Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуы, елде экономикалық реформалардың жүзеге асуы және нарықтық қатынастарға өтіу кезеңінде құқықтың мән маңызы айрықша күшейді. Осыған байланысты жас егемен республикасының мемелекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін нығайтудың мейлінше маңызды екендігі сөзсіз. Осылай болғандықтан Қазақстанның конституциялық, әкімшілік, азаматтық, еңбек және қылмыстық құқық салаларының аса маңызды екендігі ескеріліп, олардың көкейтесті проблемалары жаңаша қарастырылады. Егер сіз. Өзіңіздің құқығыңыз бен міндеттеріңіз туралы; Сақтандыру туралы; Зейнетақы туралы; Әлеуметтік қамсыздардыру туралы;....
Өндірілген өнімді тұтынушыға міндетті түрде жеткізу керек. Өндірушілер осы қызметті екі әдіспен жүзеге асырады, өзіндік өткізу бөлімшелері арқылы немесе дербес делдалдау арқылы. Өнімді тікелей өткізу әрқашанда тиімді емес сондықтан өндірушілер делдалдардың қызметін қажет етеді. Өзінің байланыстары, тәжірибесі және мамандануы арқасында делдалдар бірқатар қызметтер ұсынып, фирманың өз бетінше ала алатын шамадан көбірек пайда табуға жәрдемдеседі. Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған арналады қажет кезде өзгерту өте қиын. Сондықтан, басқарушы қызметкерлер өткізу арналарын құрауға байсалды, байыпты қарауға тиіс....
Су ресурстарын экономикалық бағалау: су тұтынушы өндіріс күштерін тиімді орналастыру; суды қорғауға, үнемдеп тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру және оны ұлттық байлық құрамында есептеу үшін қажет болады. Су ресурстары өзен-су жүйесінде қалыптасады. Суды басқа аудандардан әкелетін су шаруашылық аудандарында шеткі шығын шамасы (З ) су тасымалдаушы құрылым шығыны мен (И ) алынатын суға шығындарды (Q ·З ) пайдаланылатын су ресурстарының көлеміне (Q ) қатынасымен анықталады. З = , мұнда: З , З – су әкелетін және су алынатын аудандарда суға шеткі шығын; Q = Q + Q – су ысырабы қоса есептелген тасымалданатын су көлемі. Іс жүзінде кейде тасымалданатын су көлемі пайдаланылатын көлеміне тең болады (Q = Q ). Мұндай жағдайда шеткі шығын су алынатын аудандағы шама бойынша ысырап пен тасымал шығынын ескеріп анықталады. З = З , мұнда К – су тасымалдаудың пайдалы коэффициенті. Су үнемдеу шараларын мысалмен қарастырайық. Ең тиімдісін таңдау үшін су үнемдеудің төрт нұсқасы бар делік:....
Кіріспе Салық жүйесінің мазмұнын айқындау үшін салық жүйелерінің қалыптасу мәселелерін қарастырудың әртүрлі тәсілдерін салыстыру қажет. Көптеген авторлар салық салудың функционалды құрамын салық жүйелерінің концептуалды модельдерінде ашады. Салық жүйелерінің концептуалды модельдерінің маңызды сипаттамалар салық салудың мәселелерін шешудегі үш әртүрлі бағыттарын бөлуге мүмкіндік беріп отыр. Нарық экономикасына мемлекеттік араласуына қатынасын анықтайтын әлеуметтік-экономикалық процесстерін реттеу критериясына сәйкес бірігей тәсіл ретінде неоклассикалық бағыттағы өкілдері ұсынатын салық жүйесін құрудағы нарықтық өзін-өзі реттеу принциптерін біріктіруге болады. Екінші тәсіл нарық экономикасының қызмет етуінің негізгі параметрлерін мемлекеттік реттеу приоритетіне негізделеді. Дәстүрлі тәсілдерінің негізгі кемшілігі мемлекеттің рөлін біржақты талдауына бағытталуы болып табылады. Жиырмасыншы жүзжылдығының 90-жылдарының басынан бастап экономикалық және әкімшілік ықпал ету механизмінің бірігуіне негізделген тұрақты дамуының теориясы дами бастады. Мұндай ұтымды өзарақатынасын іздеуі салықтық аясын реттеудің жетілдірудің негізгі міндеттерінінің бірі болып табылады.....
