Курстық жұмыс: Экономика | АҚШАНЫҢ РОЛІ ЖӘНЕ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА

Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі. Ұлттық банкі тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді, оларды сақтаудың, жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.
Қазакстан Республикасы ақшалай банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру бойынша өз күшімен енгізген жаңалығына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырып қараганда түбегейлі өзгеріске ұшырады. Коммерциялық банктер корреспонденттік шоттардағы каражат калдығының шегінде қолма-қол ақшамен нығайтылып отырды, онда операциялық кассадағы қолма-кол ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.
Осыған қарай Ұлттык банк акша базасының шамасын Ұлттык банктің корреспонденттік шотындагы екінші деңгейдегі банктердің каражат мөлшерін реттеу арқылы, яғни баиктердің өтіміділігін реттеу арқылы реттеп отырады.
Бұл ақша-несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады. Бұл аспаптар ақша базасыныц ұлғайган шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына катынасы ретінде есепте-летін акша мультипликаторының шамасына өз әсерін тигізед....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Реферат: Психология | Жеке адамды қалыптастыру

Қоғамдағы тәлім - тәрбиенің өзекті мәселесі – адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау - жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсатты.Еңбек - адамның іс- әрекетің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Іс- әрекеттің екінші түрі - оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Ойын- адамның негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесін шынықтырып, әралуан қимыл – қозғалыстарың жетілдіреді ....
Рефераттар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Әлемдік социологияның дамуындагы классикалык, кезең

1. Әлемдік социологияның даму ындағы классикалық кезсң
Социологияның ерекшелігін түсіну үшін оның XIX ғасырдың алғашқы жартысында нақты тарихи жағдайда, Франция мен Англияда капитализм тұрақгы орнаған кезде және қоғам туралы білім алмаған "үшінші'' топтың (сословиенің) пісіп жетілген кезде пайда болғанын ескеру қажет. Социологияның жеке гылым ретінде тууы психологияның, антропологияның. қүқықтың жеке салаларынын/жөне т.б.- ның дамуымен байланысты болды. Социологияньш қалыптасуына ағылшын жөне неміс нүсқаларындағы немістің клаосикалық философиясы, саяси экономикасы, сондай-ақ қоғамды қайта қүруда жаратылыстануга үқсас қүрылған, объективті жөне нақты жаңа өлеуметгік ғылым жетекші роль атқаратьшдақтан, Сен - Симон мен Фурьенің социалистік теориясы әсер етті.
Соииологая Европа елдерінде бір кезде туған жок. Қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық, рухани күйінде бір ғасырлардағы АҚШ - тағы сияқты әлеуметтік идеяларды сыртан қабыддауға немесе "өзіндік" әлеуметтік ойларьн дамытуға даиын болуы керек еді. Сондықтан социологияның қалыптасуына қоғамдық-ғылыми дәстүрлер, нақты елдердегі рухани әрекет ерекшеліктері, мәселені қою тәсілі мен мөдени қүндылықтар сипаты маңызды рөль атқарады. Сондықтан да неміс социологиясы, американдық социология мектебі, француз социологиясының дәстүрлері туралы айтылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Дүниетану | Пайғамбарымыздың дүниеге келуі

