Сабақ жоспары (ұмж): Қосу формулалары 1-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.4AТригонометриялық формулалар
Сабақ тақырыбы: Қосу формулалары 1-сабақ
Оқыту мақсаты: 9.2.4.8 аргументтердің қосындысы мен айырмасының тригонометриялық функцияларының формулаларын қорытып шығарады және қолданады;
Сабақ мақсаттары: Алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, қосынды мен айырманың косинус, синус және тангенсінің формулаларын қорытып шығарады, өрнектерді ықшамдауда осы формулаларды қолданады. ......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Биология | Адамның қалыптасу тарихы

Жер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлын морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі,сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды; бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы-мұның бәрі мидың дамуына алып келеді. Адамның морфологиясыныц өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, коллективтік өмір сүруінің материалдың бірлігі, негізі десе де болады.
Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады.Демек ол дүниеге келгенде толық қалыптасқаан анатомия-физиялогиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады.
Сонымен,адам дегеніміз биологиялық,психикалық және әлеуметтік сапалардыың біртұтас бірлігі болып табылады. Олар екі қасиеттен: табиғи және әлеументтік, тұқымқуалаушылық және өмірде меңгерілетін қасиеттерден қалыптасады. Алайда жеке адам биологиялық, психикалық және әлеуметтік жақтардың жасай арфиметикалық қосындысы емес,олардың табиғи бірлігі екенін білу керек.
Қоғамдық ғылымдардың да,сондай-ақ күнделікті тұрмыста да, «жеке адам» , «даралық» түсініктері кеңінеп қолданылады.Соның өзінде олар ие бір мағынада алынады да, не бір-біріне қарама-қарсы қойылады.Мұның алғашқысы да, кейінгісі де қате пікір .
Адам туралы түсінік түпкі және тектік, бастапқы түсінік «адам» болуға тиіс. Адам-бұл, ең алдымен,Нomo Sapuens түріндегі сүтқоректілер класына жататын биологиялық тіршілік иесі.Басқа жануарлардан айырмашылығы адамда сана бар,ягни ол сыртқы ортаның мәнін де,өз жаратылысын да танып біледі және осыған орай парасатты түрде, ойланып әрекет жасайды.Адам биологияльқ тек ретінде негізгі ерекшеліктері мыналар болып табылатын.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | Филипп Васильевич Чижиков

Филипп Васильевич Чижиков (1.9.1923 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березовка ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия сержанты, бөлімше командирі, кейіннен подполковник Орыс. 1934 жылы Петропавл ауданы «Новая жизнь» ұжымшарындағы балалар үйінде тәрбиел.....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Биология | Автоподий

Автоподий (autopodium; гр. autos — өзім, өздігінен; лат. podium — аяқ, негіз) — қол мен яқтың еркін қозғалатын бөлімінің төменгі бөлігі. Адамда автоподий колбасы және аяқбасы, ал жануарларда алдыңғы аяқбасы және артқы аяқбасы деп аталады. Автоподий өз кезегінде үш бөліктен.Азиподийден (грек, basis — негіз), (жоғарғы бөліктің) қаңқасын бірнеше қатарда орналасқан қысқа сүйектер: адамның қол қаңқасындағы білезік сүйектері, аяқ қаңқасындағы тілерсек (толарсақ) сүйектері; жануарлардың алдыңғы аяғындағы тізе сүйектері, артқы аяғындағы тілерсек сүйектері құрайды.Метаподийдің (ортаңғы бөліктің) қаңқасын үзын түтікше сүйектер: адамның қол қаңқасындағы алақан және табан сүйектері; жануарлардың аяқтары қаңқасындағы: алдыңғы және артқы жіліншік сүйектері.Акроподийдің (грек, akron — аяқ, соңғы) (төменгі бөліктің) қаңқасын: адамның қол қаңқасындағы саусақ сүйектері, жануарлардың аяқтары қаңқасындағы бақай (түяқты жануарларда) және тырнақ (жыртқыш жануарларда) сүйектері құрайды .....
Рефераттар
Толық
0 0

Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Кім біліпті

Бақытты түстер көретін едік,
Арман, шіркін, ән боп көңіл көгінде.
Кім біліпті сұрапыл сол соғысқа,
Қас - қағым сәт қалғандығын тегінде.

Сары Барсик кіре берісте мызғыған,
Кім біліпті сенер ме едік біз бұған?
Масақтарды сулағанын жылы шық
Жүрегімізді бөтен бинокль

Тұрғандығын тіміскіп.
Соғысты біз ойын көріп ойнадық,
Бәріміз де Чапай едік.
Ақындарды жатпаушы едік ойға алып,

Оныншыға баратын кезіміз бұл.
Сүйе алмадық,
Сүйем деп айта алмадық.
Аттандырып құрбылар егіліп тұр,

Алда соғыс, оқ пен от, ажал құрғыр.
- Ана, сен біздерді шоқындырып.
Несіне егілесің?
Таразы тағдыр жайлі айтшы сен не білесің?

Төртеуміздің тағдырымыз қыл үстінде тұрғанда,
Әскери кернейші қайдасың?
Құдай сені шыныменен ұрған ба,
Дабылды неге сәл ертерек ұрмадың?