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың талаптарына сәйкес, біздің мемлекеттің әлемдік экономикаға жол салу үшін, халықаралық нарық заңдарына сай, Қазақстан экономикасының әлемдік ұйымда бәсекелестігін орнату, нақты, өлшенген стратегияны тауып, орналастыру мақсаты қазіргі кезде өзекті мәселелерлің бірі болып отыр. Қазақстан жылдар өткен сайын глобалдық экономикалық және саяси процестерге тартылып отыр. Біздің еліміздің қазіргі кездегі және болашақтағы дамуы әлемдік экономикадағы трендтермен және оның конъюнктурасымен анықталады. Қазақстанда қайта құру басы деп аталған ашық экономиканы құру бағыты ең алдымен Батыспен тауарлы экономикалық қатынастарды, ол жақтан экономиканы модернизациялау үшін технология, несие, экспорттық тауарлар-шикізат-отын ресурстары ғана емес, сонымен қатар өнім өңдеу саласы соның ішінде ғылымды қажет ететін салаларға инвестицияларды алу болжалды. Бұл мақсат Қазақстанның сыртқы саясатын құру процесі барысында басты болды, яғни орталықсыздандыру және либеризациялау , саясаттық және институтционалды қамту болып табылады. Осы кезекте әлемшаруашылық қатынастардың жаңа глобалды құрылымын құру процесі, ол негізінен “уругвайлық” раундтық тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім (ТСБК) халықаралық саудада жалғасын тауып және тез дамуда. Қазақстанның осы процестен абстрактіленуі онсыз да қиын жағдайды қиындатуы мүмкін. Мемлекеттің экономикасында жүргізіліп жатқан реформалардың маңызды мақсаттарының бірі болып ДСҰ-ға кіру болып табылады. Осы проблемаға арналған курстық жұмыс болып табылады. Жұмыстың негізгі мақсаттары - ДСҰ қағидалары және механизмінде негізделген көпжақты жүйесінің жалпы анализі және Қазақстанның ДСҰ-ға кіру барысындағы болашағы мен проблемалар мінездемесі. Бұл курстық жұмыстың барысында негізгі көздеген мақсатым, Қазақстанның сыртқы саясатындағы ерекшеліктерін, сыртқы саясат жүргізудеі негізгі бағытын жан-жақты анықтау арқылы ДСҰ-ға кіру процесі, проблемаларын көрсету болып табылды. ДСҰ-ға кіру біздің экономикамызға қандай кері және оң әсері бар екенін саралау нәтижесінде, осы ұйымға кіру қажеттігін анықтау болып отыр ....
Батырларын елімнің, Бағы ашылған жерімнің Бір емес, мың жырлағам. Ер боп туған жастарым, Қайнаған күш, жас жалын, Қыйын емес жыр маған. Тастүлек, сайып қырандай Мұнартып ұшып мұзды күн Ұлдарым елін қорғаған......
Ұрықтану және майдалану. Ланцетниктің эмбриологиясын толық зерттеген орыстың ұлы ғалымы А.О.Кавалевский болды. Ланцетниктерде ұрықтану сыртқы ортада өтеді. Жыныс продуктыларын суға шашу тәуліктің белгілі бір мерзімінде (кешке қарай) болады. Жұмыртқасы гомолецитальды типке жатады. Сперматозоид жұмыртқаға пісу дәуіріндегі бірінші бөлінудің соңында енеді. Жұмыртқаның екінші бөлінуі сперматозоидтың ядросы жұмыртқаның протоидазмасында орнын ауыстырған кезінде өтеді. Ұрықтың толық және біркелкі майдалану қуысы ортасына орналасқан қабырғасы бір қабатты, биіктігі бірдей пластинкалардан тұратын целлобластула түзілуімен аяқталды. Сегізінші бөлінуге өтерде (128 бластомералы кезеңнен соң) майдалану толық емес түрге ауысады. Соның, нәтижесінде мөлшері біркелкі емес клеткалар түзіледі. Бластуланың қабырғасынан майда және ірі клеткалардан тұратын әртүрлі екі бөлім пайда болады. Сонымен қатар вегетативтік жартылай шеңбер қабысып, шарт тәрізді бластула күмбез түріне айналдырады. Нығыздалған вегетативтік бөлімі бластуланың түбін, ал жоғарғы анимальды бөлімі қақпағын құрайды. Бластуланың түбі келешекте шектің, энтодермасын түзетін ірі клеткалардан құралады. Ал бластуланың қақпағын келешекте эктодерма түзетін ұсақ клеткалар құралды. Түбі мен қақпақшасының аралығында мезодермаға дамыйтын клеткалар жартылай шеңберлі орналасады. Келешек мезодерманың клеткалары тез қарқынмен бөлініп, өзінің майда мөлшерімен, қасындағы майдаланудың баяулығын сақтаушы энтодермалық ірі клеткалардан тез ерекшеленеді. Егер бластулаға вегетативтік жартылай шеңбер жағынан қарасақ, түбіне жақын энтодерманың үстінде хорда және нерв жүйесі дамитын клеткалардың бірнеше қатарын көреміз. Бластуланың қалған басым көпшілігін жануарлардың келешек жамылғысын дамытатын клеткалар құрайды. Бластула кезеңінде-ақ клеткалар бір-бірінен осылай ерекшелене бастайды.....
