Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көмірсутектер. Отын Сабақ тақырыбы: Еріткіштерді алу мақсатында алкандардың жану және хлорлау реакцияларын қолдану Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.3.7 алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу; 9.4.3.8 еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру Сабақ мақсаттары: Алкандардың жану және хлорлау реакцияларын жаза білу,еріткіштердін қоршаған ортаға әсерін түсіну.....
Жас ұрпақтың туған елге, оның тарихы мен мәдениетіне, жастарды бүкіладамзаттық деңгейдегі тұлға етіп тәрбиелеу, ұлы адамдарға еліктеп өсуге жетелеу және әрбір жасты ғылым мен өнерге баулу, ар-ұяты мен намысы биік нағыз адам етіп өсіру деген мақсатта мен де тұлға болып тәрбиеленуші қазақтың қызының бірімін. Бұл шығармамда нақты тұлғаның туған ел тарихындағы үлесін айтқым келеді. Менің ауылым ертеректе балық шаруашылығымен айналысқан.Атам Рахметов Жұқалтай 1905 жылы Атырау облысы Исатай ауданы Манаш ауылында Қызылбалық ұжымшарында дүниеге келген.Әкесі Құрманғазиев Рахмет өмір бойы балық шаруашылығымен айнласқан. Еңбек жолын 1920-29 жылдары №4 жүзбелі балық зауытында жұмысшы болып бастаған. 1919-1923 жылдары бастауыш кластық білім алып, 1935 жылы Астрахань қаласындағы кооператив техникумында оқып, бухгалтерлік мамандық алады. 1929-33 жылдары есепші, 1936-40 жылдары бухгалтер қызметін атқарған.1940-41 жылдары Манаш балықшылар кооперативінің төрағасы, 1941-54 жылдары Забурын балықшылар кооперативінің төрағасы қызметінде болған.Соғыс жылдарында халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің маңызы өте зор болды. Осыған байланысты осы жердегі ұжымшардағы балықшыларды әскер қатарына алмаған. Забурын балықшылар кооперативі Новобогат (қазіргі Исатай), Теңіз (Құрманғазы) аудандарының тұрғын халқын азық-түлікпен қамтамасыз етуде көп еңбек сіңірген. Атам өзінің жеке шаруасындағы малын сатып, одан түскен қаржыны Отан қорғау қорына жұмсайды. Бұл турасында Жоғарғы Бас қолбасшы И.В.Сталиннің атына жолданған жеделхатында көрсетілген.....
Жеңіс туы, Желбіресін мәңгілік! Жеңіс жыры, Асқақтасын жаңғырып! Жеңісім – салтанат, сән, сәулет, Жеңісім – береке, бақ, дәулет! Дүниеге келдім. Бақытты балалық шағым өтті. Есейдім. Мектеп табалдырығын аттап, сапалы білім алып жатырмын.Ешқандай қиындықсыз, қарным тоқ, көйлегім көк, аспаным ашық, бейбіт өмір сүрудемін. Қоғамды танып, елімнің тарихын біліп, Отанымның салт-дәстүрін үйреніп жүрмін. Соғыс. Тарихта осы бір сөзді естігенде менде бір жеккөрушілік сезім оянады. Бұл соғыс талайдың өмірін қыршын қиған жауыз десем де болады. Өйткені, соғыс талай дүниені талқандап, бұзып, жер бетіндегі барды жоғалтып кетті. Ол туралы біз, өскелең ұрпақ, газет -журнал материалдарынан, радио мен телехабарлардан, ардагерлеріміздің әңгімелерініен естіп, кинолардан көріп біліп отырмыз. Аталарымыз бен аналарымыздың Отан үшін көрсеткен ерліктерінің арқасында біз бүгінгідей бақытты күнге жетіп , бейбіт өмірде өсіп жатырмыз. И. В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады.1941 жылғы 22 маусым - тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс бес жыл бұрын осы күні Ұлы Отан соғысы басталды.Аталған күні таңға қарайфашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасапты.Ұлы Отан соғысы Екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс орасан зор кеңістікте жүргізілгенімен, соғыс қимылдары кеңес елінің аумағында өтті. Кеңес Одағы Ұлы Отан соғысына дайындықсыз кірісті. Алғашқы жылдары сәтсіздіктер көп болған. ......
