Курстық жұмыс: Экономика | Қазақстан Республикасының инвестициялық пай қорлары

Кіріспе
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы он жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Осы салыстырмалы азғантай уақыт ішінде ол эволюциялық дамудың барлық сатысынан өтті деуге болады, яғни алғашқы құрылудан тұрақтанып, дамуға дейін. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығы халықаралық тәжірибе есебінен де, ел экономикасының спецификалық ерекшелігі есебінен де модернизацияланып, даму үстінде.
Қор нарығының дамуының бір жаңашылығы, ол 2004 жылдың 7-шілдесінде республика парламенті қабылдаған «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының заңы негізінде инвестициялық қорлардың құрылуы. Мұндай заң алғаш рет 1997 жылы қабылданған болатын. Бірақ ол заң ескіріп, қор нарығының даму тенденциясына сәйкес келмей қалды. Осы алғашқы заң негізінде тек бір инвестициялық қор құрылып, бір жарым жылдан кейін инвесторлардың қызығушылығын тарта алмай, жабылып қалған болатын.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Мемлекет шығыстарының жалпы сипаты

Кіріспе
Мемлекттің шығыстары-бұл мемлекттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары мемлекеттің қаржы саясатының маөызды өқралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Дипломдық жұмыс: Қаржы | БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 пайызды құрады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады.Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жетті. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды. Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық» деп айта кетті [1]. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық
0 0

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Балалардың қарым-қатынас нышандарын дамыту жаттығулары

Балалардың қарым - қатынас нышандарын дамыту
Мақсаты: - жағымды, қолайлы эмоционалды жағдай құру;
- топты біріктіру;
- сабақ үстіндегі мінез - құлық ережелерін құру.

1. «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын».
Жаттығудың өту барысы: әрбір оқушы 3 минут ішінде өзіне ұнамды ат таңдайды да, оны алдын - ала арнайы дайындалған парақшаларға фломастермен жазып, басқа оқушыларға көрінетіндей етіп өзінің кеудесіне бекітеді. Содан кейін, 10 минут ішінде топ мүшелерінің әрқайсысы шеңбер бойынша келесі сөзді айтып шығуы қажет: «Сәлеметсіздер ме, мен танысқаныма қуаныштымын!». Кейін, өз аттарын атап, өзі туралы бірнеше сөз айтады.
Танысу кезінде басқалардың есінде қалу үшін, әрбір қатысушы өзінің ерекше қасиетін атауы қажет. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Инфляция инфляцияға қарсы саясат

Курстық жұмысымда инфляция, инфляцияға қарсы саясаттың мәнін алуға жұмыстандым.
Инфляция (лат «желбуаз»), ақшаның құнсыздануы-ақша айналысы арналарының тауар айналымы қасиеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Инфляцияның экономикалық жэне әлеуметтік зардаптары сан алуан. Инфляция қарқынының артуына қарай өндірістің дамуына нақты кедергі жасайды, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленісті ұшықтырыды. Инфляция өндірісті қожыратып, елеулі экономикалық зиян келтіреді, экономикалық саясаттың жүргізілуін қиындатады.
Курстық жұмысымды 3 бөлімге бөлдім. Бірінші бөлімде инфляцияның мәнін, себептерін түрлерін қарастырдым, яғни инфляция теориясына коңіл аудардым.
Екінші бөлімде, инфляцияның экономикалық, әлеуметтік салдары, альтернативті көздері, тежеу шаралары мен әдістері, жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі деген қорытындыға келген филлипс қисығы туралы қарастырдым.
Соңғы бөлімде, инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат туралы, инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктеріне анықтама беріп, мысалдарымен түсіндірдім ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | ҚР ғы және шетелдердегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрамы

Соңғы жылдары Қазақстанда жеке тұлғалар және заңды тұлғалардың табыс алуға бағытталған кәсіпкерлік жұмысы кең даму алды.
Бүгінгі күнде кәсіпкерлік өндірістің, нарықтың дамуына ықпал етеді, яғни ол бүкіл қоғамның дамуына әсерін тигізеді. Шет елдер кәсіпкерлік жұмыстың арқасында, ал кәсіпкерлер өздерінің мемлекеттің қолдауының арқасында дамып отыр.
«Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді» деп Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтқан.
Сонымен қатар Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық аренадағы ролі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілетінен, мемлекет ұсынатын қызметтер сапасының артуынан көрінеді» деп атап айтқан. Яғни ол мемлекетіміз бәсекеге қабілетті, экономикамыз дамыған болсын деген ұсыныспен халыққа жеткізді.
Нарықтық экономиканың дамуы кәсіпкерліктің құрылуымен кәсіпкерге тәрбие берумен қадағалайды. Қазақстан өтетін экономикалық реформа кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар ашты.
Кәсіпкерліктің жақсы дамуы жеке мүлікпен экономикалық қызмет еркін болғанда кең даму алады. Қазір Қазақстан кәсіпкерлік қызметсіз іске аспайтын нарықтық қатынастың құрылу стадиясында болып тұр – және осы аксиома менің таңдалған тақырыбымның актуалдылығы болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Воронеж батырларына)

