Сатиралық ертегі: Көктелпек, Жамантелпек

Ол бір заманда Көктелпек, Жамантелпек дейтін ұрылар болыпты. Көктелпек – әкесі, оның баласы – Жамантелпек.
– Әке, сенің ұрлыққа шеберлігің қандай? – депті Жамантелпек.
– Не қандайын сұрайсың, балам, мен ұя басқан сауысқанның астынан жұмыртқасын сездірмей аламын, – депті Көктелпек.
Көктелпек тау басындағы ұя басып жатқан сауысқанның жұмыртқасын ұрлауға өрмелегенде, баласы әкесінің станын ұрлап алып қалады.
Қайтып келіп, Көктелпек баласына:
– Қалай, ұшырмастан сауысқанның астындағы жұмыртқасын ала алдым, – деп, мақтана сөйлейді. Баласы да:
– Я, сіз өте шебер екеніңіз рас, ал мен сіздің станыңызды қалай білдірмей алдым, – дегенде, Көктелпек өз бойына қарап, киімінің жоқ екенін көріп, ұялып:
– Я, балам, сенің ептілігің артық екеніне көзім жаңа жетті, – депті әкесі.
Ханның атақты арғымақ аты болады. Атты тас сарайға аузына кілт салып, бағады. Ұрылар ханның атын ұрлап әкетуге қанша аңдыса да, шығарып әкете алмайды.....
Ертегілер
Толық
0 0

Қашықтықтан оқытуда онлайн конференцияны ұйымдастыруды пайдалану.

            Алматы облыстық
№15 мектеп-интернатының 
6-сынып оқушысы
Көбейсін Мейрамбектың
«Қашықтықтан оқытуда онлайн 
конференцияны ұйымдастыруды пайдалану»
атты зерттеу жұмысына 
                              
Пікір
 
Оқушы-Ізденуші Көбейсін Мейрамбек « Қашықтықтан оқытуда онлайн конференцияны ұйымдастыруды пайдалану» атты зерттеу жұмысында ең алдымен қашықтықтан оқыту терминдерін зерттеп одан кейін соған


Қашықтықтан оқыту
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Күрделі функциялар 1-сабақ (Алгебра, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция, оның қасиеттері және графигі
Сабақ тақырыбы: Күрделі функциялар 1-сабақ
Сабақтың мақсаты: 10.5.1.7 f(g(x)) күрделі функциясын ажырата білу және функциялар композициясын құрастыру;.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Оқиғалардың ықтималдығының бірігуі туралы теоремалар (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.4B бөлім: Ықтималдық
Сабақ тақырыбы: Оқиғалардың ықтималдығының бірігуі туралы теоремалар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • Оқиғалардың ықтималдығын қосу ережесін қарастыру ;
• Оқиғалардың ықтималдығын қосу ережесіне есептер шығару.
Сабақ мақсаты: • Оқиғаларға амалдар қолдануды қарастыру;
• Мүмкін емес және ақиқат оқиғаларды қарастыру......
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сабақ жоспары (ұмж): Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 3-сабақ (Алгебра, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері
Сабақ тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.2.2.2 екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу;
Сабақ мақсаттары: • Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешудің әдістерін меңгеру;
• Әдістерді есеп шығаруда қолдану.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Сәлім байбатша мен Рахым байбатшалардың қалай шүрегей етінен құр қалғаны