Еліміз тәуелсіздік тәжін кигеннен бері көптеген қазақ тілшілері латын әліпбиіне көшу мәселесін көтеріп келеді. Латын әліпбиіне көшу туралы ой-пікірлер 1926-1929 жылдардан бастап бастау алғаны баршамызға тайға таңба басқандай белгілі. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы айтып кеткендей, «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деген.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 12 сәуірдегі Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласында еліміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатында нақты атқаратын мақсат-міндеттерді айқындап, бірнеше жоба ұсынды. Солардың бірі қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары болып табылады. Бұл мәселе жөнінде Елбасы 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» стратегиясында «2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз қажет деген болатын.
Н.Ә.Назарбаев өз мақаласында:
латыншаға көшудің тиімділігі қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты сонымен қатар, мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес. 2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек .....
Пән:Химия Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Периодтық заң және химиялық элементтердің периодтық жүйесі Сабақ тақырыбы: Басты топшалар мен периодтардағы элементтер қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.1.3 химиялық элементтер атомдарының қасиеттерінің өзгеруі заңдылықтарын сипаттау: радиус, иондану энергиясы, электронға ынтықтық, электртерістілік және тотығу дәрежесі. Сабақ мақсаттары: Оқушылардың барлығы: - Элемент атомдарының радиусы, электртерістілігі, электронға ынтықтық энергиясы және тотығу дәрежесінің периодтар мен топтардағы өзгеру заңдылықтарын атайды және түсіндіреді Оқушылардың көбісі: - Элементтердің осы қасиеттерінің периодтарда және топтарда өзгеру периодтылығын түсіндіре алады Оқушылардың кейбірі: - Зерттелмеген элементтедің физикалық қасиеттерінің өзгеруінің периодтылығын болжайды және себебін түсіндіреді......
Пән:Алгебра Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару; Сабақтың мақсаттары: мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару;.....
Еліміздің нарықтық экономикалық қатынастарға өту жағдайында кәсіпорындардың қарсылық жағдайына талдау жасау өте жоғары дәрежедегі ролге ие болады. Бұл жағдай әсіресе кәсіпорындардың өз дербестігіне ие болғаннан бері және өндірістің кәсіпкерлік қызметі нәтижесінде меншік иелері, комерциялық серіктестіктерімен басқа контрагентіктер алдында толық жауапкершіәлікті өз міндетіне алу себепші болды және оны маңызы арта түсті. Өндірістің қарсылық жағдайын оны, түрлі жақтарын білдіретін әртүрлі көрсеткіштердің есептеу нәтижесінеде анықталынады. Бұндай көрсеткіштерге мыналар жатады: еңбек өнімділігі, қорлардың қайтарылымы, өзіндік құн, жалпы табыс, рентабельділік, т.б. Осы көрсеткіштерді үйрену негізінде олардың әрқайсысынан жалпы баға тигізетін әсері белгіленеді және маңызы анықталынады. Соңында бәсекелі нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайының тиімділігі тұрақтылығы және болашағы туралы толық мәлімет береді. Қаржылық жағдай сонымен бірге шаруашылық қызметін үздіксіз іске асыру үшін және өзінің іс жағдайындағы міндеттемелерді (қазіргі қарызын) орнын (толтыру үшін) өтеу үшін белгілі бір кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді және оны қаржы ресурстармен қамтамасыз етеді. Кейбір мамандар былай дейді: «кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы дегеніміз бұл кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдалану және бөлу негізінде кәсіпорынның дамуына жағдай жасайтын пайда мен капиталдың өсуі, осы тәуекел дәрежесінің жағдайы арқылы төлем қабілеті мен несиелік қабілетіні сақтап қалу». Басқа бір мамандар былай деді: олар алдын айтқан мамандардың пікіріне толығымен қосылғандай болады, бірақ олар қаржы тұрақтылығын тиімді қалыптасқанмен , қаржы ресурстарын бөлу және пайдалану мен толық қосылғысы келмейді. Олар қаржы тұрақтылығының мәні дегенде кәсіпорынның заттарымен қамтамасыз етілуі және қайнар көздерді қалыптастырудың шығындары мен белгіленеді деп есептейді. ....
