Сатиралық ертегі: Ақылсыздың сазайы

Бұрынғы өткен заманда еңбекті сүймейтін, еріншек бір жалқау жігіт болыпты. Ол жалқау күні-түні «Қалай етсем бай боламын?» деп, армандайды екен. Күндердің бірінде ол бір данышпан адамға жолығып, арманын, ойын айтыпты. Әлгі данышпан оңай олжа іздеген еріншек жігітке былай деп кеңес беріпті.
– Бай болу үшін көп еңбек етуі керек. Береке деген тауға барасың, ол жерде мол байлық бар, керегінше аласың. Тек қана ақылыңды істете біл, ақыл болмаған жерде байлық та жоқ. Еңбек етпеген жігітке есе де болмайды.
Данышпанның осы кеңесінің байыбына жетпеген жігіт «Ал, жолын таптым ғой, енді бай болып кетсем керек» деп, Береке тауын іздеп, сапарға шығыпты. Мидай дала, шөліркеген сусыз шөл даланы кезіп жүріп, дала сойқаны бір қасқырға жолығыпты.
– Ал, жігітім, жолың болсын! Қайда барасың? – деп сұрапты Қасекең.
– Береке тауына бара жатырмын. Байлық, дәулет алып қайтам, – деп жауап беріпті. Мұны естіген қасқыр көк ми жігітке мейірбаншылық еткендей сүзіле қарап, өтініш етіпті. Күні-түні желе жортып, сандалмамен жүргенім мынау. Анау-мынау кездеспей, ауым болмай қалса, апта, он күндеп түк таппай, жортамын. Сол Береке тауына менің тілегімді айтып көрші. Менің де несібеме лайықты иелері бар ма екен?
Жігіт......
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Өтірік саңырау

Бұрынғы уақытта Шаған елінің бір саудагері Киптанға келіп, сауда істеп жүреді екен, ақ қашқан жылы, қызылдың қолына түсіп, бар істеп жүрген күрегінен айырылып, кісі жатты. Ішінде бір Жүніс деген ақсақалы бар екен. Бір күні түнде отырып, саудагер Жүніске айтты:
– Көңіліміз бір көтерілсін, күлдірші, – деді. Сонсоң Жүніс айтты:
– Шынымды айтып күлдірейін бе, өтірігімді айтып күлдірейін бе? – деді.
Сонсоң:
– Өтірікпен күлдірмей-ақ қой, шыныңмен күлдір, – деді.
– Шыныммен күлдірсем, – деді, – бір көк атым бар еді. Соны жазды күні семіз күйінде ұрлап қойды. Өзі бәйге ат еді, зар ғып жүр едім, бір күні біреу бәленше жерде тұр деп айтты деген соң құлағымды тігіп, бақылай келсем, Керекудің аржағында тұр деген дейді естілді, бұрын сол Кіптанға келіп жүретін бір керекулік жігіт бар-ды. Талай «Тамыр болайық», – деп, – үйге жүр, қалағаныңды алып кет деп жүретін. Мен қолым тиіп, бара алмайтынмын-ды. Сонан соң жолдас та ерткенім жоқ, жүріп кеттім. Қуанышым қойныма сыймай, ойым сол тамырыма барсам деп, келе жатырмын. Үстімде киген киімім жақсы, сағаты бар күміс, бір күннен кейін тағы да жүріп келе жатырмын. Артыма қарасам, бір боз жорға атты келе жатыр. Сонсоң бөгелгенім жоқ, аттың екпінімен соғып келіп, өтті. Оң жақ тізем сынып қала жаздады......
Ертегілер
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Квадрат түбір 2-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер
Сабақ тақырыбы: Квадрат түбір 2-сабақ (А-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.2 санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі ұғымдарын біледі және ажыратады;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
«квадрат түбір» мен «арифметикалық квадрат түбір» ұғымдарының айырмашылығын түсіндіре алады;
арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін біледі;
√x=a түріндегі теңдеулерді шешеді......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): αrcsinα, αrccosα, αrctgα, arcctgα анықтамалары (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометрия
Сабақ тақырыбы: Αrcsinα, αrccosα, αrctgα, arcctgα анықтамалары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.4.1 αrcsinα, αrccosα, αrctgα, arcctgα анықтамаларын білу және қолдану
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
αrcsinα, αrccosα, αrctgα ,arcctgα анықтамаларымен танысады, анықтаманы есептеулерде қолдана алады;
құрамында αrcsinα, αrccosα, αrctgα ,arcctgα бар өрнектердің мәнін табады;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Кинодағы ғарышкерлік тақырыбы (Музыка, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарышқа сапар
Сабақ тақырыбы: Кинодағы ғарышкерлік тақырыбы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 4.1.1.2 - музыкалық шығарманың дыбыстауын түрлі орындауда тыңдатып анықтау және салыстыру;
4.1.2.1 - ән айту ережесін сақтай отырып, түрлі әндерді орындау.
Сабақ мақсаттары:
- Кинофильмның үзіндісін көріп талқылайды;
- «Ты мне веришь?» әнінің екі нұсқасын тыңдап талдайды, әнді үйреніп орындайды......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам
Сабақ тақырыбы: Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.6.2 жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау;
Сабақ мақсаттары: Оқушы:
• Жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтайды;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Үш сылқым

Серкебай деген байдың тіршілігінің арқасында үш ұл бірдей шырпы басын сындырмай, өмірді ылғи сылқым-серілікпен біркелкі өткеріп бара жатады. Күндердің күнінде Серкебай жасы жетіп, өмірі бітуге таянғандығын төңіректеп келген сырқаулықтан сезеді. Ес-ақылы бүтін, тіл-көмейі сау уағында үш баласын қасына шақырып алып, қоштасады.
Балаларына мынандай өсиет айтады: бірінші өсиетім: мал-мүлкімді үшеуің бөліп алыңдар, таласпаңдар, тартыспаңдар; екінші өсиетім – осы үйімнің үш бұрышына үш кесек алтын тықтым, бөліп алған мал-мүліктеріңді ішіп-жеп тауысқан соң сол алтынды тауып алып, қоректеніңдер. Үшінші өсиетім – ол алтынды тауысып алып, күн көру үшін кісі есігін іздестірсеңдер, үшеуіңе де айтқаным – зор мұрынды, қау сақалдау келген бір кісіге жалдана көрмеңдер, – дейді.
Серкебай өледі, мал-мүлкі бөлінеді, ол ішіп-желінеді. Алтын қазылып алынады, ол да ішіп болынды. Ең алдымен, үлкеннің қорегі таусылады, ол кәсіп іздеп, қаңғып кетеді. Адырақ көз, қау сақал адам жолығады.
– Е, не еткен жігітсің?
– Кәсіп іздеп жүрген жігітпін.
– Маған жалдан.
– Жұмысыңыздың түрі не?
– Жалғыз есегімнің боғын тазалайсың.......
Ертегілер
Толық
0 0