Жер бетін рухани қараңғылық басқан. Барша әлем адамзат баласының небір хайуандықтарына куә болып, санасында сәулесі барлардың рухы мен жүрегі қан жылаған заман. Адам азып, ел тозған. Жақсылықтың жұрнағы да қалмай бара жатқан уақыт.
Жер жүзі бақыттың, қуаныш пен шаттықтың бастауы - тәухид, яғни бір Жаратушыға сенім дегеннен мақрұм еді. Қайда қарасаң да күпір, күнә-руханиятты әбден көлеңкелеп тастаған. Әркім әр нәрсеге табынып, болар-болмастың бәрін қолдан Тәңірге, Жаратушыға айналдырған. Ақиқат билеушісін, шын Жаратушысын іздеп аласұрған көңілдер медет іздеп жанталасуда еді.
Адамдар надандықтың шегіне жеткені сонша, зұлымдық пен күпір батпағы қалыпты жағдайға айналған. Күштінің әлсізге әлім жеттігі, дәрменсіздің жапа шегуі ешкімді де елеңдетпейді. Күллі әлем қайғыға шомып, қасірет толы көңілдер уайымға берілген. Ақыл мен сананы, рух пен жүректі рухани қыспаққа алған күпіршіліктің, көпқұдайлылықтың бұлайша жалғаса беруі мүмкін емес-ті. Құдіреті күшті Аллаһ Тағаланың пенделерінің ары қарай надандыққа, мұң-шерге шыдай беруіне өз тарапынан медет жібермей қалмасы шындық еді. Өйткені Ол қайырымдылардың қайырымдысы, ең мейірімді Жаратушы.
Аллаһ осынау тұманды сейілту үшін рақымдылығының дәлелі ретінде Ұлы тұлғаны - Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) дүниеге жолдамақ болады. Дүниенің рухани кейпін өз нүрымен сәулелендіріп, адамзатқа, пері мен періштеге - бүкіл болмысқа мәңгілік бақыттың жолын көрсететін жолбастаушының келер күні таяған-тын.
Әлем үлкен ізетпен өз сұлтанын тағатсыздана күтуде. Жаратылыстағы әрбір зат өздеріне тэн тілімен, әрекетімен теңдессіз тұлғаға "Хош келдің!" деуге дайындалып, шаттанып тұрды. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Экономика | Қаржылық есеп беру құрамы мен элементтері

Кіріспе
Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Өлең: Міржақып Дулатұлы (Таң)

Жарық болды, бозарып, міне, таң атып,
Биік тауға сәулесін тегіс таратып.
Үнсіз тоғай көгере жана бастады,
Айнадай суға көлеңқе түсіп тағы атып. ....
Өлеңдер
Толық
0 0

Балабақша тәрбие сағаты: Үй құстарының сыйы

Сабақтың мақсаты: Балаларға үй құстарының ерекшелігі туралы білімдерін кеңейту,олардың қасиетіне қарай тануға және пайдасы мен сыйы туралы мағұлымат беру,үш тілдік құзіреттілігін және зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.
Алдын-ала жұмыс: Үй құстары туралы әңгімелесу,сары түсті қағаз сүлгіден домалақтар дайындау, жұмыртқа пішінін жасыл түсті қағазға жапсыру.
Көрнекіліктер: Орталықтарға арналған карточкалар және киімдер, піскен жұмыртқа, піскен тауық еті, қызанақ, қияр, майонез, пышақ, тақтай, қағаз сүлгі.
Қажетті заттар: Орталықтарға арналған карточкалар және киімдер,компьютер, дидактикалқ ойынға арналған үлестірмелі материалдар, қалам....
Балабақша сабақ жоспары
Толық
0 0

Реферат: Экономика | ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Нарықтық экономика ұтымды жұмыс істейді, егер де мына болжамдар орындалып жатса:

1. Товарды қанша көлемде өндіру керек, қандай қызмет атқару керек. Қолда бардың
қаншасын немесе қандай бөлігін жұмсау керек немесе өндіріс барысында пайдалану керек.
2. Не өндіру керек, яғни қоғамның материалдық тұтынымын толығырақ қамтамасыз ететін товарлар мен атқаратын қызметін анықтау.
3. Қоғамға қажет товарлар қалай өндіріліп , қандай қызмет атқарылуы керек, яғни өндірістің тиімді түрлерін және өндірісті ұйымдастыруда қандай технологияны қолдануды анықтау.
4. Өндірілген өнім кімге арналған, оны кім алу керек, яғни өндірілген өнім нақты тұтынушылар арасында қалайша бөлінбек.
5. Өзгерістер бола қалса қатысушылардың соған бейімделе біліуіне қол жеткізу, яғни
тұтынушылар тарпынан сұраным өзгере қалса экономика тез соған бейімделіп, қол-дағы алым-берім мен өндіріс технологиясы жасалу керек.