Өтпелі кезеңде жорғары психикалық функциялардың дамуы жүйке жүйесі мен мінез-құлық дамуының процестерін анық және нақты сипаттайтын негізгі заңдылықтарды анықтайды. Жүйке жүйесі мен мінез құлық дамуының негізгі заңдылықтарының бірі-жоғары орталықтар немесе жоғары құрылымдар дамыған сайын, төменгі орталықтар немесе төменгі құрылымдар өзінің маңызды қызметтерінің біраз бөлігін жоғары құрылымға алмастырып, осы функцияларды жоғарыға береді, дамудың неғұрлым төменгі сатыларында, төменгі орталықтар немесе төменгі функциялармен жүзеге асырылатын бейімделу міндеттері жоғары сатыда жоғары функциялармен оррындала бастайды. Соның ішіндегі қабылдауға тоқталамыз. Қабылдау функциясы баланың психикалық даму тарихында ең ежелгісі деп қарастырылады. Бала зейін қойып, есте сақтап, ойлаудан бұрын қабылдай бастайды. Сондықтан бұ л өте ерте функция қарапайым функция ретінде қарастырылады, оның эволюциялық процес тері, әдетте, тікелей бақылаудан жасырын қалады. Сонымен бірге жаңа психологияда қабылдау мүлдем дамымайды, ол басынан бастап нәрестенің өзінде ересек адамдағыдай қызмет етеді, барлық психикалық функциялардың жалпылай өзгеру процесінде қабылдау дамымайды, өзгермейді, өз бетінше қалу артықшылығына ие деген аңыз бірте-бірте жойылуда. Шын мәнінде естің немесе ойлаудың дамудың осы екі сатысында ұқсастығы қалай за болса, нәрестенің қабылдауымен ересек адамның қабылдауының да ұқсастығы сондай аз болады. В. Элясберк пен басқалардың арнайы зерттеулері баланың нәресте кезінде байланыстар, тәуелділіктер мен қатынастарлың бірқатарын жасауға қабілетті екендігін көрсетті. Бала ойлауындағы синкретизмді зерттеуде элементтердің бытыраңқылығы емес, ойлардың мағынасыз байланыстылығы , әсерлердің шумақ тәріздес тұтасу, құрамы жағынан күрделі синкретті бейнелері баланың нәресте кезіндегі ойлаун сипаттайтындығын көрсетті. Осының барлығы дәстүрлі психологияда бекітілген бала қабылдауының даму барысы ақиқатқа сәйкес келетініне күмән туғызады. ....
Пән:Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың ру-тайпалық құрылымы қалыптасуының тарихи шарттары 3 сабақ Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.2.2.8 - туған жердің мәдениеті, салт дәстүрінің маңызына баға беруде «мәдени-генетикалық код» ұғымын қолдану Сабақ мақсаты: «Мәдени-генетикалық код» ұғымын талдау. Тарихи кезеңдердегі қазақ халқының мәдени-генетикалық-кодының қалыптасуын анықтау.....
Пән: Дүние жүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Терімшілер-аңшылардан бастап жер иеленушілер мен мал өсірушілерге дейін Сабақтың тақырыбы: Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған? Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме): 5.2.2.1– ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін «алғашқы қауымдық өнер» ұғымын пайдалану; 5.2.1.2 – тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу Сабақтың мақсаты: Оқушылар: • алғашқы қауымдық өнер туындыларын қолдану арқылы ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмыс салтын сипаттайды • ежелгі адамдардың діни түсініктері туралы біледі, оларды ажырата алады.......