Кіріспе Мемлекеттің экономикаға әсер етуі салық салу құралдары арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік шығындар мемлекеттік бюджеттің қаржыларын пайдалану нәтижесінде мүмкін болады, ал салық бюджетті қаржымен қамтамасыз ететін бірден- бір құрал. Салық төлемі ( Т ), мемлекеттік шығындар (G) және жоспарланған инвестиция I-дің белгілі бір деңгейінде тепе-теңдік өнім көлемі Ү қалыптасқанын кейнс кресі көрсетеді. Ресурстар жұмыспен толық қамтылмаған жағдайында да тепе-теңдік жағдай қалыптаса береді. ( Мұндай жағдай жиынтық сұраныстың тиімсіз болуының салдарынан қалыптасуы мүмкін.) Сондықтан да пайда болған үзілісті жою үшін , экономиканы мемлекет тарапынан реттеу құралдары пайдаланылады. Олар бюджетке төленетін салық төлемі ( Т )мен мемлекеттік шығындар көлемінің өзгеруі ( G ) арқылы жүзеге асырылады. Бюджет – салық саясаты ( қазыналық ( фискальный ) саясат ) -мемлекеттік бюджет жағдайын , салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе- теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Ынталандырушы бюджет-салық ( қазыналық экспансия ) –бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекет шығындарды (G) өсіріп, салық мөлшерін төмендету арқылы немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.....
Егемен Қазақстанның дамуының онжылдығы елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің кең көлемді және түпкілікті қайта құрылуымен ерекшеленеді. Осы жылдары радикалды реформалар мемлекеттіліктің орнығуы мен КСРО кезеңінде пайда болған терең экономикалық дағдарысты жеңіп шығуы жағдайында жүзеге асты. Өткен ғасырдың 70-80 жылдары шаруашылық механизмін жетілдіру, командалық-бөлініс жүйесін әлсірету мен тауар өндірушілердің құқықтарын кеңейту, шаруа ісін жүргізудің рыноктық принциптеріне өтудің алғашқы бағдарламаларын іске қосу бойынша қолданылған шаралардың нәтижесі сәтсіз болғаны белгілі. 90 жылдардың басындағы экономикалық өндірістің құлдырауы, кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байланыстардың үзілуі, қаржы-несиелік жүйенің бұзылуы, рубльге деген сенімнің жоғалуы, дүкендердің бос сөрелері мен тауар бөлудің талапдық жүйесі тән болды. Елдегі жүйелік экономикалық қайта құру жолындағы өткен онжылдықты белгілі бір кезеңдерге бөліп қарауға болады. Алғашқы кезең 1992—1993жж. яғни экономиканы түпкілікті реформалаудан өз төл ақшамызды шығаруға дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кезеңде макроэкономикалық саясат Ресейде белгіленетін еді. Жалпы республиканың бүкіл экономикасы көрші елді қабылданған шешімдерге тәуелді болатын. Инфляция бұрын болмаған қарқынмен өсті. Өткен жылдың желтоқсанының басындағы процентке шаққандағы тұтынушылық құн индексі 1992ж. соңында — 3060-ты, 1993ж. — 2265-ті құрады. Елдегі нарықтық қайта құрулардың екінші кезеңі 1993ж. қарашадағы ұлттық валютаның енуімен және дербес макроэкономикалық саясаттың қалыптасуымен басталды. Ол салық салу, бюджеттік және банктік салалардағы, сыртқы экономикалық жұмыстардағы, оның ішінде шетел капиталын тарту мен кеден ісі, нарықтарды дамыту мен нарықтың инфра-құрылымдардағы қатынастарды қалпына келтіріп отыратын нормативтік-құқықтық базаның құрылуымен ерекшеленеді. Инфляцияға қарсы қатаң саясат жүргізілуінің нәтижесінде қаржы тұрақтылығы бойынша алғашқы айтулы нәтижелерге қол жетті, тұтынушылық құн индексі 1994ж. 1258-ге, 1995ж. 160,3-ке, 1996ж. 128,7-ге түсіп, теңгенің валюталық бағамы тұрақталды, бюджеттегі жетіспеушілік азайды, бірқатар экспортқа бағытталған өнеркәсіп салаларындағы өндіріс тұрақты күйге түсіп, біраз жандана түсті. Реформаның екінші кезеңінің ең басты нәтижесі жаңа экономикалық ахуал болды. Осы ахуалдың нәтижесінде әкімшілік-командалық экономиканы рыноктық экономикаға көшіру процесі маңызды жүйелік қайта құрулардың негізінде қарқынды сипатқа ие болды. Олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналарды жатқызуға болады. ....
