, Меркі ауданы Ақарал ауылы) – әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1995). Құрмет орденінің иегері (2011). Өмірбаяны Батыр Сыпатай атындағы мектепті бітірген. Алматыдағы эстрада студиясын (халық артисі, профессор Н.Шәріпованың класы бойынша) бітірген (1975) әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1989). 1976 жылдан Қазақконцертте әнші....
Өткен мен бүгіннің арасындағы терең тағылымды төл тарихымыз күннен-күнге толыға түсуде. Әсіресе, Отанымыздың бұрын көлеңкеде ысырылып қалған, елдігімізді айқындататын, сөйтіп, қоғамдық пікірді толыққанды қалыптастыратын тұстарымыз әлі көп. Қазақ жұртының еркіндігімен азаттығы үшін қаны мен жанын аямаған, есімдері аңызға айналған батырлардың ғажайып ерлігі барша қауымға жария етуде әзірге ол қылықтарымыз да жеткілікті. Әсіресе, кейінгі 5-6 жылда халқымызды терең ойға шомдырған бір құбылыс – еліміздің көне замандағы орнықтылығын, саяси дербестігін қорғау жолындағы азаттық күрес туралы пікір жаңғырығы қатты естіле бастады. Соның бірі – Аңырақай шайқасының тарихы. Бұл соғыс, ондағы алып қашпа пікірлер, кейбір жағдайда тіптен тарихи шындықты бұрмалаған жәйттер, түрлі сауалдар туғызатынын байқап жүрміз. Мәселенің анығына көз жеткізу бұрынғы және шаң басқан архив құжаттары негізіндегі жаңа мәліметтерді сыни көзбен қарап, сараптауды талап етеді. Аңырақай жеңісі бір ғана шайқастағы халық күресінің нәтижесі емес. Тарихтан белгілі, 1723-1727 жылдары «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы ел тағдырындағы моңғол шапқыншылығынан кейін қайталанып көрмеген жантүршігерлік қасірет болса, екінші жағынан, бұл оқиға қазақ хандарының көзін ашты, батырларының тізесін қосты. Тек қана халықтың қорғаныс мүмкіндіктерін бір уысқа шоғырландыру ғана жойқын апаттан елді құтқаруға жол ашатынын байқатты. Қазақ халқын жоңғар шапқыншылығынан аман алып қалу мақсатында Ресей еліне Әбілхайырдың бас июін, орыс үкіметінің қамқорлығын қабылдаумен түсіндіретін ескі тұжырым тарихи шындықтан тым алшақ. ....
Біріккен Ұлттар Ұйымы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. Ұзақ жылдардан бері әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарып келе жатқан бұл Ұйымның дүниеге келуі оңай бола қойған жоқ . Осы жылдар ішінде аталған елдердің басшылары, сыртқы істер министрлері, талай мәрте бас қосып, Ұйымның мақсаттары мен міндеттерін талқылады. Сол кездесулердің барлығы қызу пікірталас жағдайында өткені тарихтан белгілі. Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ , Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбританя мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын қытай, француз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан- Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны стратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр. Көзі қарақы көпшілікке жақсы таныс, Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ассамблея Ұйымының бюджетін қарап, бекітеді.....
Сембек Сейдәзімов – нағыз атымтай жомарт азамат. Өзі түлеп-ұшқан киелі Жамбыл топырағына аянбай еңбек сіңіріп, талай қайырмды істерге ұйытқы болып жүрген нар тұлға.
«Қолы ашықтың – жолы ашық» деген жақсы сөз бар қазақ халқында. Кемел елдің келісті келешегі, ұлағатты болашағы дегенде, ішкен асын жерге қоятын аптал азаматтар жетерлік ортамызда. Асылы, «Байлық – мұрат емес, жоқтық – ұят емес» дейтін қазақ мақалы байлықты мақсат-мұрат санамаған, оны тек басқаға жанашырлық танытып, көмек көрсету мүмкіндігі деп қарайтын жандар жөнінде айтылған ғой. Қазақ ұғымындағ....
Түркі мәдениеті және өнері жөніндегі ортақ халықаралық ұйымның (ТҮРКСОЙ) құрылуы түркітілдес елдердің бауырлас мәдениеттерін біріктіру және тең құрметтеу мен Түркі әлемі шеңберінде жаңа мәдени кеңістікті құру идеясына негізделген. ТҮРКСОЙ-дың негізі 1992 жылы көктемде Стамбул қаласында түркітілдес мемлекеттердің мәдениет министрлерінің 1-ші Кездесуі барысында қаланған. 1993 жылы 12 шілдеде Алматы қаласында Ұйымды құрушы және тұрақты мүшелері болып табылатын алты мемлекет - Әзірбайжан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Түрікменстан, Түркия Республикасы және Өзбекістан Республикасы – «ТҮРКСОЙ-ды құру және оның жұмыс істеу Қағидаттары туралы» келісімге қол қойды. ТҮРКСОЙ түркітілдес мемелекеттер арасында мәдениет және өнер саласындағы байланыстарды дамытумен аймақтық басқаруын іске асырады, мәдени ынтымақтастық саласында мемлекеттік құрылымдарының саяси бағыт-бағдарына байланыссыз Достастық мүшелерінің тең құқығын қамтамасыз етеді. Қызмет түрі, мақсаты және жұмыс қағидаттары бойынша ТҮРКСОЙ, ЮНЕСКО құрылымына ұқсас болып келеді. Бүл ұйым түркітілдес аймақты біріктіруге және ортақ түрік мәдениетінің дүниежүзілік мәдени кеңістіктегі интеграциясын жеделдетуді қамтамасыз етуге бағытталған. ТҮРКСОЙ аясында түркітілдес мемлекеттердің мәдениет және өнер қайраткерлері қатысатын ірі халықаралық шаралар өткізіліп отырылады. Олар: музыкалық және театр фестивальдары, бейнелеу және қолданбалы өнер көрмелері , жарыстар, ерекше мәні бар күндерге арналған мерейтойлық шаралар, кітаптар және күнтізбелер басып шығару. Бұл ұйым құрылған кезден бері оның аясында түркітілдес мемлекеттер басшылары деңгейінде 7 кездесу және Мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің 22 мәжілісі өткізілді. Аталған шаралар барысында түркітілдес мемлекеттер арасындағы саяси, сауда және экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту мәселелері қарастырылған ....