Нарықтық қатынас дегеніміз – аталған бес шарттың міндеттерін шешкен күнде нақты тұтынушы мен өндіруші арасындағы қарым-қатынас сатушы мен алушы арасындағы бітістік болып табылады.
Нарықтық қатынас кемеліне келгенде иелік ететін екі жақ та мамандалып, өндіріс технологиясы мен өнімін өткізу, зат өндіру мен қызмет көлемін және олардың бағасын алушы мен өндірушілердің өзара келісімімен нарық белгілейді. Бұған жоғарыдан қатты қысым жасалмайды.
Нарықтық экономикада өнімнің де, қызметтің де бағасы бар.Егер тұтынушыға әлде бір өнім көбірек керек болса, өндіруші жоғары пайда табу үшін оның бағасын көтере түседі, бірақ ол баға белглі бір дәрежеде шектеледі.Екінші жағынан өнім көбейген жағдайда өндіруші шығынын жабу үшін бағаны төмендетеді. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс арасында теңестік туады. Нарық өндіретін жалпы әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне де әсерін тигізеді.Егер өнім пайдалы болса, өндіруші ғылыми-техникалық прогресс пен озат тәжрибеге сүйене отырып , оны көптеп шығаруға тырысады.Ал егер өнім пайда бермесе сұраныс жоқ болса немесе азайса , өндіруші өнім шығаруды азайтады.
Тұтынушылар мүддесін қанағаттандыруға бағытталған және өндірушілердің баға көтерушілік ниеттерін тежеу , өнімді сатуға байланысты мәселеллермен маркетинг саласы айналысады.
Нарық дегеніміз шаруашылық байланыстардың белгілі көрінісі болғандықтан бөліс, сұраным мен тұтынушы әрекеттерін жарасымды келістіріп отырады. ....
Рефераттар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Тарихи деректерде Томиристің ерлігі қалай сипатталған (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3А Сақтар
Сабақ тақырыбы: Тарихи деректерде Томиристің ерлігі қалай сипатталған
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.3.2.1 сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау.
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Реферат: Құқық | Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну

Қандай да бір ғылым болмасын,оның ішінде,әсіресе,қоғамдық және гуманитарлық ғылымның әлеуметтік жағы басым болды.Ғылым қоғам мен адамның қандай қажеттілігінен,мұқтаждығынан пайда болғанын,ғылым осы қажеттілік пен мұқтаждықты қалай іске асырып отыр,оның қоғамға тиімді жақтары неде,халықтың материалық,мәдени,рухани дамуына қандай деңгейде және қалай әсер етіп отыр,оның басқа қоғамдық құбылы-үдірістерімен,ғылымдар мен байланыс-қатынастары,болашақ даму бағыттары,қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай,т.б., бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын құрайды.
Бұл тақырыпта жалпы әлеуметтанудың арналуы теориялардың бірі – құқықтың әлеуметтік аспектілері сөз болмақ.Құқтық әлеуметтану жалпы әлеуметтанудың жан-жақты терең дамуымен, оның жалпы құқық ғылымы мен іштей тығыз байланыстарының нәтижесінде пайда болады.
Құқықтық әлеуметтану теориясы өте күрделі. Сондықтан ол осы уақытқа өз деңгейінде қалыптаса алмай келеді, өйткені, ғалымдардың арасында бұл мәселе бойынша қалыптасқан ортақ ой – пікір әлі жоқтың қасы.Ой салыстыру, таластар әлі күнге дейін қызу жүріп жатыр.
1962-ші жылы Ү Халықаралық әлеуметтану Конгресінде құқық әлеуметтануы ресми түрде ғылыми білімнің бір саласы ретінде танылған болатын, бірақ оның табиғи мәні, зерттейтін объектісі, пәні және оның қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар арасында алатын орны осы уақытқа дейін әр түрлі талқыға түсіп келеді.Осы тұрғыдан алғанда шетелдік әдебиеттерде құқықтық әлеуметтануды жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясы деп қараса, Ресей құқықтанушылары құқық әлеуметтануын жалпы құқық ғылымның бір саласы және ол құқықтық ғылым деп санайды. Ал Ресей әлеуметтанушылары Э.В. Тадвосян, С.В. Боботов, т.б. шетелдік әлеуметтанушылардың көзқарастарын жақтайды. ....
Рефераттар
Толық
0 0