Одна из причин замедленных экономических преобразований в Ка-захстане, связанных с переходом к рыночной экономике, заключена в недо-статочно продуманном и умелом проведении изменений форм и отношений собственности. Виды и формы собственности, характер отношений собствен-ности служат определяющими признаками экономической системы. Система управления собственностью в Республике Казахстан – как государственной и муниципальной, так и частной – проходит стадию становления, необходим системный подход к её созданию и развитию. В настоящее время одни эле-менты нового организационно-экономического механизма управления иму-ществом уже действуют, другие определены в законодательных и норматив-ных актах, третьи предстоит ввести в действие в ближайшем будущем. Ход осуществления экономических реформ в Казахстане, начиная с 1992 года, убедительно показал, что одним из таких направлений, своего рода «узловой точкой» системных преобразований, является рынок недви-жимости. На этом направлении есть достигнутые результаты – устойчивыми темпами растут объёмы индивидуального жилищного строительства, на пер-вом месте по размерам привлечённых средств населения, находятся опера-ции купли-продажи недвижимости, многие города обогатились значитель-ным количеством объектов, отвечающих самым высоким качественным кри-териям. Казахстан – страна несметных природных богатств, основу которых составляет земля. Огромное значение имеет вовлечение в рыночный оборот земельной собственности (в первую очередь, городских территорий). С появлением на рынке недвижимости независимого оценщика изме-нится и схема сделок по купле-продаже: есть продавец, есть покупатель, есть независимый эксперт, есть нотариус, регистрирующий сделку. Развитие рынка оценочных услуг будет совершенствоваться по мере совершенствования законодательной базы и углубления рыночных отноше-ний в области недвижимости. В условиях господства рыночных отношений в области недвижимости возникает и возрастает роль профессионального предпринимателя-застройщика, которого называют девелопером. В общем понимании девело-пер этот тот, кто преобразует землю к новому использованию, это предпри-ниматель, строящий на земле. Деятельность, связанная с развитием террито-рии и преобразованием земель к новому использованию получила название девелопмент. В данной дипломной работе я хочу подробнее описать деятельность девелопера. Девелопер сам не строит, он организует создание объекта недвижимо-сти таким образом, чтобы окупились инвестированные в объект недвижимо-сти ресурс и была получена достаточная прибыль от реализации объекта. Содержание деятельности девелопера следующее: выбор экономически эф-фективного проекта; получение всех необходимых разрешений на его реали-зацию от органов власти; определение условий привлечения инвестиций, разработка механизмов и форм их возврата; поиск и привлечение инвесто-ров; отбор подрядчиков, финансирование их деятельности и контроль за их работой; передача созданного объекта недвижимости в эксплуатацию; про-дажа отстроенного, реконструированного объекта, возврат финансовых ре-сурсов. ....