Керіліп жатқан кең дала,
Құнарлы қонысы орыстың.
Қанындай қорып сол жерді,
Батырлар, жаумен соғыстың.
Қылауы құсап асылдың
Қыруар елден тоғыстың.
Құрыштан құйған қамалдай,
Бөгедің бермей жол үстін.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Пәкістанның сыртқы саясатындағы қауіпсіздік және аймақтық жанжалдар мәселелері (ХХ ғ. 90-жж. мен ХХІ ғ. басы)

Мыңжылдықтар тоғысында, индустриялы қоғамның постиндустриялы қоғамға айналып, барлық халықтар мен өркениетті елдер өздерін шырмауықша орап ғаламдастырудың құшағында қалып қойған бұлтарысы көп тарихи кезеңде ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер алдында бұрын соңды болмаған күрделі де аумақты мәселелер туындады. Бұл түбегейлі өзгерістің мәнін түсіну, әрі қарай дамудың үрдісін көре білу, оңдаған, жүздеген миллион адамдардың мүддесіне сай келетіндей ең тиімді қайта құру стратегиясын таңдай білу өмірдің өзекті талабына айналды.
Дүниежүзілік қауымдастықтың мүшелері арасында өзінің лайықты орнын алу үшін әрбір мемлекет өз әлінше алға ұмтылып жатқан кезеңде Оңтүстік Азия субконтинентінің кеңістігіне орналасқан Пәкістан сияқты мемлекеті де әлемдік және аймақтық істерге белсене қатысты.
Пәкістан Ислам Республикасы – Оңтүстік Азия субконтинентінің солтүстік-батысында орналасқан. Оңтүстік батысында Иранмен, батысында және солтүстік батысында Ауғанстанмен, солтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен, шығысында Үндістанмен шектеседі. Территориясы – 803 943 мың кв. км, халқының саны – 140,7 млн (2001 ж.). Астанасы – Исламабад қаласы. Әкімшілік жағынан: Пенджаб, Синд, Белуджстан, Солтүстік-Батыс Шекаралық провинцияларға бөлінеді. Халқының 97%-ы – мұсылмандар.
Тақырыптың өзектілігі. Пәкістан Еуразия континентінің Азия бөлігіндегі маңызды мемлекеттердің бірі болып табылады. Бұл осы елдің географиялық жағдайы мен экономикалық потенциялына ғана емес, сонымен бірге оның геосаяси процестерге әсер ету дәрежесімен де байланысты. Соңғы кездері Пәкістан аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне көптеп көңіл бөлуде. 1998 жылы Пәкістан үндістан ядролық сынағына жауап ретінде өзінің ядролық қаруларын пайдаланды,

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Пәкістанның сыртқы саясатындағы ұстанған бағыттары мен принциптерінің әлемдік деңгейдегі қызығушылықтарын ғылыми жағынан ашу; елдегі ішкі және сыртқы саяси жағдайлардың шиеленісуі, мемлекет арасындағы қайшылықтарды реттеу, елдің саяси және әлеуметтік өмірін, халықаралық жағдайды және ұлттық аймақтардағы халықтардың жалпы жағдайын негізге ала отырып, жан-жақиы зерттеп, Пәкістан мен Үндістанға қатысты Кашмир мәселесі, және де Ауғаныстан қатынасындағы қайшылықтардың себептерін, оның аймақтық мәселеге қатысы, сыртқы саясатқа әсерін анықтау.
Аталған мәселелерді жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына төмендегідей нақты міндеттер қойдық:
- қарастырып отырған кезеңдегі Пәкістан мемлекетінің сыртқы саясатына қатысты қауіпсіздік мәселелеріне талдау жасау;
- Пәкістан, Үндістан ұстанған факторларын салыстыра отырып талдау жасау ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0