Кіріспе Өзектілігі: Қоршаған дүниенің біз қабылдаған заттары мен құбылыстары біздің санамыздан ізсіз кетпейді, ми қыртысында бейнелер түрінде сақталады, біз заттар мен құбылыстардың өздері біздің алдымызда жоқ кезінде де оймен оларды қайта жаңғыртамыз. Мысалы, біз Москвада болсақ Кремльді де, Ленин ескерткішін де, Үлкен театрды да және өзіміздің назарымыз ауған көптеген басқа нәрселерді көз алдымызға айқын елестете аламыз. Біз — бұрын қабылдаған, ал қазір оймен қайта жаңғыртып отырған заттар мен құбылыстардың бейнесі елестер деп аталады. Елестер өзінің тууына негіз болған қабылдауларға ұқсас, бірақ әдетте күңгірттеу болады, көбінесе қабылдаудан солғындау келеді, одан толықтығы кемірек болуымен ажыратылады. Біздің көз алдымызға елестеткен зат белгілерінің толық емес, тіпті солғын болуын мына мысалдан көруге болады. Бір мектеп оқушысынан өзі күн сайын мініп жүрген велосипедінің суретін салуды сұрайды. Бала бұл суретті салуда мықтап қиналады, оған себеп болған — сурет сала білмеуі емес, педальдың қалай кондырылғанын, жылжу тетігінің қалай орналасқанын т. с. с. есіне түсіре алмауы еді. Елестерде заттар мен құбылыстардың тек кейбір жақтары ғана бейнеленуі мүмкін; кейде олар үзік-үзік, фраг-менттік сипатта болады. Ақырында елестер тұрақты, бір қалыпты емес. Бірнеше минут бойы өзіңізге жақсы таныс бір нәрсені, мысалы өзіңіз тұрған үйді ойша көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Сіз көп ұзамай-ақ бұл бейненің жоғалып, ойыңыздың басқа жаққа ауып кеткенін байқайсыз. Біздің көбімізде елестер көрсетілген қасиеттерімен ерекшеленеді. Бірақ елестері қабылдауға дәл келетін адамдар да кездеседі.....
Кіріспе. Қазақстан экономикасы әкімшілік-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері нарықтық қайта құруларда іске асыру үшін қажетті, мынадай бағыттарды ұстануда – мемлекеттік меншікті жекешелендіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфрақұрылымды қарастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр. Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні – экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпорын белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін. Кәсіпорынды дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен, бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпорын қызметін дамытудың жалпы экономикалық көзқарастары ғана қарастырылып отыр. ....
Қазақстанда ресми мәліметтер бойынша 78 мыңға жуық әзірбайжандықтар бар , олардың 6 мыңнан астамы Алматыда тұрады . Алматыдағы « Озан » Әзірбайджан қалалық мәдени орталығы 1996 жылы құрылды . Оның төрағасы биология ғылымдарының кандидаты И.Я. Кулиев , орынбасары Қазақ СРО- ның еңбек сіңірген геолог - барлаушы Н.Г.Мамедов , ол ҚР - ның « Құрмет алтын кітабына » енгізілді . Қоғамның негізгі мақсаттары ұлттық мәдениетті , ана тілді , тарихты , салт - дәстүрлер мен әдет - ғұрыптарды жаңғырту , Алматы қаласындағы Әзірбайджан халқының өмірін зерттеу және қоғам қызметіне кіретін мәселелерді шешу үшін ұсыныстарды жасау , ҚР - ның экономикалық өмірін зерттеу .Алматы қаласында тұратын әр түрлі ұлттардың мәдениетін дамыту мен халықаралық қатынастарды нығайту бойынша саясат жүргізудегі өкімет органдары мен басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара әрекет жасауы . Достық Үйінде орналасқан әзірбайжан жекенбілік мектебі ана тілі мен мемлекеттік тілді , ұлттық әдет - ғұрыпты , салт - дәстүрді , фольклорды , әдебиет пен тарихты үйренуге септігін тигізеді . Оған тек қана әзірбайжандықтар ғана емес , сондай - ақ басқа ұлттың балалары да қатысады . Орталықта ұлттық аспаптар жинақталған : тар , нагара , каманча , ұлттық киімдер , музыкалық жазбалар және видео касеталар . Ән - би сабақтарына И.Әмирхановпен Л.Алазова жетекшілік етеді . 2002 жылы наурызда түрік халықтарының мәдени орталығында өткен мерекеге би тобы қатысты ., сондай - ақ « Сәлем , Голливуд ! » республикалық байқауына қатысты .....
