Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №8 (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» ұлағаты №8
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.3.1 шығарманың көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу;
Сабақ мақсаты: Шығарма идеясының ұлттық ой-санамен, халықтық тәрбиемен байланысын ашып талдау.....
Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ)
Толық
0 0

Алматы облысында мейірбике ауруханада үнді сериалын көремін деп қызметінен қуылды

Алматы облысының тұрғыны үнді сериалының кесірінен жұмысынан айырылды. 22 жастағы мейірбикенің телехикаяға есі кеткені сонша, науқастарға қараудың орнына соны көру үшін компьютерге телміріп отырған.
Жаңалықтар
Толық
0 0

Он мыңдаған алматылық «Абай бол» әлеуметтік бастамасының қатысушысы атанды

23.11.2015 Алматы. Hyundai Auto Kazakhstan дистрибьюторы «Астана Моторс» ҚМК мен «Ортақ жол» жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығы (ЖҚҚҚ) құрамында «Абай бол» әлеуметтік бастамасының нәтижесін шығарды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға бағытталған аталған кампания аясында төрт ай бойы түрлі жастағы он мыңдаған алматылықты қамтыған бірнеше жоба жүзеге асырылды.

«Абай бол» бастамасын жүргізу үшін Алматының мақсатты түрде таңдалынып алынғанын атай кету керек, себебі еліміздегі әрбір үшінші дерлік жол-көлік оқиғасы осы қалада тіркеледі. Қазақстан Республикасы.....
Жаңалықтар
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Құқық | ПАРАҚОРЛЫҚ ҮШІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігі болып табылатын парақорлық қылмыстарының түсінігі, құрамдас бөліктерінің анықтамасы, парақорлық құрамының объективтік және субъективтік белгілерінің ерекшеліктері, парақорлық - қылмыстарын саралау мәселелері теориялық тұрғыдан кеңінен сөз болады.
Негізгі мәселелердің бірі парақорлық қылмыстарын реттейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың әлеуметтік алғы шарты, сыбайлас жемқорлықтың парақорлық құрамымен байланысы және парақорлықтың коррупциялық құбылыстың құрамдас бөлігі ретіндегі проблемалардың мәнін ашып көрсету болып табылады.
Бұл мәселенің әлеуметтік-құқықтық мәнін терең ашу үшін парақорлыққа жуаптылықты белгілеген заңдар тарихының даму кезеңдерін де ғылыми негізде талдауды қажет етеді.
Парақорлықтың жекелеген түрлері: пара алу, пара беру және парақорлыққа делдалдықтың объективтік және субъективтік белгілеріне талдау жасалумен бірге парақорлықтың ұқсас қылмыстардан өзгешелігі, парақорлықтың басқа қылмыстармен жиынтығы, парақорлыққа қатысудың ерекшеліктері, пара берушіні қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары, парақорлық қылмыстарының саралаушылық белгілеріне теориялық тұрғыдан терең зерттелумен бірге қазіргі қолданылып жүрген заңдардың парақорлыққа арналған нормаларын одан әрі жетілдіру жолдары іздестірілген. ....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0

Уақытша тіркеу деген не және ол үшін қандай құжаттар керек?

Қазақстанның өзге қаласына уақытша тұру үшін барған кез келген қазақстандық міндетті түрде сол жерде тіркелуі керек. Бұл талапты орындамаған азамат 16 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта айып төлейді деп хабарлайды Егемен Қазақстан.

Жаңалықтар
Толық
0 0

Қазақша өлең: Лермонтов Михаил Юрьевич (Вадим) [Абай аудармасы]

Батар күнге шымылдық – көк бұлт кең,
Толқынды қызыл торғын өртпенен тең.
Өткен дәурен секілді нұры жайнап
Арттағы мұнараға береді рең.
Ол – монастырь сопылар тұрар жері,
Кешкі қоңырау соғылған көптен бері.
Сопылар, қызметкерлер басылған жоқ,
Тас көшесін сыпырып жүргендері.
Ұзын қара бешпентті, ұзын шашты
Жамағатты итеріп бір....
Өлеңдер
Толық
0 0

Курстық жұмыс: Агрономия | Картоп дақылының вирустан сауықтырылған бастапқы материалын алу

Картоп (Solanum tuberosum) алқа тұқымдасына және түйнекжемістілер тобына жатады. Картопты жерасты туйнекжемісі үшін өсіреді, өндірістік, мал азықтық және тағамдық маңызы зор. Бұл топқа картоптан басқа тағы да күрделігүлділер тұқымдасына (Compositae) жер алмұрты немесе топинамбур жатады.
Картоп – адам ағзасына өте қажетті тағам ретінде, ауылшаруашылығында кеңінен тараған дақылдың бірі. Дүние жүзіндегі тағамдық дақылдардың ішінде дәнді-дақылдардан кейін екінші орын алатын, соған байланысты халық арасында «екінші нан» деген әділ бағасын алған дақыл. Қазақстанда дақылдың егістік көлемі – 180-189 мың га жерді алып жатыр.
Картоптың қоректік, азықтық, техникалық және медициналық маңызы оның түйнегінің химиялық құрамымен байланысты. Оның түйнегінде 12-ден 32%-ға дейін құрғақ заттар болады, көп бөлігі крахмал түріндегі көмірсулар болып келеді.
Индустриялық технологияны енгізу ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығын едәуір арттырады, өнімнің бір өлшеміне жұмсалатын еңбек шығыны мен қаржыларды күрт кемітеді. Ауылшаруашылығы дақылдарының ішіндегі қолданыс аясы кең, үлкен сұранысқа ие картоп дақылы басым бағытқа ие.
Картоп - тағамдық, азықтық қасиеттеріне қарай және өндірісте шикізат ретінде қолдануға арналған, Қазақстан Республикасы ауылшаруашы-лығындағы кеңінен тараған, астықтан кейінгі екінші дақылдардың бірі.
Еліміздегі ауа-райы мен топырақ жағдайы картоп тұқымын өсіруге өте қолайлы деп айтуға болады. Көп жылдар бойы жинақталған ғылыми деректерге сүйенсек, картоптың өнімі тұқымның сапасына байланысты екендігіне көз жеткізген болар едік. Дақылдың өндірісін арттыруда ауылшаруашылығында оның өнімділігі мен сапасын жақсартатын озық технологияларды пайдаланудың практикалық маңызы зор. Тұқым өндірісі ауылшаруашылығының жеке бір саласы болып есептеледі, сондықтан да көптеген жылдар бойы ғалымдардың жүргізген зерттеулер нәтижесінде шығарылған сорттардың тиімділігі оның саапасына да байланысты.
Картоп дақылының тұқым шаруашылығын дамыту, оның өнімі мен сапасын арттырып, республика тұрғындарының сұранысын қанағаттандыру ауылшаруашылығы саласындағы ғалымдардың алдына қойған көкейкесті мәселелердің бірі. Көптеген тәжiрибелер көрсеткендей, картоптың репродукциясы артқан сайын, оның өнiмi төмендей бередi. Соған байланысты,биотехнологиялық жаңа әдiстердi пайдаланып, аурулардан сауықтырылған бастапқы материал алу мен оны жеделдетiп көбейтудiң маңызы зор. Жоғарыда айтылғандар негізінде, жасалып отырған жұмыстың мақсаты бастапқы вируссыз микротүйнектерді аз көлемді гидропоника жағдайында алудың оңтайлы жолдарын қарастыру болды.....
Курстық жұмыстар
Толық
0 0