Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақтан және бибітшілік үшін саяси әріптестік

Осыдан дәл он жыл бұрын Қазақстан халқының еркіне сай әлемдегі ең ірі ядролық полигондардың бірі жабылды.
Біз, қазақстандықтар ядролық полигонды жабу арқылы алапат қарудан өз еркімен бас тартуымыз елімізге деген құрмет пен сенімнің көрінісі деп бағалаймыз. ядролық қауіпсіздіктің XX ғасырда екі полюсті әлемге лайықталып қалыптастырылған халықаралық жүйесі жаңа геосаяси жағдайға шыдас бере алмады, ядролық қарудың «жер бауырлап жылжу» процесін тоқтатуға шамасы келмеді. Осының бәрі ядролық қарудың одан әрі «жылжуына» жол бермеу, оның таралуын бақылаудың халықаралық жаңартылған жүйесінің құрылысы жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың күш – жігерін жандандыруды талап етеді. Бүгінде ядролық қаруды таратпау мәселелері біздің еліміздің халықаралық сахнадағы басты басымдықтарына жатады. Қазақстанның қазіргі жаһандық қауіпсіздік жүйесінің құқықтық негізін құрайтын маңызды құжаттардың бірі- Ядролық қаруды таратпау шартына 1993 жылы қол қоюы және БҰҰ бас Ассемблеясының 51- сессиясында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу шартына қосылуы ел таңдауының табиғи жалғасы ретінде қабылданды [1].
Күштердің ара салмағы бұзылды, ядролық қару «үлкен» бестіктің ғана меншігі болудан қалды. Бұл қаруды таратпау жөніндегі жұрттың бәрі қабылдаған, енді бұзылмастай көрінетін тәртіпке қарамастан, ядролық қаруға ие елдердің саны арта түсті.
Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасуы өткен ғасырдың 90 -жылдарындағы аталған күрделі геосаяси жағдайда өтті. Ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін дүниежүзілік қауымдастықтың алдындағы айрықша жауапкершілігін сезінгендіктен де Қазақстан жалғыз дұрыс шешім екендігін кейіннен өмірдің өзі көрсетіп берген күрделі қадамға барды.
Осыдан дәлме - дәл он жыл бұрын, 1991 жылғы 29 тамызда мен Қазақстан жерін жарты ғасырға жуық уақыт бойы азапқа салып келген Семей ядролық полигонын жабуы Бүгінде ядролық қаруды таратпау мәселелері біздің еліміздің халықаралық сахнадағы басты басымдықтарына жатады. Қазақстанның қазіргі жаһандық қауіпсіздік жүйесінің құқықтық негізін құрайтын маңызды құжаттардың бірі- Ядролық қаруды таратпау шартына 1993 жылы қол қоюы және БҰҰ бас Ассемблеясының 51- сессиясында 1996 жылғы 24 қыркүйекте ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу шартына қосылуы ел таңдауының табиғи жалғасы ретінде қабылданды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан қауіпсіздігін талдау ісінде саяси жүйенің елдегі экономикалық базаға барабар келмеуінің ұлғаюы және осыған қоса ішкі-сыртқы саяси жүйеде барған сайын наразылықтардың өрши түсуі тұтқалы мәселе ретінде қалып отыр. Біздіңше, қазіргі жағдайда "саяси қатер" дейтін ұғымның өзі әлдеқайда кеңірек түсіндіруді тілейді. Саяси қатерді тек "кейбір саяси шешімдердің, оқиғалар мен жағдайлардың коммерциялық ахуалға инвесторлар пайдадан айрылып қалатындай әсер етуінің" ғана ықтимал көрінісі деп қарауға болмайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Алматы)

Жайнаған гүлдей жамалы бөлек кентімсің,
көктемнің нұры көркіңді сенің келтірсін.
Ғимараттарымен кеңейіп қанат сермеген
Қазақстанымның еркесіндейсің, еркінсің.
Шаһарым менің, шаттығым, әнім, шәрбатым,......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Батыр Қазтуған Мұрат ақыннан жазылды)

