Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму матысына, дәлірек айтсақ, информациялық сатыға бірітіндеп көшіп келеді, өйткені мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. Әрбір жеке адамның да өмірі уақыт өткен сайын информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру – стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалықжәне әскери қуаты анықталады. Сондықтан да информатика курсын оқып білуді осы ұғымдар туралы түсініктемелерден бастаған жән. ....
КІРІСПЕ Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық. Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы хал-қымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған.....
ХVІІ ғ.аяғында Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекеттер, яғни хандықтар құрылды. олардың әрқайсысы сұлтандардың, жеке ірі феодалдардың иеліктеріне бөлінді. Қазақ хандықтарының күрделі мемлкеттік аппараты болған емес. Басқару мақсатында феодалдық қатынастарға бейімделген патриархалдық институттар немесе бұрыннан қалыптасқан ру-тайпалық тәртіп сақталып отырды. Жалпы бұл кезде қазақ қауымы уш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы "Ұлы хан" болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды. Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың балалары сайланды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшыларының құрылтайында, яғни "хан көтеру" деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. Жиында хан болуға лайықты адамды ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, "хан атасы" болған беделді адамның батасын алғаннан кейін, ресми заңды хан тағына отырған.....
Введение Тема данной курсовой работы – база данных «Деканат». Четкого и однозначного определения базы данных не существует. Тем не менее, можно определить базу данных как физическое пространство (место на внешнем носителе компьютера), на котором в строго определенном порядке записываются и хранятся конкретные значения реквизитов (данные) первичных информационных форм, относящиеся к одному роду объектов учета. Здесь особо следует подчеркнуть однородность каждой базы данных, например, для накопления информации о студентах. Можно дать следующее определение БД и в дальнейшем из него будем исходить.....
Ауылда өскен бауырларым, қайдасыңдар сендер Туған жердің топырағы, шақырады белдер. Сендерді ойлап күрсінеді, күрсінеді таулар, Бұйығады бұлақтар да. шайқалады көлдер. .....
Кіріспе. Таңдалған тақырып бойынша ғылыми жұмысқа кірісер алдында,менің алдыма қойған мақсатым, осы Оңтүстік Қазақстан өлкесінде орналасқан Қаратау қорығын барша Қазақстандықдарға таныстыру, онда сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды зерттеу және экологиялық жағдайлары мен қорғау шараларын ұйымдастыру. Менің ойымша, бұл міндеттердің талдауы мен білімі осы саладағы меннің болашақ жұмысыма көмек болады деген үміттемін. Ұшқан құстың қанаты талып, тұлпардың тұяғы қажалатын жеріміз қандай кең болса, Аллаға шүкір, соның асты да, үсті де табиғат байлықтарына өте бай. Біздің Қартау өңірінің ғажап табиғаты сол күйінде сақталған. Ол өзінің байлығы мен сұлулығы арқылы жұртты әр уақытта қызықтырады, тамсандырады. Ал енді Қаратау қорығын – баршамыздың ортақ борышымыз. Республика деңгейінде Қазақстанның экономикалық жағдайын дамыту барысында табиғатты қорғау ісі алдыңғы қатарға қойылған стратегиялық бағдарламаның негізгі тұғырларының бірі. Жақын арада қабылданған Қазақстан Республиқасы Президентінің «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» Заңыңда күзету және қорғау туралы 29-бапта былай делінген:....
Пән: Сауат ашу. Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың - жаны сау» Тақырыбы: Аппақ бала Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар:1.1.1.1; Тыңдау және сөйлеу барысында сөз бен сөйлемді ажырату, сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіну 1.1.5.2; Диалогке қатыса отырып, өзгенің пікірін тыңдау және сыйлау, өз пікірін дұрыс жеткізу 1.2.1.1; Сөз/сөйлем сызбасын оқу; сызбаға сәйкес сөйлем құрастыру 1.3.10.1; Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу 1.3.12.1; Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазу 1.3.12.2 Бас әріптер мен кіші әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, гигиеналық талаптарға сай жазу Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: Мәтін мазмұнымен таныса отырып негізгі ойды анықтайды. Тазалықтың денсаулық кепілі екенін ұғынады. Сөйлем ішінен қимылды білдіретін сөздерді тауып, сұрақ қояды. Оқушылардың көпшілігі: Аппақ бала мен сатпақ баланың іс-әрекетін салыстырады. Қорытынды жасай біледі. Кейбір оқушылар: Тақырыпқа байланысты өз ойын нақтылап, дәлелдейді. Ұтымды ойлар айта біледі......