Бір күні Сәлім байбатша менен Рахым байбатша аң аулауға шығыпты. Бұлардың қасында құсшы болған бір Боқбасар деген қазағы бар екен. Бұлар құстың етін жейміз ғой деп, жол азық алмапты.
Аң аулап жүргенде, бұларға ешнәрсе кез келмепті. Ертеден бері намазына шейін аулап жүріп, бір жалғыз шүрегей атып алыпты. Бұлар көп жүріп шаршаған соң бір жерге келіп, дем алмаққа тоқтапты. Әсіресе, қарны ашқан соң атып алған үйректің етін асып жемекке ойланып, Боқбасарға үйректің етін істікке шаншып, «отқа қақта», – деп, бұйрық қылыпты. Байбатшалар дем алуға жатыпты. Боқбасар онша көңілі қош болмай, мешкей байбатшалар, тым болмаса, маған үйректің бір жапырағын тастамас деп, үйректі жайғастыра бастапты. Қашан Боқбасар үйректің жүнін жұлып болғанда, байбатшалар қынжылып, бұлайша депті: «Үйрек бек кішкене екен, екеумізді тойғызбас», [– депті]. «[Ал] Боқбасарға да береміз», – деп, бір сөз айтпайды.
Боқбасар қазақ болса да, қу қазақ еді. Байбатшалардың не ойлағанын күні бұрын біліп, оларға айтты:
– Шүрегей бек кішкентай, байбатшалар, сіз екеуіңіз тоймайсыздар. Мұны жегендеріңмен қарындарың тоймай, ауыздарыңның дәмін алып, бекер тамсанып, сілекейлерің ағар. Менің ойымша, екеулерің бірдей аш болғанша, онан да шүрегейді біреулерің жеп, біреулерің аш болыңдар, – дейді. Байбатшалар Боқбасардың айтқанын мақұл көрсе де, шүрегейдің етін біріне-бірі қимай, екеулері де аш қалуға көнбеді. Сонда Боқбасар тұрып, былай дейді.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Ұры

Баяғыда бір кедей өмір сүріпті. Оның үш баласы болыпты. Бір күні кедей балаларын шақырып алып:
– Осы уақытқа дейін мен сендерді асырадым, енді қартайдым, әлім бітті. Сендер болсаңдар, әлі жассыңдар, қалай күн көрер екенсіңдер, – дейді.
– Байдың малын бағамыз, – дейді үлкен ұлы мен ортаншы ұлы.
– Сен ше? – дейді кедей кіші ұлына.
Сонда кіші ұлы тұрып:
– Мен байдың малын ұрлап, күн көрем, – деген екен.
Оның бұл сөзіне әкесі ашуланып:
– Ұры болсаң, менен кет, – деп, үйден қуып жібереді.
Бала үйінен кеткен соң жолмен жүріп келе жатса, бір ауыл көшіп келеді екен. Ол көштің артынан қалмай, жүріп отырады.
Кеш бата көш бір тоғайдың жанына қонады. Баланы ешкім елемейді.
Бір кезде байдың үйі ет асады. Әйелдер үйге кіріп кеткенде қарны ашқан бала қазандағы етті қотарып алып, жегенін жеп, жемегенін тастап кетіп қалады.....
Ертегілер
Толық
0 0

Сатиралық ертегі: Дуана Қожанасыр

Тіпті, бұрынғы заманда бір дуана Қожанасыр деген болыпты. Әйтеуір, бір адам, не ақылды емес, не ақымақ емес, не тентек емес, не момын емес. Оған таныс болған емесдүр қайғы да, машақат та, өш алу да, һәм күншілдік те. Ол өзі Құдай деген кісі еді, һәм әрқашан өзінде не бар болса, соныменен қанағат қылар еді, ілгергі уақытта қайтемін деп, қам жемейінше. Ол турада айтылған қазақ арасында көп сөздер бар. Бұларды санауға мүмкін емес. Біз бұлардың ішінен бағзы біреулерін алып, жазуға жаһат етеміз.
Бір күні Қожанасыр көк есегіне мініп алып, отын алғалы ағаш ішіне барды. Ағаш ішіне келіп, бір ағаштың бұтағына шығып алып, бұтақты түбінен кесе бастады. Дәл со уақытта бір жолаушы адам қасынан өте беріп, бұған айғайлап айтады:
– Ағаш құласа, астында калып өлесің ғой, – деп. Дуана айтады:
– Ей, әулие, тоқта, сен маған айт, мен қашан, қалайша өлсем керек? – дейді. Жолаушы тоқтамастан жүре беріп, бірақ оған айтты:
– Сен ақымақ екенсің, – деп. Сонда Қожанасыр жіберместен сұрайды: «Қашан өлетұғынымды айт», – деп. Жолаушы әбден мазасын ала берген соң ашуланып:.....
Ертегілер
Толық
0 0