Шығарма: Біз бірге жеңдік!

Мен – патриотпын! Ал «патриот» дегеніміз не? «Патриот» - дегеніміз кең мағыналы, көп сатылы ұғым. Патриоттық сезімді бір сөзбен немесе бір оймен жеткізе алмаймын. Еліме деген сүйіспеншілік, адалдық, тіліме, дініме деген сүйіспеншілік. Бұлардың бәрін сөзбен жеткізу мүмкін емес. «Патриотизм»- көне грек тілінен «патрис» сөзінен шыққан. Қазақ тіліне аударғанда «Отан», «Атамекен» - деген мағынаны білдіреді. Патриот болу - өзіңнің тіліңмен, еліңмен, туған жеріңмен мақтансаң міне сол патриоттық сезім. Патриот – болу тек қана ұлттық киім киіп, халық әнін тыңдаумен ғана шектелмейді, сонымен қатар халық дәстүрін дәріптеп, оны құрметтей білумен жалғасады. Қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш.Уәлиханов өзінің патриоттық сезімін былай жеткізген – « Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстарын, Ресей жұртын қадірлеймін », - деп өз патриоттық сезімін білдірген. Бұл сөзден - патриотизм отбасынан бастау алып, әулетіне, туыстарына деген сүйіспеншіліктен барып халқына одан кейін сол кездегі алдыңғы қатарлы ел Ресейді атап айтуыда патриотизмнің халқыаралық мәдени қатынастардығ негізі екенін көрсетіп тұр. Қазақтың барлық ақындары десекте болады, өздерінің алғашқы өлеңшумақтарын өз еліне арнайды. Өздерінің «еліне, жеріне - деген сүйіспеншіліктерін»- өлең шумақтарымен жеткізген. Менде өзімнің еліме, туған жеріме деген махаббатымды өлең шумақтарымен білдіргім келеді:
Отаным бар менің ол – Қазақстан!
Ата-бабам жан беріп, жан алысқан.
Дамытамын, қорғаймын Отанымды.
Кетпес үшін бабамның қаны босқа!
Мен өткенге көз жүгіртіп ата-бабамыздың осы кең байтақ жерін қалай қорғағанын айтқым келеді. Ұлы Отан соғысының басталуынан бастасам – бұл соғыс халқына, барша жұртқа үлкен, алапат жаңалық ашты: Германияда өкімет басына фашистердің келуі және олардың Еуропадағы агрессияшылдық іс-әрекеттері Кеңес Одағы мен гитлерлік Гермнияның арасында соғыстың болмай қоймайтындығын айқын көрсетті. 1941жылы 22маусымда фашистік Германия өзара шабуыл жасаспау жөніндегі кеңесгерман шартын бұзып, неміс армиясы соғыс жарияламастан КСРО аумағына баса-көктеп кірді. ......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Өз елім (Музыка, 5 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Музыка тілі – достық тілі
Сабақ тақырыбы: Өз елім
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 5.1.1.1 музыкалық жанр мен көркемдеуші құралдарды анықтау, тыңдалған шығарманы талдау
5.1.3.1 әнді орындау барысында музыканын көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізу
5.1.3.2 музыкалық шығармалардың қарапайым үзінділерін музыкалық аспаптарда бірлесіп орындау
Сабақ мақсаттары: - Патриоттық музыка жайлы білу;
- Құрманғазының Сарыарқа» күйін, Е.Хасанғалиевтің («Атамекен» әнін тыңдап шығарма жайында өз ойын жеткізу;
- Н.Тілендиевтің «Өз елім» әнін үйренеді және жеке және топпен орындау;
- «Жеңіс күні» немесе «Отан қорғаушылар күні» тақырыбына коллаж жасау;
- өз жұмысын таныстыру;
- өзінің және өзгенің жұмысын баға беру.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Көне қалаларға саяхат (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақтың тақырыбы: Көне қалаларға саяхат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.3.1.2 түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалар мен ескерткіштерді сипаттау.
Сабақтың мақсаттары: Түрлі дереккөздерді зерделеу арқылы көне қалалардың мәдениеті мен тарихын сипаттау......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Шығарма: Әлия Отанына болған мақтан

Молдағұлова Әлия (шын есімі Ілия) Нұрмұхамедқызы Ақтөбе облысының Қобда ауданы Бұлақ аулында туған. Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры.Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі № 9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген. 1942 жылы өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, 1943 жылы мергендердің Орталық әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты. 1943 жылдың тамыз айынан 2- Прибалтика майданында 26- атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники теміржол станциясы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты. Санкт- Петербург және Мәскеу қалаларындағы және көптеген облыстардағы ондаған мектептер, көшелер Молдағұлова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында және туған аулында ескерткіш орнатылған. Ақтөбе қаласында Молдағұлованың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді. Мәскеудің № 891 орта мектебі жанында Әлияға арналған мұражай бар. Оның өмірі мен ерлігі жайында ақындар Я.Хелемский «Әлияның жүрегі», С.Жиенбаев «Әлия» дастандарын, жазушылар Ж.Жұмақанов «Әлия Молдағұлқызы», Ә.Нұрмаханова «Шығыс шынары» повестерін жазды. Молдағұлова туралы «Мергендер» атты фильм түсіріліп, балет шығарылып, «Әлия» әні туды. «Әлия» әні ән көгінде кәрі-жас ұйып тыңдайтындай ән маржанына айналды. Бұл мәңгі жас Әлияға арналған әнмен қойылған ескерткіш еді. Мәншүк, Әлия бүгінгі күні жас ұрпақтың табынары, ерлік пен елдіктің, сұлулықтың символы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіз елдің ертеңі

