Мақал - мәтел: Адам, жан, кісі, көп, көпшілік

Адам бір-біріне қонақ.

Адам қайғысы - заман қайғысы.

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Күйесіз қазан жоқ, қайғысыз адам жоқ.

Адам ойға тоймас, қасқыр қойға тоймас.

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Ас адамның арқауы.

Құс жаманы саңғығыш,
Адам жаманы қаңғығыш.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Жақсы адам елдің ырысы,
Жақсы сөз жанның тынысы.

Жақсы адам тауып сөйлейді,
Жаман адам қауып сөйлейді.

Жақсы кісінің ашуы - шай орамал кепкенше.

Аққу айдынын аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Мақал-мәтелдер
Толық
0 0

Шығарма: Алғашқы ұстаз

Мен №31 мектеп – гимназиясының төртінші сыныбында оқимын. Ибраева Жанар сынып жетекшіміз. Бізге тереңірек білім бере отырып, саналы тәрбие берген ұстазым әрі кең пейілді ана Ибраева Жанарға алғысым шексіз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша шығарма: Қазақстаным!

Тәуелсіздік… Осы сөзді естігенде, жүрегімде керемет бір қуаныш орнағандай болады. Ал бір жағынан көңілім түсіп кетеді. Оның себебі, тәуелсіздікке қол жеткізу жолында, аға-әпкелеріміздің қан төккені жүрегімді ауыртады.

Бірақ, біз қазақ елі, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. 1991 жылы желтоқсан айында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Қазақстан.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Астана

Әр елдің өзінің Астанасы болады. Қазақстанның жүрегі де Астана. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Дүние жүзіндегі ел ордаларының ішіндегі ең жас қала - Астана. Астана қазіргі еліміздің арқа сүйер Ел ордасына айналды. Бізді оған жеткізген тұңғыш президентіміз ......
Шығармалар
Толық
0 0

Қазақша ертегі: Лақтың мүйізі

Ертеде бір мүйізсіз лақ болыпты. Оның барлық отбасы мүшелері мүйіздермен болған. Бұл айырмашылығын көріп, кішкентай лақ соған өте қапаланған. Сол жағдайды түзету үшін, лақ өзіне жаңа мүйізді іздеуге шығып, орманға қарай қашады. Орманға келгенде кішкентай лақ көп ағаштардың бұтақтарын көріп, «Қалай олар.......
Ертегілер
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Киелі сандар сыры

1. Киелі сандар сыры туралы
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.
Ұлы ғалым Пифогор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі.....
Ғылыми жобалар
Толық
0 0

Ғылыми жұмыс (жоба): Биология | Ешкі сүтінің пайдасы

«Ешкі сүтінің пайдасы» тақырыбындағы ғылыми жобасына аннотация
Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда ұмыт болып бара жатқан халық емдері туралы ізденіп талдау жасау. «Ешкі сүті тоқсан тоғыз аурудың емі» айқын мысалдармен дәлелдеп, көз жеткізу.
Зерттеу болжамы: Егер ешкінің сүті күнделікті өмірде, медицинада қолданылса өскелең ұрпақтың денсаулығы әлдеқайда зор болмақ.
Зерттеу заты: Ешкінің сүтінің пайдасы туралы терең білу.
Зерттеу әдістері: іздену, салыстыру, талдау, жинақтау, әңгімелесу т. б.
Жобаның мақсаты: Қазақ халқының көнеден келе жатқан қазақ медицинасының түрлері, аурудан сақтану шараларының мазмұны жайлы мағлұмат беру. Қазіргі таңда жастарға мал шаруашылығының жетістіктерін, ата – бабамыз ешкі өсірумен ертеден – ақ айналысқанын, сүтінің адам ағзасына пайдасын түсіндіру. Тәуелсіз елімізде ата - бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп жоғалтпай қайта жаңартатын ендігі болашақ - ұрпақ, біздің қолымызда......
Ғылыми жобалар
Толық
0 0