КІРІСПЕ Жер салығы адамзат өркениетінің әр қилы даму кезендерінде үзбей алынған, күні бүгінге дейін әрқашанда жергілікті салық салу жүйесінде көрініс табатын үйреншікті жергілікті салық болып табылады. Бұл салық негізінде есептеліну көзі бойынша мүліктік болғандықтан оның төлеушілері қатарына заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да жатады. Жер салығын қалыптастыру тәсілі жерлердің түрі мен пайдаланылатын мақсат-бағдарларына қарай құрылады. Қазіргі кезде, нарыктық даму жағдайындағы экономика талаптарына сай жер меншігіне, жерді пайдалануға және оны тиісті рыноктық айналысқа түсіруге байланысты проблемаларды шешу ауқымындағы жер салығының рөлі күн сайын артып келеді. Жер салығын алу барысында жерді ұтымды пайдалану, жерге орналастыру істерін жақсарту, жерді және оған байланысты экологиялық ахуалдарды қорғау, жерді құнарлыландыру, жер аумағындағы әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыру, жерлерден сол аумақтардағы бюджеттерге қосымша қаражаттар түсіру және т.б. көзделінеді. Тағы бір ескеретін жәйт, жерлерге салық салу кезінде көзделінетін бірден-бір максат олардың белгілі бір санаттарын ғана салық салу объектілері ретінде қарау, сондай-ақ олардың қандай бағытта пайдаланылатынын есепке алу болып табылады.....
Қалыбек Қуанышбаев (1893-1968 ж.) — актер, қазақ ұлттық профессионалды театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, КСРО халық артисі (1959 ж.), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1952 ж.). Өмірбаяны 1922-25 ж. Қоянды жәрмеңкесі думаншылары ұйымдастырған ойын-сауыққа қатысып, өнер көрсетті 1926 ж. Қызылордада қазақ драма театрын құруға қатысушылардың бірі болды. 1927 ж. Мәскеудегі этнография концертке қатысты. 1928-64 ж. М.О. Әуезов атындығы қазақ драма театрының (Алматы) актері. Театрдағы таңдаулы рөлдері Нысан Абыз, Тәнеке. Абай (М.О. Әуезовтің «Еңлік-Кебек», «Түнгі сарын», «Абайыңда»), Балуан (Ғ.М. Мүсіреповтің «Ақын трагедиясында»), Городничий (Н.В. Гогольдің «Ревизорында»), Брабапцио, Баптиста (У. Шекспирдің «Отелло», «Асауға тұсауында»), 1937 жылдан киноға да түсті; Байбол («Амангелді»), Абай («Абай әлемінде»), Берғалиев («Алтын мүйізде»), Шыңғыс («Шоқан Уәлихановта»). Педагогика қызметпен де айналысты.....
Қазіргі кезде табиғаттағы тиімді пайдалану және оны қорғау дүниежүзілік маңызы зор проблемалардың қатарына көтеріліп отыр. Каспий теңізі (ескі тарихи атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар тағы басқа) –Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан жер шарындағы бірден–бір тұйық су айдыны. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды. Ауданы 376000 км 2 . Меридиан бағытында 1200 км–ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Каспий теңізі оңтүстіктен солтүстікке дейін 1030 км,батыстан шығысқа дейін 196–435 км аралықты қамтиды. Солтүстік шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік батысы субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қарабұғазкөл, тағы басқа 50-ге тарта аралдар бар. Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен . Каспий теңізі Еуропа және Азия континеттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда «Қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кездеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы өсімдіктердің басымы эндемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі – бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастарының дүниежүзілік қорының 70% осы теңіздің үлесіне тиетін мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы және флорасының көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді. Ойпатты тегіс жағалау басым. Жағалауында теңіз суының бұрынғы жоғары тұрған кезеңін дәлелдейтін теңіз террасалары көп. Каспий теңізінің қалыптасуы ұзақ геологиялық мерзімде өтті. Осы уақыт ішінде теңіз суы бірде жағалауды басты (трансгрессия), бірде суы кейін қайтып (регрессия). Плейстоцен кезеңінде 70 миллион жыл бұрын теңіздің понтокаспий алабы оңтүстігінде орналасқан Тетис атты үлкен теңізден бөлініп қалды. Понтий кезеңінде 10 миллион жыл бұрын құрамында қазіргі аумақты алып жатқан Қара және Каспий теңіздері бар Сармат теңізі бірнеше бөлікке бөлінеді . Нәтижесінде оқшау тұйық алапты қамтыған қазіргі Каспий теңізінің нобайы пайда болды. Бұл кезде теңіздің аумағы қазіргіден кіші болған. Орта плиоценнің кейбір кезеңдерінде теңіздің аумағы одан да кіші болған. Ол тек дербент қазаншұңқырымен ғана шектелген. Каспийдің шарасы тереңдігі және түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бөлінеді. Құрлықтық қайраңда орналасқан солтүстік бөлігі тайыз 10 –20 м. Орта тұсындағы ойпаңда тереңдігі 788 м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң 1025 м. Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде –24 –26 0 С, оңтүстігінде –27 –28 0 С- қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады, оңтүстігінде судың температурасы 10 0 С –қа жуық болады. Каспий теңізіне 130 – дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке жуығын Жайық өзендері берсе,Терек,Сулак,Самур өзендері 5 %-тен астам , Кура өз 6 % береді. Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 миллион құстар қыстап қалса, ал жыл құстарының саны 10-12 миллионға жетеді....