Мен неткенмін, неткенмін,
Қурайлы жүріп жеткенмін!
Тай сойған мен Дендерден,
Сағыз менен Жемдерден,
Құралайдай шұбырып,
Күліп-ойнап өткенмін!
Ойылдың тамды көліне,
Бір түстеніп кеткенмін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Дереккөздермен жұмыс Сөздік анықтамалық энциклопедия кітаптардан ақпаратты табу жолын анықтау Берілген тақырып немесе сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу Менің Қазақстаным (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Менің туған өлкем»
Сабақ тақырыбы: Дереккөздермен жұмыс. Сөздік, анықтамалық, энциклопедия, кітаптардан ақпаратты табу жолын анықтау. Берілген тақырып немесе сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу.Менің Қазақстаным
Оқу мақсаттары: 2.2.9.1 дереккөздер (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мен ақпаратты табу жолын анықтау, берілген тақырып/сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салу
Сабақ мақсаттары: Дереккөздермен жұмыс істеуді үйрету. Сөздік, анықтамалық, энциклопедия, кітаптардан ақпаратты таба,берілген тақырып немесе сұрақ бойынша ақпаратты іріктеп алу және үлгі/ кестеге салуды біледі......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы (5 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Мәдениет: тіл және қарым-қатынас
Сабақтың тақырыбы: Жалпылау және меңгерілген ақпаратты жүйелеу сабағы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж1 Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.
ӘТН4.1 Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар
• Жоспарға қажетті сөйлемдерді орналастырады;
• Туынды және күрделі сөздерді біледі;
Көптеген оқушылар
• Жоспарға қажетті сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша орналастырады;
• Туынды және күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратады;
Кейбір оқушылар
• Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрайды;
• Кіріккен сөздің жасалу жолын дәлелдейді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Анатомия | Мыстың маңызы

I.Кіріспе.
Мыс адамның барлық ағзалары мен тіндерінде кездеседі: бауырда, мида, жүректе, бүйректерде, бұлшықет және сүйек тіндерінде жиналады.
Көбінесе ішектің жоғарғы бөлімдерінде сіңеді, мыс темірдің жұлынға ауысуына, тамақпен және сумен бірге түсетін органикалық емес темірдің органикалық байланысқан, қан түзуге қатысатын формаларға айналуына жағдай жасайды.
Организмге күніне тамақпен бірге 2 – 5 мг мыс түседі. Ал күніне 200 мг –дан асып кетсе адамға улы әсер етеді. Ол ішекте сіңіріледі, бауырға түседі, онда бауыр синтездейтін церулоплазминмен байланысады, қан сарысуының айналымын реттейді, оны қажет ететін ағзаларда таңдамалы түрде ұсталып қалады, ал өтпен экскрецияланады. Мыстың аз ғана мөлшері қанда иондалған формада альбуминмен лабильді комплекс түрінде кездеседі және зәрмен бірге сыртқа бөлініп шығарылады.
Организмге түскен мыстың 95 % – і асқазан – ішек жолдарында (ең жоғарғы көлемі асқазанда), содан кейін он екі елі ішекте, аш ішек және тоқ ішекте адсорбцияланады. Мыс маңызды элемент болып табылады, ол көптеген витаминдердің, гормондардың, ферменттердің, тыныс алу пигменттерінің құрамында болады, зат алмасу үрдісіне қатысады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Экономикалық даму теориясы

Кіріспе
Көптеген ежелгі ғалымдар мен данышпан адамдардың айтуынша өмір деген қозғалыс деп түсіндіріледі. Қоғамның экономикалық өмірі де табиғат сияқты үнемі қозғалыста болады. Бұл қозғалыс сапалық және сандық өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл өзгерістер өндірістік қатынастарға ғана емес сонымен еңбек өнімділігіне де әсерін тигізеді. Ал еңбек өнімділігінен өз кезегінде қоғамға қажетті экономикалық игіліктер туындайды. Яғни экономикалық даму өндірістің және экономикалық игіліктердің дамуі немесе ұлғаюы деген мағынаны береді.
Курстық жұмыста экономикалық даму теориясы қарастырылады. Бұл теорияға сәйкес экономиканың толық деңгейде дамуы немесе дамуы үшін мемлекетте өндірілетін ресурстар толығымен және үнемді қолдануы керек. Мұнда ресурстар қатарына тек шикізаттар ғана емес, сонымен қоса экономиканың потенциалы, мемлекеттегі еңбек күші және тағы басқалар жатқызылады. Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы мен экономиканы тұрақтандыру саясаты статистикалық немесе қысқа мерзімді факторларға негізделген. Теорияға жүгінсек, толық жұмысбастылық пен ресурстың тұрақты көлемі бар кезде экономика өзін қажетті жалпы ұлттық өніммен (ЖҰӨ) қамтамасыз ете алады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде негізігі себеп болған: Экономикалық даму кез келген мемлекет үшін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Яғни мемлекеттің даму қарқын айқындау үшін оның экономикалық дамуне талдау жүргізу арқылы анықтауға болады. Менің ойымша, экономикалық даму тақырыбы өте актуалды болып келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Тарих | 1837-1847жж Кенесары ханның басшылығымен болған көтеріліс

ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде патша үкіметі Қазақстанға әкімшілік саяси жаңалықтар енгізуге кірісті. Оның Ресей империя сы құрамына әліде кіре қоймаған өлке аудандарын өзіне қосып алмақ мақсаты болды. 1822ж Сібір қазақтары туралы Устав далалық аудандарды басқару құрылымын түбірінен өзгертіп жіберді.Енді басқарудың округтік жүйесі енгізілді, ол бойынша қазақ қоғамы, округке,болысқа, ауылға бөлінді. Төменгі әкімшілік бірлестігі ретінде ауыл өз құрамына 50-ден 70-ке дейінгі үйлерді біріктіріп, осындай 10-12 ауылдан болыс құрылды, 10-15 болыстан округ құрылды. Бұлардың белгілі бір территориялары болды. Әкімшілік билігін үкімет сақтап қалған аға сұлтандар негізінен алғанда сол үкімет позициясының нығайтылуын қамтамасыз етуге тиісті еді.
Қарқаралы және Көкшетау округтерін құру патша өкіметінің Орта және Ұлы жүздерінің түйіскен тұсындағы қазақ жерлерін бірте-бірте басып алуын бастап берді. Қазақтардың дәстүрлі көшіп қонатын жерлері тарылды, жері құнарлы аудандарға қазақтарды жаңадан қоныстандыру өріс алған. Абылай хан ұрпақтарының төңірегіне топтасқан қазақ халқының наразылығы арта түсті. Шыңғыс әулеттерінің бірі Ғұбайдулла сұлтанды патша үкіметінің жазалаушы отряды ұстап алып, Березовкаға жер аударып жіберді. Сол сібірлік бұғаудан ол тек 1840ж қараша айында соның өзінде Кенесары сұлтанның табандылықпен талап етуі арқасында ғана қайта оралды.
1840ж Кенесарының әкесі Қасым төре мен оның басқада жақындары қаза тапты. Патша үкіметінің отаршылдық мақсат ниетіне қарсы өзінің күресінде Қоқанд бектерінің қолдауына сенім артқан Қасым сұлтанның үміті ақталмады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Реферат: Экономика | Ақша қаражаттарының есебі

Барлық шаруашылық жүргізші субъектілер өз ақша қаражатта¬рын банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтайды. Міндеттемелер жөніндегі басқа субъектілерге төлемдер, әдетте, ақша аудару арқылы есеп айырысу тәртібімен банктердің осы мекемелері арқылы жүргізіледі. Нақты ақшасыз есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген нормативтік құжаттармен белгіленген жағдайлар мен шегінен шығып кетпейтіндей етіп жүргізіледі.
Елдің экономикасында банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын нақты ақшасыз есеп айырысудың айрықша басымдылғы байқалады. Нақты ақшамен субьектілер персоналмен еңбекақы төлеу бойынша, есеп беруге тиісті адамдармен, депоненттермен, дебиторлармен жөне кредиторлармен қолданылып жүрген заң ережелеріне сәйкес банк мекемелері арқылы өтпейтін төлемдер бой¬ынша есеп айырысады.
Республикада банк мекемелері арқылы жүзеге асырылатын ақша аудару арқылы есеп айырысудың бірыңғай жүйесі қолданылады. Салыстырмалы түрде ұсақ төлемдерді субъектілер кассадан қолма-қол ақшамен, почта аударылымымен немесе байланыс кәсіпорындары арқылы үстеме төлем жасау арқылы төлеуге құқылы.
Ақша қаражаты субъектілердің шоттарынан олардың иелерінің өкімі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатгы есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген баска жағдайларда ғана жол беріледі.....
Рефераттар
Толық
0 0