Николай Милаш - Украин ақыны.
Қазақ тіліне аударған: Сүлеймен Баязитов

.....
Әңгімелер
Толық
0 0

Әңгіме: Жазылар естеліктер мен туралы

Жол басында

Екібастұзда алғаш қазақ тіліндегі «Отарқа» газетін ашуға ұйтқы болған Аманкелді Қаңтарбаевтың есімі аймаққа, әрине, қолына қалам ұстаған қауымның бәріне жақсы таныс. Неге? Өйткені ол қаламгер ретінде де, әділдікті ту етіп көтеріп, кез келген ортада ой-пікірін бүкпесіз айтатын турашылдығымен де, ең бастысы ұлтжандылық қасиетімен көпшілікке танылған гуманист азамат еді («... еді» деп айту қандай ауыр).

Қаңтарбаевтың ана тіліміздің өркен жаюы үшін, ұлттық руханият, игілік үшін атқарған еңбегін айтқанда Ахмет Байтұрсыновтың:

«... Тән көмілер көмілмес еткен ісім,

Ойлайтын да мен емес бір күнгісін.

Жұрт ұқпаса ұқпасын, жабықпаймын,

Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін» дейтін өлең жолдары үнемі тіл ұшына оралады. Рас, ол елдің ертеңі үшін қызмет етті, денсаулығын да, тіпті бар өмірін осы жолға сарп етті... Сондықтан ол биік тұр, сол биікте қала бермек!

Әттегене-ай, тағдырдың ісіне дауа жоқ, қаламгер келместің кемесіне мініп кетті... Енді, міне, қаламдастары, әріптестері, журналистикаға өзі баулып, тәрбиелеген шәкірттері толғанып, естеліктер жазуға мәжбүр болып отырмыз. Иә, «Өткен күнде белгі бар» деген осы.

Газеттің әр нөмірі шыққан сайын, оқырмандар оң пікір-лебіз білдірген сайын, газет жұртшылыққа тараған сайын көңіл марқайып, жұмысқа құлшына кірісетін, тың тақырыптар іздестіріп, жазып, газет бетінде жариялауға ұмтылған, ізденіске толы болған сол бір күндер де, міне, тарихқа айналып кетіпті. Соның бәрінің де басында Аманкелді Қаңтарбаев тұратын. .....
Әңгімелер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Биология | А Е Д К Ғ витаминдері

Витаминдер дегеніміз — барлық тағам мен азық-түлік өнімдерінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төменгі молекулалы органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері ете үлкен. Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды. Азық-түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия, т.б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал, негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде бери-бери (паралич) деген ауру кездеседі. Мұндай ауру кезінде жүйке тармақтары қабынады да, кол-аяқ тырысып қалады. Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен ендеп, ақтау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Педагогика | Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде мектеп пен отбасының ролі

Кіріспе
Бүгiнгi мектептердегi жүргiзiлетiн тәрбиенiң негiзгi мақсаты да, мектептегi оқушының жас ерекшелiктерiне қарай құндылықтар маңызын санасына сiңiрiп, осыған байланысты тәрбие түрлерiн анықтау.
Педагог оқушыларды оқыта және тәрбиелей жүрiп баланың қалай дамып келе жатқанын,оның түрлi қылықтарына түрткi болған себептердi ұдайы талдап отырады. Баланы тәрбиелеу, оның жеке бастық қасиетiн қалыптастыру күнделiктi өмiрдiң әр күнiнде жүзеге асырылады. Баланың дамуына ықпал жасайтын факторлар өте көп. Балалармен тәрбие жұмысын жүргiзгенде олардың бәрiн ескерген жөн.
Егемен елiмiздiң тiрегi – бiлiмдi ұрпақ ұрпақ. Қазақ халқының өмiрiнде тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде деп түсiнiлген. Бздiң болашағымыз – артта өсiп келе жатқан жасөскiндер мен жасөспiрiмдер. Жас ұрпақ ел-тiрегi, ертегiмiздiң кепiлi деген сөз бар. Әсiресе баланың эстетикалық, көркемдiк талғамын ұштап ұлттық тәрбие беруiмiз керек. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: География | Алтай таулы аймағы

Азия құрлығының орта тұсындағы таулы өлке. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2000 км-ге созылып жатыр. Алтай солтүстік батыстан оңтүстік шыңыса қарай Батыс Сібір ойпатынан Гоби жазығына дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасына арқылы бөлінеді. Солтүстік шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Соянмен жалғасады. Алтайдың климаты тым континентті. Қысы суық әрі ұзақ қаңтар айының орташа температурасы тау аралық ойыстарда 27-30оС, тау етешктері мен жазық жерлерінде 13-16оС. Ең суық орташа температура Марқакөл көлінің маңында (27,6оС) Алтайдың ең жылы шілде айының орташа температурасы 18-20оС, ал 1000-1500 метр биіктікте ол 14-16оС-тан аспайды.Ең жоғарғы температура Зайсан қазан шұңқырында 40оС-қа дейін. Жер биіктігі артқан сайын, температура инверциясының нәтижесінде, қысқы температура төмендеп отырады. Сондықтан тауда қыста жылы, жазда салқын, далалар мен жазықтықтарда қыста суық, жазда ыстық болып келеді. Ылғалды желге ашық жатқан батыс және солтүстік-шығыс Алтайда жауын-шашын мөлшері 1200мм-ге жетеді. Кей жерлерде 2000мм. Алтайдың шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын мөлшері 200-300мм.(Шұй даласында 100мм.), ал Зайсан қазан шұңқырында 150мм. шамасында.Жауын-шашын, көбінесе көктем мен күз айларында жауады....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0