Мен XXI ғасырдың ұрпағымын. Мен бейбіт, тәуелсіз елдің ертеңін жалғастырушы болашағымын. Осындай елде жас ұрпақ алаңсыз еш қайғысыз, азат өмір сүру үшін ата-бабамның жасаған ерлігін ұмытпаймын. Үстіміздегі жылы адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толады. Бірақ, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтындығы сияқты, соғыс та біздің санамызда ұмытылмас із қалдырды. Адамзат тарихындағы осы бір жойқын соғыста миллиондаған адамдар мерт болды, қаншамасы мүгедек болып қалды, миллиондаған адамдар хабар-ошарсыз кетті, тылда да халқымыз қанша қиындық көрді...
2015 жылдың 9-мамырында селомыздағы жауынгер ескерткішінің жанындағы салтанатты жиында алғаш рет ешқандай соғыс ардагері болмады. Ең соңғы ардагер бұл жиынға келе алмады, себебі денсаулығы жоқ екен. Мен өзімнің ұстазым Гүлшат Мүсілімқызы Рамазанованың өз шығармашылығынан оқыған «Соғыстың соңғы солдаты» өлеңін тебірене тыңдадым. Ұстазымның толқыған жан дүниесі, өзегін өртеген өкініші менің де жүрегімді дірілдетіп, терең ойға шомдым. «Ол кім екен? Қандай адам? Соғыста қандай жерде соғысқан?»- деген сұрақтар көңілімнен шықпады. Ақыры мен ол кісімен таныстым. Ол жайында негізгі бөлімде әңгімелемекпін.2. Негізгі бөлім: а) Ұлы Отан соғысы парақтарынан.
КСРО жеріне басып кірместен бұрын 12 мемлекет басып алған және 14 одақтасы болған жау Баренц теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықта зор майдан шебінде соғыс ашты. Гитлер «тұтқиыл» шабуылмен Кеңес елін талқандап, әлемдегі алғашқы социалистік мемлекетті құртып, кеңес адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін өз отарына айналдыруды көздеді. Бірақ, кеңес халқы тұтқиылдан шабуыл жасаған жауға қарсы тұра алды. Майданға кеткен мыңдаған ерлердің орнына барлық жұмысты ұйқысыз, ас-сусыз еңбек еткен әйелдер мен балалар атқарды. Соғысқа дейін бір сағатта істеген істерін соғыс уақытында бір минутта істеуге тырысты......
Шығармалар
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Дыбыс қайда тарайды? 1-сабақ (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дыбыс
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс қайда тарайды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.8.2.1.Дыбыс барлық бағыттарға таралатынын білу
Сабақтың мақсаттары: Әртүрлі ортада дыбыстың таралуын анықтауға үйрету.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Жарық сәулесі жұтыла ма? (Жаратылыстану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Табиғат физикасы. Жарық, дыбыс, электрлік, магниттілік.
Сабақтың тақырыбы: Жарық сәулесі жұтыла ма?
Оқу мақсаты: жарықтың жұтылуы туралы білесің;
жарықтың жұтылуының маңызын түсінесің.
зерттеу әдісін (бақылау мен эксперимент) таңдау себебін оның артықшылығы мен кемшілігіне байланысты негіздеу;
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы: Ақ жарықтың құрамын біледі
Оқушылардың көбі: Түстерді қалай көретінімізді түсіндіре алады.
Оқушылардың кейбірі: Ақ және қара түстер қалай пайда болатынын біледі.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Файлдар мен бумалар 1-сабақ (Информатика, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Информатика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Компьютер және программалар
Сабақтың тақырыбы: Файлдар мен бумалар 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.2.2 цифрлық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау
3.1.2.3 файл және бума түсінігін түсіндіру.
Сабақтың мақсаттары: Бумаларды ашып файлдарды сақтай білу.......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): «Өт қатысуымен майлар эмульгациясы процесін зерттеу» (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоректену
Сабақтың тақырыбы: «Өт қатысуымен майлар эмульгациясы процесін зерттеу»
Оқыту мақсаттары: 9.1.2.4 Майлар эмульгациясында өт қасиеттерін зерттеу.
Сабақтың мақсаты: Практикалық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатында өт қатысуымен майлар эмульгациясы процесін зерттеу......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0