Жасасын Жеңіс! Бақытты елім күле бер! Тәуелсіз болып болашағына жүре бер! Болмасын соғыс! Болмасын соғыс! Болмасын! Соғыс! Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені соғыс атаулы адамзатты қырып – жоюға бағышталған. Соғыс миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді – мекендерді тып –типыл етті. Сөйтіп соғыс әр үйге, әр отбасының өміріне жазылмас жараның ізін қалдырды. Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтарының тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар ол халықтарымыздың теңдесі жоқ ерлігі мен қажыр-қайратының , бірлігінің дәлелі. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының тарихында болмаған бі ғаламат соғыс басталды. Сол түні жау тәтті ұйқыңды ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диқаншы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл ел солдат болды. ......
Олар көбіне-көп тарих қойнауының шырғалаң шатқалдарында шырмалып, цивилизация дамуының сарабдал жолдарының түрлі себептермен тыс қалып қойды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранында жазылғандай: «Жаралған намыстан қаһарман халықпыз Азаттық жолында жалындап жаныппыз. Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз». Ол мыңжылдық тарихымен ерекшелігі және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді. Ұлы Далада, көшпелі цивилизацияның негізін құраған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте құлдырауы, тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен ролінің құлдырамауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланың «еркіндік» қабілетінің сақталуымен «оқшау» орналасуымен түсіндіруге болады. Дегенмен де, ортағасырлық қазақ даласындағы мәдени-шаруашылық тоқыраудың белең алуы, өркендеп өскен басқа елдерден көш-құрым артта қалуы қоғам дамуына да әсерін тигізбей қоймады. Ұланбайтақ Орталық-Азия аумағы тарих сахнасының соңғы шебіне ысырылып тасталды да, ұзақ ұақыт бойына ұмыт қалды. Жат елдердің көшпелілер даласына отарлау саясатының іске асуымен байланысты қазақ қоғамы тарих бетіне қайта ене бастады. Бұл өзгерістер қазақ құқығының кейінгі тағдырында да және оған баға беруден де көрініс тапты. Ол жоқтан бар етіп, біреулердің ойдан шығара салған қиялы болған жоқ. Сондықтан да халық арасында: «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің ары, білімі бар» деген түсінік қалыптасқан.....
Бұрынғы КСРО-ның табиғи ресурстарының 60%-ын иемдеп, Қазақстан осы қорларлың көмір, мұнай, газ және металлдарды пайдаланудан табыс алуды көздеп отырған көптеген халықаралық ұйымдардың назарын аудартты. Қытай мен Батыс арасындағы пайдалы сауда жолы болып табылатын бұрынғы Жібек Жолының тоғысында орналасқан Қазақстан Азия Жолбарысы мен Батыс Еуропаның демократиялық мемлекеттер интеграциясының табиғи орталығы бола алады. Кең мүмкіншіліктеріне қарамастан, еліміз жоғары деңгейге жету үшін көптеген кедергілерден өтуге мәжбүр болды. Бұрынғы КСРО-ның құлауы мемлекеттің реттеуші жүйелердің күйреуіне, бақыланбайтын инфляцияға және қаржы қорлардың таусылуына әкеліп соқты. Сондықтан, Қазақстан ескі Кеңес бюрократиясына және әлсіз заң негізіне тап болды. Бірақ, соған қарамастан, реформалау саласындағы прогресс бүкіл әлемде мойындалды: критиктер сыртқы қаржы және нарықтық өзгертулер арқылы Қазақстан экономикасының қарқынды дамуын байқады. Реконструкция және дамудың халықаралық Банкі, Әлем Банкі, Азиялық Даму Банкі, халықаралық ақша қоры және шетел инвестициялардың үздіксіз ағымы халықаралық қаржы әлемі Қазақстан экономикасына сенетінін көрсетті. ....
Мұнда рыноктық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін қарастырамыз. А) Табыс құрылуының рыноктық механизмі және әлеуметтік саясат. Табысты рыноктық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде анықталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, жоғары маманданған еңбек иелерінің егер оған сұранысы болмаса, табыстары төмен болуы әбден мүмкін. Ал астық бағасының динамикасын дәл болжап көрсете білген брокердің табысының жоғары болуы да әділетті. Рыноктық механизм әл-ауқаттың дәрежесіне кепілдеме бере алмайды. Дегенмен, ХХ ғасырда Батыстың өнеркәсібі дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әл-ауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсіресе теория мен тәжірибеде “берек елі мемлекет” (welfare state) деген ұғым, яғни ауқымды әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамтамассыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Рыноктық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлі табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде де бөлінетінін байқадық....
Пән:Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам Сабақ тақырыбы: «Қара індет» не себепті жылдам таралды? 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.4.1 - адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін түсіндіру Сабақ мақсаттары: «Қара індет» Еуропа мен әлемнің жағдайына қалай әсер еткенін анықтау.....
Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін күш. Елбасымыздың осы мақаласын оқу барысында мынандай ой түйдім. Оның айтуы бойынша рухани жаңғыру – ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы зерделі де ақылды ұрпақ тәрбиелеуге тиіс. Ол үшін біз білімге терең зер салып, жан-жақты дамуымыз қажет. Біз дамыған 30 елдің құрамына кіру үшін алдымызға ...